Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 наурызда № 38176 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарында (бұдан әрі – Тамақтану стандарттары):

      2-тармақтың 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) тауарға ілеспе құжаттар – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған коммерциялық және көліктік құжаттар;

      19) тез бұзылатын тамақ өнімдерінің бракераж журналы – азық-түлік шикізатының және жартылай фабрикаттар саны, оларды өткізу мерзімі, электрондық не қағаз нысанда жүргізілетін органолептикалық бағалау нәтижелері енгізілетін журнал;

      20) тез бұзылатын тамақ өнімі – жарамдылық мерзімі 5 тәуліктен аспайтын, егер тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, онда адам денсаулығына қауіпті ауру тудыратын микроорганизмдердің, бұзылу микроорганизмдерінің және (немесе) уыттардың түзілуінің қауіпсіздігін сақтау және оның дамуын болдырмау мақсатында сақтаудың және тасымалдаудың (тасудың) арнайы құрылатын температуралық режимдерін талап ететін тамақ өнімі;

      21) технологиялық карта/тарату картасы – тағамның (бұйымның) атауы, ингредиенттердің атауы мен саны, брутто және нетто салмағы, тағамның (бұйымның) жалпы шығым салмағы, тағамдық және энергетикалық құндылығын, органолептикалық көрсеткіштерін көрсетумен тағамның (бұйымның) дайындалуының, ресімделуінің шарттары және берілуінің технологиялық процесінің рецептурасы мен сипаттамасы, тағамдағы (бұйымдағы) аллергендердің болуы және сақтау шарттары көрсетілген құжат;

      22) тірек ас үй – бұл "негізгі ас үй" моделіне ұқсас тамақтануды ұйымдастыру моделі және дайын ыстық тағамды ыстық тамақ дайындау мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық тұрғыдан мүмкін болмайтын жақын маңдағы білім беру объектілеріне жеткізу арқылы тамақтандыру функцияларын орындауды көздейді;

      23) швед үстелі – ұсынылған ассортименттен тағамдарды өздігінен таңдау мүмкіндігі берілетін тамақтануды ұйымдастыру моделі;

      24) ыстық тамақ – ыстық сусынды қоспағанда, әр тағамда кемінде бір ыстық тағамның болуын көздейтін ұйымдастырылған тамақ;";

      45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Медицина қызметкері тиімді тамақтану қағидаттарын енгізуді және сақтауды жүзеге асырады; бракераж комиссиясының жұмысына қатысады; ас блоктарында №16 санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес журналға жазбаларды енгізе отырып дайын тағамдар мен аспаздық өнімдердің сапасына оларды тарату алдында органолептикалық бағалауды күн сайын жүргізеді; ерекше диеталық қажеттіліктері бар білім алушылардың/тәрбиеленушілердің тізімін қалыптастырады және тамақтануды ұйымдастыруға жауапты тұлғаға береді және диеталық тамақтануды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады; білім алушылар/тәрбиеленушілер арасында аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістерді ұйымдастырады және өткізеді, олардың заңды өкілдері мен педагогтарын білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізе отырып білім алушылардың/тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға тартады; перспективалық мәзірге өзгерістер енгізген және тамақ өнімдерін ауыстырған жағдайда дайын тағамдардың шығуын, салу нормаларын, тағам рационының химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын бақылайды; ас блогы персоналының денсаулық жағдайына апта сайын іріктеп бақылауды жүзеге асырады.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Білім алушыларда/тәрбиеленушілерде салауатты тамақтанудың тұрақты әдеттерін қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында мынадай білім беру іс-шаралары өткізіледі:

      1) білім алушыларда/тәрбиеленушілерде салауатты өмір салтына, салауатты/дұрыс тамақтану қағидаттарына, оның ішінде тұзды, бос қанттарды тұтынуды азайтуға, транс майларды тұтынудан бас тартуға саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған денсаулық бұрыштарының жұмыс істеуін ұйымдастыру және қолдау;

      2) теңдестірілген тамақтану қағидаттары және оның денсаулыққа әсері туралы көрнекі материалдарды (плакаттар, жадынамалар, буклеттер) әзірлеу, іліп қою және тарату;

      3) білім алушылар арасында салауатты тамақтануға саналы көзқарасты дамытуға бағытталған "қауіпсіздік сабақтары" оқу бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында жылына кемінде 2 рет сынып сағаттарын өткізу;

      4) білім алушылармен /тәрбиеленушілермен, олардың заңды өкілдерімен тамақтану кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы, тамақтанудың денсаулыққа әсері туралы, көрнекі материалдарды пайдалана отырып, қабылдау үшін қолжетімді түрде дұрыс тамақтану қағидаттары туралы ағарту іс-шараларын өткізу;

      5) білім алушылар/тәрбиеленушілер арасында салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған конкурстар мен акцияларды ұйымдастыру;

      6) салауатты тамақтану қағидаттары туралы насихаттау және ақпараттандыру мақсатында "Салауатты тамақтану апталығын" ұйымдастыру;

      7) асханаларда, буфеттерде тамақты артық тұздаудан бас тарту есебінен тұзды тұтынуды азайтуды қамтамасыз ету (асхана үстелдерінен тұз салғыштарды алып тастау);

      8) білім алушылардың /тәрбиеленушілердің, олардың заңды өкілдерінің хабардарлығын арттыру үшін салауатты тамақтану қағидаттары туралы ақпараттық материалдарды таратуда қазіргі заманғы мессенджерлерді пайдалану.";

      көрсетілген Тамақтану стандарттарына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Тамақтану стандарттарына 4-қосымшаның 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) табиғи тағамдық дәмдеуіштер мен хош иістендіргіштерден (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, зире, насыбайгүл, тәтті, ақ және хош иісті бұрыш, орегано, даршын, ваниль, кориандр, қалампыр, лавр жапырағы, пияз, сарымсақ) басқа тәттілендіргіштер, дәм күшейткіштер, консерванттар, синтетикалық бояғыштар мен хош иістендіргіштер бар тамақ өнімдері;";

      көрсетілген Тамақтану стандарттарына 7-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдарында өткізуге рұқсат етілмейтін тамақ өнімдерінің тізбесі";

      көрсетілген Тамақтану стандарттарына 11-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қоғамдық тамақтану объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу, пайдалануға енгізу және қайта бейіндеу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сай айқындалады, Кодекстің 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, техникалық регламенттерге (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Фуд-корттарды, фуд-корттардың келушілері мен персоналына арналған санитариялық тораптарды орналастыру және жобалау қоғамдық объектілерге, қоғамдық тамақтану және сауда объектілеріне қойылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасай отырып жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тамақтану объектілерінде Кодекстің 110-бабы 7-тармағының, "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-246/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21776 болып тіркелген) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін жабдықталған арнайы бөлінген орындар көзделеді.";

      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тамақтану объектілері меншік нысанына, санатына, типіне, түріне, қуаттылығына, орналасқан жеріне қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, КО ТР 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келетін ішкі сумен жабдықтау және ішкі суды бұру жүйелерінің құрылғысы бар орталықтанған салқын және ыстық сумен жабдықтау, суды бұру жүйелерімен жабдықталады.";

      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тамақтану объектісіне жанасатын сыртқы су бұру желілерінің деңгейінен төмен орналасқан төгу жолдары, жуу ванналары, раковиналары және санитариялық аспаптары бар үй-жайлар тамақтану объектілерінде тек сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін және сарқынды суларды қауіпсіз және үздіксіз бұруды қамтамасыз ететін суды бұру жүйелерінің қосымша құрылыстары болған жағдайда ғана орналастырылады.";

      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Тамақтану объектісінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес табиғи және (немесе) жасанды жарықтандыру көзделеді. Бұл жағдайда табиғи жарықтандыру барынша қолданылады.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тамақтану объектілерінің үй-жайларында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына және нормалау құжаттарына сәйкес табиғи және механикалық желдету және (немесе) ауа баптау жүйелері көзделеді, олардың саны және (немесе) қуаты, конструкциясы мен орындалуы тамақ өнімін дайындау, сақтау және өткізу кезінде оның ластануын болғызбауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды тазалау немесе ауыстыру кезінде оларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.";

      43-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, осы Санитариялық қағидалардың 41 және 42-тармақтарына сәйкес есептеу бойынша айқындалатын барынша ластану аймағында басым сорғышы бар ылғал, жылу және газ бөлу көздері болып табылатын жабдық пен жуу ванналарының үстіндегі жергілікті (жергілікті) сору жүйелерінің жабдығы.";

      163-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәзірде бір атаудағы тағамдарды, гарнирлерді немесе аспаздық өнімдерді бір күн ішінде және келесі күнтізбелік екі күнде, сонымен қатар "швед үстелі" жүйесін қолданған кезде қайталауға жол берілмейді.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Ұйымдастырылған ұжымдар үшін қызмет көрсететін және дайындайтын тамақтану объектілерінде күн сайын тарату мәзірі жасалады, онда тамақ алатын адамдардың саны, тағамның шығымын (салмағын) грамммен көрсете отырып, әрбір тамақ ішуге арналған тағамдардың тізбесі, сондай-ақ әрбір тағам бойынша тамақ өнімдерінің шығысы ("брутто" массасында) көрсетіледі.

      Мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тағамның массалық порциясы (грамммен) осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 1-кестесінде, балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінде жас ерекшеліктеріне байланысты тағамның массалық порциясы (грамммен) 2-кестеде көрсетілген.

      Балаларды сауықтыру объектілеріндегі тамақ өнімдерінің жинағы күніне бір балаға ("брутто" массасында) осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 3-кестесінде ұсынылған.";

      288-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "288. Персоналды санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз ету тамақтану объектісі персоналының түріне, типіне, мамандануына және санына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, нормалау құжаттарының және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Санитариялық қағидаларға 1 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарды қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 34 Бұйрығына
1-қосымша
  Денсаулық сақтау және білім
беру ұйымдарында тамақтану
стандарттарына
1-қосымша

Білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормалары

      Білім беру ұйымдарындағы тағамның энергетикалық және қоректік (тағамдық) құндылығы (макро- және микроэлементтер саны) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған негізгі тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілік нормаларына сәйкес балалардың жалпы жас ерекшелік қажеттілігіне сәйкес келеді.

Білім алушылар/тәрбиеленушілер үшін энергияны, ақуызды, майды және көмірсуды тұтыну нормалары (тәулігіне)

      1-кесте

Жасы
(жас)

Энергия ккал/тәул.

Ақуыз

Майлар

Көмірсу



барлығы, г.

жалпы калорияға %

г/кг дене массасы

барлығы, г

жалпы калорияға %

барлығы, г

жалпы калорияға %

1-2

1200

30

10,0

2,20

49

37,0

159

53,0

2-3

1400

39

11,0

2,20

50

32,0

200

57,0

4-6

1800

50

11,0

2,08

60

30,0

266

59,0

7-10

2100

63

12,0

2,03

65

28,0

315

60,0

11-14

22450

773

112

1,1,5

777

228

368

60,0

115-18

32700

981

112

1,1,32

984

228

405

60,0

Білім алушылар/тәрбиеленушілер үшін минералды заттарды тұтыну нормалары (тәулігіне)

      2-кесте

Жасы
(жас)

Кальций мг

Фосфор мг

Магний мг

Темір мг

Мырыш мг

Йод микрограмм (бұдан әрі мкг)

Селен мкг

Мыс мкг

Калий Мг.

Натрий г. г

Хлор г

Су литр (бұдан әрі –л.)

1-3 жас

700

400

80

10

5

90

17

350

400

1

0,8

0,6-0,8

4-6 жас

800

500

100

10

5

90

22

450

600

1,2

1,1

0,9-1,3

7-10 жас

1000

800

200

12

8

120

24

700

900

1,2

1,7

1-1,7

10-18 жас

1300

1200

300

18

9

150

40

825

2000

1,5

2,1

1,3-2,3

Білім алушылар/тәрбиеленушілер үшін дәрумендерді тұтыну нормалары (тәулігіне)

      3-кесте

Жасы
(жас)

Майда еритін дәрумендер

Суда еритін дәрумендер


А (РЭ), мкг

D, мкг

Е, (ТЭ) г м

К, мкг

С, мг

тиамин В1, мг

рибофлавин В2, мг

ниацин В3 (НЭ), мг

пиридоксин В6, (мг)

В12, (мкг)

Фолат, (мкг)

пантотен. қышқылы, В5, (мг)

биотин В 7, (мкг)

1-3 жас

400

10

6

30

30

0,5

0,5

6

0,5

0,9

150

2

8

4-6 жас

450

10

7

55

30

0,6

0,6

8

0,6

1,2

200

3

12

7-10 жас

600

10

11

60

45

0,9

0,9

12

1,0

1,8

300

4

20

10-18

800

10

15

75

70

1,2

1,2

16

1,3

2,4

400

5

25

Тамақтану бойынша тәуліктік рациондардың энергетикалық құндылығының ұсынылатын бөлінісі (%- бен)

      4-кесте

Тамақтану

4-реттік тамақтану

5- реттік тамақтану

6-реттік тамақтану

таңғы ас

25

20

25

25

2-таңғы ас

-

15

-

10

түскі ас

40

35

35

30

бесін

15

10

10

10

ккешкі ас

20

20

20

20

2-кешкі ас



10

5

      Ескертпе: Білім беру ұйымдарында бір реттік ыстық тамақтандыруды ұйымдастырған кезде тамақтың калориялығы тәуліктік калориялық норманың 25-30%-ын құрауы тиіс.

Жеке тамақтану бойынша шамамен алынған калориялылығы

      5-кесте

Жас ерекшелік тобы

Таңғы астың, кешкі астың энергетикалық құндылығы, ккал

Түскі астың энергетикалық құндылығы, ккал

Тәуліктік энергия, ккал

1-2

300-360

360-420

1200

2-3

350-420

420-490

1400

4-6

450-540

540-630

1800

7-10

525-630

630-735

2100

11-14

613-735

735-858

2450

15-18

675-810

810-945

2700

Жеке тамақтану бойынша ақуыздың шамамен алынған мөлшері

      6-кесте

Жас ерекшелік тобы

Таңертеңгі асқа, кешкі асқа арналған ақуыз мөлшері, г.

Түскі асқа арналған ақуыздың мөлшері, г.

Ақуыздың тәуліктік талабы, г.

1-2

8-9

9-11

30

2-3

10-12

12-14

39

4-6

13-15

15-18

50

7-10

16-19

19-22

63

11-14

18-22

22-26

73,5

15-18

20-24

24-28

81

Жеке тамақтану бойынша майдың шамамен алынған мөлшері

      7-кесте

Жас ерекшелік тобы

Таңертеңгі асқа, кешкі асқа арналған майдың мөлшері, г.

Түскі асқа арналған майдың мөлшері, г.

Майдың тәуліктік талабы, г.

1-2

12-14

14-17

49

2-3

13-15

15-18

50

4-6

15-18

18-21

60

7-10

16-20

20-23

65

11-14

19-23

23-27

77

15-18

21-25

25-29

84

Жеке тамақтану бойынша көмірсулардың шамамен алынған мөлшері

      8-кесте

Жас ерекшелік тобы

Таңертеңгі асқа, кешкі асқа арналған көмірсудың мөлшері, г.

Түскі асқа арналған көмірсудың мөлшері, г.

Көмірсудың тәуліктік талабы, г.

1-2

40-48

48-56

159

2-3

50-60

60-70

200

4-6

67-80

80-93

266

7-10

79-95

95-110

315

11-14

93-111

111-130

370

15-18

101-122

122-142

405

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 34 Бұйрығына
2-қосымша
Денсаулық сақтау және білім
беру ұйымдарында тамақтану
стандарттарына
11-қосымша

Дайын тамақ өнімдерін кері қайтару және ауыстыру журналы

Күні

Өнім/тағам атауы, көлемі/саны

Сапасыздық, талап етілетін параметрлерге сәйкессіздік фактісін анықтау уақыты

Кері қайтару/ауыстыру себебі

Кері қайтару уақыты

Ауыстыру уақыты

Тамақтануды ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаның қолы

Экспедитордың қолы









  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 34 Бұйрығына
3-қосымша
"Қоғамдық тамақтану
объектілеріне қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Стационарлық қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайларының ауданы Стационарлық қоғамдық тамақтану объектілеріне келушілерге арналған үй-жайлар үлесінің ең аз ауданы, шаршы метр (бұдан әрі - м²)

Қоғамдық тамақтану объектісінің типі және келушілерге арналған үй-жайлардың ауданы

Бір орынға шаққанда үлестіру орны жоқ тамақтанатын залдың ауданы, кемінде

1

2

3

1

Мейрамхана (зал):



1) эстрадасы мен би алаңы бар зал
2) зал
3) темекі өнімдерін тұтынуға арналған үй-жай

2,0
1,8
0,07

2

Бар (зал)

1,8

3

(балалар санаторийлік және сауықтыру ұйымдарының, білім беру және тәрбиелеу объектілерінің асханаларын қоспағанда) ұйымдастырылған ұжымдарға арналған жалпы қолжетімді асханалар (зал)

1,8

4

Дәмхана, шағын дәмханалар, сыра барлары (зал)

1,6

5

Дәмхана-автоматтары, жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектілері және алкогольсіз барлар (зал)

1,2

6

Санаторий, санаторий-профилактикторий, демалыс үйлері (пансионаттар), демалыс базалары, жастар лагерьлері, туристік базалар (зал):



1) (үлестіру желісін қоса алғанда) өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде
2) қызмет көрсету кезінде

1,8
1,4

 
7

Балалар санаторийлік және сауықтыру ұйымдарының асханалары (зал):



1) балаларды сауықтыру ұйымдары
2) балаларға арналған санаторийлік лагерьлер

0,8
1,4

8

Білім беру және тәрбиелеу объектілерінің асханалары (зал):



1) жалпы білім беретін мекемелер, интернат ұйымдары, ТжКБ, ОБК, ЖОО;
2) орта және жоғары жастағы мүгедектігі бар балаларға арналған интернат үйлері

0,8
2,4

9

Қосылмаған басқа да тамақтану объектілері (зал)

сәулет, қала құрылысы және бейінді объектілер құрылысы саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес

      Ескертпе.

      1. Мамандандырылған тамақтану объектілеріндегі залдардың ауданы жобалауға берілген тапсырмалар бойынша қабылданады.

      2. Жалпы қолжетімді асханалар мен дәмханаларда залдың ауданында алаңы 6-12 м2 болатын "бар" көздеуге жол беріледі.

      3. Тамақтану объектілері үшін тамақтану залының ауданы 200 м2 астам, темекі өнімдерін тұтыну үшін үй-жайдың алаңы кемінде 15 м2 көзделеді.

Стационарлық "барлар" үй-жайлары тобының ауданы, м²

Үй-жайлар тобы

Ауданы

8 орынға дейін

Кейінгі орынға

1

Үлестіру бөлмесі бар зал

21

Үлестіру бөлмесі бар зал

2

Өндірістік үй-жай

10

Өндірістік үй-жай

Стационарлық қоғамдық тамақтану объектілерінің ұн өнімдері цехтары үй-жайларының ауданы, м2

Үй-жайлар

Ұн өнімдері цехының үй-жайларының ауданы, м2

1000 өнімге

1000 өнімге арттыру немесе азайту

1

Өнімдер пісіруге арналған үй-жай

22

10

2

Қойма және көп айналымды көлік қаптамасының (ыдысының) жуу үй-жайы

6 (3000 өнімге дейін)

2

Аспаздық дүкендер үй-жайларының ауданы, м2

Үй-жайлар

Залдың сауда ауданының 10 м2 келетін өзіне-өзі қызмет көрсететін аспаздық дүкен үй-жайларының ауданы

Залдың сауда ауданының 40 м2 дейінгі

Залдың сауда ауданының әрбір 10 м2 ұлғаюы, 40 м2 астам

1

Қосалқы үй-жайлар

2

0,8

2

Тамақ өнімін қабылдау және сақтау үшін

1,5

1,45

3

Түскі асты үйге беру аймағы

1,2

0,8

      Ескертпе:

      Мыналарға:

      1. Залының сауда ауданы 130 м2 астам аспаздық дүкендер - тамақтану объектілерінен тыс орналастыруға жол беріледі. Бұл жағдайларда аспаздық дүкен жанынан ауданы 16 м2 болатын тамақ өнімін қабылдау бөлмесі мен сауда залының 10 м2 ауданына 1,4 м2 есебінен қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар көзделеді.

      2. Жобалауға берілген тапсырма бойынша аспаздық дүкен жанынан кафетерийді, тапсырыс бөлімшелерін және түскі асты үйге беру бөлімдерін орналастыруға жол беріледі.

Кафетерий үй-жайларының ауданы, м2

Үй-жайлар

Ауданы, м2

1

Мынадай орынға арналған үлестіру орны бар кафетерий залы:



8

18


12

22


16

28

2

Қосалқы үй-жайлар және жуу бөлмесі

8

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 34 Бұйрығына
4-қосымша
  "Қоғамдық тамақтану
объектілеріне қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
8-қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдар және сәбилер үйлерінде балалардың жас ерекшелігіне байланысты (граммен) порциялардың массасы

      1-кесте

Тамақ ішу

Порция массасы (граммен)


1-2 жас аралығы

3-5 жас аралығы

6 жастағы

1

2

4

5

Таңғы ас

350 - 450

400 - 500

500-550

Түскі ас

400 - 550

550 - 600

600-800

Бесін

200 - 250

250 - 300

300-400

Кешкі ас

350 - 400

400 - 500

450-600

Балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде балалар мен жасөспірімдер үшін жас ерекшелігіне байланысты (граммен) порция массасы

      2-кесте

Тамақ ішу, тағам

Порция массасы (граммен)

6-11 жастағы

12-18 жастағы

1

2

3

Таңғы ас

Ботқа немесе көкөніс тағамы

300

300-400

Кофе (шәй, какао)

200

200

Түскі ас

Салат

60-100

100-150

Сорпа

200-250

205-300

Ет, котлет

80-150

150-180

Гарнир

100-150

150-180

Компот және басқа сусындар

200

200

Бесін

Айран

200

200

Печенье (пісірме)

40/100

40/100

Жемістер

100

100

Кешкі ас

Көкөніс тағамы, ботқа

300

400

Шәй және басқа сусындар

200

200

Күніне нан:



Бидай наны

150

200

Қара бидай наны

100

150

Балаларды сауықтыру объектілерінде күніне бір балаға тамақ өнімдерінің жиынтығы

      3-кесте

Тамақ өнімінің атауы

Тамақ өнімінің мөлшері, граммен (брутто)

1

2

Сүт, сүт қышқылы өнімдері

500

Жартылай майлы сүзбе

40

Қаймақ

10

Ірімшік

10

Ет

160

Балық

60

Диеталық жұмыртқа

1 дана

Қара бидай наны

100

Бидай наны (оның ішінде тоқаштар)

250

Бидай ұны

10

Макарон өнімдері

20

Жарма

45

Бұршақ

10

Қант және кондитерлік өнімдер

70

Картоп ұны

8

Нан пісіретін ашытқылар

2

Сары май

45

Өсімдік майы

15

Картоп

350

Жаңа піскен көкөністер

400

Жаңа піскен жемістер

100

Кептірілген жемістер

15

Табиғи шырындар

200

Шәй

0,2

Какао

1,2

Тұз

6

Дәмдеуіштер

1