ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2020 жылғы 11 қыркүйегі № 465 бұйрығымен бекітілген |
"Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе операторы (бұдан әрі – АЖ операторы) – "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін порталмен интеграцияланған "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйені жүргізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған;
3) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі – Портал) – құрылыс қызметі процесінде туындайтын ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған ақпараттық жүйе;
4) жеке кабинет – "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталдың және (немесе) ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі, ол "бір терезе" және (немесе) ақпараттық жүйе қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды пайдаланушыға ақпаратты жүктеуге, құрылыстың жай-күйі мен статистикалық ақпараты туралы деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
5) Портал операторы – порталды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) Порталды пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – Порталда тіркелген, оның ресурстары мен компоненттерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
7) электрондық құжат – ақпарат электрондық–цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭҚА) арқылы куәландырылған құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.12.2022 № 762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Портал қорғалуы құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік шифрлау құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың өзге де құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылатын, мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерге жатпайды.
2-тарау. Порталды жүргізу тәртібі
4. Құрылыспен байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандыру мақсатында Портал:
1) Пайдаланушыларды тіркеуді;
2) электрондық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;
3) объектінің құрылысына барлық қатысушылардың сақтауы үшін міндетті, жаңа объектілерді салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу кезінде құрылыс өндірісін ұйымдастыруға Пайдаланушыларға мәліметтер мен электрондық құжаттарды беруді;
4) Пайдаланушыға құрылыс процестері туралы ақпарат беруді, сондай-ақ оларды одан әрі сақтауды;
5) интеграцияланған интернет-ресурстармен және АЖ-мен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
1-параграф. Портал пайдаланушысын тіркеу
5. Порталға кіру "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.
6. Порталда тіркелу үшін Пайдаланушы мынадай әрекеттерді орындайды:
1) Порталда орналастырылған тіркеу нысанын қосымшаларымен бірге толтырады:
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ банк деректемелерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ банк деректемелерін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
2) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Порталды пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қояды.
Портал операторы Пайдаланушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны растайды не Пайдаланушыны тіркеуден бас тартады.
7. Бұрын тіркелген Портал пайдаланушыларының тізімінде жүгінген пайдаланушының болуы тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
8. Электрондық өтінімдерді беру үшін Портал операторы Пайдаланушыға жеке кабинетті және Порталмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты ұсынады.
2-параграф. Портал пайдаланушыларының ақпаратты жүктеуі және толтыруы
9. Пайдаланушы Порталда тіркелген күннен бастап және объектіні пайдалануға бергенге дейін жеке кабинет арқылы жаңа құрылыс, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктейді.
10. Порталға жүктелген және (немесе) толтырылған электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардың электрондық көшірмелері осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның ЭҚА-сымен куәландырылуға жатады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.12.2022 № 762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Құрылыс процесінің барысы туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы Портал Пайдаланушысы қол қойған электрондық құжаттарды Порталдың бір пайдаланушысы Порталдың басқа пайдаланушысының жеке кабинетіне жібере алады.
12. Порталда орналастырылған және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелері оларды Порталда сақтау мерзімі ішінде жойылуға, өзгертуге немесе ауыстыруға жатпайды.
13. Құрылысты жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат, оның ішінде Порталға немесе оның Пайдаланушылары АЖ ұсынған тиісті электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелері объектіні пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде сақталады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.12.2022 № 762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібі
14. Жеке немесе заңды тұлға әзірлеген АЖ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Порталдың техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Ақпараттық жүйелерді Порталмен интеграциялау үшін Портал операторымен келісім жасасу қажет.
АЖ операторы Порталды пайдалану тәртібі туралы келісімдердің талаптарына сәйкес Порталмен интеграциялауға техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Портал операторына ақы төлейді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.12.2022 № 762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Бір және одан да көп ақпараттық жүйелер:
1) электрондық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;
2) Порталға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Порталды пайдаланушы қол қойған құрылыс барысы туралы мәліметтерді, атқарушылық-техникалық құжаттардың жобаларын беруді;
3) интеграцияланған интернет-ресурстармен және басқа да ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
16. Ақпараттық жүйелердің операторлары мынадай іс-шараларды орындайды:
1) АЖ техникалық қызмет көрсетуді, сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес АЖ жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
3) АЖ пайдаланушыларына олармен жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес техникалық қолдау көрсетеді;
4) құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан АЖ пайдаланушыларының іс-қимылдарын бақылауды және мониторингілеуді жүзеге асыру мақсатында АЖ-ге қол жеткізуді ұсынады.