Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32988 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5)-тармақшасының жиырма бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 283 бұйрығына
қосымша

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабының 5) тармақшасының жиырма біріншы абзацқа және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес санаторий – курорттық емдеу беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген сома шегінде құнын өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру обьектісі;

      2) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      3) санаторийлік-курорттық емделу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі.

      4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген АОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар адамның санаторий-курорттық емделу қажеттілігін бағалау санаторий-курорттық емделудің алдында санаторий-курорттық картаны толтыру кезінде медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып айқындалады.

      4. Санаторийлік-курорттық емделу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсынуға берілген өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.

      5. Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамның атынан санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

      4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір).

      Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде өтініш беру талап етілмейді.

      "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.

      "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емделуге алып жүретін заңды өкілінің санаторийлік-курорттық ұйымында болуына құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.

      6. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кезегінің электрондық журналына (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) олардың түсу ретіне қарай тіркейді.

      7. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      8. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес жұмыс берушінің есебінен беріледі (Ерекше бөлім).

      9. Жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емделу Кодекстің 160-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.

2-тарау. "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      10. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішпен және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

      11. Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

      Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар санаторийлік-курорттық ем алуға өтініш берген кезде:

      1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

      2) оның кінәсінан жұмыста еңбек жарақаты алынған немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері сәйкестендірілгеннен кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе Қағидалардың 12-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      12. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге:

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

      13. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді. Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы өтініш берушінің абоненттік нөміріне смс-хабарлама беру арқылы хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқармалардың және жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      16. Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалары, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.

      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қаңтарда № 31679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 4 бұйрық) бекітілген тәртіпте "Электрондық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесінде (бұдан әрі – "Электрондық жолданымдар" АТЖ) тіркеуге жатады.

      Шағымды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

      Шағымды тіркеу ӘРПК 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.

      "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркегеннен кейін әрбір шығым бойынша арыз иесіне күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, № 4 бұйрықпен бекітілген нысанда талон беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, егер шағым үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің бөлімшесіне келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші Мемлекеттік қызметі көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

2-параграф. "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      17. Кодекстің 12-бабы 5-тармақшасының жиырма екінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын АОЖБ "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін АОЖБ-ның деректері автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі және мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) абоненттік нөміріне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберуге бастамашылық жасалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін алған кезде осы қызметтерді ұсынуға оған құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      Проактивті қызмет арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

      Келісім түскен күннен бастап қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      19. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігі көрсетіле отырып, санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып смс-хабарлама жіберіледі.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін алған кезде қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-Собес" ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыны санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу жөнінде қабылданған шешім туралы абоненттік нөмірге смс-хабарлама арқылы хабардар етеді.

      22. Көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген смс-хабарлама Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырмасыншы абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қағидаларында белгіленген нысан бойынша смс-хабарламалар электрондық журналында тіркеледі.

      23. Проактивті қызмет арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салулар "Е-Собес" ААЖ-дан автоматты түрде жүзеге асырылады.

3-параграф. Веб-портал арқылы "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      24. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішті Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жолдайды.

      Өтінішті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы берген кезде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.

      Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      25. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің веб-порталдағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жібереді.

      26. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      27. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      28. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну тәртібі

      29. Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну портал немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

      30. Санаторийлік-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.

      31. Кодекстің 168-бабының 4-тармағына сәйкес мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің (бұдан әрі – алып жүруші) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар.

      32. Санаторийлік-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектігі бар адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар баланы жол жүруші шығыстарын төлеу алып жүрушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      33. Санаторийлік-курорттық ұйымға келген кезде санаторийлік-курорттық емделу қызметтерін берушіге (бұдан әрі – өнім беруші):

      1) мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың құжаттары:

      жеке басты куәландыратын құжат;

      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық карта (бұдан әрі – санаторийлік-курорттық карта);

      санаторийлік-курорттық емделуді портал арқылы ұсынған кезде –Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіден порталда алынған төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама (бұдан әрі – төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама) ұсынады.

      2) алып жүрушінің құжаттары:

      жеке басты куәландыратын құжатты;

      заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты:

      егер санаторийлік-курорттық емдеуден өту жоспарланбаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша инфекциялық пациенттермен байланыстың болмауы туралы эпидемиологтың анықтамасын;

      санаторийлік-курорттық емдеуден өтуді жоспарлау жағдайында санаторийлік-курорттық картаны ұсынады.

      34. Егер ілесіп жүретін адам болса, мүгедектігі бар баланың (мүгедектігі бар баларлардың) санаторийлік-курорттық ұйымына кіруі және шығуы тек алып жүрушімен жүзеге асырылады.

      Алып жүруші мүгедектігі бар баланың (мүгедектігі бар баларлардың) және алып жүрушінің (-лер) жынысын ескере отырып, екі орынды бөлмеде немесе бір бөлмеде болуын өнім беруші қамтамасыз етеді.

