БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 780 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігі (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 11-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларының 2-тармағында көрсетілген адамдардың жекелеген санаттарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін медициналық қарап-тексеру тәртібін анықтайды.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне скринингтік зерттеулер тұрғылықты жері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) бекітілген Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларына, көлеміне және кезеңділігіне сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.
5. ІІО медициналық ұйымдары жыл сайын ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының, Ұлттық ұланның кадр қызметтерінен (бұдан әрі – кадр қызметтері) бөліністер бойынша қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің: қызметкердің (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы, атқаратын лауазымы (отбасы мүшелерінің жұмыс орны), арнайы (әскери) атағы, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетілген тізімін сұратады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Дәрігер-мамандар медициналық қарап-тексеру деректерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарына сәйкес амбулаториялық науқастың медициналық картасына енгізеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) бекітілген.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы және еселігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) бекітілген Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
21. Динамикалық бақылау көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21698 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесіне сәйкес есептеледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі