"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңы. Күші жойылды - ҚР 26.12.2017 № 123-VI Кодексімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 26.12.2017 № 123-VI Кодексімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-бап. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу мерзімдері және жалпы өтпелі ережелер

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 17)-19) тармақшаларын, 30-баптың 7-тармағын және 192-баптың 4-9-тармақтарын қоспағанда, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлсiн.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi осы Заңның 2 - 11-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып, оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

2-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасы

      Кеден органдары 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда саласындағы статистикалық қызметті Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.

3-бап. Кеден iсi саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға қатысты өтпелiережелер

      1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған кедендік брокерлер, кедендiк тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелерi, уақытша сақтау орындарының, кеден қоймалары мен бажсыз сауда дүкендерінің иелерi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы кеден ісі саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқылы.

      2. Кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері ретінде қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар тұлғалар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тиісті лицензиялардың түпнұсқаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті органға қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

      Бажсыз сауда дүкенін құруға шешімдері бар тұлғалар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін шешімдердің түпнұсқаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті органға қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

      3. Кедендік брокерлер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімге кеден өкілдері болып танылады.

      Уақытша сақтау орындарының иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімге өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері болып танылады.

      4. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған кедендік тасымалдаушылар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 33-бабына сәйкес өз мәртебесін растамастан, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы кеден одағының кедендік заңнамасында белгіленген жағдайлармен және шарттармен кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.

      5. Өздеріне қатысты кедендік ресімдеудің арнайы жеңілдетілген рәсімдері белгіленген, ең төменгі тәуекел санатына жатқызылған, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тізіліміне енгізілген тұлғалар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін осындай тұлғалар үшін айқындалған жеңілдету көлемінде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 65-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы жеңілдікті пайдаланады.

4-бап. Кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер

      1. Кеден одағының кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тауарлар декларацияларын беруге жол беретін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарты күшіне енгенге дейін:

      өз заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді;

      кеден одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдіктері және халықаралық ұйымдары аумағында өздері тұрған, кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді.

      2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексi 30-тарауының ережелері қолданылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге уақытша сақтауда тұрған тауарлардың уақытша сақталу мерзімі, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептеледі.

      3. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты тауарлар декларациясы, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептелетін уақытша сақталу мерзімі өткенге дейін кеден органына берілуге тиіс.

      4. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органында кедендік декларациясы қабылданған (тіркелген) тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен мәлімделген кедендік режимге орналастыруға жатады.

      5. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органдарына алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес кедендік декларациялар берілген тауарларға қатысты алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес декларациялау рәсімдерінің қолданылуы кеден органы аталған декларацияларды тіркеген күнге Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен аяқталады.

5-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер

      1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін транзит декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) тауарларға қатысты кедендік транзитке рұқсат беру (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу) жүзеге асырылады, ал кеден одағының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалдау бұл транзит декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.

      2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органы кедендік транзитке рұқсат берген (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеген) тауарларды кедендік бақылаумен кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдау кедендік транзитке рұқсат берілген (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ресімделген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.

6-бап. Тауарлардың мәртебесі және кедендiк рәсiмдер туралы өтпелi ережелер

      1. Кеден одағының кедендiк аумағында орналасқан және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекет пайдасына тауарлардың еркiн айналысы, керi импорты және тауарлардан бас тарту үшiн тауарлар шығарудың кедендiк режимдерімен орналастырылған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше мемлекет пайдасына iшкi тұтыну, керi импорт және бас тарту үшiн шығарудың кедендiк рәсiмдерімен орналастырылған деп есептеледі және оларға қатысты "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күнге кедендік мақсаттар үшін қазақстандық тауарлар мәртебесiне ие болған тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылады.

      3. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн тауарлар экспортының кедендiк режимiнде орналастырылған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      4. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды өңдеу, тауарларды еркiн айналыс үшiн өңдеу және тауарларды кедендiк аумағынан тыс өңдеу кедендiк режимдеріне орналастырылған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап, тиісінше кедендiк аумақта өңдеу, кедендiк аумақтан тыс өңдеу және iшкi тұтыну үшiн өңдеу кедендiк рәсiмдерiмен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн, осындай тауарларды өңдеу операцияларының нәтижесiнде алынған тауарларға қатысты осы тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктері ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған кедендiк рәсiмдер "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнде айқындалған мерзiмдер шегiнде тауарларды өңдеу мерзiмдерін ұзарту мүмкiндiгi ескеріле отырып, тиісті кедендiк режимдерге тауарларды орналастыру кезінде белгiленген мерзiмдердiң өтуiне дейiн қолданыста болады.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағына әкелiнген не кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағына әкетiлген, қазақстандық тауарлар мәртебесiне ие тауарларға қолданылған осы тармақтың бiрiншi бөлiгінде аталған кедендiк режимдер "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап, өз қолданысын тоқтатады. Осы кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлар және осы тауарларды өңдеу операциялары нәтижесiнде алынған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден одағының тауарлары болып танылады.

