ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 129 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері";
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;";
28-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жауапты жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру күндізгі немесе "on-line" режимінде қашықтықтан оқыту форматында оқу орталығының цифрлық жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.
Жауапты жұмыскерлердің білімін қашықтықтан форматта "on-line" режимінде тексеру оларды оқу орталығының цифрлық жүйесі сәйкестендіргеннен кейін жүргізіледі.".
2. "Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларында:
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Заңның 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықтың және (немесе) цифрлық объектісінің болуы;";
11-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар адамдарға оның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету шартымен, кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту үшін цифрлық объектісін;";
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кандидаттың Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына, сондай-ақ ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларына сәйкес цифрлық платформаға кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуі туралы мәліметтерді енгізеді, Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген.".
3. "Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі - "Еңбек нарығы" АЦЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;";
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) өтініш дұрыс толтырылмаған және (немесе) кәсіптік біліктілік пен білімге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мансап орталығы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде "Еңбек нарығы" АЦЖ-да дәлелді бас тартуды қалыптастырады.";
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы үміткердің біржолғы ваучер алуға өтініші келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткер ҰБЖ цифрлық платформасында таңдаған тану орталығының жеке кабинетіне үміткердің өтінішін жібереді.
Тану орталығынан теріс жауап түскен жағдайда Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы бір жұмыс күні ішінде үміткерге ҰБЖ цифрлық платформасында дәлелді бас тартуды жібереді.
9-1. Тану орталығы өтінішті алған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткердің ҰБЖ цифрлық платформасында үміткердің жеке кабинетінде мәлімделген кәсіп бойынша кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту мүмкіндігін растайды және растауды "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы еңбек мобильділігі орталығына жібереді.";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы тану орталығы расталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы біржолғы ваучерді оның берілген күні мен қолданылу мерзімін, үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірін және тану орталығының атауын көрсете отырып, ҰБЖ цифрлық платформасындағы үміткердің жеке кабинетіне жібереді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Егер алушы біржолғы ваучерді оның қолданылу мерзімі ішінде пайдаланбаған болса, онда ол автоматты түрде жойылады, бұл туралы ақпарат "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға келіп түседі.";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін біржолғы ваучерді алушы мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграция болмаған жағдайда "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға жіберілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетте орналастырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ-да еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін алған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ҰБЖ цифрлық платформасында біржолғы ваучер алушының жеке кабинетінде тиісті деректерді өзектендіре отырып, біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін ұзартады.".
4. "Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33449 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу тәртібін айқындайды.";
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдар – білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізетін цифрлық жүйелермен интеграциялау арқылы жартыжылдықта 1 рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұлттық органның цифрлық платформада өзге де ақпаратты, материалдар мен деректерді қалыптастыру және орналастыру Заңға және Қазақстан Республикасының цифрлық, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамаларына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Цифрлық платформаны қолдап отыру, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету тәртібі және оны өзге цифрлық жүйелермен интеграциялау";
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен және цифрлық өзге де объектілерімен өзара іс-қимыл жасау;";
14-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) әкімшінің жедел киберқауіпсіздік орталығы.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Цифрлық платформаны өзге цифрлық жүйелермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдау мен өңдеуді жүргізу үшін Ұлттық орган цифрлық платформада орналастырылған ақпаратты, Заңға сәйкес ҰБЖ қатысушыларынан, мемлекеттік органдардың ашық көздерінен, дерекқорларынан және статистикасынан алынған өзге де ақпарат пен деректерді және Қазақстан Республикасының цифрлық, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамаларына сәйкес өзге де цифрлық ресурстарды жинауды, жинақтауды және мониторингтеуді жүзеге асырады.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларына қосымша".
5. "Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33965 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларында:
8-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды сақтанушы олар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділікті беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда бермейді.
Алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу мөлшерін есептеуді жүзеге асыру үшін сақтандырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы мемлекеттік органдардың дерекқорларынан және (немесе) цифрлық жүйелерінен алады.";
16-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды сақтанушы және (немесе) пайда алушы олар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділікті беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда бермейді.
Шығындарды өтеу мөлшерін есептеуді жүзеге асыру үшін сақтандырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы мемлекеттік органдардың дерекқорларынан және (немесе) цифрлық жүйелерінен алады.".
6. "Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджетке аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару туралы қағидаларында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) интернет-платформа операторы (бұдан әрі – оператор) – интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлға арасында қызметтер көрсету (оның ішінде қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып қызметтер көрсету) бойынша байланыстарды орнату үшін цифрлық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ АЦЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі қолжетiмдiлiгi шектелген цифрлық жүйе;
12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – МКК ЦЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі құжаттарымен реттелетін қолжетiмдiлiгi шектелген цифрлық жүйе;";
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА мен жарналарды төлеуден босатылған орындаушылар санаттары туралы мәліметтер МКК ЦЖ-нен ҚР ЕХӘҚМ АЦЖ-не табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді ұстауға жататын сомаларды дұрыс есептеу мақсатында беріледі.";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ҚР ЕХӘҚМ АЦЖ – Мемлекеттік корпорация оператор тарапынан аударған әлеуметтік төлемдер сомаларымен салыстыруды жүргізу үшін.".