Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау Ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2527. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299 Бұйрығымен

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақмола облысы, Щучье ауданы, Бурабай кентi мекен-жайы бойынша орналасқан "Бурабай-Құс фабрикасы кентi-Наурызбай батыр кентi Воробьев-Қотыркөл кәрiздiк қысым коллекторы" объектiсi белгiленген тәртiппен республикалық меншiктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Ақмола облысының әкiмдігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiнi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі