Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 769 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақта:
      "сатуды" деген сөздің алдынан "сақтауды және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "2008 жылғы 30 маусымға" деген сөздер "2008 жылғы 31 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 30 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов