ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) өнеркәсіптік тұтынушы – өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінде отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газды сатып алатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газды сатып алатын, тауарлық газ шығысын есепке алу шегі сағатына алпыс бес текше метрден асатын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар да жатады;
2) Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
3) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес қолданылады.";
6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Тізбенің 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар топтамасын жібереді.
Өтініш түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оны қабылдауды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қайта жіберуді жүзеге асырады.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алуға құқықтары құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен азамат әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға қамқоршы тағайындалғанға дейін;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік органның ұстанымы айқындалғанға, сот актісі заңды күшіне енгенге немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәртіппен мәселе шешілгенге дейін;
3) осы тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда – 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін мынадай:
1) мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары болған кезде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайларына төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің
9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері талаптарға сәйкестігі айқындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынымдар алу үшін Комиссияға жібереді.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орынсыздығы туралы Комиссиядан ұсыным алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тарту шешімі туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде тыңдау жүргізілмейді";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
С. Жаркешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы | Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Қағаз |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс грфигіне сәйкес сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай: |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. | Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында – https://www.gov.kz көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414 |
| "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініш
Кімге ________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Кімнен________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат
ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізуді сұраймын
______________________________________________________________
(өнімнің атауын көрсету)
Қағаз жеткізгіште ______________________________________________
(қағаз жеткізгіште бұйрық алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою)
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефон_______________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілетіні;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.
Басшы ________________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________