"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 наурызда № 34121 болып тіркелді

      "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары".

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".

      Премьер-Министр О. Бектенов