"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішк

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 464 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5479 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 46 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттік Корольдігі арасындағы достық қатынастарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 1935 жылы шығарылған зауыттық нөмірі 19172, ТТ жүйесінің 7,62 мм пистолетін жиынтығымен Иордан Хашимиттік Корольдігінің Королі Абдалла II Бен Хусейн Бен Талалға сыйға беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қарудың экспортына лицензияны ресімдесін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулыға сәйкес әкетілетін қаруды кедендік ресімдеуді және бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов