Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32797 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5-тармақшасының сегізінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа сәйкес Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 217 бұйрығымен
бекітілген

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтерді аутсорсингті ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының сегізінші абзацына сәйкес әзірленді және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға;

      3) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      4) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі (бұдан әрі – қызметтер аутсорсингі) – еңбек мобильдігі орталықтарымен жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені.

      5) Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі - ЭЕБ) – Кодекске сәйкес жұмыс іздеуді жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі.

2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру тәртібі

      3. Еңбек мобильділігі орталығы ЭЕБ халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      4. Еңбек мобильділігі орталығы ЭЕБ-да көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыруды әр аптаның сәрсенбі күні жариялайды.

      Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру мынадай:

      1) еңбек мобильділігі орталығының атауы, заңды мекенжайы, байланыс деректері, жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) қызметтер аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) тізбесі;

      3) кәсіптер бойынша топтастырылған лоттардың және санаттар бойынша ондағы жұмыссыз адамдардың саны;

      4) қызметтер аутсорсингі туралы шарт жобасы;

      5) қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімдері ақпаратынан тұрады.

      5. Жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып жұмыссыз адамдарды санаттарға бөлуді еңбек мобильділігі орталығы жүргізеді.

      6. Еңбек мобильдігі орталығы Әлеуметтік кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының оныншы абзацына сәйкес уәкілетті орган бекіткен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесіне сәйкес дүйсенбі сайын сағат 9-00-ден 18-30-ға дейінгі аралықта ЭЕБ-да көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізеді.

      7. Көрсетілетін қызметтердің аутсорcингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері электрондық цифлық қолтанбасымен расталған жеке кабинет ашу арқылы ЭЕБ-да тіркеледі.

      8. Еңбек мобильділігі орталығы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге келісімін берген тіркелген жұмыссыз адамдар қатарынан лоттар қалыптастырады.

      Лот 30-дан (отыз) аспайтын адамнан құралады, онда екінші және үшінші санаттағы жұмыссыз адамдардың саны кемінде 30 (отыз) пайызды құрайды.

      9. Жеке жұмыспен қамту агенттігі таңдалған лоттарға өтініш береді, бірақ бір күнде 3 (үш) лоттан аспайды. Жеке жұмыспен қамту агенттігі лоттарды таңдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

      10. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті жұмыс тәжірбиені, материалдық және еңбек ресурстарын растайтын құжаттарды.

      11. Еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен таңдаған лоттарына өтінім берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың жекеше агентітктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырылады.

      Еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау нәтижелері бойынша оны аутсорсингке қатысуға жібереді.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау мерзімдері өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде еңбек мобильдігі орталығы бас тартудың негізді себептерін көрсете отырып жұмыспен қамтудың жекеше агенттігін хабардар етеді.

      Еңбек мобильділігі орталығы мынадай:

      1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      2) егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзім ішінде лотты бірінші болып таңдамаса;

      3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынган құжаттар мен мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

      4) Әлеуметтік кодекстің 106-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен аутсорсинг туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне көрсетілетін қызметтер аутсорсингіне қатыстырудан бас тартады.

      12. Еңбек мобильділігі орталығы біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты бірінші болып таңдағанын растаған жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне оның жеке кабинетіне хабарлама және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін қарау мерзімдері өткен соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЕБ-да көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын жолдайды.

      13. Егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ЭЕБ арқылы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырмаса), еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне жіберілген көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың жобасын кері қайтарады және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың жобасын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты таңдау бойынша келесі болып тіркелген жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне ЭЕБ арқылы жібереді.

      14. Егер ЭЕБ-да көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімі ішінде лотты бірде-бір жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі таңдамаса, онда еңбек мобильділігі орталығы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзімдерге сәйкес лотты қайта орналастыруды жүзеге асырады.

      15. Еңбек мобильділігі орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарт жасалады.

      16. Еңбек мобильділігі орталығы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жобасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЭЕБ-да ол туралы ақпаратты орналастырады.

      17. Еңбек мобильділігі орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары (телефон, ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы) тиісті жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің байланыс деректерін ұсына отырып, жұмыссыз адамдарды көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде оларға қызмет көрсетілетіні туралы хабардар етеді.

      18. Еңбек мобильділігі орталығы аутсорсинг шарты жасалған жекеше агенттікке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыссыз адамдардың тізімімен және қызметтерді көрсету үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) туған күні, айы және жылы;

      3) облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауы, үй нөмірі, пәтер нөмірін көрсетумен тұрғылықты мекенжайы;

      4) телефоны;

      5) электрондық почта мекенжайы (бар болса);

      6) алған мамандығы бойынша білімі;

      7) жұмыс берушілердің атауы, жұмысқа қабылдану және жұмыстан босатылу күні, лауазым атауы (бар болса) көрсетумен жұмыс өтілі;

      8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы;

      9) кәсіптік бағдарлаудан өтуі және оның қорытындысы туралы мәліметтер;

      10) жұмыс берушінің, лауазымдардың (кәсіптердің) атауын көрсетумен лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы мәліметтер;

      11) күтілетін жалақысын және жұмыс орнын көрсетумен жұмыссыз адамның күтетін лауазымы (кәсібі) қамтылған ақпаратпен жұмыссыз адамдар лотын ұсынады.

      19. Аутсорсинг туралы шарт бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды жеке жұмыспен қамту агенттігі шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін қаржыландыру тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін қаржыландыру аутсорсинг туралы шартта көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.

      21. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі Әлеуметік кодекстің 106-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен аутсорсинг туралы шартта көзделген еңбек делдалдығы бойынша қызмет көрсетудің әрбір кезенінің орындалу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бюйынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі басшысының қолымен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін (бұдан әрі – акт) жібереді.

      22. Еңбек мобильділігі орталығы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тартады.

      Еңбек мобильділігі орталығы көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-қимылдарды орындайды, бұл туралы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше агенттікті хабардар етеді.

      23. Тіркелген жұмыссыздарға қатысты еңбек делдалдығы жөніндегі қызметті қаржыландыруды еңбек мобильдігі орталығы қызметтер аутсорсингі туралы шарт негізінде мынадай тәртіппен:

      1) қызметтің бірінші кезеңін орындағаны үшін шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек мобильдігі орталығы шарт сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді.

      Жұмыссыздар осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмысқа орналастырылмаған жағдайда, жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыздар санына барабар алдын ала төлем сомасының бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады;

      2) көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін еңбек мобильдігі орталығы жұмыссыз бір жұмыс орнында (бір жұмыс берушіде) 3 (үш) ай ішінде үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде қызмет көрсеткені үшін бағаның 50 (елу) пайызы мөлшерінде төлем жүргізеді көрсетілген қызметтер актісі негізінде;

      3) көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтің үшінші кезеңін орындағаны үшін еңбек мобильдігі орталығы 6 (алты) ай ішінде жұмыссыз бір жұмыс орнында (бір жұмыс берушіде) үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде қызмет көрсеткені үшін бағаның 30 (отыз) пайызы мөлшерінде төлем жүргізеді көрсетілген қызметтер актісі негізінде жүргізеді.

4-тарау. Қызметтерді аутсорсингке мониторинг жүргізу тәртібі

      24. Қызметтердің аутсорсингіне мониторингті "Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22891 болып тіркелген) Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес еңбек мобильдігі орталығы жүргізеді.

  Халықты жұмыспен қамту
саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге келісім

      20___жылғы "____"______________

      Осымен, төменде қол қоя отырып халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, сондай-ақ дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондарының байланыс нөмірлері, тұратын мекенжайы, электрондық пошта бар болса) көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне беруге келісім беремін. Келісім осы өтінішке толық көлемде қандай да бір ескертулер мен қарсылықтарсыз қол қою арқылы ұсынылады.

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық (қолы)

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша сәйкестендіру жүргізілді, осы келісімге менің қатысуыммен қол қойылды.

  Халықты жұмыспен қамту
саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілген қызметтер актісі 2018 жылғы "___" _________ №___ Құжат нөмірі қол қойылған күні (Тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты тіркеледі)

      Осы акт төменде қол қойған Өнім берушінің өкілдері (Тапсырыс берушінің атауы) _______________ (Өнім беруші), (Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы) 2018 жылғы "___" _________ №___ (шарттың (қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі) шартқа (және қосымша келісімге) сәйкес орындағаны, ал _________ (Тапсырыс беруші) төменде қол қойған Тапсырыс берушінің өкілдері (Тапсырыс берушінің атауы) атынан қабылдағаны жөнінде жасалды:

Көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

Қызметтің көрсетілген орны

Көрсетілген қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік бағасы (теңге)

Сома, теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1


2

3

4

5

6

1







...







      Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны ___________ теңгені құрайды (санмен, жазбаша).

Өнім берушінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН/БСН

ЖСК/БСК

Банк

Заңды мекенжайы

Өнім берушінің өкілдері

Бекітемін

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бойынша ақпарат

1

Жалпы мәліметтер

Шарттың жалпы сомасы*

Аванстық төлемдер сомасы*

Шарттың қолданылуынан бастап төлемақы сомасы*

Бұрын актіленгендердің сомасы *

Қызметтерді көрсету мерзімін өткізіп алғаны немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*

Мерзімі өткен күндердің саны*

1

2

3

4

5

6








2

Шығыстардың бірыңғай бюджеттік классификациясының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*

3

Осы акт бойынша нақты көрсетілген қызметтер (техникалық ерекшелікке, тапсырмаға, көрсетілетін қызметтер болған кезде оларды орындау графигіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің атауы)


Көрсетілетін қызметтің атауы*

Қызмет көрсету күні/кезеңі*

Өлшем бірлігі*

Саны*

Бірлік бағасы, теңгемен*

Сомасы, теңгемен*


1

2

3

4

5

6















4

Өнім берушіге аудару талап етілетін сома

      Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (бар болса өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берушінің атауы *

ЖСН/БСН*

ЖСК/БСК*

Банк *

Заңды мекенжайы*

Тапсырыс берушінің өкілдері

Бекітемін (ұйым басшысы)*

Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар

Ресімдеудің дұрыстығына (реквизиттер, ерекшелік) жауаптылар

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Ескертпе:

      * еңбек мобильдігі орталығы толтырады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – бизнес-сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 217 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17193 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 400 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17428 болып тіркелді).

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 345 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 18912 болып тіркелді).