Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы Нұсқаулық

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясы 1995 ж. 21 маусымда N 149. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 3 шілде тіркелді. Тіркеу N 72. Күші жойылды -  ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      2. "Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 39 Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 149 V950072_ бұйрығы. ----------------------------------------------------
      Ескерту: Бүкiл мәтiндегi: "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi
               төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995
               жылғы N 2235 Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және
               бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
               Республикасының 1995 жылғы N 2235 Заңы" деген сөздермен
               ауыстырылды, "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта",
               "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен",
               "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылды және 3 (жетiншi
               және сегiзiншi абзацтардан басқа), 5, 6, 7, 8, 9 және 10
               тармақтардың ережелерiнiң осы өзгерiстерi 2000 жылдың
               1 қаңтарынан бастап күшiне енедi - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990901_
 
      I. Жалпы Ережелер
      1. Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заңының негізінде осы Нұсқау әзірленген және көлік құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      2. Мемлекет есебiнде тұрған, меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы көлiк құралдары бар заңды және жеке тұлғалар көлiк құралдарына салынатын салықты төлеушiлер болып табылады.
      2-1. Көлiк құралдарына салық төлеушiлерге Қазақстан Республикасының

 

Yкiметi белгiлейтiн транспорттық құралдарға қажеттiлiк нормативтерi

шектерiнде бiртұтас жер салығын төлеушiлер жатпайды. Көлiк құралдары

бойынша қажеттілік нормативтерiнен жоғары белгiленген салық осы нұсқауға

сәйкес төленедi.



     ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс           

              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929                 

              бұйрығымен.


V990901_




     3. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленеді және

төлем сәтінде қолданылып жүрген заңдармен белгілеген айлық есептік

көрсеткіштерде мынадай ставкалармен есептеледі:



--------------------------------------------------------------------------

Салық салынатын объект                      ! Салық мөлшері (айлық есептік

                                            ! көрсеткіштерде)   

--------------------------------------------------------------------------

1. Жеңіл автомобильдер:


                  !

--------------------------------------------------------------------------

1100*) қоса дейін                           ! 4,0

--------------------------------------------------------------------------

1100-ден 1500-ге дейін                      ! 6,0

--------------------------------------------------------------------------

1500-ден 2000-ға дейін                      ! 7,0

--------------------------------------------------------------------------

2000-нан 4000-ға дейін                      ! 22,0

--------------------------------------------------------------------------

4000-нан  жоғары                            ! 117,0

------------------------------------------------------------------------

2. Жүк автомобильдері:                      !

--------------------------------------------------------------------------

Жүк көтерімділігі 1,5 тоннаға дейін         ! 9,0

--------------------------------------------------------------------------

Жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан 5 тоннаға    ! 12,0 дейін                  

                                            !

--------------------------------------------------------------------------

Жүк көтерімділігі 5 тоннадан жоғары         ! 15,0

--------------------------------------------------------------------------

Ауылшаруашылық құрылымдарынан бөлініп шығу  ! Әр киловат қуаттан айлық

нәтижесінде пай ретінде алынған жүк         ! есептік көрсеткіштің 4,0

автомобильдері                              ! проценті

--------------------------------------------------------------------------

3. Механизмдерді және шынжыр табанды        ! 3,0

механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін !

машиналар және пневматикалық қозғалыстағы   !

механизмдер                                 !

--------------------------------------------------------------------------

4. Автобустар:                              !

--------------------------------------------------------------------------

12 отыру орнына дейінгі                     ! 9,0

--------------------------------------------------------------------------

12 отыру орнынан 25 отыру орнына дейінгі    ! 14,0

--------------------------------------------------------------------------

25 отыру орнынан жоғары                     ! 20,0

--------------------------------------------------------------------------

5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, ! 1,0

шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан!

кем)                                        !

--------------------------------------------------------------------------

6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,  !

яхталар:                                    !

--------------------------------------------------------------------------

160**) дейін                                ! 6,0

--------------------------------------------------------------------------

160-ден 500-ге дейін                        ! 18,0                        

--------------------------------------------------------------------------

500-ден 1000-ға дейін                       ! 32,0

--------------------------------------------------------------------------

1000-нан жоғары                             ! 55,0

--------------------------------------------------------------------------

7. Ұшу аппараттары                          ! Әр киловатт қуаттан айлық

                                            ! есептік көрсеткіштің 8,0    

                                            ! проценті

-------------------------------------------------------------------------

     * двигательдің текше сантиметрлік жұмыс көлемі;

     ** ат күші.


 
       7 айлық есептiк көрсеткiштер ставкасы бойынша салық салынатын 1500-ден 2000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам двигатель көлемi және 22 айлық есептiк көрсеткiштер ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан 4000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам двигатель көлемi кезiнде салық сомасы әрбiр аталған двигатель көлемiнiң асу бiрлiгi үшiн 12 теңгеге өседi. Жеңiл автомобильдің салық салынатын двигатель көлемiнен асу

 

мөлшерiн анықтау үшiн белгiленген салық мөлшерiне байланысты 1500 текше

сантиметр немесе 2000 текше сантиметр ұстап қалынады.



