Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сотқа құрметтемеушілік білдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29 маусымдағы N 270 Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және 37-бабының 8-тармағына сәйкес және мүгедектердің қоғамдағы тіршілік әрекеті және бірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Қ. Сатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Төлепов