"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1410 болып тіркелген);
2) "Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 "Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы № 22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1691 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М.Отыншиев |