"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 7 наурыздағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 наурызда № 34146 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясының қызметін қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9609 болыптіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын, сондай-ақ кәсіби бірлестіктермен өзінің іс-қимылы туралы есепті ұсыну үлгісін және мерзімділігін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) кәсіби бірлестіктермен өзінің іс-қимылы туралы есепті ұсыну үлгісі және мерзімділігі.";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын ақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 7 наурыздағы
№ 217 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
4-қосымша

Кәсіби бірлестіктермен өзінің іс-қимылы туралы есепті ұсыну үлгісі және мерзімділігі

Р/с №

Атауы

6 айда

12 айда

1

Кандидаттардың оқытушыға, өндірістік оқыту шеберлеріне және жүргізуді оқыту шеберлеріне өткізілген аттестациялардың саны (жалпы саны)



2

Кандидаттардың оқытушыға аттестациядан өткен адамдардың деректері



3

Кандидаттардың өндірістік оқыту шеберіне аттестациядан өткен адамдардың деректері



4

Кандидаттардың жүргізуді оқыту шеберіне аттестациядан өткен адамдардың деректері



      Ескертпе:

      Кәсіби бірлестіктер жылына екі рет айдың 10 күніне дейін (келесі айдың есепті кезеңімен бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін және жылдың қорытындысы бойынша 10 қаңтарына дейін) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттеріне көрсетілген кестеге сәйкес жолдайды.