"Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 237 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 50 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 28 маусымда № 34657 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12678 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулер нәтижелері;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

      4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.";

      13-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13-1. Бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі 100 тәуекел дәрежесі көрсеткішіне теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызуға негіз болып табылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде;

      2) орташа тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде;

      3) төмен тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған кезде.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Жедел ден қою шаралары

      20. "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-2-бабының 3-тармағына сәйкес жедел әрекет ету шаралары мынадай түрлерді қамтиды:

      1) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тоқтата тұру;

      2) атом энергиясын пайдалану немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері саласында өнім өндіру, аспаптар мен қондырғылар дайындау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметіне тыйым салу;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға және қолдануға арналған өнімдерді, аспаптар мен қондырғыларды әкелуге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

      4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттету.

      21. Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесі осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парақтарында келтірілген.

      22. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін 12 айға дейінгі мерзіммен тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын субъектілерге қатысты тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 15, 18 және 19-тармақтары;

      осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 15, 18 және 19-тармақтары талаптарының бұзылуы негіз болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін 6 айға дейінгі мерзіммен тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын субъектілерге қатысты тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 52, 54 және 101-тармақтары;

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге және изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін субъектілерге қатысты тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 10, 21, 22, 45 және 66-тармақтары;

      осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 50, 52 және 99-тармақтары;

      осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге, изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 10, 21, 22, 44 және 65-тармақтары талаптарының бұзылуы негіз болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін 3 айға дейінгі мерзіммен тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын субъектілерге қатысты тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 28, 44 және 49-тармақтары;

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге және изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін субъектілерге қатысты тексеру жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 9-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 28, 42 және 47-тармақтары;

      осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге, изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 9-тармағы талаптарының бұзылуы негіз болып табылады.

      Өнім өндіру, аспаптар мен қондырғылар дайындау, қызметтер көрсету, атом энергиясын пайдалану немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері саласындағы жұмыстарды орындау бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметіне тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге және изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін субъектілерге қатысты тексеру жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 19-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес рентгендік спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған рентген жабдығымен, адамды жеке-дара жете тексеруге арналған рентген жабдығымен, зарядталған бөлшектерді медициналық үдеткіштермен, жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғыларымен, медициналық рентгендік дентальдық жабдықпен, медициналық рентгендік маммографиялық қондырғылармен, медициналық рентгендік ангиографиялық жабдықпен, медициналық компьютерлік рентгендік томографтармен, медициналық рентгендік терапиялық жабдықпен, медициналық рентгендік симуляторлармен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау қызметін жүзеге асыратын субъектілерге, жүргізілген ядролық жарылыстар нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарында және басқа да аумақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілерге, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты тексеру жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 7-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге және изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 19-тармағы талаптарының бұзылуы негіз болып табылады.

      Адамдарды 6 айға дейінгі мерзімге жұмыстан уақытша шеттету түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге және изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 30-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес рентгендік спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған рентген жабдығымен, адамды жеке-дара жете тексеруге арналған рентген жабдығымен, зарядталған бөлшектерді медициналық үдеткіштермен, жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғыларымен, медициналық рентгендік дентальдық жабдықпен, медициналық рентгендік маммографиялық қондырғылармен, медициналық рентгендік ангиографиялық жабдықпен, медициналық компьютерлік рентгендік томографтармен, медициналық рентгендік терапиялық жабдықпен, медициналық рентгендік симуляторлармен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау қызметін жүзеге асыратын субъектілерге, жүргізілген ядролық жарылыстар нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарында және басқа да аумақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілерге, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты тексеру жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 13-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес табиғи уран өндіру және өңдеу қондырғыларын, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, радионуклидті көздерді сақтау пункттерін, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін, пайдаланылып болған радионуклидті көздерді көму пункттерін пайдаланатын субъектілерге және изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиофармпрепараттармен, нейтрон генераторларымен, құрамында уран бар заттармен, құрамында торий бар заттармен, табиғи уранның қайта өңделген өнімдерімен, активтілігі көрсетілген жабық радионуклидті көздермен, активтілігі жоғары, орташа және төмен радиоактивті қалдықтармен, радиоизотоптық спектрометрлермен, талдағыштармен, датчиктермен, өлшеуіштермен, стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптармен, көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптармен, қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольттан жоғары электрондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклонға дейін иондарды үдеткіштермен, энергиясы 2 мегаэлектроновольт/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштермен, медициналық гамма-терапиялық қондырғылармен, медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдықтармен, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдаумен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеумен, стационарлық рентгендік дефектоскоптармен, көшпелі рентгендік дефектоскоптармен, энергиясы 10 мегаэлектроновольтқа дейін электрондарды үдеткіштермен қызметін жүзеге асыратын және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсететін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 30-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын субъектілерге қатысты тексеру жүргізу үшін атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 51-тармағы;

      осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағының 49-тармағы талаптарының бұзылуы негіз болып табылады.";

      6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7 және 8-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген ісшаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
__________Н. Байбазаров
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
__________С. Есимханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 50 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 237
Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Атом энергиясын пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
6-қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (жиынтығында 100 баллдан аспауы тиіс), wi

Шарттар/мәндер, xi

1-шарт/мән

2-шарт/мән

3-шарт/мән

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес ақпарат пен есептілікті ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы және нұсқамадағы талаптарды орындамауы

Бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижесі

80

Есеп ұсынылды

Есеп уақтылы ұсынылмайды

Есеп ұсынылмаған

0%

50%

100%

0%

50%

100%

2

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижесі

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері

20

Бұзушылықтар жоқ

Бұзушылықтар бар


0%

100%


Талаптарға сәйкестігіне тексеру үшін

1

Лицензиат қайта тіркелген жағдайда лицензияны қайта ресімдемеу фактісі

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

20

Факт жоқ

Факт бар


0%

100%


2

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияның болуы

20

Лицензия бар

Лицензия жоқ


0%

100%


3

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес ақпарат пен есептілікті ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы және нұсқамадағы талаптарды орындамауы

Бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижесі

50

Есеп ұсынылды

Есеп уақтылы ұсынылмайды

Есеп ұсынылмаған

0%

50%

100%

4

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері

10

Бұзушылықтар жоқ

Бұзушылықтар бар


0%

100%