     Пайдалану мерзiмi 6 жылдан асатын жеңiл автокөлiк құралдары бойынша

салық төлеудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн мынадай түзету

коэффициенттерi қолданылады:

     ТМД елдерi шығарған машиналар үшiн- 0,3;

     Двигателiнiң көлемiне қарай қалған машиналар үшiн:

     3000 текше сантиметрге дейiн- 0,5;

     3000-нан 4000 текше сантиметрге дейiн- 0,7;

     4000-нан және одан жоғары- 1,0.

     Осы Нұсқаудың 12-тармағына сәйкес көлiк құралдары иелерiне салынатын

салықты төлеу ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiнгі мерзiмде жүргізіледi,

егер жеңіл автокөлiк құралдарының пайдалану мерзiмi есептi салық жылының 1

шiлдесiне дейiнгi 6 жылдан асатын болса, ондай жағдайда түзету

коэффициенттерi қолданылады.

     Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарына салынатын салық

ставкасына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған ұшу аппараттарына:

     5 жылға дейiн пайдаланылғанына - 1,0;

     5 жылдан 15 жылға дейiн пайдаланылғанына - 2,0;

     15 жылдан аса пайдаланылғанына - 3,0;

     1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған ұшу аппараттарына:

     5 жылға дейiн пайдаланылғанына - 1,0;

     5 жылдан 15 жылға дейiн пайдаланылғанына - 0,5;

     15 жылдан көп пайдаланылғанына - 0,3;


 
       Көлiк құралының пайдалану - мерзiмi көлiк құралының шығарылу сәтiнен бастап есептеледi, ол техникалық төлқұжатта (әуе кемесiнің ұшуға пайдалану жөнiндегі нұсқауында) көрсетiледi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
               1995.12.29. N 367 бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен. V970060_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
                Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980550_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді, бірінші абзацының 1-тармақшасы
               2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгертілді - ҚР Мемлекеттік
               кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990901_
      4. Көлiк құралдарына салынатын салық жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне енгiзiледi, бұл ретте төленген салықтың сомасы есептелген салық сомасы мөлшерінде салық салынатын табысты анықталған кезде шегерiлуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      5. Көлiк құралдарының иелерi салықты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi 1 шілдеге мерзiм iшiнде төлейдi, көлiк құралдарының тiркелген орыны бойынша.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
               1995.12.29. N 367 бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      6. Көлiк құралдарына салынатын салықтың төлем фактісі қуаттайтын құжаттың бiр данасы (төлем тапсырмасы, түбiртек) тиiстi салық инспекцияларына жiберiледi, сондай-ақ көлiк құралдарын тiркеудi, қайта тiркеудi немесе техникалық байқауды жүзеге асыратын органдарға табыс етiледi.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      7. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын жол полициясы органдары және басқа да органдар жеке тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу, басқаруға құқық беретiн сенiмхатты ресiмдеу, сату немесе жыл сайынғы техникалық тексеру кезiнде көлiк құралдарына салынатын салық толық төленуi туралы растайтын құжатты көрсетуi тиiс. Растайтын құжат болмаған кезде тiркеу, қайта тiркеу немесе техникалық тексерiс жүргiзiлмейдi, ал азаматтардың салық төлемеу фактiлерiн мiндеттi түрде осы органдар салық комитеттерiне хабарландыруы тиiс.

 

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.

     II. Заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарына

         салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi

     8. Көлiк құралдарына салынатын салықты, осы Нұсқаудың 3 тармағында

белгiленген түзету коэффициенттерi мен салық ставкаларын ескере отырып

көлiк құралдарының түрiн басшылыққа ала отыра салық төлеушi дербес

есептейдi.

     Мысал:

     Жеке тұлғаның 1997 жылы жасап шығарылған, двигатель көлемi 1500 текше

сантиметр сенiмгерлiк басқару құқығымен жеке меншiгiнде ВАЗ-21099 бар.

1999 жылдың екiншi тоқсанында көлiк құралдарына салынатын салық мынадай

болады:

     7 х 715 = 5005 теңге.

     онда 7 - салық ставкасы;

     715 - 1999 жылдың екiншi тоқсанындағы айлық есептi көрсеткiш.

     Мысал:

     Жеке тұлғаның 1998 жылы жасап шығарылған Hundai Sonata 3 маркалы,

двигатель көлемi 1800 текше сантиметр сенiмгерлiк құқығымен жеке

меншiгiнде автомобилi бар.

     Осы Нұсқаудың 5-тармағына сәйкес осы автомобильдiң двигатель көлемi

1500 текше сантиметр двигатель көлемiнен асып 300 текше сантиметрдi

құрайтын болса, тиесiнше 1999 жылдың екiншi тоқсанында көлiк құралдарына

салынатын салық мынадай болады:

     ((7 х 715 ) + (300 х 12 ) = 8 605 теңге

     онда 7 - салық ставкасы;

     715 - 1999 жылдың екiншi тоқсанындағы айлық есептi көрсеткiш;

     300 - 1500 текше сантиметрден двигатель көлемiнің асуы;

     12 - 1500 текше сантиметрден әрбiр бiрлiктің асқаны үшiн салық

ставкасы.

