Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 707 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:

"Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы             коммуникация министрі"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Арыстанов                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Аркен Кеңесбекұлы           өңірлік қаржы орталығының қызметін
                            реттеу агенттігінің төрағасы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов