Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.06.30 № 299 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңына , "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқауы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурзалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға м.а.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті Төрағасының
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 586 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация
саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету
жөніндегі нұсқау 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651-ші қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдармен ақылы қызмет көрсету Ережелері, Мемлекеттік органдардың көрсетілген қызметіне төлем мөлшерін анықтау және бекіту Ережелері және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқау азаматтық авиация субъектілерін сертификаттық тексеру және ақылы қызмет бойынша ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды.
3. Осы Нұсқауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мынадай:
1) өтінім - өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімін өту үшін уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы қызметтер Сертификатын алу үшін уәкілетті органға өтінім жасаған заңды немесе жеке тұлға;
3) сертификаттық тексеру - уәкілетті орган жүзеге асыратын әуежайлық қызмет көрсету жөніндегі құралдардың, жабдықтың, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестердің, құжаттаманың, ұйымдастырушылық құрылымның, сондай-ақ қызметкерлер құзыреттілігінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) уәкілетті орган - өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметіне және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
4. Азаматтық авиация объектілерін сертификаттық тексеру жұмыстарына төлеу келесі принциптерге негізделеді:
1) тиісті жұмыстарды жүргізуге, қабылданған шешімдердің нәтижесіне қарамастан, кәсіпорын, ұйым, азаматтардың жеке қаражаты қорынан уәкілетті орган бекіткен прейскурант бойынша сертификаттық тексеру және бақылау барысында өткізілген нақтылы жұмыстар келісім-шарт негізінде төлейді;
2) сертификаттық тексеру бойынша жұмыстардан түскен ақшалай қаржы республикалық бюджетке түседі.
5. Уәкілетті орган азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласында көрсететін ақылы қызмет, конкуренциядан қорғау және монополиялық әрекеттерін шектеу және оның аймақты бөлімшелері (бұдан әрі - монополияға қарсы орган) бойынша уәкілетті орган жүргізетін ақылы қызметі мемлекеттік тіркеуге енгізілуі тиіс.
2. Сертификаттық тексеру бойынша көрсетілетін
қызмет тәртібі
6. Уәкілетті органның, азаматтық авиация субъекттеріне ақылы қызмет көрсету орындарында мынадай құжаттары болуы тиіс:
1) өтініш беруші азаматтық авиация субъектілеріне уәкілетті орган үшін қажетті құжаттардың бекітілген нысаны мен толтырылған құжаттар үлгілері;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметінде 2000 жылдың 29 қазанында N 1787 бекітілетін Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға жататын азаматтық авиация саласындағы қызметтер номенклатурасы;
3) уәкілетті орган бекітетін сертификаттық тексерудің типті бағдарламасы мен сертификаттық талаптар, құжаттар тізімі;
4) толық көлемдегі мазмұны бар осы Нұсқау;
5) монополияға қарсы органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен біріге ақылы қызметтің бағаларының прейскуранты бекітіледі;
6) қызмет көрсету шарттары мен тәртібі (уәкілетті органның жұмыс режимі, банк деректері, қызметтік жеңілдіктер, өтінімді қарастыру тәртібі).
7. Прейскурантта келтірілмеген қызмет үшін ақы алу тиым салынады.
8. Уәкілетті орган, өтінішшіге заңнамада қарастырылмаған негіздерде ақылы қызмет көрсетуден бас тартуға құқы жоқ.
3. Сертификаттық тексеру және бақылау бойынша қызметтердің төлем мөлшерінің тәртібін белгілеу және анықтау
9. Ақылы қызмет көрсетудің бағаларын бекіту және олардың өзгертулері тоқсанда 1 реттен кем болмайды. Бекітілген бағалар тоқсанның 1 күнінен бастап енгізіледі.
Бағалардың бекітуі мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) Уәкілетті орган баға жобасын 45 күннің ішінде монополияға қарсы органдарына тоқсан басталғанға дейін немесе одан бұрын бекітілген прейскурантының әрекет уақытының мерзімі өтуіне дейін ұсынылады;
2) Монополияға қарсы органы бағаларды бекіту үшін барлық материалдарды алған күннен бастап 20-күндік мерзімде ұсынылған баға жобаларын қарастырады және сәйкес шешімді қабылдайды;
3) Мемлекеттік органдар жаңа бағалар туралы шешімдер, оларды енгізілуінен 10 күн бұрын ресми басылымдарда жарияланады.
10. Баға жобалары Үкіметпен бекітілген мемлекеттік органдарымен көрсетілетін ақылы қызмет Ереже талаптары есепке алынған прейскуранттар жоба формасында ұсынылады.
11. Прейскуранттар жобасына қосымша мыналар беріледі:
1) бағалардың бекітілуі немесе қайта қарастырылу қажеттілігі негізделетін анықтама жазба, көрсетілетін қызмет үшін ақы алу негізі болады;
2) қызмет көрсету бойынша нормативті-техникалық құжаттама;
3) әр қызмет түрлері бойынша шығындарды ашып жазу.
12. Ұсынылған материалдарда есепті мәліметтер бухгалтерлік стандарттар формасына сәйкес негізгі көрсеткіштерге қарай толтырылады
13. Баға жобаларына монополияға қарсы органмен өзгертулер енгізілген жағдайда, үш күндік мерзімде өз қарсылығын ұсынуға құқығы бар уәкілетті органды ақпараттайды. Қарсылықтары қарастырылған нәтижелері бойынша соңғы шешім қабылданады.
14. Прейскурантты қызметіне енгізуіне дейін 15 күн аралығында баға жобаларын ұсынған уәкілетті органды монополияға қарсы орган қабылданған шешім туралы ақпараттайды.