     Мысал:

     Заңды тұлғаның 1993 жылдың тамызында шыққан, двигатель көлемi 2800

текше сантиметр Ғогd Sкоrрiо маркалы шаруашылық құқығындағы автомобилi бар

және көлiк құралын кәсiпкерлiк қызметінде пайдаланады.

     Осы Нұсқаудың 5-тармағына сәйкес осы автомобиль двигателi көлемiнің

2000 текше сантиметр двигатель көлемiнен асуы 800 текше сантиметрдi

құрайтын болса, тиесiнше 1999 жылдың екiншi тоқсанында көлiк құралына

салынатын салық мынандай болады:

     (22 х 715) = 25 330 теңге;

     7 онда - салық ставкасы;

     715 - 1999 жылдың 2 тоқсанындағы айлық есептi көрсеткiш;

     800 - 2000 текше сантиметрден двигатель көлемi асуы;

     12 - 2000 текше сантиметрден әрбiр бiрлiктің асқаны үшiн салық

ставкасы.

     Мысал.



     Жеке тұлғаның 1997 жылы жасап шығарылған, двигатель көлемi 1600 текше

сантиметр сенiмгерлiк басқару құқығымен жеке меншiгiнде ВАЗ-2106 бар.

     Осы Нұсқаудың 3-тармағына сәйкес жеңiл автомобильдердiң 1500-ден

2000-ға дейiнгi двигатель көлемi кезiнде салық сомасы әрбiр двигатель

көлемiнiң асу бiрлiгi үшiн 12 теңгеге өседi. Яғни, бiздiң мысалымызда

ВАЗ-2106 автомобилiнiң двигатель көлемiнiң 1500 текше сантиметрде

двигатель көлемiнен асуы 100 текше сантиметр (1600-1500) құрайды.

Сәйкесiнше, көлiк құралдарына 1999 жылдың екiншi тоқсанына салынатын салық

мынаны құрайды:

     (7 х 715) + (100 х 12) = 6205 теңге

     6205 х 0,3 = 1862 теңге

     онда 7-салық ставкасы;

     715-1999 жылдың 3 тоқсанына есептiк айлық көрсеткiш;

     100-1500 текше сантиметр двигатель көлемiнен двигатель көлемiнiң

асуы;

     12 - әрбiр асу бiрлiгi үшiн салық ставкасы;

     0,3 - олардың пайдалану мерзiмi 6 жылдан аспайтын ТМД шығарған

машиналар үшiн түзету коэффициентi.

     Ұшу аппараттарының (ұшақтардың, тiкұшақтардың және басқалардың) қуаты

авиатехниканы жасаушы-заводтарда, конструкторлық бюроларда анықталады және

"Ауа кемесiнiң ұшуға пайдаланылуы жөнiндегi басшылықта" көрсетiлетiнi

ескерiлуi тиiс.

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық

              комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен. 


V970060_



     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық          

               комитетінің 1998.07.10. N 62 


V980550_


  бұйрығымен.

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа мысалмен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс  

              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы  N 929                

              бұйрығымен.


V990901_





 
       9. Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеген кезде салықтың жалпы сомасы теңгеге дейiн дөңгелектеледi, 50 тиыннан кем сома есепке алынбайды, ал 50 тиын және одан асқаны бiр теңгеге дейiн дөңгелектенедi.
      10. Заңды тұлғалар осы нұсқаулықтың N 1 қосымшасында келтiрiлген үлгi бойынша көлiк құралдарына салынатын салық есебiн өзi орналасқан жердегi тиiстi салық органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      Төлемдердi есептеуде ставкаларды дұрыс қолданбаған немесе арифметикалық ағаттықтар жiберген фактiлерi анықталған ретте салық инспекциясы есепке тиiстi түзетулер енгiзедi.
      Жеке және заңды тұлғалар 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiн көлiк салығын төлеу кезiнде, декларация тапсырмаған жағдайларында да салықты қайта есептеу жүргiзiлмейдi.
      Декларация мынадай тәртiпте толтырылады:
      2 бағанда көлiк құралының түрi, маркасы, моделi көрсетiледi;
      3 бағанда техникалық төлқұжаттар мәлiметтерiне сәйкес жеңiл көлiк құралдары мен ұшу аппараттарының шығарылған жылы көрсетiледi;
      4 бағанда көлiк құралының осы түрiнiң, маркасының, моделiнiң саны көрсетiледi;
      5 және 6 бағандарда осы нұсқаудың 3-тармағына сәйкес салық салу объектiсi мен салық ставкасы көрсетiледi;
      7 бағанда 1500-ден 2000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам және 2000-нан 4000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам жеңiл автомобильдердiң двигатель көлемiнiң асуы көрсетіледi;
      8 бағанда мына формула бойынша белгiленген салық сомасы көрсетiледi: 8 баған = 6 баған + (7 баған х 12 теңге);
      9 бағанда осы нұсқаудың 3-тармағына сәйкес жеңiл автокөлiк құралдары бойынша түзету коэффициентi көрсетiледi;
      10 бағанда түзету коэффициентiн есепке ала отырып салық сомасы көрсетiледi: 8 баған х 9 баған;
      11 бағанда автокөлiк құралдарының санын есепке ала отырып жалпы салық сомасы көрсетiледi;
      "Ағымдағы төлемдер есебi бойынша есептелдi" жолы бойынша Ағымдағы төлемдер есебiне сәйкес салық төлеушiнiң жеке шотына есептелген салық сомасы көрсетiледi:
      "Қоса есептеуге (+) Азайтуға (-)" жолдары бойынша Ағымдағы декларация және есеп бойынша салық сомасы арасындағы айырма көрсетiледi;
      "Анықтама бойынша Қоса есептеуге (+) Азайтуға (-) жолы бойынша

