"Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 қыркүйекте № 36897 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"; көрсетілген бұйрықпен бекітілген су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мыналарға жол берілмейді:

      1) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 91-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес су тарту құрылысжайларын балық қорғау және (немесе) балық өткізу құрылғыларынсыз пайдалануға енгізу;

      2) БҚҚ-сыз, сондай-ақ Заңның 14-бабы 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес осы Талаптарға сәйкес келмейтін су тарту және ағызу құрылыстарын пайдалану.".

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 273-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес теңізден су тартуға БҚҚ жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғыларды орната отырып, су тарту құрылысжайларын БҚҚ-мен жарақтандырған кезде ғана жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі