"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38537 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібін айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі – ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе "цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өтінімді жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, қабылданған күні, уақыты және кіріс өтінімдерінің нөмірі қамтылған жергілікті атқарушы органның мөртаңбасы қойылады. Портал арқылы жүгінген кезде ұжым басшысының "жеке кабинетінде" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, жергілікті атқарушы органның мөрімен және уәкілетті адамның қолымен расталады.

      Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші фильмге прокаттау куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді Заңның 5 бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Мәдениет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 201-НҚ бұйрығына
1-қосымша
"Көркемөнерпаздар
ұжымдарына "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау".

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 7.30-дан 17.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 16.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) мәдениет саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік қызметті берушінің интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме: жетекшілер туралы мәлімет; репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары; ұжымның концерттік бағдарламасы; қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес). порталға:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме: жетекшілер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі; ұжымның концерттік бағдарламасының электрондық көшірмесі; қатысушылар құрамы тізімінің электрондық көшірмесі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың электрондық көшірмесі болуы (3 мақаладан кем емес).

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары мәдениет саласындағы уәкілетті органның ресми www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына: 1414, 8 800 080 7777 жүгіну арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 201-НҚ бұйрығына
2-қосымша
"Көркемөнерпаздар
ұжымдарына "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау".

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық
(ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 7.30-дан 17.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 16.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) мәдениет саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік қызметті берушінің интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме: жетекшілер туралы мәлімет; репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары; ұжымның концерттік бағдарламасы; қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
порталға:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме: жетекшілер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі; ұжымның концерттік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
қатысушылар құрамы тізімінің электрондық көшірмесі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың электрондық көшірмесі болуы (3 мақаладан кем емес).

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары мәдениет саласындағы уәкілетті органның ресми www.mam.​gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына: 1414, 8 800 080 7777 жүгіну арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 201-НҚ бұйрығына
3-қосымша
"Көркемөнерпаздар
ұжымдарына "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының, облыстық
жергілікті атқарушы
органдары
көркемөнерпаздар ұжымы
басшысының тегі, аты, жөні
(ол болған жағдайда)
_______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім

      ___________________________________________________________

      (атауы)

      көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге

      өтінім қабылдауды сұраймын.

      Қосымша: ___ парақ.

      ("Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын

      беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттар қосылады)

      Мен цифрлық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты

      пайдалануға келісемін

      Өтінімнің толтырылған күні __________________

      Қолы ____________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 201-НҚ бұйрығына
4-қосымша
"Көркемөнерпаздар
ұжымдарына "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының, облыстық
жергілікті атқарушы
органдары көркемөнерпаздар
ұжымы басшысының тегі,
аты, жөні
(ол болған жағдайда)
_______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат

      Осы арқылы _____________________________________________________(атауы) көркемөнерпаздар ұжымдарына құжаттар тізбесіне сәйкес "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім қабылдау расталады, атап айтқанда:

      Құжаттардың атауы:

      1)______________________________;

      2)______________________________;

      3)_______________________________;

      ________________________________;

      _________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының,

      облыстық жергілікті атқарушы органынан

      уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөр үшін орын ______________ (ол болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 201-НҚ бұйрығына
5-қосымша
"Көркемөнерпаздар
ұжымдарына "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының, облыстық
жергілікті атқарушы
органдары көркемөнерпаздар
ұжымы басшысының тегі,
аты, жөні
(ол болған жағдайда)
_______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      ________________________________________________________________

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы

      органдарының атауы

      Құжаттардың толық болмауына байланысты ____________________________

      (атауы) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын

      беруге өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      атауы:

      1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы

      органынан уәкілетті лауазымды тұлға ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөр үшін орын ______________

      (ол болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл