"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 ақпанда № 38066 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік архивке беру, архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, архивтік құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды тиісті архивке тұрақты сақтауға тапсыруды:";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық архивтік құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

      Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық архивке беру бойынша шаралар қолданады.

      Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.

      Нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған, нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда нотариустың Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі (бұдан әрі – БНАЖ) кабинеті аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа, сондай-ақ жекеше нотариаттық архивке беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасын аумақтық әділет органының басшысы бекітеді және мемлекеттік архивпен келіседі.

      Жекеше нотариус істер номенклатурасын жекеше нотариаттық архивпен келісім бойынша бекітеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үлгілік істер номенклатурасы істер номенклатурасын дайындаған кезде, оларды архивке өткізу немесе жоюға беру үшін іріктеген жағдайда істердің сақталу мерзімін айқындаған кезде негізгі құжат ретінде пайдалануға арналған.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Істер номенклатурасының данасы жедел сақтаудағы істер үшін есептік құжат ретінде мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше нотариустың архивінде қалады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік архивке тапсыру. Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жекеше нотариус он жыл сақтау мерзімі өткеннен кейін және сақтау үшін жағдай болмаған кезде сақтау кезеңінен кейінгі күнтізбелік жыл ішінде аяқталған және ресімделген істерді жеке нотариаттық архивке сақтауға береді.

      Заңының 12-бабына сәйкес өз қызметін тоқтатқан, сондай-ақ нотариаттық палата мүшелігінен шыққан жекеше нотариус он жұмыс күні ішінде аяқталған және ресімделген істерді басқа жекеше нотариусқа немесе тиісті нотариаттық округтің жекеше нотариаттық архивіне сақтауға береді.

      Аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке сақтауға беру мерзімі екі айдан артық емес мерзімге ұзартылады.";

      39-тармақ мынадай редакциияда жазылсын:

      "39. Жекеше нотариус тұрақты, уақытша (жетпіс бес жыл) сақтау мерзіміндегі аяқталған және ресімделген істерді:

      ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктерді (егер мұндай куәлік нотариаттық кеңседе жасалған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, онда ол мұрагерлік іске тігіледі) жекеше нотариаттық архивке береді.

      Нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік іс жекеше нотариаттық архивке тапсырылмайды.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Заңының 29-1-бабына сәйкес нотариаттық құжаттарды сақтау және сақтауды қамтамасыз ету үшін жекеше нотариаттық архивтер жұмыс істейді.

      Жекеше нотариаттық архивтер аумақтық нотариаттық палаталардың филиалдары болып табылады.

      Жекеше нотариаттық архивте осы Ереженің 39-тармағының 1-бөлігінде көрсетілген құжаттар сақталады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік нотариаттық палата таратылған жағдайда аяқталған және ресімделген істерді аумақтық әділет органы мемлекеттік архивке береді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Бұрын мұраға құқығы туралы куәлікті берген нотариустың лицезиясының күші тоқтатылғанда, нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда және істерді архивке сақтауға тапсырылған кезде мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті мүдделі тұлға жүгінген нотариус береді. Бұл ретте, нотариус архивтен мұрагерлік істің көшірмесін сұратады және аталған құжаттардың негізінде мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті береді.";

      4-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 27 ақпандағы
№ 204 бұйрығына
1-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
4-қосымша
  нысан
  "Бекітемін"
(облыстың немесе қаланың атауы)
Әділет департаментінің
бастығы немесе нотариустың
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
лицензияны берген күні, нөмірі
___________ тегі, аты-жөні қолы
20__ жылғы "__" ___________
___________ № _____________
(күні) (индексі)

      Үлгілік істер номенклатурасы

1. Іс жүргізу, әкімшілік-шаруашылық мәселелер

Істің индексі

Істің (томның, бөліктің) тақырыбы

Істің (томның, бөліктің) саны

Істі (томды, бөлікті) сақтау мерзімі және тізбесі бойынша тармақ нөмірі

Ескертпе

1-1

Статистикалық есептер


үнемі


1-2

Нотариаттық кеңсенің жұмысын тексерудің нәтижелері туралы анықтамалар мен актілер


5 жыл


1-3

Жеке құрамы бойынша бұйрықтар мен басқа да құжаттар


75 жыл


1-4

Әдіжыл органдарымен және нотариаттық палатамен хат алмасу


5 жыл


1-5

Мекемелермен, ұйымдармен және азаматтармен хат алмасу


5 жыл


1-6

Нотариаттық кеңсенің қаржылық және шаруашылық қызметінің құжаттары


5 жыл

Қаржылық шаруашылық қызметті құжаттық тексеру аяқталған жағдайда, даулар, әртүрлі келісулер пайда болған жағдайда, тергеу және сот істері түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сақталады.

