ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
820-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарына қолданылмайды.".
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
143-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сотталғандарға мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқуға рұқсат етіледі.".
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 87-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдардың шығармашылық демалысы.";
2) 2-бөлімнің 12-тарауы мынадай мазмұндағы 146-2-баппен толықтырылсын:
"146-2-бап. Ғылыми қызметкерлердің еңбегін реттеу
Ғылыми қызметкерлердің еңбегі "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекспен реттеледі.".
4. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
94) тармақшадағы "уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"200) өндірушінің бағасы – көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағасын реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың шекті көтерме және бөлшек сауда бағаларын есептеу үшін базалық баға болатын, дәрілік заттың сауда атауына өндіруші беретін баға, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың бағасы;";
мынадай мазмұндағы 220-1) тармақшамен толықтырылсын:
"220-1) референс-орталық – мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ патологоанатомиялық диагностикалау кезінде үйлестіруді, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, сапаны және қауіпсіздікті сырттай бағалау жүйесін ендіруді үйлестіретін, қамтамасыз ететін мемлекеттік медициналық ұйымдардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдардың уәкілетті орган айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;";
2) 7-бапта:
15), 47) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"15) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекітеді;";
"47) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;";
"50) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін және бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 104-5) тармақшамен толықтырылсын:
"104-5) дәрілік заттарға немесе медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу, оларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу мен тіркеу, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын бекітеді;";
3) 23-бапта:
3-тармақтағы "уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздер "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға сараптама жүргізу – дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізудің міндетті шарты.";
5-тармақтағы "Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздер "Тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Дәрілік заттарға немесе медициналық бұйымдарға сараптама жүргізуге, оларды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізу мен тіркеуге, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізуге өтінішті композиттік қызмет көрсету шеңберінде өтініш беруші немесе дәрілік затты немесе медициналық бұйымды өндіруші немесе олардың сенім білдірілген тұлғалары береді.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Композиттік көрсетілетін қызмет деп дәрілік заттарға немесе медициналық бұйымдарға сараптама жүргізуге, оларды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізу мен тіркеуге, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізуге, сондай-ақ Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыруға байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жиынтықты түрде немесе жеке-жеке көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер кешені түсініледі.";
екінші бөліктегі "тәртібін уәкілетті орган айқындайды" деген сөздер "тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Дәрілік затқа сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімі:
дәрілік затты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп тіркеу рәсімі жүргізілген;
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік затты терең саралаудан өткізу рәсімін жүргізген;
дәрілік затты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айқындайтын қатаң реттеу жүйесі бар реттеуші органдар тіркеген жағдайларда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Медициналық бұйымдарды сараптаудың жеделдетілген рәсімі Еуропалық Одақтағы Еуропалық комиссияның реттеуші органдарының (CE marking) немесе Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумы (ІMDRF) басшылық комитетінің мүшелері болатын реттеуші органдардың сертификаттары бар немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы терең саралаудан өткізген медициналық бұйымдарға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға жеделдетілген сараптама жүргізу кезінде олардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне қойылатын талаптар төмендетілмейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытынды берілген және құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, өтініш берушіге дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуден бас тартылады.";
13-тармақтағы "уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бастамасы бойынша дәрілік затты тіркеуге бастамашылық жасауға құқылы.";
4) 124-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді референс-орталықтар мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметін үйлестіру, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу және сапасы мен қауіпсіздігін сырттай бағалау жүйесін ендіруді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.";
5) мынадай мазмұндағы 130-1-баппен толықтырылсын:
"130-1-бап. Референс-орталықтар
1. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ патологоанатомиялық диагностикалаудың сапасы мен қауіпсіздігін сырттай бағалауды референс-орталықтар бақылайды және орындайды.
2. Референс-орталықтың негізгі міндеттері – медициналық ұйымдардың мониторинг жүргізу мен әдіснамалық қолдау арқылы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің бірыңғай стандарттарын қолдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауруларды патологоанатомиялық диагностикалаудың дәлдігі мен анықтығын арттыру және диагностикалық қателіктерді азайту.
3. Референс-орталық ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты мәртебесі бар мемлекеттік медициналық ұйымдардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдардың базасында құрылады.
Референс-орталық қызметінің тәртібін, референс-орталық мәртебесін беру немесе кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
6) 244-бапта:
1-тармақтағы "уәкілетті орган айқындайтын ұйым" деген сөздер "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізетін фармацевтикалық инспекциялар мемлекеттік монополияға жатады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.";
7) 245-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналардың:
1) көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағасын реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген, көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттардың;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың;
3) бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың бағасын мемлекет реттейді.
Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағасын реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
2. Уәкілетті орган өндірушінің бағаларын, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағасын реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген, көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаны бекітеді.";
3-тармақтағы "монополияға қарсы органмен келісу бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы "өндірушінің шекті бағасына" деген сөздер "өндірушінің бағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Бағалық" деген сөз "Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 251-баптың 3-тармағы 10) тармақшасындағы "емдеуге арналған болса, уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелуге жол беріледі." деген сөздер "емдеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) стандартты үлгілерін қоспағанда, балк-өнімді, сондай-ақ фармацевтикалық субстанцияларды (белсенді фармацевтикалық субстанцияларды) әкелу арқылы дәрілік затты өндіруге арналған болса, уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелуге жол беріледі.";
9) 263-бапта:
1-тармақтағы "әзірленеді" деген сөз "қалыптастырылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын.
5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 155-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1 және 7-1-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Куәландырылатын адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге негіз болады.
Он сегіз жастан асқан, ес-түссіз күйдегі адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы оның келісімінсіз берген өтініш оған медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге негіз болады.
Ес-түссіз күй деп организмінің негізгі функциялары бұзылып, тіршілік ету қабілеті шектеліп, адам есінен танып жатқан орнықты ауыр патологиялық жай-күй түсініледі.";
"7-1. Жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өтініш берген кезде он сегіз жастан асқан, ес-түссіз күйде жатқан адамға бір жылдан аспайтын мерзімге мүгедектік белгіленеді.
Он сегіз жастан асқан, ес-түссіз күйде жатқан мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім басталғанға дейін жақсарған жағдайда, қайта куәландыру Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың талабы осы баптың 7-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайға қолданылмайды.";
2) 171-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам ес-түссіз күйде жатқан кезде оған күтім жасайтын адамға жәрдемақы мүгедектігі бар адамның келісімінсіз жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы берген өтініш негізінде тағайындалады.";
3) 226-бапта:
10-тармақтың 2) тармақшасындағы "зейнетақы аннуитеті шартына" деген сөздер "сақтандырылушы болып табылмайтын пайда алушыны ауыстыру, сақтанушының (сақтанушылардың), пайда алушының жеке деректерін өзгерту жағдайларын қоспағанда, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін көздейтін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтанушы (сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген адам (адамдар), ал мұндай адам (адамдар) болмаған кезде сақтанушының (сақтанушылардың) және (немесе) сақтандырылушының мұрагерлері осы көрсетілген сақтандыру төлемдерін, егер сақтанушы (сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы тірі кезінде оларды толық көлемде алмаса не алмаса, зейнетақы аннуитеті шартында көзделген көлемде, бір рет немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен алуға құқылы.";
4) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтанушы (сақтанушылар) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысының жеткіліксіз бөлігін төлеу үшін өз қаражатын тартуы кезінде өз қаражатын бір рет толық көлемде енгізуге міндетті.";
5) 238-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "он сегіз жастан асқан" деген сөздер "он сегіз жастан асқан," деген сөздермен ауыстырылып, "немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы" деген сөздер алып тасталсын;
6) 241-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы" деген сөздер алып тасталсын.
6. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
5-баптың 20) тармақшасы ", жоғары ғылыми ұйым" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың бірінші бөлігінің 45) тармақшасындағы "сырттай," деген сөз алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 8-4-баппен толықтырылсын:
"8-4-бап. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу ерекшеліктері
Полиграфиялық ақау және (немесе) пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан баспаның ауытқуы салдарынан жол берілген қате (қателер) анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сатып алған таралымды баспа өз қаражаты есебінен ауыстырады.
Осы баптың бірінші бөлігінің талабы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасау мен орындау кезіндегі міндетті шарт болады.";
3) 27-баптағы ", сырттай оқыту" деген сөздер "оқу" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 32-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі ", сырттай" деген сөз алып тасталсын;
5) 33-баптың үшінші бөлігіндегі ", сырттай" деген сөз алып тасталсын;
6) 43-1-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Азаматтық авиация саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының осы баптың 2-тармағының 1), 2), 10) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреттері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып іске асырылады.
Бұл ретте азаматтық авиация саласында кадрлар даярлау білім алушылардың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын практикасы бойынша ұшу және тренажерлық даярлығы және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары ескеріліп қамтамасыз етіледі.";
7) 47-баптың 17-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде авиациялық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары кемінде бес жыл, басқа мамандықтар бойынша ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.";
бесінші бөлік "азаматтары" деген сөзден кейін "білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бейініне сай келетін мемлекеттік органдарда және (немесе) өзге де ұйымдарда" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 52-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушы құрамының жылдық оқу жүктемесі жылдық жұмыс уақытының үштен екісінен аспауға тиіс.";
9) 68-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
"2-3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына сырттай оқу нысанында тиісті оқыту мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуды білім туралы құжат беріле отырып, оқуға түсу кезінде қолданыста болған сырттай оқу нысанындағы білім беру бағдарламалары бойынша аяқтайды.".
8. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-4) және 2-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
2-5) аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік берушінің азаматтық авиация персоналын даярлауға және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға аударымдары есебінен авиация персоналын даярлауды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидаларын бекітеді;";
2) 16-12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші өз қызметінің негізгі мақсатын аэронавигациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтық авиация персоналын даярлауға және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға аударымдарды жүзеге асыру арқылы іске асырады.".
9. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 71-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "(құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына, сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге)" деген сөздер алып тасталсын;
2) 75-баптың 8-тармағындағы "сырттай (кешкі)" деген сөздер "кешкі" деген сөзбен ауыстырылсын.
10. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бап мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
"7-2. Осы Заңның ережелері, егер "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, жоғары ғылыми ұйымға қолданылады.".
11. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 2-1) тармақшасы ", жоғары ғылыми ұйым" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Офицерлер құрамын әскерге шақыру бойынша" деген сөздер "Осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "офицерлердің" деген сөз "офицерлер мен сержанттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлер мен сержанттар үшін – жиырма төрт ай;";
4) 26-баптың 6-тармағындағы "Офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшісінің" деген сөздер "Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған әскери қызметшінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 27-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "офицерлердi" деген сөзден кейін "және запастағы сержанттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыру
Әскери қызметке жарамды және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткермеген (әскери жиындарды қоспағанда), жиырма тоғыз жасқа толмаған запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар және медициналық қызметтің отыз екі жасқа толмаған запастағы офицерлері уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша бейбiт уақытта офицерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде әскерге шақырылады.";
7) 37-баптың 7-тармағындағы "Офицерлік құрамды әскерге шақыру бойынша" деген сөздер "Осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 50-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "офицерлерге де" деген сөздер "офицерлер мен запастағы сержанттарға да" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 53-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері" деген сөздер "осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған әскери қызметшілер" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтағы "Арнаулы", "арнаулы" деген сөздер тиісінше "Арнайы", "арнайы" деген сөздермен ауыстырылып, "немесе индустриялық аймақтың" деген сөздерден кейін ", оның ішінде ғылымды қажетсінетін аумақтың" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі "немесе индустриялық аймақтағы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде ғылымды қажетсінетін аумақтағы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "арнаулы" деген сөз "арнайы" деген сөзбен ауыстырылып, "немесе индустриялық аймақ аумағында" деген сөздерден кейін ", оның ішінде ғылымды қажетсінетін аумақта" деген сөздермен толықтырылсын.
14. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3) тармақшасы ", жоғары ғылыми ұйым" деген сөздермен толықтырылсын.
15. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері ғылымды қажетсінетін аумақтың аумағындағы арнайы экономикалық аймақты тарату жағдайларына қолданылмайды.".
16. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 26-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі форсайттық (болжамдық) зерттеулер – ғылым мен технологиялардың орта және ұзақ мерзімді даму перспективаларын сараптамалық-талдамалық бағалау;";
"27-1) жас ғалым – ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте он жылдан аспайтын өтілі бар (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезеңді есепке алмағанда), ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын және іске асыратын, қырық төрт жасты қоса алғанда сол жасқа дейінгі жеке тұлға;";
32) тармақша "архивті," деген сөзден кейін "ғылыми инфрақұрылымды," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
"45-1) ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертхана – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми жабдықты бірлесіп пайдалануы үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған, оған тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін және "Қазақстан ғылымы" бірыңғай цифрлық жүйесінде тіркелуге жататын ғылыми инфрақұрылым;";
2) 4-баптың 2-тармағындағы "Заңда реттелген құқықтық қатынастарға" деген сөздер "Заңмен реттелген," деген сөздермен ауыстырылып, "гранттардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың аударымынан түсетін арнаулы түсімдер есебінен" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің құрамын айқындайды;";
4) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;";
22) тармақшадағы "ғылыми және" деген сөздер "ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ ғылыми және" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) және 37-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"29-1) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану және ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханаларға, академиялық артықшылық орталықтарына қолжетімділік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
"37-1) ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";
41) тармақша "қазақстандық" деген сөзден кейін "және шетелдік" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 43-1), 43-2), 43-3) және 43-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"43-1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы венчурлік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-2) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық негізділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
43-3) ұлттық ғылыми кеңестер қараған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын мониторингтеу қорытындыларын бекітеді;
43-4) ұлттық ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың қаржыландыру көлемін (құнын) бекітеді;";
5) 8-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) ғылыми қалашықтың даму стратегиясын келіседі;
12-2) ғылыми қалашықтың даму стратегиясын іске асыру туралы есепті жыл сайын әзірлейді;";
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың (ғылыми жарыстардың) конкурстары бойынша ұлттық және облыстық командалардың, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәсіптік шеберлік конкурстарының мүшелері ғылыми зерттеулер жүргізу үшін академиялық артықшылық орталықтарын, ғылыми инфрақұрылымды, оның ішінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында орналасқан цифрландыру объектілерін пайдалануға құқылы.";
7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге академиялық еркiндiкке және шығармашылық еркiндiк құқығына кепiлдiк берiледi.
2. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің:
1) егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, ғылыми зерттеулерді басқаның араласуынсыз жүзеге асыруға, олардың нәтижелерін еркін талқылап, жариялауға;
2) өздерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін өз бетінше жоспарлауға және ұйымдастыруға;
3) ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелердің бағыты мен мазмұнын, әдістері мен құралдарын өз бетінше айқындауға;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жол берілетін ғылыми негізделген тәуекелмен жүзеге асыруға;
5) заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қолжетімділік алуға;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға байланысты себептер бойынша өз құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғалуға;
7) өздері авторы (авторлары) болатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінен кіріс алуға;
8) өздерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің объективті бағалануына, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де ынталандыру шараларына;
9) ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлауға қатысуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру процесінде оларға білімі мен тәжірибесін беруге;
10) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер:
1) ғылыми әдеп талаптарына сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға;
2) мүдделер қақтығысы мен жосықсыз бәсекелестікті болғызбауға;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.";
8) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі форсайттық (болжамдық) зерттеулердің, сондай-ақ өзге де талдамалық және статистикалық материалдардың нәтижелерін ескере отырып, ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;";
4) тармақшадағы "ғылымды" деген сөз "ғылым мен технологияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындау.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Ұлттық ғылым академиясының қызметі бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.";
мынадай мазмұндағы 29, 30 және 31-тармақтармен толықтырылсын:
"29. Ұлттық ғылым академиясының мүлкі:
1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер);
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық ғылым академиясы өз мүлкін тек қана жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
30. Ұлттық ғылым академиясы өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
31. Ұлттық ғылым академиясының жанында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істейді.
Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл:
1) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша олардың жолданымдарын қарайды;
2) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер үшін консультациялық қызметті жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдармен, білім беру ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалармен ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) Ұлттық ғылым академиясына және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін ғылыми ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді, сарапшылар мен өзге де тұлғаларды тартады.";
9) 20-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы "Қазақстан" деген сөз "осы Заңға және Қазақстан" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 22-бапта:
1-тармақтағы "ғылым" деген сөз "ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы "көлемінің" деген сөзден кейін "(құнының)" деген сөзбен толықтырылсын;
11) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "көлемінің" деген сөзден кейін "(құнының)" деген сөзбен толықтырылсын;
12) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын не бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілеріне еңбекақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.";
13) 29-бапта:
1-тармақтағы "Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне" деген сөздер "Ғылыми қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 6-тармақтар "шарттары" деген сөзден кейін "осы Заңда," деген сөздермен толықтырылсын;
14) 30-баптың 2-тармағындағы "қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы" деген сөздер алып тасталсын;
15) 31-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацындағы және 3-тармағындағы ", қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы" деген сөздер алып тасталсын;
16) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Ғылымды қажетсінетін аумақ
33-1-бап. Ғылымды қажетсінетін аумақтар туралы негізгі ережелер
1. Ғылымды қажетсінетін аумақ – ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттарын қолдау, жоғары технологиялық өндірістерді ынталандыру мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасалатын аумақ.
2. Ғылымды қажетсінетін аумақ осы Заңға сәйкес мәртебесі берілетін және одан айырылатын ғылыми қалашық немесе ғылыми-технологиялық парк нысанында болуы мүмкін.
3. Ғылымды қажетсінетін аумақтың жобаларын және инфрақұрылымын қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Жобаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке арналған бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган ғылыми қалашық пен ғылыми-технологиялық парктің даму стратегияларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын тұлғаны айқындайды.
Мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Ғылымды қажетсінетін аумақтардың аумағында құрылған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асыру ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
33-2-бап. Ғылымды қажетсінетін аумақтарды дамытуды ынталандыру шаралары
1. Ғылымды қажетсінетін аумақтардағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру шараларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық жеңілдіктері;
осы Заңға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау;
"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алу құқығы.
2. Ғылымды қажетсінетін аумақтарда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми қалашықтың немесе ғылыми-техникалық парктің басқарушы компаниясының өтінішхаты бойынша Қазақстан Республикасына келуге виза алады.
3. Уәкілетті органның шешімі бойынша ғылыми қалашықтың аумағында құрылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады. Лицензиялау уәкілетті орган бекітетін жекелеген біліктілік талаптары бойынша жүзеге асырылады.
33-3-бап. Ғылыми қалашық. Ғылыми қалашықтың негізгі міндеттері
1. Ғылыми қалашық – елдің экономикалық дамуының басым бағыттарын дамыту мақсатында аумағында білім беру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалған елді мекенге берілетін мәртебе.
2. Ғылыми қалашықтың негізгі міндеттері:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту;
2) экономиканы орнықты дамыту мақсатында ғылымды қажетсінетін технологиялар мен инновацияларды әзірлеу және өндіріске ендіру;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
4) технологиялардың тиімді трансферін қамтамасыз ету;
5) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларға инвестициялар тарту;
6) өндіріс және кадр әлеуетін дамыту;
7) ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу.
33-4-бап. Ғылыми қалашық мәртебесін беру тәртібі
1. Ғылыми қалашық мәртебесі елді мекенге ғылыми қалашықтың тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.
2. Ғылыми қалашық мәртебесі елді мекенге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде беріледі:
1) елді мекен аумағында ғылыми қызметкерлердің үлесі тиісті елді мекеннің жұмысқа орналасқан халқы санының кемінде үш пайызы болатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің болуы;
2) ғылыми қалашықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ғылыми, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымның болуы, сондай-ақ зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу және ғылымды қамтитын өнімдер (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығару;
3) ғылымды дамытудың басым ғылыми бағыттары бойынша ғылымды қамтитын отандық өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) әзірлеу мен өндіруді, сондай-ақ инвестициялар тартуды жүзеге асыратын ұйымдардың болуы.
3. Уәкілетті орган ғылыми қалашықтың тиісті саласы құзыретіне жататын салалық мемлекеттік органмен бірлесіп, ғылыми қалашық қызметінің басым ғылыми бағыттарын қамтитын ғылыми қалашықтың даму стратегиясын әзірлейді, оны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі.
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылыми қалашықтың даму стратегиясын бекітеді.
4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы ғылыми қалашықтың даму стратегиясын орындау шараларын қабылдайды.
5. Ғылыми қалашықтың даму стратегиясын іске асыру мақсатында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму жоспарында ғылыми қалашықтың даму стратегиясының негізгі міндеттері, нысаналы индикаторлары, нәтижелер көрсеткіштері мен іс-шаралары көрсетіледі.
6. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы жыл сайын уәкiлеттi органға Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның бекiтуi үшiн ғылыми қалашықтың даму стратегиясының іске асырылуы туралы есепті енгізеді.
33-5-бап. Ғылыми қалашыққа қатысушылар
1. Ғылыми қалашыққа қатысушылар – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ғылыми қалашыққа қатысушылар тізіліміне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
2. Ғылыми қалашыққа қатысушылар тізіліміне ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарға сай келетін ғылыми қалашыққа қатысушылар енгізіледі.
Ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.
Ғылыми қалашыққа қатысушылар тізілімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
3. Ғылыми қалашыққа қатысушылар өз қызметін ғылыми қалашықтың даму стратегиясын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру мақсатында жүзеге асырады.
33-6-бап. Ғылыми қалашықтың басқару органы
1. Ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясы – оның басқару органы.
Ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясы – уәкілетті органмен және (немесе) ғылыми қалашықтың тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы айқындаған немесе құрған, ғылыми қалашықты кешенді басқаруды қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Басқару тиімділігін арттыру және инвестициялар тарту мақсатында басқарушы компанияға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық және шетелдік әріптестер тартылуы мүлкін.
2. Басқарушы компанияның құрылымы мен құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның жарғысында белгіленеді.
3. Басқарушы компанияның функцияларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздер есебінен ғылыми қалашыққа қатысушылардың жобаларын іріктеу және қаржыландыру;
2) ғылыми қалашықтың дамуын ынталандыру үшін ғылыми, технологиялық, цифрлық, білім берушілік және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық;
3) ғылыми қалашық аумағында ғылым мен өнеркәсіптің ғылыми, ғылыми-инновациялық әлеуетін ілгерілету, ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру және өзара іс-қимылын ынталандыру мақсатында ғылыми қалашықты құруға, басқаруға және оларға қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіруге қатысу;
4) ғылыми қалашыққа қатысушыларға акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
5) ғылыми қалашықты дамытуға қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;
6) ғылыми қалашыққа қатысушылар тізілімін жүргізу;
7) венчурлік қаржыландыруды тарту;
8) осы Заңға және ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясының жарғысына сәйкес өзге де функциялар.
4. Ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясы ғылыми қалашыққа қатысушыларды тiркеудi жүзеге асырады және ғылыми қалашыққа қатысушыларды тiркеу туралы құжаттарды уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен және нысан бойынша бередi.
5. Ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясы жыл сайын өз қызметі туралы есеп пен ғылыми қалашыққа қатысушылар бойынша ақпаратты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына, уәкілетті органға және ғылыми қалашықтың тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органға береді.
6. Елді мекен ғылыми қалашық мәртебесінен айырылған жағдайда ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес таратылады.
33-7-бап. Ғылыми қалашық мәртебесінен мерзімінен бұрын айырудың негіздері мен тәртібі
1. Ғылыми қалашық мәртебесінен мерзімінен бұрын айыру негіздері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет нәтижелерінің ғылыми қалашықтың даму стратегиясының міндеттеріне сәйкес келмеуі;
2) бес жыл ішінде ғылыми қалашықтың даму стратегиясының іске асырылуын мониторингтеу қорытындылары бойынша ғылыми қалашықтың даму стратегиясында көзделген нәтижелерге қол жеткізбеу;
3) ғылыми қалашық мәртебесін берудің осы Заңның 33-4-бабының 2-тармағында көзделген өлшемшарттарына сәйкес келмеуі;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органының немесе уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғылыми қалашық мәртебесiн сақтаудың орынсыздығы туралы жүгінуi.
2. Елді мекен ғылыми қалашықтың тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісілген уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ғылыми қалашық мәртебесінен мерзімінен бұрын айырылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша ғылыми қалашық мәртебесінен мерзімінен бұрын айыру туралы шешім мәртебе берілген кезден бастап кемінде бес жыл өткеннен кейін қабылданады.
4. Ғылыми қалашық мәртебесінен айрылған кезден бастап ғылыми қалашыққа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми қалашыққа қатысушылар тізілімінен шығарылады.
33-8-бап. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру
1. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің әлеуметтік кепілдіктері болады.
2. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға құқығы бар.
3. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлердің балаларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден бірінші кезекте орындар береді.
33-9-бап. Ғылыми-технологиялық парк
1. Ғылыми-технологиялық парк – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымындағы, дербес білім беру ұйымындағы, ғылыми ұйымдағы, сондай-ақ ғылыми ұйыммен бірлесіп, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендірген кәсіпорындағы аумаққа берілетін мәртебе.
Ғылыми-технологиялық паркте ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасалады.
2. Аумаққа ғылыми-технологиялық парк мәртебесін беру өлшемшарттары:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің ендірілген нәтижелерінің және (немесе) өндіріске ендірілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялардың болуы;
2) ғылыми инфрақұрылымның және (немесе) зерттеу орталықтарының және (немесе) сынақ полигондарының және (немесе) технологиялық парктердің болуы.
3. Ғылыми-технологиялық парк мәртебесі уәкілетті орган мен ғылыми-технологиялық парктің тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі және айырылады.
4. Ғылыми-технологиялық парк қызметінің мақсаттары мен түрлері, оны басқарудың ұйымдық құрылымы оның уәкілетті органмен және ғылыми-технологиялық парктің тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен келісілген жарғысында айқындалады.
5. Ғылыми-технологиялық паркті басқаруды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, дербес білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар, сондай-ақ басқарушы компанияның жарғысына және осы Заңға сәйкес ғылыми ұйыммен бірлесіп, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендірген кәсіпорын құрған немесе айқындаған басқарушы компания жүзеге асыруы мүмкін.
6. Уәкілетті орган ғылыми-технологиялық парктің тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен бірлесіп, ғылыми-технологиялық парк қызметінің басым ғылыми бағыттарын қамтитын оның даму стратегиясын әзірлейді.
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясын бекітеді.
7. Ғылыми-технологиялық парк мәртебесінен мерзімінен бұрын айыру негіздері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет нәтижелерінің ғылыми-технологиялық парктiң даму стратегиясының міндеттеріне сәйкес келмеуі;
2) бес жыл ішінде ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясының іске асырылуын мониторингтеу қорытындылары бойынша ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясында көзделген нәтижелерге қол жеткізбеу;
3) ғылыми-технологиялық парк мәртебесін берудің осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарына сәйкес келмеу.";
17) 34-бапта:
3-тармақ "субъектілерін" деген сөзден кейін ", оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдарынан түсетін арнаулы түсімдер есебінен" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұйымы" деген сөзден кейін "және оның ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап есептеледі және күнтізбелік жоспардың іс-шаралары орындалатын бүкіл кезеңді қамтиды.";
18) 36-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі:
"зерттеулер жүргізуге," деген сөздерден кейін "оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға," деген сөздермен толықтырылсын;
"коммерцияландыруға арналған грант" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберіндегі грант" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "ұйымдары" деген сөзден кейін "және олардың ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ "ұйымдары" деген сөзден кейін "және олардың ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ "интернет-ресурстарында" деген сөздерден кейін "уәкілетті орган белгілеген мерзімдерден кешіктірілмей" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 37-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі "ұйымдары" деген сөзден кейін "және олардың ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі "ұйымдары" деген сөзден кейін "және олардың ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы "интернет-ресурсында" деген сөздер "интернет-ресурстарында уәкілетті орган белгілеген мерзімдерден кешіктірілмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 41-бап 8) тармақшасындағы "тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар болып табылады." деген сөздер "тұлғалар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) ғылымды қажетсінетін аумақтар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар болады.";
21) 45-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілеріне тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған гранттар береді.";
22) 52-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Бірлескен халықаралық жобаларды және (немесе) бағдарламаларды қоса қаржыландыру ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес гранттық немесе бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.".
17. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 10) тармақшасы "ұйымдары" деген сөзден кейін "және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілері" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу жөніндегі үлгілік шарттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жасалады.".
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6, 10, 11 және 14-тармақтарын, 16-тармағының 3) тармақшасын, 8) тармақшасының сегізінші – он жетінші абзацтарын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 6) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларын, 7-тармағының 1), 3), 4), 5) және 9) тармақшаларын және 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының, 5-тармағы 3) тармақшасының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |