Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 10 маусымдағы № 301-VIIІ ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      206-баптың бірінші бөлігіндегі "Мекеме" деген сөз "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеме" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 135-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жұмыстан шығарылған немесе оқудан шығарып жіберілген адамдардан әскери, арнаулы оқу орындарында не халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы;";

      2) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 243-баптың 8) тармақшасындағы "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 302-баптың бірінші бөлігінің 16) тармақшасындағы "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 47-тараудың тақырыбындағы "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 376-баптағы "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 377-баптың екінші абзацындағы "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 378-бапта:

      "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкелуге, шығаруға, дайындауға" деген сөздер "әкелуге, онда тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

      212-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты қызметтен шығарылған;".

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспедегі "күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және" деген сөздер "мәртебесін, өкілеттігін және күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-бапта:

      3) тармақшадағы "заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды уақтылы қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшада:

      "түрінде" деген сөзден кейін "және (немесе) көлік құралдарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      "автомобиль және басқа" деген сөздер "көліктің және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "көлiгi мен" деген сөздер "көлігін және (немесе) көлік құралдарын, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың бірінші бөлігінде:

      1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймаққа кіру (көлікпен кіру) кезінде, сондай-ақ олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, оны (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеруді, оның өзімен алып жүрген заттарын, көлікті және (немесе) көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды жете тексеруді, оның ішінде техникалық құралдарды және (немесе) қызметтік жануарларды қолданып жете тексеруді жүргізу. Тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы айқындайтын заттар мен заттектерді күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймаққа алып өтуге тыйым салу;";

      "3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үй-жайларын, сондай-ақ жеке тұлғалардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлігін және (немесе) көлік құралдарын, байланысын және өзге мүлкін шарт негізінде пайдалану;

      4) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;";

      7) тармақшада:

      "арнайы даярлықтан өткен қызметкерлеріне" деген сөздер "арнаулы даярлықтан өткен қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "табель қаруы мен арнаулы құралдар" деген сөздер "қаруды және арнаулы құралдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әскери, арнаулы оқу орындарында, оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды шарт негізінде жүзеге асыру;";

      9-1) тармақшадағы "қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру" деген сөздер "қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы қолдануы

      10-бап. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы қолдану шарттары мен шегі

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық жағдайда дене күшін, қызметтік жануарларды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға, сондай-ақ арнаулы құралдарды, қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға құқығы бар.

      2. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі арнаулы құралдары немесе қаруы болмаған кезде қолда бар кез келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қару мен техниканы қолдануға құқылы.

      3. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің терроризмге қарсы операцияға қатысатын қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері террористерге қатысты дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы ескертпестен және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шектеулерсіз қолдануға құқығы бар.

      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттер жасауға жарамдылығы тұрғысынан арнаулы даярлықтан өтуге, кезең-кезеңмен тексеруден өтiп тұруға міндетті.

      5. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолданған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері айналасындағы жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінiң және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы өкiлеттiгiн асыра пайдаланып қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келеді.

      7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі, егер қорғау күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң және (немесе) әскери қызметшісінің өзіне төнген қатердің сипаты мен қауіптілігiне сәйкес келсе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал және дене зақымы үшiн жауап бермейдi.

      8. Арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, күзет іс-шараларын өткізуге тартылған кезде осындай қызметкерлерге және (немесе) әскери қызметшілерге осы тараудың ережелері қолданылады.

      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өткізетін іс-шараларға тартылған жағдайда олардың дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануы осы Заңға және іс-шара бастамашысының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген, дене күші, қызметтік жануарлар, арнаулы құралдар, қару, жауынгерлік және өзге де техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабар беріледі.

      11-бап. Дене күшін және қызметтік жануарларды қолдану

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң және (немесе) әскери қызметшілерінің күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және меншiгiне қатер төндiретiн қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстау, заңды талаптарға қарсы әрекеттердi еңсеру үшiн, егер күш қолданбау тәсілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметiне жүктелген мiндеттердiң атқарылуын қамтамасыз етпейтiн болса, дене күшін, оның iшiнде жауынгерлік күрес тәсiлдерiн және қызметтік жануарларды қолдануға құқығы бар.

      2. Қызметтік жануарлар – күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу, соларды жасаған адамдарды анықтау мақсатында, жауынгерлік кезекшілікті атқару, көлікті және (немесе) көлік құралдарын, жеке тұлғаларды жете тексеру және жергілікті жерді қарап-тексеру кезінде құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, құрсаулау жолымен және өзге де әсер ету үшін, сондай-ақ өзге де қызметтік міндеттерді атқару үшін пайдаланылатын иттер мен жылқылар.

      12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ:

      1) құқық бұзушыларды, өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне және (немесе) әскери қызметшілеріне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне қарсылық көрсеткен немесе бағынбаған адамдарды ұстау және жеткізу;

      2) жүргiзушiсi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң және (немесе) әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.