      5. Экспорттың кедендiк рәсiмдерiне сәйкес әкетуге арналған тауарларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден қоймасының кедендiк рәсiмiне орналастырылған деп танылады және оларға қатысты осы тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктері ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кедендiк қойманың кедендiк режимiне орналастырылған, экспорттың кедендiк рәсiмiне сәйкес әкетуге арналған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес кедендiк қоймаларда сақталады.

      Кеден қоймасының кедендiк рәсiмi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде айқындалған мерзiмдер шегiнде оларды ұзарту мүмкіндігі ескеріліп, кеден қоймасының кедендiк режимімен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн қолданыста болады.

      6. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу және тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету кедендiк режимдеріне орналастырылған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше уақытша әкелу (жiберу) және уақытша әкету кедендiк рәсiмдерiне орналастырылған деп танылады және оларға қатысты осы тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктері ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      Уақытша әкелудiң (жіберудің) кедендiк рәсiмi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде айқындалған мерзімдер шегінде оларды ұзарту мүмкiндiгi ескеріле отырып, уақытша әкелу (тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу) кедендiк режимiмен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген уақытша әкелу мерзiмдерi өткенге дейiн қолданыста болады.

      Уақытша әкетудiң кедендiк рәсiмi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес оларды ұзарту мүмкiндiгi ескеріле отырып, уақытша әкетудiң (тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету) кедендiк режимiмен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген уақытша әкету мерзiмдері өткенге дейiн қолданыста болады.

      7. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн Қазақстан Республикасында тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кедендiк керi экспорт кедендiк рәсiмімен орналастырылған болып танылады және оларға қатысты "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағы кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кедендiк аумақта тауарларды өңдеудiң кедендiк режимiне сәйкес тауарларды өңдеу бойынша операциялардың нәтижесiнде алынған өңдеу өнiмдерiн әкету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлар керi экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылған деп танылады.

      8. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн тауарларды және бажсыз сауда дүкенiн жою кедендiк режимдеріне орналастырылған тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше жоюдың немесе бажсыз сауданың кедендiк рәсiмдерiмен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      9. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгеннен кейiн осы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес кедендiк режимдермен орналастырылған тауарларға осы баптың ережелері қолданылады.

7-бап. Көлiк құралдарына қатысты кедендiк операцияларды жасаудың ерекшелiктерi туралы өтпелi ережелер

      1. Шет мемлекеттерде тiркелген, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген көлiк құралдары, мұндай көлiк құралдарымен жолаушылардың, багаждың және тауарлардың халықаралық тасымалы жүзеге асырылуы кезiнде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдары болып танылады және оларға "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 55-тарауының және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

      2. Кеден одағына мүше мемлекеттерде тiркелген және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлген көлiк құралдары мұндай көлiк құралдарымен жолаушылардың, багаждың және тауарлардың халықаралық тасымалы жүзеге асырылуы кезiнде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдары болып танылады және оларға "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 55-тарауының және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.

8-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор)саласында туындаған құқықтық қатынастар жөнiндегiөтпелi ережелер

      Ескерту. 8-бап алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан)тауарларды әкелу (әкету) туралы өтпелi ережелер

      Ескерту. 9-бап алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiтуралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты өтпелі ережелер

      2013 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 251-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша "сәйкестендіру нөмірі", "сәйкестендіру нөмірлері", "сәйкестендіру нөмірін", "сәйкестендіру нөмірінің" деген сөздер тиісінше "тіркеу нөмірі", "тіркеу нөмірлері", "тіркеу нөмірін", "тіркеу нөмірінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тоқтатыла тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөнінде төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритміне) және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндеттілігі белгіленіп, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 139-бабы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдері, жеке пайдалану тауарларын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы өтпелі ережелер

      Ескерту. 11-бап алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің күші жойылды деп тану туралы

      2011 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 19-баптың 12-1) тармақшасын және 27-баптың 2-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгiзiлген күннен бастап 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., № 17, 80, 81-құжаттар; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 122, 124-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының


Президентi

Н. Назарбаев