Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38519 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – тізбе).

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін тізбенің 7-тармағының екінші абзацын, 8-тармағының екінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 143 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" АЦЖ) – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесінің құрамындағы жұмысқа орналастыруға делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыру мақсатында еңбек мобильдігі орталықтарының, мансап орталықтарының қызметін автоматтандыруға және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялаумен қоса ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе;";

      5-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ужыл – мансап орталығы көрсететін және "Еңбек нарығы" АЦЖ-да тіркелген қызметтердің жоспарлы саны;".

      2. "Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32649 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;";

      15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі - ЭЕБ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ЭЕБ бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;".

      3. "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32686 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметкерлерден өтініштері келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кадрлық бөлімшелер Қордың цифрлық жүйесіне отбасы мүшелерінің ағымдағы "жұмыссыз" мәртебесін көрсете отырып олардың дербес деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізеді.

      Қордың цифрлық жүйесі автоматты режимде ағымдағы "жұмыссыз" мәртебесімен отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады және "Еңбек нарығы" цифрлық жүйесіне жолдайды.

      7. Ағымдағы "жұмыссыз" мәртебесі бар отбасы мүшелерінің тізімі Орталық үшін ғана "Еңбек нарығы" цифрлық жүйесінде көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеуді Орталық "Еңбек нарығы" цифрлық жүйесінде бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде жүзеге асырады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кадр бөлімшелері мынадай жағдайлардың біреуі туындаған кезде Қордың цифрлық жүйесіне жұмыссыз ретінде есептен шығарылуға тиіс отбасы мүшелері туралы ақпаратты енгізеді:

      1) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) "жұмыссыз" мәртебесінің өзгергенде;

      2) қызметкерлердің қызметі тоқтатылғанда;

      3) отбасы мүшесі (мүшелері) қайтыс болғанда немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенде.

      14. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кадр бөлімшелері Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жұмыссыз ретінде есептен шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың цифрлық жүйесіне енгізеді;

      2) жұмыссыздар ретінде шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпарат бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде "Еңбек нарығы" цифрлық жүйесіне беріледі;

      3) отбасы мүшелері туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде олар бойынша мәліметтер Қордың цифрлық жүйесіне автоматты режимде жіберіледі.

      17. Қордың цифрлық жүйесіне тіркелген отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару туралы мәліметтері енгізілген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қор тиісті ақпаратты кадр бөлімшелеріне жібереді.".

      4. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Еңбек мобильділігі орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде цифрлық технология құралдары (телефон, ұялы байланыс, электрондық пошта) арқылы тиісті жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің байланыс деректерін ұсына отырып, жұмыссыз адамдарды көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде оларға қызмет көрсетілетіні туралы хабардар етеді.".

      5. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32798 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы үлгілік шартында:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Осы Шартқа сәйкес басқа Тарапқа жіберілетін Тараптардың хабарламалары кейіннен түпнұсқалары беріліп, почта байланысы, жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы ұсынылады.".

      6. "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Электрондық еңбек биржасы – (бұдан әрі – ЭЕБ) - Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, мансап орталығы арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – Өтінім) немесе ЭЕБ арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Келесі жағдайда мансап орталығы:

      1) ұсынылған Өтінімге сәйкестігі, ұсынылған құжаттардың жинақтылығы, өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы – Өтінімді қабылдайды, өтінімді ЭЕБ арқылы алған кезде – ЭЕБ-да жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді;

      2) ұсынылған Өтінімге сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар жиынтықталмаған және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болмаған кезде – Өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады, өтінімді ЭЕБ арқылы (электрондық түрде) алған кезде – жұмыс берушінің ЭЕБ-да жеке кабинетіне хабарлама жібереді.";

      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімді ЭЕБ арқылы алған жағдайда – ЭЕБ-дағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді".";

      10-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушінің Өтінімін ЭЕБ арқылы алған және мақұлдаған жағдайда, мансап орталығы (еңбек мобильділігі орталығы) 2 жұмыс күні ішінде бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған шартты жұмыс берушінің ЭЕБ-дағы жеке кабинетіне жібереді.

      Жұмыс беруші 3 жұмыс күні ішінде ЭЕБ-ның жеке кабинетінде алынған шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны ЭЕБ-ның жеке кабинеті арқылы мапсап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жайластыру (жабдықтау) жөніндегі жұмыстарды орындағаннан кейін жасалған шартқа және бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес жұмыс беруші мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) атқарылған жұмыс туралы есепке (бұдан әрі – есеп) қол қоюға және субсидия алуға ұсынады не оны ЭЕБ-ның жеке кабинеті арқылы қол қойылған электрондық цифрлық қолтаңбамен жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның 2.3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шартты орындау бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде Орындаушыны ұялы байланыстың/пошта байланысының/электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің абоненттік құрылғысы арқылы не ЭЕБ-да жұмыс берушінің Жеке кабинетіне жіберу арқылы жазбаша түрде дереу хабардар етуге міндетті";";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның 6.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.3 Осы Шартқа сәйкес екінші Тарапқа жіберілетін Тараптардың хабарламалары кейіннен түпнұсқаларын ұсына отырып, пошта байланысы және/немесе жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы жіберіледі.".

      7. "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін жүгінген азаматтардың саны туралы есеп (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін жүгінген азаматтардың саны туралы есеп (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру) қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нысанды жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері толтырады және "Электрондық еңбек биржасы" арқылы ұсынылады.

      Жиынтық ақпарат "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде "Есептер" бөлімінде қалыптастырылады.".

      8. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жұмыспен қамтудың жеке картасы" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Жұмыспен қамтудың жеке картасы" әкімшілік деректерін жинауға арналған көрсетілген нысанға толтыру бойынша түсіндірмеде:

      он жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көрсетілген шаралары туралы мынандай мәліметтерді хронологиялық тәртіппен ЖҚЖК-да көрсетеді:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш берушінің деректерін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелері арқылы тексергеннен кейін Орталық қызметкері алынған мәліметтерді ЖҚЖК-ға енгізеді.

      5. Барлық енгізілген ақпарат ЖҚЖК-на өзгерістер толтыру және (немесе) енгізу кезінде өзектендіріледі және ескіру мерзіміне қарамастан ашық қолжетімділікпен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде сақталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖҚЖК-ға деректерді енгізу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен деректерді импорттау әдісі қолданылады.".

  Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 330 бұйрығына қосымша
нысан

"Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық)

      Ұсынылады: "Электрондық еңбек биржасы" арқылы.

      Әкімшілік деректер нысаны мына интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (қысқаша әріптік-цифрлық өрнек нысанның атауы): 3-Т.

      Жиілігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20 __ жылғы _________ тоқсан.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері.

      Ұсыну мерзімі: жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері – "Электрондық еңбек биржасы" арқылы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне дейін.


ЖСН/БСН






      (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде.

20__ жылғы __ тоқсандағы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдардың саны туралы есеп _______________ облысының (қаласының)________ ауданы

Жол коды

Көрсеткіштер

Есепті тоқсан

Жыл басынан бері



барлығы

оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар

барлығы

оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар


А

1

2

3

4

1

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдардың саны, адам





1.1

оның ішінде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде, адам





1.2

оның ішінде жұмыссыздар, адам





2

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығымен жұмысқа орналастырылған адамдардың саны, адам





2.1

оның ішінде жұмыссыздар, адам





3

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығымен жақын және алыс шет елдерге жұмысқа кеткен адамдардың саны, адам





      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің атауы ___________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефон __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы:

      ____________________________________-____________ ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

      _____________________________________________________ _____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Күні: 20__ жылғы "___" ___________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

      түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Тізбеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрінің
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 365 бұйрығына 1 қосымша
  нысан

"Жұмыспен қамтудың жеке картасы" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: аудан, қала, республикалық маңызы бар қалалар, астана мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректер нысаны интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: жұмыспен қамтудың жеке картасының нысаны.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (қысқаша әріптік-цифрлық өрнек нысанның атауы): ЖҚК -1.

      Жиілік: бір реттік.

      Есепті кезең: қажет емес.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: жұмыс іздеушілер.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: мансап орталығына жұмыс іздеушілер жүгінген кезде.


ЖСН/БСН



      (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Жұмыспен қамтудың жеке картасы

      1. Тегі_________________________________________________

      Аты _____________________________________________________

      әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________________________

      3.Жынысы ________________________________________________

      4. Туған күні_______________________________________________

      5. Азаматтығы _______________________________________________

      6. Ұлты ___________________________________________________

      7. Тұрғылықты жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________

      8. Телефон __________________________________________________

      9. Электрондық пошта ______________________________________

      10. Білімі:

      1) білімі

      Білім беру ұйымының атауы _________________________________

      __________________________________________________________

      Білім деңгейі бойынша оқу мекемесінің түрі (жоғары оқу орны, колледж, жалпы білім

      беретін мектеп)__________________

      Оқу мерзімі _______________________________________________

      Алған мамандығы (біліктілігі) ________________________________

      2) қосымша білімі (қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары)

      __________________________________________________________

      Білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің атауы___________

      Оқу мерзімі _______________________________________________

      Алған мамандығы (біліктілігі)

      __________________________________________________________

      11. Соңғы жұмыс (қызмет) орны:

      ____________________________________________________________

      Жұмыс берушінің атауы ___________________________________

      Жұмысқа қабылданған күні_________________________________

      Жұмыстан босатылған күні_________________________________

      Лауазымы __________________________________________________

      12. Жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелгені туралы мәліметтер

      Өтініш берген күні __________

      Тіркеу немесе бас тарту күні___________________________________

      Бас тарту себебі ___________________________________________

      Есептен шығарылған күні ___________________________________

      Есептен шығару себебі _____________________________________

      13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қорытындылары:

