Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қазанда № 37283 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Тізбедегі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-тармағын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 262 бұйрықпен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 558 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 265) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 265) тармақшасына сәйкес аумақтарды ұйымдастыру мен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алуан түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында әзірленді.".

      2. "Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 498) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 498) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртібін белгілейді.".

      3. "Орман тұқымдарын аудандастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-02/110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7581 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 486) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман тұқымдарын аудандастырудағы:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы орман тұқымдарын аудандастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 486) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

      4. "Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 161) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаcында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 161) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектеп орманшылығын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.".

      5. "Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №25-02/176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 160) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 160) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.".

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 191) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 191) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 191) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін айқындайды.".

      7. "Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 189) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидаcында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді (бұдан әрі - түгендеу) жүргізу тәртібін айқындайды.".

      8. "Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №18-02/681 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 73-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 206) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орман кодексі (бұдан әрі – Орман кодексі) 73-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 206) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін айқындайды.".

      9. "Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10360 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 212) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 212) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу тәртібін айқындайды.".

      10. "Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидаларында:

      3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, белгіленген қуаты қоса алғанда 100 МВт-қа дейінгі гидроэлектр станцияларын, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салуға;";

      3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады.".

      11. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртiбiн айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi.".

      12. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10693 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 187) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 187) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау тәртібін айқындайды.".

      13. "Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 мамырда № 18-1/451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11589 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 194) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      14. "Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 200) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 200) тармақшасына сәйкес әзірленген және өзге санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру тәртібін айқындайды.";

      6-тармағының:

      екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексі (бұдан әрі – Орман кодексі) 6-бабының 4-тармағында көрсетілген екпелер орналасқан, жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері олардың өтініші бойынша орман қорының жеке жерлеріне ауыстырылуы мүмкін.".

      15. "Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасы міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 17-1/249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15806 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 499) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      16. "Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 142) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 142) тармақшасына сәйкес әзірленген және карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес тәртібін айқындайды.";

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аса қауіпті зиянкестер мен орман ауруларына (карантиндік түрлерден басқа) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік орман қоры учаскелерінде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 110-бабына сәйкес жүзеге асырылады.".

      17. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 203) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларында:

      2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - орман мекемесі) – Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 4-бабы 57-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме".