Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 наурыздағы № 420-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180- құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):

      1) 9-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 10-бапта:
      4-тармақ «жер учаскелерi бойынша,» деген сөздерден кейін «осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген жерлерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Елді мекендердің шегінен тыс орналасқан, осы Кодекстің 97-бабына сәйкес ауыл шаруашылығының жұмыс істеуі үшін қажетті үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған, шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген (берілетін) жер учаскелері бойынша, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсаты үшін жеке меншікке берген кезде оларға төлемақының базалық ставкаларының мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.»;

      3) 12-баптың 22), 24) және 40) тармақшалары «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 19-1-бап «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 33-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі, алтыншы бөлігінің бірінші абзацы және 2-тармағының 6) тармақшасы «Жер пайдалану», «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.
      Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.»;

      7) 37-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі «ұзақ мерзiмдi жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:
      1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:
      Қазақстан Республикасының азаматтарына – 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге;
      оралмандарға – 10 жылға дейінгі мерзімге;
      2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына – 49 жылға дейінгі мерзімге;
      шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.»;

      8) 43-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасы және 9-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацы «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

      9) 46-баптың 2-тармағы «Оралмандарға» деген сөзден кейін «шаруа немесе фермер қожалығын және» деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 97-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке;
      2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі.
      Пайдалануға беру мерзімі кемінде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiн көрсетілген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетілген мерзімдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi;
      3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi.»;

      11) 101-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен» деген сөздер «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкін сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Кодекстің 10-бабының 4-1-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығы өзіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскелерін, оларды пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін қажетті жерімен қоса сатып алуға құқылы.
      Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскелерін, оларды пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін қажетті жерімен қоса сатқан немесе сыйға тартқан кезде сатушының бүкіл жер учаскесіне тиісті құқығын алуға сатып алушының басым құқығы болады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Азаматтың өтініші және осы өтінішке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.».

      2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
      22-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат, 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша «қолданылып жүрген заңдарға», «қолданылып жүрген заңдарда» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының заңнамасына», «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «отбасылық-еңбек» деген сөздер «еңбек» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      «және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда» деген сөздер алып тасталсын;
      «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары туралы осы Заңның ережелері оралмандарға қолданылады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) және басқа да адамдар болып табылады.»;
      3-тармақтың төртінші абзацындағы «шаруашылық қызметі» деген сөздер «қызмет» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.»;
      5-тармақ алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      «1-1-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен
                мүшелерінің құқықтары және міндеттері

      1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
      1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
      3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
      4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
      5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
      6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
      7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
      1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
      2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
      3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайын жасауға;
      4) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
      5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
      3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
      1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленген тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
      2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлік есебінің, есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
      3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа мүшелердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасап жүгінуге;
      4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға;
      5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
      1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
      2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
      3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тіркеген органға ортақ өтініш беріп хабарлауға;
      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;

      5) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «2-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру

      1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.
      2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке салық органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.»;

      6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi

      1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартпен өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
      Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
      Жеке кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
      2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін.
      3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiмдер және табыстар шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
      4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.»;

      7) 6-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «49 жылға дейiнгi» деген сөздер «10 жылдан 49 жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылып, «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;
      үшінші бөлік «сомасын төлеу» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкін сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»;
      4-тармақта:
      екінші бөліктегі «және шаруашылық серiктестiктiң немесе өндiрiстiк кооперативтiң келiсiмiмен» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөлік «жер учаскесi» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Азаматтың өтiнiшi және осы өтінішке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учаскесiне құқықты ресімдеу үшiн жергілікті атқарушы органға жіберіледі.»;

      8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «8-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер
              учаскесін беру тәртібі

      1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін өздеріне арнайы жер қорының жері мен босалқы жер құрамынан жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығы берілуіне мүдделі азаматтар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халыққа қызмет көрсету орталықтарына, олар болмаған жағдайда, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына өтініш береді.
      2. Өтініште:
      1) жер учаскесін пайдалану мақсаты;
      2) оның болжамды көлемі;
      3) орналасқан жері;
      4) сұралып отырған пайдалану құқығы;
      5) басқа жер учаскесінің болуы (болмауы);
      6) шаруа немесе фермер қожалығының құрамы көрсетілуге тиіс.
      Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішке шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері қол қояды.
      Өтінішке:
      1) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;
      2) өтініш беруші азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) тиісті білімі немесе арнайы дайындықтан өткені туралы құжаттар (олар болған кезде);
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттар (олар болған кезде) қоса беріледі.
      Қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      3. Ауыл шаруашылығы ұйымдары жерінің және ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы жердің құрамынан шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алатын азаматтар (осы Заңның 6-бабының 3, 4 және 5-тармақтары) өтiнiшке осы баптың 2-тармағында көрсетiлгендерден басқа, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдарды қоса береді.
      Азаматтардың ауыл шаруашылығы ұйымына немесе ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларға беретiн, шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiштерiн олар бiр айдың iшiнде қарауға тиiс. Бұл ретте жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы егiс жұмыстары басталғанға дейiн не аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Басқа жағдайларда жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншiкке (ортақ жep пайдалануға) қатысушылардың келiсiмiмен жүргiзiледi.
      4. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық меншiк иелерi (жер пайдаланушылар) көрсетiле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерiне ресiмделедi.
      5. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.»;

      9) 9-баптың 3-тармағында:
      үшінші бөліктегі «мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он жылдан кейiн» деген сөздер «жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының төмендеген әрбір он пайызы үшін екі жылды құрайтын, жер учаскесімен мәміле жасасуға шек қою мерзімі өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы осындай құқықты сатып алмастан, кепілге, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде берілуі мүмкін.»;

      10) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
      «мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «алып қойылған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 11-бапта:
      5) тармақшадағы «қолданылып жүрген» деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «жер туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 12-бапта:
      1-тармақта:
      бесінші абзацта:
      орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «алынғанда (сатып алынғанда)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы «заңдарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген және мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес алып қойылуы мүмкін.»;

      13) 18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 20-баптың 4-тармағындағы «азаматтық заңдармен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-бап. Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы
               туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».

      4. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
      31-баптың 2-тармағындағы «(фермерлік)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
      7-баптың 1-тармағының 21) тармақшасындағы және 12-баптың 5) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
      20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне медиация мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      35-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар):

      1) 10-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы «ауыл шаруашылығы» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «республикалық» деген сөздің алдынан «ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

      10. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      12-баптың 3-тармағындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      1-баптың 12) тармақшасының екінші абзацындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат):
      9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №7, 29- құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қызметін реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қызметін реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы «жою үшiн,» деген сөздерден кейін «жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзілетін iс-шаралар үшiн,» деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев