"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына және "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 шілдеде № 34775 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.06.2026 № 321 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.

      2. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде іске асыру кезінде "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерде техникалық және авторлық қадағалаулардың, сондай-ақ мердігердің (мердігерлердің) атқарушылық құжаттаманы электрондық нысанда жүргізуін және толтырылуын қамтамасыз етеді;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде іске асыру кезінде мердігерден (бас мердігерден) объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама және қағаз жеткізгіште және (немесе) АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық құжаттама жиынтығын алған тапсырыс беруші Заңның 11-тарауына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады:

      1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;

      2) сынақтан өткізу және қабылдау кезінде объектінің пайдалану режимін анықтайды;

      3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;

      4) мердігерден, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан қол қойылған, "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және сәйкестік туралы декларацияны сұратады;

      5) сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды негізінде Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде мердігермен, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдармен бірге қағаз жеткізгіште және (немесе) АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық техникалық құжаттаманы болуы және жинақтылығы (оның ішінде инженерлік-геодезиялық іздестірулер (атқарушылық түсірілім)) мәніне тексереді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша объектіні тексереді және пайдалануға қабылдайды.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды Заңның 74-бабында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында көзделген жағдайларда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) өздігінен жүргiзедi.

      6) бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.

      Объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы авторлық және (немесе) техникалық қадағалау қорытындысын алған кезде тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту үшін жүгінеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды;

      7) объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітеді.

      Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

      Объектіні пайдалануға берген күннен бастап объектіні күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды тапсырыс беруші көтереді;

      8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" акционерлік қоғамына объектінің техникалық сипаттамаларын және осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар

      агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.06.2026 № 321 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.