ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 45-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12423 болып тіркелген);
2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 428 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24007 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
| Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 19 марта 2026 года № 119 бұйрығымен бекітілген |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын (бұдан әрі – СҚҚК) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. СҚҚК сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарының өзекті мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстарды білдіреді:
1) нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік техникалық құжаттарда (CҚҚК-1);
2) ғимараттар мен құрылысжайлардың үлгілік жобалары мен кәсіпорындардың үлгілік жобалау шешімдері (СҚҚК-2);
3) құрылыс конструкциялары, материалдары, бұйымдары және салааралық қолданыстағы жабдық (СҚҚК-3);
4) жұмыстар жүргізу технологиялары (СҚҚК-4);
5) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар туралы (СҚҚК-5).
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру, бекіту және жүргізу тәртібі
3. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты (бұдан әрі – ұлттық институты) СҚҚК қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
4. СҚҚК мемлекеттік нормативтік құжаттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы туралы ақпараттың негізінде қалыптастырылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесiне Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 41-бабының 2-тармағында көзделген нормативтік құжаттарды қамтиды.
5. СҚҚК келесі элементтер мен бөлімдерден тұрады: атауы, мазмұны, кіріспе және негізгі бөлім.
СҚҚК негізгі бөлімінің нысандары осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.
6. Жобалау және құрылыс мәселелерін қозғайтын стандарттау бойынша қабылданған ведомстволық нормативтер мен нормативтік құжаттар туралы ақпарат СҚҚК-ға енгізу үшін құжатты бекіту туралы бұйрықтың көшірмесімен бірге нормалау институтына жіберіледі.
Стандарттау бойынша ведомстволық нормативтік құжаттар мен нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратта нормалау институтына жіберіледі.
7. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар мемлекеттік нормативтік құжаттар, сондай-ақ қызмет бабында пайдалану үшін қолданылатын құжаттар СҚҚК-ге енгізілмейді.
8. Шығарылатын құрылыс конструкциялары, салааралық қолданылатын материалдар, бұйымдар мен жабдықтар бойынша, сондай-ақ өнімді өндірістен шығару туралы ақпаратты құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және (немесе) жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері құрылыс ресурстарының жіктеуішіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұлттық институтқа жібереді.
Шығарылатын құрылыс конструкциялары, салааралық қолданылатын материалдар, бұйымдар мен жабдықтар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес әзірленген құрылыс ресурстары жіктеуішінен алынған өнімнің кодын, оның атауын, стандартын, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы кодын қамтиды (бұдан әрі-ТЖКЖС).
9. Үлгілік технологиялық карталар туралы ақпаратты әзірлеушілер оларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесімен бірге ұлттық институтқа жібереді.
10. Ведомстволық нормативтік құжаттарды, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды және өзге де мемлекеттік нормативтік құжаттарды, үлгілік жобаларды, үлгілік жобалық шешімдерді, үлгілік технологиялық карталарды бекіту туралы, салааралық қолданылатын құрылыс конструкциялары, материалдары, бұйымдары мен жабдықтары туралы келіп түскен мәліметтерді ұлттық институт СҚҚК-ға күнтізбелік 30 күн ішінде енгізеді.
11. Қалыптастырылған СҚҚК нормалау институтының интернет-ресурсында орналастырылады.
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына қосымша |
Негізгі бөлімнің нысаны
СҚҚК-1 – нормативтік құқықтық актілерде және нормативтік техникалық құжаттар
Шифр және нөмір | Атауы | Бекітілді | МСС |
1. Ұйымдастыру-әдістемелік нормативтік құжаттар 1.01 кешен | |||
Негізгі бөлімнің нысаны
СҚҚК-2 ғимараттар мен құрылысжайлардың үлгілік жобалары мен кәсіпорындардың үлгілік жобалау шешімдері
Сызбалардың сериялары мен шығарылым белгісі | Үлгілік жобалау құжаттамасының атауы мен қысқаша сипаттамасы | Әзірлеуші, бекіту |
Негізгі бөлімнің нысаны
СҚҚК-3 құрылыс конструкциялары, материалдары, бұйымдары және салааралық қолданыстағы жабдық
Өнімнің коды | Атауы | Стандарт | ТЖКЖС коды |
Негізгі бөлімнің нысаны
СҚҚК-4 – жұмыстар жүргізу технологиялары
Шифры мен нөмірі | Атауы | Бекітілді | МСС |
Негізгі бөлімнің нысаны
СҚҚК-5 – құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар
Шифрымен нөмірі | Атауы | Бекітілді | МСС |
Баға белгілеу және смета жөніндегі нормативтік құжаттар | |||