      2. Күзетiлетiн адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктiлiгi бiлiнiп тұрған әйелдерге, мүгедектiгi айқын көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

      13-бап. Қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң және (немесе) әскери қызметшілерінің қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда:

      1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

      2) күзетілетін объектiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн көлікке және (немесе) көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару, сол сияқты олар басып алынған жағдайда оларды босату;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлерiне және (немесе) әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын өткізу үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

      4) жеке тұлғаларды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлер мен арнаулы жүктердi босату;

      5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде не тiкелей оны жасағаннан кейiн қолға түскен, қарулы қарсылық көрсеткен жеке тұлғаларды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы жеке тұлғаны ұстау;

      6) қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, уыты күшті химиялық және улы заттектерді өзімен заңсыз алып жүрген жеке тұлғаларды қарусыздандыру;

      7) әуе кеңістігін күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта және (немесе) күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу;

      8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң және (немесе) әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату;

      9) жеке тұлғаларды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлардың шабуылынан қорғау;

      10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін қолдануға құқығы бар.

      2. Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепiлге алған, көлікті және (немесе) көлік құралын басып алған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларда, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға тыйым салынады.";

      5) 14-баптың екінші бөлігіндегі "орындауға" деген сөз "атқаруға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 15-баптың төртінші бөлігіндегі "объектілер мен көлік құралдарының" деген сөздер "объектілердің, көліктің және (немесе) көлік құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-1-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:

      1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) қызметке "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері;

      4) әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.";

      8) 17-бапта:

      екінші бөліктегі "жетон" деген сөз "жетондар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "абыройына", "орындауына" деген сөздер тиісінше "қадір-қасиетіне", "атқаруына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "нұсқау" деген сөз "өкім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 18-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "қолданыстағы заңнамада" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда" деген сөздер "күзет іс-шаралары өткізілетін аймақтарда және күзетілетін объектілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "көлiк пен" деген сөздер "көлiктің және (немесе) көлiк құралдарының және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы" деген сөздер "дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-бапта:

      бірінші бөліктегі "қарап-тексеруге" деген сөздер "жете тексеруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "орындауға" деген сөз "атқаруға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-1-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "төрағасының" деген сөз "Төрағасының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 11-баптың екінші бөлігі "бөлімшелер" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 12-бапта:

      16-1) және 16-2) тармақшалардағы "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-1) тармақшадағы "Ұлттық" деген сөз "Қазақстан Республикасы Ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекеттер жасауға дайындығын қамтамасыз етуге;";

      19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлық құрамымен тәрбие және идеология жұмысын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұйымдастыруға;";

      20) тармақшадағы "жүргізуге;" деген сөз "жүргізуге міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Міндетті арнайы тексеру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітеді;";

      5) 13-бапта:

      1) тармақшадағы "Ұлттық" деген сөз "Қазақстан Республикасы Ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақшаның бірінші бөлігі "тәртібін" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 13-1-бапта:

      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлікте:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-3-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық" деген сөздер "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 15-4-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық" деген сөздер "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 16-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөлік "лимитін" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "лимиті шегінде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 18-бапта:

      1-тармақтағы "орындау" деген сөз "атқару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "абыройына", "оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына", "орындауларына", "абыройы" деген сөздер тиісінше "қадір-қасиетіне", "оларға жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруына", "атқаруларына", "қадір-қасиеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "орындауына" деген сөз "атқаруына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 20-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілері дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет мәселелерінде де Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін белгіленген арнаулы немесе әскери атағы бойынша айлықақысы, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылары және басқа да үстемеақылары, сондай-ақ құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары сақталады.

      Қызметкерлері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілуі мүмкін ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды. Бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен құқықтық актісімен жүзеге асырылады.".

      6. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 11-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 12-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) қару-жарақ пен әскери техникаға тапсырыс беруге, оларды әзірлеуге, өндіруге немесе жөндеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерін салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған қаржыны немесе нақты шығындарды ашатын мәліметтер;";

      3) 14-бапта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "барлау," деген сөзбен толықтырылсын;

      8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "үкіметтік" деген сөз "президенттік және үкіметтік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды," деген сөздер "басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, оның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 18-баптың 1-тармағындағы "қауіпсіздігі мен мемлекеттің,", "залалдың" деген сөздер тиісінше "қауіпсіздігіне немесе", "нұқсанның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Ерекше", "сараптама комиссиясы қорытындысының" деген сөздер тиісінше "Айрықша", "мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халыққа уақтылы хабар беру және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асыратын, терроризм актісінің жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;";

      5-тармақтың жетінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 7-баптың бірінші бөлігінде:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысады;";

      9) тармақшадағы "байланыс және ақпарат" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган цифрландыру саласында, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;";

      11) тармақшадағы "жоспарлау саласындағы" деген сөздер "жоспарлау жөніндегі орталық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті зиянды организмдер көздерінің нақты қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық құрылысжайлардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдарды көлік инфрақұрылымы объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;";

      18) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) білім беру саласындағы уәкілетті орган орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани (діни) білім беру ұйымдарында тәрбие беру бағдарламаларын іске асыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді, террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде рухани (діни) білім беру ұйымдарында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді;";

      3) 10-4-бапта:

      тақырыптағы "әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге" деген сөздер "әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге" деген сөздер "әкелуге, онда тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге" деген сөздер "әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 17-1-баптың бірінші бөлігіндегі "білім және ғылым" деген сөздер "білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) экстремизмді жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

      2-2) экстремистік әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, экстремистік қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру;";

      2) 6-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      2-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган цифрландыру саласында, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен iзгiлiктiң көпшілік таныған қағидаттарын құрметтеуін қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру бағдарламаларының бекітілуін және іске асырылуын қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен ізгіліктің көпшілік таныған қағидаттарын құрметтеуін қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру бағдарламаларының бекітілуін және іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу орындарының студенттер алмасу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;";

      3) 12-бапта:

      тақырыптағы "әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге" деген сөздер "әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктегі "әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге" деген сөздер "әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін" деген сөздер "әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге" деген сөздер "әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-1-баптағы "9-1)," деген цифрлар алып тасталсын;

      2) 13-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

      10. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ауысу – қызмет мерзімін үзбей, атқарып жүрген лауазымынан Қазақстан Республикасының басқа құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда одан әрі қызмет өткеру үшін босату;".

      11. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер" және 21) тармақшасындағы "туындауы болып табылады." деген сөздер тиісінше "Ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіп-қатерлер" және "туындауы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) мемлекеттік құпиялардың қорғалу деңгейінің төмендеуі.";

      2) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары;".

      12. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сәйкес оқуға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкері;

      2) арнаулы атақ – арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне берілетін арнаулы айырым белгісі;

      3) арнаулы жиындар – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;

      4) арнаулы киім нысаны – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арнаулы мемлекеттік органдарға тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;

      5) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет – арнаулы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі;

      6) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі – арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;

      7) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      8) әскери, арнаулы оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      9) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбемен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, әскери қызметте, құқық қорғау қызметінде, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;

      10) жоғары аттестаттау комиссиясы – арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективаларын аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;

      11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;

      12) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерінің есебі – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілері мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу және талдау жүйесі;

      13) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запасы (бұдан әрі – запас) – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрістетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері;

      14) қолданыстағы резерв – арнаулы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру;

      15) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) – тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;

      16) магистранттар және докторанттар – әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;

      17) орнынан түсу – қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шекті жасына жеткендерді не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлері есебінен алып тастау;

      18) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнаулы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сұрақ-жауап рәсімі;

      19) психофизиологиялық куәландыру – арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      20) тыңдаушы – қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;

      21) уәкілетті басшы – осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды ауыстыру, лауазымнан босату, қызметтен шығару, шеттету, оларға арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам.

      Лауазымды адамдар (уәкілетті басшылар) тізбесін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды;

      22) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – арнаулы мемлекеттік органның, оның мемлекеттік мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің штаттарын құру, тарату, орнын ауыстыру, оларды қайта ұйымдастыру және (немесе) қысқарту жөніндегі іс-шаралар кешені.";

      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Мемлекеттік күзет қызметі жатады.";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары

      Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

      2) заңдылық;

      3) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті ұйымдастырудағы тәсілдердің бірыңғайлығы;

      4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

      5) қызметтің жария және жасырын әдістерін үйлестіру;

      6) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу;

      7) құпиялылық және астыртын әрекет ету;

      8) патриотизм;

      9) меритократия.";

      4) 6-бапта:

      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармақты қоспағанда), 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 30 (8-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 44, 50, 56 (1-тармақты қоспағанда), 75, 77 (4-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда), 79 (1, 1-1, 2, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармақты қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес әскери қызмет өткереді.

      Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіндегі әскери қызметі осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24 және 34-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасымен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің әскери қызметі осы Заңның 1, 2, 3, 4 (26, 27, 27-1 және 28-баптарды қоспағанда), 5, 6, 7 және 8-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасымен реттеледі.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның қызметкерлерді қызметке қабылдау жағдайлары, әлеуметтік қамсыздандыру туралы 7, 36, 36-1, 73, 77, 78, 79, 80, 81, 82 және 85-баптарының жекелеген нормалары арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтарына (теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған), хабарсыз кеткен немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде мүгедектік белгіленген қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.";

      5) 7-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік "белгіленген" деген сөзден кейін "арнаулы" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "орындауға" деген сөз "атқаруға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызметке кандидатқа, оның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған жақын туыстарына қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.";

      6) 8-бапта:

      тақырып "іріктеу" деген сөзден кейін ", тексеру" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақтың екінші бөлігі "іріктеу" деген сөзден кейін ", тексеру" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 9-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері лауазымына және керісінше ауыстырылған жағдайда онымен алдыңғы келісімшарттың қалған мерзіміне тең мерзімге жаңа келісімшарт жасалады.";

      8) 10-бапта:

      2-тармақтағы "Арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы", "органдарының" деген сөздер тиісінше "Офицерлер құрамы", "бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери, арнаулы оқу орындарына түсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде баллдары тең болған жағдайда, мынадай кезектілікпен:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) кемінде екі жыл кезең ішінде жас сарбаз, жас айбын ретінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, кемінде он бес жыл еңбек сіңірген қызметкерлердің, сондай-ақ жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген, қызметтен шығарылған адамдардың балалары;

      4) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      5) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылдың жалпы білім беретін пəндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың нысанасына сəйкес келген жағдайда, басым құқыққа ие болады.";

      9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар

      Қызметкерлердің лауазымдарына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін арнаулы мемлекеттік орган лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.";

      10) 12-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

      1. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру арнаулы мемлекеттік органдардың әскери, арнаулы оқу орындарында және оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.";

      11) 13-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген, бұрын әскери ант немесе қызметкер антын бермеген қызметкерлер ант береді.";

      "3. Қызметкерлердің уақтылы ант беруіне жауаптылық, ант беруді ұйымдастыру және есепке алу арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен кадр бөлімшелеріне жүктеледі.";

      12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді кәсіптік бейімдеу

      Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлер бөлімшенің жедел қызметтік әрекеттеріне бейімделуден өтеді.

      Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.";

      13) 15-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматы қызметке кірген күннен бастап қызметкер мәртебесіне ие болады және арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап мәртебесінен айырылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарын барлық жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар орындауға міндетті.";

      3-тармақтағы "өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде," деген сөздер "қызметтік міндеттерін атқару кезінде," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін бұйрық немесе өкім алған кезде қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарын ғана басшылыққа алуға міндетті.

      Басшыларға қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар немесе өкімдер беруге тыйым салынады.

      Бұйрықтар немесе өкімдер жазбаша немесе ауызша берілуі мүмкін.

      Жауынгерлік іс-қимылдардан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында, сондай-ақ жедел іздестіру, қарсы барлау, күзет іс-шараларын өткізу кезінде міндеттерді орындаудан басқа жағдайларда, бұйрықтар немесе өкімдер жазбаша түрде беріледі.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардағы ауызша бұйрық немесе өкім міндетті түрде кейіннен жазбаша ресімделуге тиіс. Ресімдеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ оны ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.";

      6-тармақта:

      бірінші бөлік "әрекеттерге (әрекетсіздікке)" деген сөздерден кейін ", бұйрықтарға немесе өкімдерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "және (немесе) нұсқауларды" деген сөздер ", бұйрықтарды немесе өкімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 16-бапта:

      тақырыптағы "Міндеттерді" деген сөз "Қызметтік міндеттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "1." деген цифр алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында міндеттер атқарған;";

      15) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшаcы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуіне және біліктілігін арттыруына;";

      16) 18-баптың 1-тармағында:

      6) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) басшылардың өз өкілеттіктері шегінде берген заңды бұйрықтарын немесе өкімдерін орындауға;";

      11) тармақшадағы "жазбаша нысанда" деген сөздер "қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшаның төртінші абзацындағы "жазбаша нысанда" деген сөздер "қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;";

      18) 21-бапта:

      1-тармақта:

      "орындамағаны" деген сөз "атқармағаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты немесе өкімді орындау қызметкерді жауаптылықтан босатпайды.

      Орындау үшін алынған бұйрықтың немесе өкімнің құқыққа сыйымдылығына күмәнданған кезде қызметкер бұл жөнінде өзінің тікелей басшысына және бұйрықты немесе өкімді берген басшыға қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы берілген бұйрықты немесе өкімді жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарға жататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) алып келмесе, оны орындауға міндетті. Қызметкердің заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындауының салдары үшін осындай бұйрықты немесе өкімді берген басшы және осы бұйрықты немесе өкімді растаған басшы жауапты болады.";

      19) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Қызметкердің қызметтік куәлігі және жетоны

      Қызметкерге оның жеке басын және арнаулы мемлекеттік органға тиесілігін растайтын қызметтік куәлік пен жеке нөмірі бар жетон беріледі.

      Қызметкердің қызметтік куәлігі – оның лауазымы мен арнаулы атағын, қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайтын құжат.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкеріне жеке нөмірі бар жетоннан басқа, күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі өкілеттігін растайтын қызметкер жетоны беріледі.

      Қызметкерлердің қызметтік куәліктерін, жетондарын беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамалары мен үлгілерін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.";

      20) 23-баптың 3-тармағында:

      "адамдардың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиырма" деген сөз "күнтізбелік есептеумен жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 24-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдарда штаттық немесе штаттық емес лауазымдарда, оның ішінде қолданыстағы резервте қызмет өткереді.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдардың жедел немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінде қызмет өткереді.

      Бөлімшелерді жедел және оларға теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді.";

      22) 26-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына – "ұлттық қауіпсіздік";

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне – "Мемлекеттік күзет қызметі";";

      23) 27-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзге де арнаулы атақтарды – уәкілетті басшылар береді.";

      4-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) офицерлер құрамының арнаулы атағы жоқ және жоғары білімі бар қызметкерге – офицерлер құрамы лауазымына тағайындалған кезде;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) әскери, арнаулы атағы немесе офицерлер құрамының сыныптық шені жоқ, жоғары білімі бар, арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген Қазақстан Республикасының азаматына офицерлер құрамы лауазымына тағайындалған кезде беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Запастан қабылданған не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауысу тәртібімен қабылданған Қазақстан Республикасының азаматына қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.

      Бұрын арнаулы мемлекеттік органдарда немесе құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан немесе құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен ауысу тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы немесе сыныптық шені бар Қазақстан Республикасының азаматтарына қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі.

      Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

      Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған Қазақстан Республикасы азаматының өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлер құрамының арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.

      Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есепке жазылады.

      Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызмет бабында ауыстырылған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды. Өздерінде бар арнаулы немесе әскери атағы ол қызмет өткеретін органға (бөлімшеге) тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы немесе әскери атаққа сәйкес келеді деп танылады.";

      15-тармақ "берілетін" деген сөзден кейін "арнаулы" деген сөзбен толықтырылсын;

      16-тармақтың бірінші бөлігіндегі "қызмет міндеттерін" деген сөздер "қызметтік міндеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "міндеттерін орындаумен" деген сөздер "қызметтік міндеттерін атқарумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құрамның офицерлеріне" деген сөздер "құрам офицерлеріне және емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар офицерлеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 27-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "атағында", "құрамның" деген сөздер тиісінше "арнаулы атағында", "құрам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 28-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзге де арнаулы атақтар – уәкілетті басшылармен төмендетілуі мүмкін.";

      3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзге де арнаулы атақтарға қатысты – уәкілетті басшылар жүзеге асырады.";

      26) 30-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "олар осы лауазымдарға тағайындалар алдында тиісті қайта даярлықтан өтуге тиіс" деген сөздер "тағайындалуы жоспарланып отырған немесе тағайындалған қызметкерлер өзге қызмет бейіні лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде тиісті қайта даярлау курсынан өтуге тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте "офицерлік құрамның атағы бар," деген сөздер алып тасталып, "қызметкер" деген сөз "офицерлер құрамы қызметкері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары", "қызметкер" деген сөздер тиісінше "Жоғары", "қатардағы қызметкер немесе сержанттар құрамы қызметкері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған кезде магистранттың, докторанттың, адъюнкттің, тыңдаушының және курсанттың бұрын өзіне берілген арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені сақталады.";

      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады немесе лауазымға одан әрі тағайындау үшін тиісті басшының қарамағына жіберіледі.";

      8-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "офицерлік құрам атқаруға жататын лауазымдарға" деген сөздер "офицерлер құрамы лауазымдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "бастықтардың" деген сөз "басшылардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "қызметке" деген сөз "егер ауыстырылатын лауазым бойынша денсаулық жағдайына неғұрлым жоғары талаптар көзделсе, қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті бейіндегі жұмыскерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.

      Емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал көрсетілген лауазымдарға оларды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылады.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары тұрған лауазымға аттестаттау комиссиясы ұсынған қызметкер тағайындалады.";

      15-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы "бастықтың" деген сөз "уәкілетті басшының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қызметкерді ауыстыру, лауазымнан босату, уәкілетті басшының қарамағына жіберу, қызметтен шығару кезінде, оған арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру кезінде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен ұсыну ресімделеді.";

      27) 31-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінің 3), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті басшының қарамағына жіберілген;";

      "5) бір арнаулы мемлекеттік органнан екіншісіне не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан, құқық қорғау органдарынан арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстырылған;";

      "7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан не шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бір арнаулы мемлекеттік органнан екіншісіне не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, құқық қорғау органдарынан арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстыру осы Заңның 7 және 8-баптарының талаптарына сай болған кезде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.";

      28) 32-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметкерге бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқарып отырған лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды уәкілетті басшы жүзеге асырады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкеріне жоғары офицерлер құрамы алмастыруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      3-тармақтағы "бастығы" деген сөз "басшысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29) 33-бапта:

      тақырып, 1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Уәкілетті басшының қарамағына жіберу

      1. Қызметті одан әрі өткеру мәселелерін шешу үшін қызметкерлер уәкілетті басшының қарамағына жіберілуі мүмкін.";

      "3. Қарамағында қызметкерлер бар уәкілетті басшылар олардың лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді.";

      4-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "шығарылуына", "қолдануға байланысты" деген сөздер тиісінше "шығарылған", "қолданылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген белгіленген мерзімдерден астам қарамағында жүрген қызметкерлерге қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық шаралар қабылдамаған уәкілетті басшылар осы Заңға сәйкес жауапты болады.";

      30) 36-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнаулы атақ бойынша айлықақыларды және қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін, осы Заңда көзделген өзге де төлемдерді қоспағанда, олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұйымдары қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген еңбегіне ақы төлеу осы органдарды, сондай-ақ ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      Іссапарға жіберілген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұйымдарының қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен, осы органдарды, сондай-ақ ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      Арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебiнен төленеді.

      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін емдеуге жұмсалған шығынды өтеу, сауықтыру жәрдемақыларын төлеу, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) ақысын төлеу белгіленбесе, онда олар арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.";

      31) 36-1-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "мөлшерінде" деген сөз "есепке алынып өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қаражат" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "ол" деген сөзден кейін "қызметтік" деген сөзбен толықтырылсын;

      "қаражат" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 37-бапта:

      3-тармақтағы "адам" деген сөз "қызметкер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Арнаулы органдарда" деген сөздер "Арнаулы мемлекеттік органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "адамдар" деген сөз "қызметкерлер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Арнаулы мемлекеттік органның бос басшы лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резерві қалыптастырылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резерві – арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ерекше іріктеу тәртібінен өткен қызметкерлер тізімі.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резервін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      33) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады, бұл ретте Қазақстан Республикасы шегінде демалысты өткізу орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты есептемегенде, жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы демалыс берілетін жылы (алдыңғы жылдағы жыл сайынғы демалыс күндері есепке алынбай) алпыс тәуліктен аспауға тиіс.";

      34) 40-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "және келісімшартта көзделген өзге жағдайларды" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Еңбек сіңірген жылдарын ескере отырып, қызметкерлерге (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) берілетін жыл сайынғы демалыстардың ұзақтығы:

      қызметте еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік он жылға дейінгілерге – отыз тәулік;

      күнтізбелік он жылдан он бес жылға дейінгілерге – отыз бес тәулік;

      күнтізбелік он бес жылдан жиырма жылға дейінгілерге – қырық тәулік;

      күнтізбелік жиырма жыл және одан көптерге – қырық бес тәулік;

      ұшу жұмыстарындағы қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан – қырық бес тәулік;

      тізбесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейтін жергілікті жерлерде қызмет өткеретін қызметкерлерге – жыл сайынғы демалысына қосымша он тәулік болып белгіленеді.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақта:

      бірінші бөліктегі "қызметкер демалып жүрген аумақтың аумақтық орган басшысы" деген сөздер "демалыс берген уәкілетті басшы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      35) 43-баптың 3-тармағы "жағдайларда" деген сөзден кейін "қызметтік" деген сөзбен толықтырылсын;

      36) 48-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қызметкерді соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану негіз болады.";

      37) 49-баптың 1-тармағында:

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ауысуды қоспағанда, мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты;";

      38) 51-бапта:

      1 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерлерді қызметтен запасқа шығару немесе олардың орнынан түсуі уәкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.";

      "5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметінен шығарылған Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтен шығару туралы шешімге жоғарғы тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей шағым жасауға құқығы бар.";

      6-тармақтағы "теріс себептер бойынша қызметтен шығару жағдайларын" деген сөздер "осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "аппараты"" деген сөз "бөлімшесі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "шешімімен" деген сөз "бұйрығымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты қызметтен шығару мемлекеттік қызметші лауазымын көрсете отырып, қызметкердің қызметке қабылданғаны туралы мемлекеттік мекеменің тиісті хабарламасы келіп түскен кезде қызметкердің баянаты бойынша жүргізіледі.";

      14-тармақта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      екінші бөліктің бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      39) 52-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запасқа шығарылған офицерлер құрамының қызметкерлері (офицерлер құрамының оқудан шығарып жіберілген тыңдаушыларын қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлері есебіне алынуға тиіс.";

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "себептермен;" деген сөз "себептермен шығарылған қызметкерлер жергілікті әскери басқару органдарына запасқа қойылады." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;

      40) 53-бапта:

      2-тармақтағы "арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алына отырып," деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерін есепке алуды ұйымдастыру және қызметкерлердің запаста болу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.";

      41) 54-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      42) 55-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "даярлауды (қайта даярлауды) және оқытуды" деген сөздер "кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 56-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "арнаулы мемлекеттік органдарда үздіксіз қызметте болған" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызметкерді кадр резервіне қою туралы, сондай-ақ қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу үшін аттестаттау осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптар ескерілмей өткізіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аттестаттау қатарынан келетін бірнеше кезеңді қамтиды:

      1) аттестаттауды өткізуге дайындық;

      2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне тестілеу жəне психологиялық-əлеуметтік зерттеулер жүргізу.

      Қызметкер оны төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу үшін аттестаттауды өткізу кезінде тестілеуге жатпайды;

      3) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.";

      44) 56-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-1-бап. Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау

      Кезектен тыс аттестаттау Қазақстан Республикасы Президентінің аттестаттау тәртібін, кезеңдерін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын шешімі бойынша өткізіледі.";

      45) 57-бапта:

      7-тармақтың екінші бөлігінде:

      төртінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "әскери, арнаулы оқу орнына не шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға немесе кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру курстарына жіберу туралы;";

      "себептерін көрсете отырып, қызметкерді атқарып отырған лауазымынан төмен тұрған лауазымға ауыстыру туралы;";

      жетінші абзац алып тасталсын;

      8-тармақта:

      1) тармақшада:

      "орындамаудың" деген сөз "атқармаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "(бастығы)" деген сөз алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "қорытындысы);" деген сөз "қорытындысы) негіз болады." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;

      11-тармақ алып тасталсын;

      46) 58-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "(бастықтарын)" деген сөз алып тасталсын;

      47) 60-баптың 2-тармағында:

      "күшін жоюға" деген сөздер "күшін жояды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қажет болған кезде, оны қайтадан өткізуді тағайындауға құқылы" деген сөздер "оны қайтадан өткізуді тағайындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 62-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кадр құрамымен тәрбие және идеология жұмысын ұйымдастырумен;";

      2) тармақшадағы "өзінің міндеттерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға" деген сөздер "қызметтік міндеттерін атқаруға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "орындауы" деген сөз "атқаруы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы – қызметкерлер тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты болатын заңдық жауаптылық түрі.";

      11-тармақ "бұйрық" деген сөзден кейін "немесе өкім" деген сөздермен толықтырылсын;

      49) 63-бапта:

      2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "міндеттерін үлгілі орындағаны" деген сөздер "қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ алып тасталсын;

      50) 64-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – қызметкердің өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен атқармауы немесе тиісінше атқармауы және (немесе) қызметтік тәртіпті бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы.";

      5-тармақта:

      екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте қызметкерді лауазымнан шеттеткен уәкілетті басшылар оның шеттетілген лауазыммен байланысты емес лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді.";

      13-тармақтағы "орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жаза қолданылған міндеттерді" деген сөздер "атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін жаза қолданылған қызметтік міндеттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 65-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметтік тергеп-тексеру – мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында теріс қылық, оқиға, сондай-ақ құқық бұзушылық белгілері бар жайт туралы материалдар мен мәліметтерді жинау, тексеру және зерттеу жөніндегі қызмет.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) баянаттар, жолданымдар мен хаттар;";

      4-тармақтың үшінші бөлігіндегі "Айрықша жағдайларда қызметтік" деген сөздер "Қызметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Басшы" деген сөз "Уәкілетті басшы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "тұлғаға" деген сөз "уәкілетті басшыға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "команданы" деген сөз "өкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "өзіне жүктелген міндеттерді орындауға" деген сөздер "қызметтік міндеттерін атқаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақ алып тасталсын;

      24-тармақтың үшінші сөйлемі алып тасталсын;

      52) 66 және 67-баптар алып тасталсын;

      53) 68-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті басшы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындының негізінде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиiстi шешiм қабылдайды. Бұл ретте қызметтік тергеп-тексеру материалдары уәкілетті басшыға оның талап етуі бойынша ұсынылады.";

      6-тармақтағы "бастық" деген сөз "басшы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      54) 70-бапта:

      2-тармақтағы "осы жазаны қолданған", "жазбаша" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "Осы жазаны қолданған уәкілетті басшы" деген сөздер "Уәкілетті басшы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда, ол осы бұйрыққа арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей, қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында шағым жасауға құқылы.";

      56) 72-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеру кезеңдері үшін;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 158-бабы негізінде лауазымынан уақытша шеттетілген кезеңдер үшін;";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметкер осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген, уәкілетті басшының қарамағында болған жағдайда ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерімен қамтамасыз етіледі.";

      5-тармақ "Қызметкерлердің" деген сөзден кейін ", оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілгендердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      57) 73-бапта:

      5-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызмет бабында ауыстыру (әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда);";

      6-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметкерлер бір елді мекеннен қашықтығы бір жүз километрден астам жердегі екіншісіне көшумен байланысты қызметін ауыстырған кезде (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қамтым мөлшерінде және отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.";

      "Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтым мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне арналған көтерме жәрдемақы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып өтетуге құқығы бар.

      Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, олардың таңдауы бойынша біреуіне ғана жүргізіледі.";

      58) 75-баптың 5-тармағындағы "қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін)" деген сөздер "қызметтік міндеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      59) 76-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қатардағы құрам мен сержанттар құрамы лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шыққан күнге күнтізбемен есептеу бойынша кемінде сегіз жыл қызмет еткен қызметкерлердің аталған ұйымда ақылы негізде бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жұмсалатын шығындарды оқу құнының елу пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтетуге құқығы бар. Аталған жеңілдік осы оқу орнын бітіргені туралы дипломды ұсынған кезде бір рет қолданылады.";

      3, 4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

      60) 77-бапта:

      1-тармақта:

      "арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекет" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтардағы "арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "6), 12-1) және" деген сөздер "6) және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "мемлекет" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік "оқу орындары" деген сөздерден кейін "немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлік сыбағасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен нормалар бойынша азық-түлік үлесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтың бірінші абзацындағы "орындау кезінде мүгедектікке душар етпеген" деген сөздер "атқару кезінде мүгедектікке алып келмеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтағы "Қызмет" деген сөз "Қызметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12-тармақта:

      бірінші бөліктегі "қызмет" деген сөз "қызметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Қызметтегі" деген сөз "Қызметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      61) 78-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтары арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуге құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелеріне қолданылады.";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкер ауыстырылған кезде, сондай-ақ ол қызметтен шығарылған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жүрген шығындары өтеледі.";

      екінші бөліктегі "Қызметкердің орнын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкерді қызметтен босатқан кезде", "аумағы бойынша" деген сөздер тиісінше "Қызметкер ауыстырылған кезде, сондай-ақ ол қызметтен шығарылған кезде", "аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеріп жүрген уақытында хабарсыз кеткен қызметкерлердің балалары әскери колледждерге, әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өткізетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, ал оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаған балалар Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.

      8. Қызметкерлердің, оның ішінде қызмет өткеріп жүрген уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен қызметкерлердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарынан кезектен тыс орын береді, оған ақы төлеу мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар үшін белгіленген мөлшерде алынады.";

      10-тармақтағы "ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің" деген сөздер "арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:

      бірінші бөліктегі "қызмет" деген сөз "қызметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Қызметтегі" деген сөз "Қызметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      62) 79-бапта:

      4-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы "еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерде сақталады." деген сөздер "еңбек сіңірген жылдары бар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) өз қалауы бойынша шығарылған және күнтізбелік жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген қызметкерлерде сақталады.";

      5-тармақтағы "әскери іс-қимылдардың" деген сөздер "жауынгерлік іс-қимылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      63) 80-баптың 3-тармағындағы "әкеп соқпайтындай" деген сөздер "алып келмейтіндей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) 81-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "қаражаты есебінен" деген сөздерден кейін "біржолғы өтемақы түрінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан əскери қызметші;";

      2) 4-баптың үшінші бөлігіндегі "адамдарға", "хабар-ошарсыз", "орындау" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының азаматтарына (теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда)", "хабарсыз", "атқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында міндеттерін орындаған;";

      4) 7-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы және 15) тармақшасының төртінші абзацындағы "жазбаша нысанда" деген сөздер "қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 21-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы "шығарылуына", "қолданылуына байланысты" деген сөздер тиісінше "шығарылған", "қолданылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 23-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "бес" деген сөз алып тасталсын;

      7) 26-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:

      "немесе мемлекеттік мекемелерге" деген сөздер алып тасталсын;

      "ауысуына" деген сөз "кіруіне" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 37-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының әскери лауазымына және керісінше ауыстырылған жағдайда онымен алдыңғы келісімшарттың қалған мерзіміне тең мерзімге әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасалады.";

      9) 44-баптың 8-тармағында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау үшін өтемақы автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен төленеді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау үшін өтемақы алуға олардың таңдауы бойынша біреуінің ғана құқығы бар.";

      10) 46-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы, Қазақстан Республикасының шегінде демалысты өткізу орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты есептемегенде, демалыс берілетін жылы (алдыңғы жылдағы жыл сайынғы демалыс күндері есепке алынбай) алпыс тәуліктен аспауға тиіс. Демалыс орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты беру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.";

      11) 47-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қатардағы құрам мен сержанттар құрамының әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, күнтізбелік есептеумен кемінде сегіз жыл қызмет еткен әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқығы болады. Осы құқықты әскери қызметші оқу орнын бітіргені туралы дипломды ұсынған кезде бір рет пайдалана алады.";

      үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын.

      14. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      76-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