Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 158-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-баптың үшінші бөлігіндегі "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Кеңесіне", "Кеңестің" деген сөздер тиісінше "Сотына", "Соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 112-бапта:

      тақырып "құралдары" деген сөзден кейін "және онлайн-платформалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы "ақпарат құралдарының" деген сөздерден кейін ", онлайн-платформаларды пайдаланушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 113-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауға (республикалық референдумға) дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде үгіт материалдарын шығарған ұйымдар (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жерi мен таралымы), тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ осындай материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіт материалдарын Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тыс жерде дайындау, анонимдік үгіт материалдарын тарату –";

      5) 246-1-баптың ескертпесінің 2-тармағындағы "республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 653-1-баппен толықтырылсын:

      "653-1-бап. Конституциялық Сотқа құрметтемеушілік

      1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де адамдар мен органдардың, олардың өкілдерінің қатысуынсыз өтінішті одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда хабардар ету немесе шақыру бойынша Конституциялық Сотқа дәлелсіз себептермен келмеуінен, отырыста төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, Конституциялық Сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген Конституциялық Сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ Конституциялық Сотты және (немесе) Конституциялық Соттың судьясын құрметтемеушілік туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) –

      ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      7) 668-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "668-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру, оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы өкілінің заңды қызметіне кедергі келтіру";

      бірінші абзац "кедергі келтіру" деген сөздерден кейін ", оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы өкілінің заңды қызметін жүзеге асыруға "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген ұйымдар мен мекемелердегі адамдарға кедергісіз баруын және олармен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 722-1-бапта:

      тақырыптағы "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктегі "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 741-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      47) тармақшадағы "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      68) тармақшадағы "667-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар." деген сөздер "667-баптар);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 69) тармақшамен толықтырылсын:

      "69) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты аппаратының (653-1-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.";

      11) 852-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 858-баптың 4) тармақшасындағы "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 872-бапта:

      тақырыптағы "Конституциялық Кеңесiнің Төрағасына немесе мүшесiне" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына немесе судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктегі "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын немесе судьясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын немесе судьясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 874-1 бапта:

      бірінші бөліктегі "Бас Прокурорының" деген сөздер "Парламенті Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламент Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 875-бапта:

      тақырыптағы "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына немесе судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына немесе судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1), 2), 6) және 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 11), 12), 13) және 15) тармақшаларын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) және 8) тармақшаларын, 10) тармақшасының екінші абзацын және 14) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