"Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі туралы" N 39 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 ж. 5 мамыр N 457. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 783. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 U973614_ Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеге:
      1) 4-тармақтың бесінші абзацы "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен толықтырылсын;
      2) 5-тармақтың екінші абзацындағы "оның тиісті орынбасары" сөздері "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен алмастырылсын;
      3) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "8. Институт Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 
жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық 
қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы 
Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының жедел басшылығымен жұмыс істейді".
     2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Президенті
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.