Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің болу жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы арасындағы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы N 3-IV Заңы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 25 ақпан - 6 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      3. Жергілікті атқарушы органдарға 2008 жылғы 1 шілде - 2009 жылғы 1 сәуір кезеңінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату мен қайта құру және көшелерді қайта атау туралы ұсыныстарды енгізбеу ұсынылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2007 жылғы 28 қарашадағы
                                              N 1138 қаулысымен
                                                  бекітілген

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.23 N 1227, 2009.03.20 N 362, 2009.12.15 N 2132, 2010.05.25 № 464 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына
жауаптылар

Орындалу
мерзімі

Болжамды
шығыстар

Қаржыландыру
көздері

1

2

3

4

5

6

7

2007 жыл

1.

Ұйымдастыру-әдіснамалық ережелерді, нұсқаулық материалдар мен құралдарды әзірлеу және бекіту

СА-нің
бұйрығы

СА және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

2007 жылғы
желтоқсан

Талап етілмейді


2.

2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі - халық санағы) өткізуге жәрдемдесетін комиссияларды республикалық, облыстық деңгейде құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстар, (Астана, Алматы қалалары) әкімдіктерінің қаулысы

СА және жергілікті атқарушы органдар

2007 жылғы
желтоқсан

Талап етілмейді


2008 жыл

3.

Халық санағын өткізудің күнтізбелік және ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу және бекіту

СА-нің бұйрығы

СА

2008 жылғы
желтоқсан

Талап етілмейді


4.

Халық санағы деректерін өңдеуге арналған құралдарды, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, байқаудан өткізу

Бағдарламалық өнімдер

СА

2008 - 2010 жылдар

2008 - 7419,0

Республикалық бюджет

5.

Халықты санақпен қамтудың толықтығын және алынатын қорытындылардың сапасын қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды өткізу:
әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекарасын нақтылау;
көшелердің атауын, орамдарды, үйлерді және пәтерлерді нөмірлеуді реттеу;
халықты тіркеудің дұрыстығына және есепке алудың толықтығына тексеру жүргізу;
тіркеушілермен елді мекендердегі үйлердің тізімдерін жасау

СА-ға ақпарат

Әділетмині және жергілікті атқарушы органдар

2008 жылғы
IV тоқсан

Талап етілмейді


6.

Картографиялық материалдарды (қалалық және ауылдық елді мекендердің схемалық жоспарлары, әкімшілік аудандардың карталары) дайындау

Әкімшілік объектілерінің схемалық карталары

СА, ЖРА

2008 жылғы
IІІ тоқсан

2008 - 22680,0

Республикалық бюджет

7.

Санақ құжаттамасын дайындау, көбейту және тарату

Орындалған жұмыстардың актісі

СА

2008 - 2009 жылдар

2008 - 1144666,0

Республикалық бюджет

8.

Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, бағдарламалық өнімдерді, автокөлік құралдарын және өзге де тауарларды сатып алу

Тауарларды қабылдау-беру актісі

СА

2008 жыл

2008 - 958379,0;
2009 - 513165,0

Республикалық бюджет

9.

Бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орындалған жұмыстардың актісі

СА, МАМ және жергілікті атқарушы органдар

2008 - 2009 жылдар

2008 - 9387,0

Республикалық бюджет

10.

Санақ персоналын
оқыту және үй-жайлармен қамтамасыз ету

СА-ға
ақпарат

СА және
жергілі-
кті ат-
қарушы органдар

2008 - 2011 жылдар

2008 - 53939,0;
2009 - 78345,0;
2010 - 1200,0;
2011 - 5300,0*

Республикалық бюджет

10-1.

Халықтың ұлттық санағын өткізу бағдарламасының шеңберінде өзге де қызметтер сатып алу

Қызметтер

СА

2008 жыл

2008 -236149,0;
2009 - 21930,0

Республикалық
бюджет

2009 жыл

11.

Халық санағын өткізу:
есепшілердің барлық құрылыстар мен үй-жайларды алдын ала аралап шығуы;
халыққа сауал жүргізу;
халықты есепке алудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру мақсатында есеп учаскесінің тұрғын үй-жайларын бақылау ретінде аралауды жүргізу

Деректер қоры

СА, ІІМ және жергілікті атқарушы органдар

2009 жылғы
І тоқсан

2008 - 201570,0;
2009 - 2492014,0

Республикалық бюджет

12.

Темір жол вокзалдарында, әуежайларда, сапаржайларда, өзен және теңіз вокзалдарында халық санағын өткізу

Деректер қоры

СА, ККМ және жергілікті атқарушы органдар

2009 жылғы
ақпан - наурыз

Талап етілмейді


13.

Әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер мен азаматтық халыққа (әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоса алғанда);
бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдарға;
қызметтік іссапарға немесе бір жыл және одан да көп мерзіммен қызметтік міндеттерін орындауға байланысты елден тыс жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда);
әлеуметтік бейімдеу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдарға санақ өткізу

Деректер қоры

СА, Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, ҚК (келісім бойынша), Әділетмині, СІМ, ДСМ, БҒМ және жергілікті атқарушы органдар

2009 жылғы
ақпан - наурыз

Талап етілмейді


2010 жыл

14.

Деректер қорын өңдеу және халық санағының корытындыларын алу

Статистикалық кестелер

СА

2009 - 2010 жылдар

2009 - 148029,0

Республикалық бюджет

15.

Халық санағының қорытындыларын жариялау

Статистикалық жинақтар

СА

2009 - 2011 жылдар

2009 - 3467,0;
2010 - 19845,0;
2011 - 28700,0*

Республикалық бюджет

Ескертпе:
      * 2009-2011 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СА             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
ЖРА            - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
                 агенттігі;
МАМ            - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                 министрлігі;
ККМ            - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                 министрлігі;
Қорғанысмині   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ІІМ            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ТЖМ            - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                 министрлігі;
ҰҚК            - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                 комитеті;
Әділетмині     - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
СІМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                 министрлігі;
ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                 министрлігі;
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                 министрлігі.