Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20327 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-51) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кең таралған пайдалы қазбалар - құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар.

      Кең таралған пайдалы қатты қазбаларға мыналар: мәрмәрлар, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстары, граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабаздар, базальттар, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар, ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастар, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспалар, құмдар және құмдауықтар, саздақ және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепелдер, опокалар, диатомиттер), табиғи пигменттер, торфтар, емдік балшықтар жатады;

      2) Қазақстан Республикасының орман қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының қажеттігіне арналған орман қоры жерлерi.

      Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.

      Мемлекеттiк орман қорына:

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;

      табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;

      халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады;

      3) орман дақылдары - орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;

      4) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - орман мекемесі) - Кодекстің 4-бабы 57-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;

      5) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      6) өтініш беруші - мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 № 143 (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Өтініш беруші мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттардың көшірмесін жолдайды:

      1) орман мекемесінің жазбаша келісімі;

      2) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;

      3) сұралып отырған жер учаскесінің шекаралары көрсетілген орман орналастыру жобасынан масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмесі;

      4) қарауына орман мекемесі жататын мемлекеттік органның жазбаша келісімі;

      5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;

      6) II, III және IV санаттардағы объектіге арналған құрылыс жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына сәйкес экологиялық сараптама;

      7) уран және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде:

      уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия;

      тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы.

      мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік (кесілетін тұқымдарға ұқсас) отырғызуды және орман көмкерген алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге орман мекемесімен шарт жобасы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу нәтижелері туралы дәлелді жауап ұсынады.

      Уәкілетті орган құжаттарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші құжаттарды пысықтағаннан кейін оларды уәкілетті органға қайта жібереді.

      6. Өтініш беруші уәкілетті органның келісімін алған жағдайда құжаттарды орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың жергілікті атқарушы органына жібереді.

      7. Облыстың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін беру туралы шешім қабылдайды.

      Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi, шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері, өтемдік орман екпелерін отырғызудың орындары көрсетiледi.

      8. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстар мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық немесе экологиялық сараптамадан өткен жұмыс жобаларына сәйкес жүргізіледі.

      9. Өтемдік орман екпелерін отырғызу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген) Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      10. Екпелерді кесу қажеттілігі туындаған жағдайда кесуді аумағынан орман қорының жер учаскелері берілетін орман иеленуші жүргізеді, алынған сүрек орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.

      Екпелерді кесу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88741 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Орман дақылдары бар болған кезде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіруді қоспағанда, шығындардың орнын толтыру есептемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 203 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 132287 болып тіркелген) Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

  Мемлекеттік орман қорында
орман шаруашылығын жүргізуге
және орман пайдалануға
байланысты емес жұмыстарды
жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан

Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт

      Қазақстан Республикасы _________________________________ облысы

      __________________ ауданы ________ жылғы __________ айының ______ күні.

      Орман мекемесінің өкілі _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) бір тараптан және eкінші тараптан ереже (жарғы)

      негізінде әрекет ететін мемлекеттік органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі -

      өтініш беруші) ___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      төмендегілер туралы осы актіні жасады:______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе мемлекеттік органның немесе заңды

      тұлғаның атауы) келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде тексеру

      жүргізілді.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды:

      1. Учаске __________________________________________________________________

      (орман мекемесінің атауы)

      ___________ орманшылығының __________________ орамында орналасқан.

      2. Тексерілген учаскеде _____________ гектар алаң бар, оның ішінде:

      орман, орман көмкерген _________ гектар,

      орман, орман көмкермеген _______ гектар,

      оның ішінде орман екпелері ________ гектар,

      алқаптар _________ гектар,

      шабындықтар ___________ гектар,

      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар,

      жайылымдар _______ гектар,

      жолдар ___________ гектар,

      басқа жерлер ______ гектар.

      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын














































      4. Орман қорының санаты____________________________________________________

      5. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері ________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай геологиялық-жер

      сипаттамасы бар:_________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Бұдан бұрын орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты

      емес жұмыстарды жүргізуге берілген жер учаскелерінің болуы және орналасуы:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген ұйымның атауы көрсетілсін)

      8. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану мақсаттары, бұдан бұрын

      белгіленген нысаналы мақсатымен пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы

      негіздеме, балама нұсқалардың жоқтығы:_____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. Әкімшілік ауданның ормандануы ___________________________________________

      10. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:

      а) беру мерзімі _____________________________________________________________

      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері_________________

      в) учаскені алушының міндеттемесі ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Акт жасау кезінде мынадай ескертпелер мен ұсыныстар жасалды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қолдары:

      Орман мекемесінің өкілі: ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Өтініш беруші: _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Орман мекемесінің басшысы _________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)