1-7

Нотариаттық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі өтініштер және ұсыныстар және оларға жауаптар


5 жыл ЭПК


1-8

Нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасы


үнемі


1-9

Архивке тапсырылған құжаттамалық материалдардың тізбесі


үнемі


1-10

Кіріс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-11

Шығыс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-12

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу


5 жыл


2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау

2-1

Жер учаскелерін иеліктен айыру туралы шарттар


75 жыл


2-2

Тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен айыру және кепілі туралы шарттар (негізінде олар куәландырылған құжаттар)


75 жыл


2-3

Өзге де шарттар


25 жыл


2-4

Нотариаттық куәландырылған өсиетхаттар


75 жыл


2-5

Құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік


75 жыл


2-6

Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік


75 жыл


2-7

Құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы


75 жыл


2-8

Мұрагерлік істер


75 жыл


2-9

Сенімхаттар


олардың ескіру (қолдану) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл


2-10

Келісімдер


25 жыл


2-11

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік (егер ондай куәлік нотариаттық кеңседе ашылған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі)


75 жыл


2-12

Адамның тірі екендігін және белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру туралы, құжатты сақтауға қабылдау туралы


3 жыл


2-13

Құжаттардың көрсетілген уақытын куәландыру жөніндегі құжаттар


3 жыл


2-14

Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың өтініштерін басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға табыстау


3 жыл


2-15

Депозиттік операциялар жасау жөніндегі құжаттар


10 жыл


2-16

Теңіз наразылығы туралы акт


3 жыл


2-17

Дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар


5 жыл


2-18

Заңды тұлғалардың істері (жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, хаттамалардың, бұйрықтардың көшірмелері)


10 жыл


2-19

Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулылар


5 жыл


2-20

Құжаттарды сараптамаға жіберу туралы қаулы


3 жыл


2-21

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер


үнемі

электрондық тасығышта

2-22

Мұралық істерді есепке алу кітабы


75 жыл

электрондық тасығышта

2-23

Өсиеттерді есепке алу кітабы


75 жыл

электрондық тасығышта

2-24

Атқарушылық жазба


3 жыл


2-25





      Ескертпе:

      Парақтардың саны аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палата қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылады.

      Басшы қызметінің атауы __________________________

      Нотариус қолтаңбасының таратып жазылуы

      күні

Келісілді

Келісілді

(облыс немесе қала атауы) Әділет департаменті СТК (СК) хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

Жекеше нотариаттық архивтің СКО хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 27 ақпандағы
№ 204 бұйрығына
2-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
5-қосымша
  нысан

      _________ жылы жасалынған істердің санаты мен саны туралы қорытынды жазба

Сақтау мерзімдері бойынша

Барлығы

Оның ішінде

ауысатын

"СТК" белгісімен

Үнемі




Уақытша (10 жылдан астам)




Уақытша (10 жылға дейінгіні қоса алғанда)




Барлығы:




      Жекеше немесе мемлекеттік нотариустың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      қолы

      күні

      Ұйымның архивіне қорытынды мәліметтер беріледі.

      Мәліметті берген қызметкердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қызметінің атауы.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 27 ақпандағы
№ 204 бұйрығына
3-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
9-қосымша
  нысан

      Тұрақты сақтаудағы істердің тізімдемесі (тізімдеменің беткі парағы) _______________________ жылдардағы

      _______________________________________________________________

      мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы немесе жекеше нотариустың

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), оның лицензиясының күні мен нөмірі

      № ___________________________ қор

      (мемлекеттік архивте толтырылады)

      "Бекітілді"

      СТК хаттамасы __________________________________________________

      (архивтік мекеменің атауы)

      __________________________ № __________________________________

      (күні)

      _______________________________________________________________

      мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы,

      жекеше нотариустың лицензиясының күні мен нөмірі

      № _________________________ тізімдеме

      ____________________________ жылғы тұрақты сақтаудағы істер

Рет

Істер индексі

Істердің (томның, бөліктің) тақырыбы

Істің (томның, бөліктің) соңғы күні

Істерді (томды, бөлікті) сақтау мерзімі

Істер (томдар, бөліктер) саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

      Бұл бөлімге _______________________________________________ істер

      (цифрмен)

      № ____________________ бастап №______________ бойынша енгізілген.

      _______________________________________________________________

      (құраушының қызметі, тегі, аты-жөні)

      ___ жылғы тізімдеменің бөліміне қорытынды жазбаны куәландырамын:

      Қолы __________________________________________________________

      (іс жүргізуге жауаптының қызметі, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      "Келісілді"

      Сараптау комиссиясының төрағасы _____________________ (қолы, күні)