«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б. Қазбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және бұрын бұйрықтар жарияланған ресми баспа басылымдарына бір апталық мерзімде жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2010 жылғы 30 маусымдағы
№ 299 бұйрығына қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық электрбайланыс туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2363-нөмірмен тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2527-нөмірмен тіркелген);
3) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және комуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 586 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2661-нөмірмен тіркелген);
4) «Темір жол және су көлігінде қызметті лицензиялауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 ақпандағы № 7-1-П бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2720-нөмірмен тіркелген);
5) «Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізу ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы № 235 бұйрығы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3275-нөмірмен тіркелген);
6) «Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізілімі мен Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3640-нөмірмен тіркелген).