 

"Жалпы" көлiк құралдарының анықтамасы жолы бойынша сомасы көрсетiледi;

     "Жалпы Қоса есептеуге (+) Азайтуға (-)" жолы бойынша алдағы

жолдардың екi мәлiметтер сомасы көрсетiледi;

     "Ағымдағы төлемдер төлендi" жолы бойынша Декларацияны ұсыну күнiне

бюджетке төленген салық сомасы көрсетiледi;

     "Мерзiм бойынша қоса төлеуге" жолы бойынша төленбеген салық

сомасының қалдығы көрсетiледi;

     "Азайтуға" жолы бойынша осы салық бойынша асыра төлеу сомасы

көрсетiледi.



     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.

     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы  N 929              

              бұйрығымен.


V990901_





 
       10-1. 2000 жылдан бастап заңды тұлғалар көлiк құралдарына салық бойынша Декларацияны тапсыру сәтiнде салық органына 5-қосымшаға сәйкес тиiстi жылға Ағымдағы төлемдер есебiн тапсырады.
      Ағымдағы төлемдер есебi бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бар көлiк құралдары бойынша жасалады.
      ЕСКЕРТУ. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990901_
 
      10-2. Олар бойынша есептi жылда көлiк құралдарына төленген салық, есептi жылда есептен шыққан көлiк құралдары бойынша және олар бойынша алдыңғы иесiмен салық толық төленген, сатып алынған көлiк құралдары бойынша осы Нұсқауға 6-қосымшаға сәйкес Көлiк құралдары қозғалысының анықтамалығы жасалады.

 

     Көлiк құралдары қозғалысының анықтамалығы мәлiметтерi бойынша

декларацияға салық сомасының түзетуi жүргiзiледi.

     Көлiк құралдарының қозғалыс анықтамалығы мынадай тәртiпте толтырылады:

     2 бағанда есептi жылда сатып алынған немесе есептен шығарылған

көлiк құралдары көрсетiледi;

     3 және 4 бағандарда көлiк құралдарының есептен шығарылған немесе

сатып алынған күндерi көрсетiледi;

     5 бағанда төленуге тиiс салық сомасы көрсетiледi;

     6 бағанда бюджетке төленген салық сомасы көрсетiледi;

     7 бағанда есептен шығарылған көлiк құралдары бойынша "+"

белгiсiмен қоса есептеуге төленген салық сомасы көрсетiледi, есептi жылда

сатып алынған көлiк құралдары бойынша- "-" белгiсiмен бұрынғы иесi азаюға

төлеген салық.

     Анықтама бойынша жиынтық салық сомасы Көлiк салығы бойынша

декларацияға көшiрiледi.



     ЕСКЕРТУ. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс         

              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы  N 929               

              бұйрығымен.