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізетін органның атауы_____

      Өткізу күні________________________________________________

      Нәтижесі ___________________________________________________

      14. Тиісті жұмыстың берілген бағыттары:

      Лауазымы (кәсібі) _______________________________________

      Жұмыс бағытын беру күні ___________________________________

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не бас тарту себебін көрсету

      ____________________

      15. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер:

      Өтініш берген күні _________________________________________

      Тіркеу немесе бас тарту күні _________________________________

      Бас тарту себебі______________________________________________

      Есептен шығарылған күні____________________________________

      Есептен шығару себебі_______________________________________

      16. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға берілген

      жолдамалар туралы мәліметтер:

      1) кәсіптік оқыту:

      Кәсіптік оқыту түрі

      ____________________________________________________________

      Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы

      ____________________________________________________________

      Оқу орнының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайы,

      телефоны______________________________________________

      __________________________________________________________

      Оқу мерзімі ________________________________________________

      Жіберілген күні _____________________________________________

      Алған мамандығы, біліктілігі__________________________________

      ___________________________________________________________

      Жұмыс берушіні, лауазымды көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа

      орналасқан күні___________________________________________

      2) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу

      Микрокредиттер:

      Микрокредит алу күні__________________________________

      Кредит сомасы_________________________________________

      Жеңілдік кезеңінің мерзімі_______________________________

      Қайтару мерзімі________________________________________

      Қызмет түрі_____________________________________________

      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту:

      Оқудың басталу күні____________________________________

      Оқуды аяқтау күні___________________________________

      Гранттар:

      Өтініш берілген күні____________________________________

      Грант алған күні________________________________________

      Қызмет түрі_____________________________________________

      3) субсидияланатын жұмыс орындары:

      Бұрын көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді (хронологиялық

      реттілікпен толтырылады)

      Субсидияланатын жұмыс орнының түрі____________________

      Жолдама күні____________________________________________

      Қатысу мерзімі _________________________________________

      Жұмыс берушінің атауы__________________________________

      Лауазымы______________________________________________

      жұмыс берушінің (оқу орнының) жұмысқа қабылдау (оқыту) туралы актісі немесе

      жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсету______________________

      Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа

      орналасу күні___________________________________________

      4) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуге

      жолдау

      Еңбекке жарамды отбасы мүшелері ____________________

      Еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері (сома)

      ________________________________________________________

      Келу орны_____________________________________________

      Көрсетілген материалдық көмек:

      Шығыстарды өтеу (сома) __________________________________

      Тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) арналған шығыстарды өтеу

      (сомасы)__________________________________________________________

      Берілген экономикалық ұтқырлық сертификаты (сомасы)______________________________________________________

      Тұрғын үй (тұрғын үй жолы тұрғын үй түрін (жеке тұрғын үй) көрсете отырып

      толтырылады, отбасы мүшелеріне шаршы метрді көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын

      үй, жатақханадағы бөлме)

      17. Арнайы жұмыс орындары:

      Жұмыс берушінің атауы ____________________________________

      Жолдаманың берілген күні _________________________________

      қатысу мерзімі ___________________________________________

      Лауазымы (кәсібі) ________________________________________

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі ____________

      18. Жұмыссыздардың мансап орталығына баруын толтыру нысаны

№ р/с

Жоспарлы қатысу күні

Іс жүзінде қатысқан күні

Мансап орталығы қызметкерінің ескертпесі

1

2

3

4





      19. Жұмыссыздың күтетіні:

      1) Сіз қандай еңбекақы алуды күтесіз:

      Сіз күтетін нұсқада алғыңыз келетін еңбекақы сомасы: ______ теңге;

      Мансабыңызды бастау үшін жеткілікті және тиімді еңбекақы сомасы: ______ теңге;

      Сіз жұмыс істемейтін еңбекақы немесе ең төменгі еңбекақы сомасы: ______ теңге.

      2) Сіздің болашақ жұмысыңыздың орналасқан жері (облыс, қала, аудан, ауыл):

      Сіздің болжамды жұмысыңыздың орны (облыс, қала, аудан, ауыл)?

      ___________________________________________________________

      3) Сіз өз карьераңызды жасайын деп жүрген қызмет саласындағы ықтимал

      лауазымдар?

      Тиімді лауазым __________________________________________

      Қолайлылығы төмен – _____________________________________

      4) Сіз жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсауды ойлап отырсыз?

      1 – лайықты нұсқа

      _________________________________________________________

      2 – қолайлы нұсқа

      ______________________________________________

      5 – ықтимал нұсқалардан ең жаманы

      _________________________________________________________

      20. Жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары

№ Р/с

Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар

Іс жүзінде орындау

Іс-шаралардың орындалмау себептері





      Ұйымның атауы __________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________

      Телефон _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________

      Орындаушы:______________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

      ____________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда))(электрондық цифрлық қолтаңба)

      Толтырылған күні: 20__жылғы "__"_____________