Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.02.11 N 46Бұйрығымен.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45 және 700-баптарының талаптарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу, рәсімдеу, әкімшілік жазаларды анықтау және басқа да қызметтері жөніндегі Ережесі бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары мен облыстардың Ішкі істер департаменттерінің бастықтары жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т. Түсімов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры Қ.Б. Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 317 бұйрығымен
бекітілген
Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу, рәсімдеу,
әкімшілік жазаларды анықтау және басқа да қызметтері жөніндегі Ережесі 1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ереже»"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және жүргізуші куәлігінің талонын тіркеу, рәсімдеу және оған ақпараттар енгізу тәртібін анықтайды.
2. Жүргізуші куәлігінің талонын енгізу кезінде қолданылатын негізгі ережелер және терминдер:
өзара рұқсат беру құқығын анықтау - бөлінетін құпиясымен бірге рұқсат беру құқығын анықтаудың хаттамасын пайдалануымен терминалдың түпнұсқалығын микропроцессорлық картамен және микропроцессорлық картаның түпнұсқалығын терминалмен тексеру рәсімі;
картаны анықтап, қосу - микропроцессорлық картада файлдық құрылымды құру және барлық микропроцессорлық карталарға бірдей барлық деректерді жүктеу процессі;
микропроцессорлық карта - интегралдық микросызба (микропроцессор) енгізілген пластикалық карта. Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде N 4590 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 "Жүргізуші куәлігі және көліктік құралды тіркеу туралы куәлігінің жаңа үлгілерін енгізу туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес барлық қажетті сыртқы және функционалдық талаптарға сәйкес келетін микропроцессорлық карта алынған жеріне байланыссыз жүргізуші куәлігі талоны ретінде мына жағдайларда қолданыла алады:
- карта жол полициясы органдарында арнайы құралдар арқылы және СТ АҚ 40876417-01-2007 стандартының талаптарына сәйкестікті растаудың қажетті рәсімдерін өткен және жүргізуші куәлігі талонында заңнамамен тыйым салынбаған басқа функцияларды орнықтыруға ниет білдірген ұйымдармен дербестендірілгенде.
ұтқыр терминалы - сұйық кристалды дисплейі және алмалы-салмалы аккумуляторлық батареясы бар арнайы ажыратқыш арқылы микропроцессорлық картаға деректерді оқу/жазу тасымал қондырғысы;
қауіпсіздік модулі - өзара рұқсат беру рәсімін орындау кезінде қолданылатын құпия кілттерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ететін, мамандандырылған микропроцесорлық карта;
картаны дербестендіру - нақты әрбір микропроцессорлық карта үшін бірегей деректерді, оның ішінде микропроцессорлық картаның иесі туралы дербес мағлұматтарды микропроцессорлық картаға енгізу процессі. Дербестендіру кезінде осындай карталарды ұстаушылар туралы ақпараттық қор құрастырылады;
терминал - микропроцессорлық картаға деректерді оқу/жазу қондырғысымен жабдықталған ұтқыр терминал немесе дербес компьютер;
жүргізуші куәлігі талоны (бұдан әрі - Талон) - жұмыс бөлігі интегралдық микросызбадан (микропроцессор) тұратын микропроцессорлық карта ретіндегі Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған және орындалған әкімшілік жазаларды есептеу құралы.
3. Талон мынадай ақпаратты сақтауға арналған:
жүргізуші куәлігі туралы мәліметтер (сериясы мен нөмірі, берілген күні, алынған күні);
жүргізуші туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні, жынысы, тұрғылықты жері, типі, сериясы, нөмірі және жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, жеке ұқсас нөмірі (ЖҰН), СТН;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер:
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің бабы, бұзушылық жасаған күні мен уақыты;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нөмірі;
әкімшілік жазаның түрі туралы;
айыппұлдың сомасы;
әкімшілік жазаны/айыппұлды салған инспектор картасының бірегей ұқсас нөмірі;
салынған әкімшілік жазаның орындалуы туралы белгі.
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы (міндетті түрде сақтандырудың шарттың болуын растайтын құжаттың нөмірі, күні және қолдану мерзімі);
көлік құралдың техникалық байқаудан міндетті түрде өткендігі туралы (мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы талонның және куәлігінің нөмірі, берілген күні).
Талонға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қосымша мәліметтер енгізілуі мүмкін.
4. Талон соның ішінде жүргізуші куәлігін алып қою кезінде және де көлік құралды басқару құқығынан айырған жағдайда да алып қоюға жатпайды.
2. Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу тәртібі
5. Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте жүргізуші куәлігі талоны жол полициясы органдарында тіркелгеннен кейін әкімшілік жазаларды анықтау құралы мәртебесін алады.
6. Микропроцессорлық карталардың тіркеу тәртібі:
1) Жол полициясы органдарына жүргізуші куәлігі талонын алу үшін жүгінген жағдайда жүргізушіге қажетті:
- осы Ережелерге қосымша нысанға (N 1 қосымша) сәйкес жүргізуші куәлігі талонын алу туралы екі данадағы өтініш, жүргізуші куәлігін, жеке басының куәлігін және әкімшілік тәжірибеден алынған тіркелген/тіркелмеген жол қозғалысы ережесін бұзушылық туралы анықтаманы ұсынуға.
Тіркеу-емтихан бөлімінің инспекторы жүргізушінің өтінішінде көрсетілген жүргізуші куәлігі және жеке басы куәлігі мағлұматтарының сәйкестілігін тексергеннен кейін өтінішті қабылдауға, өтінішті қабылдағаны туралы белгі қоюға, өтінішті қабылдағаны туралы белгі қойылған өтініштің бір данасын қайтып беруге және өтініш берушіге жүргізуші куәлігі талонын алу жері мен мерзімі туралы түсіндіруге міндетті. Жүргізуші куәлігі талоны мерзімі 30 жұмыс күннің ішінде берілуі қажет. Автоматтандырылған жұмысшы орнын қолданудың техникалық талаптарына сәйкес инспектор жүргізуші куәлігі талонын дербестендіруге дайындау үшін қажетті деректерді "тіркеу-емтихан бөлімі" автоматтандырылған жұмысшы орны арқылы енгізеді;
2) Жүргізуші куәлігі талонына қосымша функцияларды ұсынатын ұйымдардан жүргізуші куәлігі талонын алу үшін жүгінген жағдайда жүргізушіге қажетті:
- ұйымның операторына жүргізуші куәлігін және жеке басының куәлігін ұсынуға;
- осы Ережелерге қосымша нысанға (N 1-қосымша) сәйкес жүргізуші куәлігі талонын алу туралы үш дана электрондық үлгідегі өтінішке қол қоюға.
Оператор жүргізушінің тіркеу өтінішінде көрсетілген жүргізуші куәлігі және жеке басы куәлігі мағлұматтарының сәйкестілігін тексеру рәсімінен кейін автоматтандырылған жұмысшы орнын қолданудың техникалық талаптарына сәйкес есептеу құрылғысының қабылдау жігіне жүргізуші куәлігі талонының жұмысшы бөлігін енгізуге, жүргізуші куәлігі талонын дербестендіруге және жүргізушіге микропроцессорлық картаны қосымша қызметтері бар жүргізуші куәлігі талоны ретінде пайдалану мүмкіншіліктері туралы тиісті ұсыныстарымен қайтарып беруге міндетті.
3. Жүргізуші куәлігі талонына ақпаратты енгізу тәртібі
7. Инспектор жүргізушіден кез келген қызметтік байланыс кезінде жүргізуші куәлігі талонын көрсетуді талап етуге міндетті. Одан әрі талонды жүргізушіден алған кезінде инспектор ағымды күніне жарамды жүргізушінің орындауынан бұрын салынған әкімшілік жазалар туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған мәліметтер базасынан жол қозғалысын бұзушы туралы ақпараттарды алу үшін ұтқыр терминалдың арнайы жігіне Талонның жұмыс бөлігін енгізуге міндетті.
8. Жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты іс жүргізу шешімі қабылданғаннан кейін инспектор ұтқыр терминалды пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкес Талонның интегралдық микросызбасына тиісті ақпаратты енгізеді.
9. Әкімшілік жазаны салған инспектор немесе әкімшілік тәжірибенің инспекторы Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік жазаның орындалуы туралы мағлұматтарды Талонға енгізуге құқығы бар.
10. Талонды алу кезінде инспектор салынған әкімшілік жазаны төлеу туралы мағлұматтарды және салынған әкімшілік жаза бойынша айыппұлды төлегені туралы төлем құжатының нөмірін және де төлемнің сомасын енгізу үшін ұтқыр терминалдың қабылдау жігіне Талонның жұмыс бөлігін енгізу міндетті.
Егер төлем ұтқыр терминалдың төлемдік мүмкіндігі арқылы жүргізілген болса, онда әкімшілік жазаны орындау туралы ақпарат автоматты түрде енгізіледі.
11. Инспекторының картасынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық қорына Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған және орындалған әкімшілік жазалар туралы мәліметтердің оқуы әрбір кезектің соңында жүзеге асырылады. Осы мақсатта кезекші бөлімінің инспекторы немесе кезектің жетекші инспекторы салынған әкімшілік жазалар туралы хаттамаларды және олардың орындауын растайтын өзге де құжаттарды алу кезінде инспектордың картасын талап етуге міндетті.
12. Инспектордың картасын алу кезінде кезекші бөлімінің инспекторы немесе кезектің жетекші инспекторы автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкес, инспектор картасының интегралдық микросызбасындағы барлық салынған және орындалған әкімшілік жазалар туралы мәліметтерді салынған және орындалған әкімшілік жазалар туралы ақпараттық қорға жазу үшін, кезекші бөлім диспетчерінің автоматтандырылған жұмыс орнының есептеу құрылымның қабылдау жігіне инспектор картасының жұмыс бөлігін енгізуге міндетті.
Облыстың атауы, Астана, Алматы ққ
ІІД Жол полиция басқармасының бастығына
қаласы, селосы, поселкесі, көшесі, даңғылы,
шағын ауданы.үй, пәтер мекен-жайы бойынша
тұратын жүргізуші Тегі Аты Әкесінің аты,
ӨТІНІШ
Сізден сериясы N жүргізуші куәлігі талонын беруіңізді сұраймын.
Талонды алу көзінде жүргізуші куәлігі талонын қолдану туралы нұсқаулықпен танысқанымды растаймын.
Жүргізуші куәлігі талонын басқа тұлғалармен қолдануына жол бермеуге міндеттенемін.
Жол полициясы органдарының және де қосымша қызметтермен қамтамасыз етушілердің ақпараттық қорларына мынадай мағлұматтарды енгізуге келісім беремін:
- Тегі Аты Әкесінің аты: Тегі Аты Әкесінің аты
- ЖБН: атауы«"@e-kz.com" электрондық пошталық жәшік ашу үшін;
- Кіруге рұқсат беру коды - (Алты цифр және әріптен тұратын реттілік).
Мен қолдануы тек қана ерікті болып табылатын жүргізуші куәлігі талонының қосымша мүмкіншіліктерімен келісемін, ал оларды қолданған жағдайда http://www.e-kz.com орналасқан осындай мүмкіншіліктерді қолдану ережелерін сақтауға міндеттенемін:
- Активациясы http://www.e-kz.com арқылы ғана мүмкін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 қаңтардағы N 370-II "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолы туралы" Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолы қосымшасын қолдануға келісу туралы белгі;
_ _
Қосымшаны персоналдау 1 керек пе? | X | Иә |_| Жоқ
- Активациясы http://www.e-kz.com арқылы ғана мүмкін төлем қосымшасын қолдануға келісу туралы белгі; _ _
Қосымшаны персоналдау керек пе? | X | Иә |_| Жоқ
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 қаңтардағы N 370-II "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолы туралы" Заңына сәйкес электрондық құжат түріндегі көліктік құрал иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру келісім-шартының қосымшасын қолдануға келісу туралы белгі;
_ _
Қосымшаны персоналдау керек пе? | X | Иә |_| Жоқ
- Менің басқаруымдағы автокөліктік құралдардың техникалық байқаудан өтуі туралы деректерді енгізуге келісу туралы белгі;
_ _
Қосымшаны персоналдау керек пе? | X | Иә |_| Жоқ
Осымен барлық берілген деректерді растаймын.
Өз қолымен төрт данада қол қойылған
03.09.2007 12:21
________________
1 Персоналдау - жүргізуші куәлігі талонының микропроцессоры иесінің қорғалған облысына персоналды ақпартты енгізу