V990901_





 
       11. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел адамдары және азаматтығы жоқ адамдар салық сомасын банкi мекемелерiне, ал ауылдық жерде (банкi жоқ жерде) - ауыл әкiмшiлiгiне төлейдi. Азаматтарға салық төлеген кезде белгiленген үлгiдегi түбiртектер берiледi (ауыл әкiмшiлiктерi - N 24 үлгiдегi түбiртек).
      12. Салық, көлiк құралдары жөндеуде тұрғанына болмаса қандай да болмасын басқадай себептермен пайдаланылмағанына қарамастан, ол мемлекеттiк есептен шығарылғанға дейiн жыл сайын төленедi.
      13. Жыл iшiнде салық төлеушiден көлiк құралдарын иелену құқығын алған жағдайда төленген салық сомасы қайтарылмайды.
      14. Иесiнiң ауысуымен немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты жерi өзгеруiмен байланысты көлiк құралдарын қайта тiркеу кезiнде ағымдағы жылдағы салық екiншi рет төленбейдi.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      15. Салық органдары ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей жол полициясының тіркеу органдарынан көлiк құралдарының иелерi туралы 2-қосымша мен 4-қосымшаға сәйкес қағаздағы немесе электрондық көздердегi мәлiметтердi алады.
      Алынған мәлiметтер негiзiнде салық органдарының жауапты қызметкерлерi бекiтiлген ставкалары бойынша салық төлеу мерзiмi басталғанға дейiн аймақтың бекiтiлген аумақтық учаскелерiне салықтың тиiстi сомасын салық төлеушiнiң жеке шоттарына есептеудi жүргiзедi.
      Жеке шоттардағы көрсеткiштерге сәйкес салық органдарының қызметкерлерi тиiстi салық сомасын N 1 үлгiдегi төлем хабарламасын жеке жолмен кiргізiп жазады, онда салық сомасы, төлем мерзiмi, аумақтық салық органы, жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық коды, ҚР Қазынашылық органдардың деректемелерi (СТТН, есеп шот, МФО және т.б.) көрсетiледi.
      1 маусымға дейiнгi мерзiмде олардың иелерiне тапсырады, мұның өзiнде бұрынғы жылдар үшiн төлем фактi квитанциялары бойынша салық төлеушiнiң есепшотында одан кейiнгi белгiмен бiр мезгiлде тексеру жүргiзiледi.
      Техникалық тексерiс жүргiзу мерзiмдерi және бюджетке салық төлеу мерзiмдерi басталғанға дейiн салық органдары ҚР IIМ-нiң жол полициясы органдарын және салық органы басшысы бекiткен екiншi дәрежелi банкiлер әзiрлеген кестелердi қамтамасыз етедi. Кестелерде Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңының 128-бабына сәйкес салық салу объектiлерiне тиiстi салық ставкалары мен сомалары және түзету коэффициенттерi, бюджет классификациясының коды, ҚР Қазынашылық органдарының деректемелерi көрсетiледi.
      Техникалық тексерiс жасау мерзiмi бiткеннен кейiн салық органдары техникалық тексерiстiң өтуi туралы белгiленген үлгідегi ҚР IIМ жол полициясы органдарымен техникалық тексерiс өтуi туралы салыстыра тексеру актiсiн жүргiзуге тиiстi.
      Өткен жылдар үшiн төлем фактiлерiнiң тексерiс нәтижелерi ҚР IIМ-нiң жол полициясымен салыстыра тексеруiнiң N 24 үлгідегi салық органдарының квитанциялары, екiншi дәрежелi банкiлер квитанциялары негiзiнде салық органы қызметкерi төлем хабарламаларын тапсыру кезiнде "Төлендi" графасы бойынша салық төлеушiнiң жеке шотына жiберудi жүргiзедi және тиесiнше жылдар (салық борышы, асыра төлеу) бойынша сальдо шығарады.
      Салықты есептеуде ставкалардың бұрыс қолданылуы мен арифметикалық қателер фактiлерi анықталған жағдайда салық органының жауапты қызметкерi жеке шотқа "Есептелдi" бағанында "Мерзiмi бойынша үстеп төлеуге" қосымша жазбасы енгiзіледi.
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      16. Шетелдiк мемлекетте Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарына тиесiлi автокөлiк құралдарынан алынатын салық осы нұсқаулықта белгiленгеннен көрi неғұрлым жоғары болмаса неғұрлым төмен қалыпта (ставкада) алынатын ретте, осы неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен қалыптар (ставкалар) Қазақстан Республикасында тиiстi мемлекеттiң азаматтары мен ұйымдарына салық салынған жағдайда қолданылуы мүмкiн. Бұл жөнiндегi нұсқауларды қажеттi жағдайларда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлiгi бередi.
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      17. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген шетелдiк дипломатиялық және консульдық өкiлдiктердiң салық артықшылықтарына қатысты соларға теңестiрiлген басқа шетелдiк мемлекеттердiң мекемелерi мен ұйымдарын, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық өкiлдiктер басшыларының, дипломатиялық құрама мүшелерiнiң және тиiстi өкiлдiктер, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң салық артықшылықтарын қозғамайды.
      18. Салық органдары көлiк құралдарының иелерiн, заңды, және жеке

 

тұлғаларды толық есепке алуды қамтамасыз етуге мiндеттi, оларға жеке

шоттар жүргiзіп, салықтың уақтылы және толық түсуiн бақылайды.    

     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.


     18-1. Жылдық техникалық тексерiс жүргiзу мерзiмi бiткеннен кейiн

салық органдары 3-қосымшаға сәйкес жол полициясы органдарымен көлiк

құралдарына салықты уақтылы төлеудi толық және уақтылы салыстыра тексеру

жүргiзуге тиiстi.



     ЕСКЕРТУ. 18-1-тармағымен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.


     III. Салық жөнiндегi жеңiлдiктер

     Көлiк құралдарына салынатын салықты төлеуден босатылады:

     19. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тiзбесiн

белгiлейтiн бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда ауыл

шаруашылығы өнiмiн мамандандырылған ауылшаруашылық техникасымен

өндiрушiлер.



     Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік Кіріс Министрлігінің

              1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 1586 бұйрығымен.


V991041_



     20. Жүк көтерiмi 40 тоннадан асатын карьерлiк автоаударғыштар;

     21. Бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалар

мен автомобильдерi бар мүгедектер.


 
       22. Меншігіндегі бiр автокөлiк құралы бойынша - "Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi", "Халық қаhарманы" атағы барлар, Даңк орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталғандар, "Алтын алқа" және "Ардақты Ана" атағына ие болған көп балалы аналар.
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      23. Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек ету қабiлетiн қалыпқа келтiру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгiне болып табылатын және олардың қаражаты есебiнен салынған өндiрiстiк кәсiпорындар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз).
      24. Қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентi мүгедектерден

 

тұратын өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдар, мұнда алынған табыстың

кемiнде 50 процентi есептi кезеңде iс жүзiнде мүгедектердi әлеуметтiк

қорғауға нақтылы пайдаланылған жағдайда.

     25. Қазақстанның Ұлттық банкi мен оның бөлiмшелерi.

     26. Меншігіндегі бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына

қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар.



     ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.


     27. Көлiк құралдары бойынша кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын

мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар.



     ЕСКЕРТУ. 27-тармақ жаңа редакцияда, 27-тармақ 28-тармақ болып

              саналды - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.12.29. N 367 бұйрығымен.

     ЕСКЕРТУ. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.


     27-1. Мамандандырылған медициналық көлiк құралдары.



     ЕСКЕРТУ. 27-1-тармағымен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.


     27-2. "Байқоңыр" кешенінің объектілері болып табылатын көлік

құралдары бойынша "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлік базасында

құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

      Ескерту: 27-1-тармағымен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік Кіріс        

               Министрлігінің 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 1586          

               бұйрығымен.


V991041_




     28. Жыл iшiнде жеңiлдiк алу құқығы пайда болған жағдайда салықты

қайта есептеу осы құқы пайда болған айдан бастап жүргiзiледi.

     IV. Көлiк құралдары иелерiнен алынатын салықты

         төлеушiлердiң жауапкершiлiгi


 
       29. Көлiк құралдарына салынатын салықты төлеу мемлекет алдындағы мiндет болып табылады және бюджет кiрiсiне төленуге тиiстi.
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.05. N 457 V990783_ бұйрығымен.
 
      30. Салық төлеушiлер көлiк құралдарына салынатын салықтың тиесiлi сомасын төлемеген жағдайларда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi. Уақытылы төленбеген салық сомасы мерзiмi өткен әр күнi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген қайта қаржыландыру

 

ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептелiп, өндiрiп алынады.



     ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.    

     V. Көлiк құралдарына салынатын салықты төлеуге бақылау жасау

     31. Көлiк құралдарына салынатын салықтың дұрыс есептелiп,

дер кезiнде төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес

салық қызметтері мен жол полициясы органдарымен жүзеге асырады.



     ЕСКЕРТУ. 31-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.    

     Бас салық инспекциясының

     бастығы - Қазақстан Республикасы

     Қаржы министрiнiң бiрiншi

     орынбасары



                        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

                         Бас салық инспекциясының 1995 жылғы

                           21 маусымдағы N 39 нұсқауына

                              1 қосымша



     ЕСКЕРТУ. »Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс             

               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы  N 929               

               бұйрығымен.


V990901_





                   Көлік құралдарына

                  салық декларациясы


     Кәсіпорын                                       _______________   

   (бірлестік, ұйым)                                       банк

      мөртабаны                                      _______________

                                                       (банк шоттары)


     СТТН


         __________________________________ бойынша

                (заңды тұлғаның атауы)

     _____________________________

     (салық төлеушінің мекен-жайы)


     ____________________________

            (телефон)              ______________ жыл үшін


_____________________________________________________________________

N   Көлік құралдарының түрі,           Көлік       Көлік        Салық

     маркасы, моделі                  құралының    құралының   салынатын

                                     шығарылған     саны        объекті*

                                         жылы      _____ж.

                                                 "__"_____,

                                                   бірлік

__________________________________________________________________________

  1             2                        3            4            5

__________________________________________________________________________

Жиынтығы:

__________________________________________________________________________

Ағымдағы төлемдер есебі                 х            х            х

бойынша есептеледі

Қосып төлеуге (+),                      х            х            х

Кемітуге (-)

Анықтама бойынша***                     х            х            х

Қосып төлеуге (+), 

Кемітуге (-)

Барлығы:                                х            х            х

Қосып төлеуге (+),                      х            х            х

Кемітуге (-)

Ағымдағы төлемдер төленді               х            х            х

Мерзім бойынша ақы төлеуге              х            х            х

Кемітуге                                х            х            х

__________________________________________________________________________

            Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі


    таблицаның жалғасы

__________________________________________________________________________

Салық      Двигатель көлемінің    Салық       Түзету     Салық    Салықтың

ставкасы   1500-2000 текше       сомасы**  коэффициенті  Сомасы    жалпы

            см.-ден жоғары және                           (8х9-    сомасы

            2000-4000 текше                               топтар) (10-х 4-

            см.-ден жоғары                                         топтар)

              асқанда                                     (теңге)  (теңге)

             (текше см)           (теңге)

__________________________________________________________________________

   6             7                   8          9          10        11

__________________________________________________________________________

   х             х                   х          х          х          х


   х             х                   х          х          х          х   


   х             х                   х          х          х          х

   х             х                   х          х          х          х

   х             х                   х          х          х          х

   х             х                   х          х          х          х

   х             х                   х          х          х          х




     Біз осы декларацияда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығы

үшін заң алдында жауап береміз.


     Басшы _________________          _______________

            (аты-жөні)                   (қолы)


     Бас бухгалтер _________          _______________

                    (аты-жөні)           (қолы)


     _______________ күні          МО


     Декларация жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор

     __________________               _______________

     (аты-жөні, СТТН)                    (қолы)

                                   МО


     Салық комитетінің бастығы ______________    ___________

                                (аты-жөні)         (қолы)

     Бөлім бастығы ___________     ___________

                    (аты-жөні)       (қолы)


     Ескерту. 3 және 9 бағаналар жеңіл көлік құралдары және ұшатын

аппараттар бойынша ғана толтырылады

     ______________________

     *) Осы нұсқаудағы 3-тармақшаға сәйкес салық салынатын объект

көрсетілген

     **) Мынадай формула бойынша жеке әрбір автомобиль үшін салық сомасы

анықталады: 8-топ=6-топ+(7-топ х12)

     ***) Көлік құралдарының қозғалысы туралы анықтама бойынша салық

сомасы көрсетіледі (Көлік құралдарына салық бойынша декларацияға қосымша).




                                       Қазақстан Республикасы Қаржы



                                    министрлігі Бас салық инспекциясының

                                 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 нұсқауына

                                              N 2 қосымша




 

     ЕСКЕРТУ. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.    


                Жеке тұлғалардың жол полициясы органында

            мемлекеттік есепте тұрған көлік құралдары туралы

                              мәліметтер


     "___" __________ жылдың ____________ (қала, аудан, поселкесі) бойынша

--------------------------------------------------------------------------

N ! Тегі, аты, !СТТН!Түпкілікті! Көлік ! Көлік   !Салық ! Шыға ! Сенім

  !әкесінің аты!    !тұрғын    !құрал- !құралдары!салу  !рылған!білдірген

  !            !    !орнының   !дарының!ның      !объек-!жылы  !адам

  !            !    !мекен-    !маркасы!мемлекет-!тісі* !      !-----------

  !            !    !жайы      !мен    !тік      !      !      !Тегі,!Мекен

  !            !    !          !моделі !нөмірі   !      !      !аты, !жайы

  !            !    !          !       !         !      !      !әке- !

  !            !    !          !       !         !      !      !сінің!

  !            !    !          !       !         !      !      !аты  !

--------------------------------------------------------------------------

1!     2      ! 3  !    4     !  5    !   6     !  7   !   8  !  9  ! 10

--------------------------------------------------------------------------

  !            !    !          !       !         !      !      !     !

--------------------------------------------------------------------------

Жол полициясының бастығы _______________  ____________  ___________

                          (Аты-жөні)        (қол қою)     (күні)    


     М.О.

____________________________

* Осы нұсқаудың 3-тармағына сәйкес салық салу объектісі көрсетіледі    



                                        Қазақстан Республикасы Қаржы



                                    министрлігі Бас салық инспекциясының

                                 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 нұсқауына

                                              N 3 қосымша




 

     ЕСКЕРТУ. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.    



           Көлік құралдарына салықтардың толық және уақтылы

                     төленгенін салыстыру актісі


  "___" ________________ жылдың _________ (қала, аудан, поселкесі) бойынша

---------------------------------------------------------------

N ! Тегі, аты, !СТТН!Түпкілікті! Көлік ! Көлік   !Салық ! Шыға

  !әкесінің аты!    !тұрғын    !құрал- !құралдары!салу  !рылған

  !            !    !орнының   !дарының!ның      !объек-!жылы 

  !            !    !мекен-    !маркасы!мемлекет-!тісі* !     

  !            !    !жайы      !мен    !тік      !      !     

  !            !    !          !моделі !нөмірі   !      !     

  !            !    !          !       !         !      !     

  !            !    !          !       !         !      !     

  !            !    !          !       !         !      !     

----------------------------------------------------------------

1!     2      ! 3  !    4     !  5    !   6     !  7   !   8 

----------------------------------------------------------------

  !            !    !          !       !         !      !     

----------------------------------------------------------------


(таблицаның жалғасы)

--------------------------------------------------------------------------

Техникалық тексеруден ! Квитанцияның нөмірі, күні көрсетілген

өткен күні            ! салықтың төленген сомасы (теңге)

                      !---------------------------------------------------

                      !Жол полициясы    ! Салық органының

                      !органдарының     ! мәліметі бойынша

                      !мәліметі бойынша !

