"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты жеке құрамның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті:
1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі О.А. Федоровқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Мұхаметжанов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 11 ақпандағы
№ 46 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 105 бұйрығы, Нормативтік күқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 наурызда № 4590 болып тіркелген:
1) "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 484 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5062 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы ақпан;
2) "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 202 бұйрығы, Нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 маусымда № 5232 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2008 жылғы 15 тамыздағы № 8;
3) "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 464 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 8 қаңтарда № 5479 болып тіркелген;
4) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысынан шығатын шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығы;
5) "Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу, рәсімдеу, әкімшілік жазаларды анықтау және басқа да қызметтері жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 317 бұйрығы (Нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 29 тамызда № 4902 болып тіркелген).