--------------------------------------------------------------------------

         9            !       10        !          11

--------------------------------------------------------------------------

                      !                 !

--------------------------------------------------------------------------

Жауапты қызметкерлер қолы:    

Жол полициясы органдары _____________  ____________  ___________

                         (Аты-жөні)      (қолы)        (күні)    


Салық комитеті органдары_____________  ____________  ___________

                         (Аты-жөні)      (қолы)        (күні)    

____________________________

* Осы нұсқаудың 3-тармағына сәйкес салық салу объектісі көрсетіледі    



                                        N 4 қосымша




 
       ЕСКЕРТУ. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

 

              министрлігінің 1999.05.05. N 457 


V990783_


  бұйрығымен.    



              Жол полициясы органдарында мемлекеттік

      есепте тұрған заңды тұлғалардың көлік құралдары туралы

                            мәліметтер

  "___" _____ жылдың "___" _________ (қала, аудан, поселкесі) бойынша


-----------------------------------------------------------------------

N !Көлік құралының  !Көлік құралының !Көлік құралының !Салық салынатын

  !түрі, маркасы,   !шығарылған жылы !саны            !объекті*

  !моделі           !                !________        !     

  !                 !                !жылдың "___"    !     

  !                 !                !________        !     

  !                 !                !бірлік          !     

-----------------------------------------------------------------------

1!     2           !    3           !       4        !   5 

-----------------------------------------------------------------------

  !                 !                !                !     

-----------------------------------------------------------------------

  !Жалпы            !                !                !     

-----------------------------------------------------------------------

*) Салық салынатын объекті осы Нұсқаудың 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.


Жол полициясы бастығы ________________ __________________ ______________

                          (аты-жөні)           (қолы)          (күні)

     МО




                                       Қазақстан Республикасы Қаржы



                                       министрлігі Бас салық инспекциясының

                                       1995 жылғы 21 маусымдағы N 39      

                                        нұсқауына 5 қосымша




 

     ЕСКЕРТУ.»5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс           

              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы  N 929               

              бұйрығымен.


V990901_






     Кәсіпорын (бірлестік, ұйым)

     мөртабаны


              Көлік құралдарына салық бойынша

                 ағымдағы төлемдер есебі


             ____________________________ бойынша

                  (төлеуші атауы)


                  ____________ жылға


     СТТН                                  _______________

                                               (банк)


     _________________________             ________________

     (салық төлеушінің мекен-жайы)           (банк шоттары)


     _________________________

         (телефоны)


  _________________________________________________________________________

  N                         Көрсеткіш                      Осы төлеуші

  р/с                                                        бойынша

  _________________________________________________________________________

  1      Алдыңғы жыл үшін Декларация бойынша салық сомасы  

  2      Ағымдағы жылдың 1 шілдесі мерзімі бойынша төлеуге

         тиесілі салық сомасы


     Басшы ______________________           _________________

              (Аты-жөні)                         (қолы)


     Бас бухгалтер________________          _________________

                    (Аты-жөні)                  (қолы)


     ______________ күні        МО






                                       Қазақстан Республикасы Қаржы



                                       министрлігі Бас салық инспекциясының

                                       1995 жылғы 21 маусымдағы N 39      

                                       нұсқауына 6 қосымша




 

     ЕСКЕРТУ.»6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс           

              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы  N 929               

              бұйрығымен.


V990901_





     Кәсіпорын (бірлестік ұйым)

     мөртабаны


                  Көлік құралдарының қозғалысы

                      туралы анықтама*


                  ________________________ бойынша

                         (төлеуші атауы)

                       _____________ жыл үшін


     СТТН                                        _______________

                                                     (банк)

     _____________________                       _______________

     (салық төлеушінің мекен-жайы)                (банк шоттары)


     _____________________

       (телефоны)


_________________________________________________________________________

N       Көлік құралдарының түрі,       Күні            Көлік    

р/с         маркасы, моделі                        құралдарының саны,

                                                          бірлік

_________________________________________________________________________

1                    2                   3                4

_________________________________________________________________________

      Есепті жылды есептен шығарылған

      Жиынтығы:

      Есепті жылда түскен салығы

      төленген көлік құралдары:


      Жиынтығы:

      Барлығы:


_________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы


_________________________________________________________________________

    Салық           Бюджетке төленген       Қосып есептеуге (+),

    сомасы           салық сомасы            Кемітуге (-),*

_________________________________________________________________________

     Басшы ______________________           _________________

              (Аты-жөні)                         (қолы)


     Бас бухгалтер________________          _________________

                    (Аты-жөні)                  (қолы)


     ______________ күні        МО



     * - Олар бойынша көлік құралдары салығы есепті жылы төленіп, есепті

жылы есептен шығарылған және бұрынғы иесі салықты толық төлеген, сатып

алынған көлік құралдары бойынша анықтама жасалады.





Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.