1-параграф. Санаторийлік-курорттық емделуді портал арқылы ұсыну тәртібі

      35. "Е-Собес" ААЖ-да тіркелгеннен кейін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделуді ұсынуға арналған өтініш мүгедектігі бар адамның АОЖБ деректері кезектілік тәртібімен "Е-Собес" ААЖ-дан порталға беріледі.

      Мобильді азаматтар базасында өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, оның абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және өнім берушіні таңдау қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      36. Порталда өнім берушіні таңдауды өтініш беруші АОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

      37. Өтініш берушінің интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде, өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның, халықты жұмыспен қамту орталығының, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.

      38. Өтініш беруші өнім берушіні таңдамаған кезде АОЖБ деректері порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушінің абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан келесі ай ішінде порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      39. АОЖБ деректерін порталға берген күннен бастап екі ай өткен соң өтініш берушіде порталда өнім берушіні таңдау мүмкіндігі бұғатталады және өтініш берушінің абоненттік нөміріне себебін көрсете отырып, өнім берушіні таңдау мүмкіндігін бұғаттау туралы смс-хабарлама жіберіледі. Порталда өнім берушіні таңдауды жаңарту үшін өтініш беруші порталдағы жеке кабинетте "өнім берушіні таңдауды жандандыру" батырмасын басады. Өнім берушіні таңдауды жандандыру туралы мәліметтер порталдан "Е-Собес" ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін өтініш беруші "Е-Собес" ААЖ-дағы кезектілікті ескере отырып, өнім берушіні порталда таңдайды.

      40. Кодекстің 167-бабына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін көрсететін өнім берушіні таңдауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші порталда авторизацияланады, ЭЦҚ арқылы жария шартқа қол қояды.

      41. Өтініш беруші бір мезгілде кодекстің 12-бабы 5-тармақшасының жиырма үшінші абзацына (бұдан әрі-өтеу қағидалары) сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедек адамдарға мемлекеттік бюджет қаражатынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу қағидаларында белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған өнім берушіге кепілді соманы өтеуге арналған өтінішке (бұдан әрі-өтеу қағидалары), санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға тапсырысты ресімдейді және жеткізушіге жібереді

      Өнім берушіні таңдау кезінде өтініш беруші мүгедектігі бар баланы алып жүруді растайды немесе бас тартады.

      42. Өнім беруші тапсырыс түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде порталда қарайды және "пайдаланушының жеке кабинетіне" өнім берушінің ЭЦҚ қойылған төсек-орынның бар екенін растау туралы хабарламаны немесе төмендегі бас тарту себебін көрсете отырып, санаторийлік-курорттық емделуді ұсынудан бас тарту туралы хабарламаны жібереді:

      осы төсек-орынға бір мезгілде екі және одан да көп өтінім рәсімделген;

      санаторийлік-курорттық ұйым Әлеуметтік қызметтер порталындағы өнім берушілер тізілімінен алып тастау сатысында және өз міндеттемелерін орындай алмайды;

      мүгедектігі бар адам санаторий контингентіне жатпайды;

      санаторийлік-курорттық ұйым тек балалар контингентіне қызмет көрсетеді (алып жүруші болған жағдайда);

      мүгедектігі бар баланың және алып жүрүшінің жынысы сәйкес келмеген жағдайда екі орынды бөлмелердің болмауы;

      форс-мажорлық жағдайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).

      43. Өнім беруші порталда мынадай деректерді енгізеді:

      мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келу күні мен уақыты және оның кетуі туралы;

      мүгедектігі бар адамның тапсырыста көрсетілген мерзімдерде санаторийлік-курорттық ұйымға келмеуі туралы;

      мүгедектігі бар адам санаторийлік-курорттық ұйымға келгеннен кейін мүгедектігі бар адам міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі.

      "Е-Собес" ААЖ-да АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.

      44. Өтініш берушінің өнім беруші қабылдаған тапсырысты жоюы санаторийлік-курорттық ұйымға келген күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, өнім берушіге порталдағы жеке кабинет арқылы ЭЦҚ қойылған төсек-орын тапсырысының күшін жою туралы хабарлама жіберу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте, өтініш беруші бір ай ішінде порталда басқа өнім берушіні таңдайды.

      44-1. Мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келуі порталда бір реттік парольмен немесе GPS (Global Positioning System) орналасқан жері туралы ақпаратпен тіркеледі.

      Ескерту. Қағидалар 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44-2. Өнім берушінің кабинетінде осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық ұйымға келудің электрондық журналы қалыптастырылады.

      Ескерту. Қағидалар 44-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Егер мүгедектігі бар адам өнім берушіні төсек-орын тапсырысының күшін жою туралы хабарламай санаторийлік-курорттық ұйымға келу күні бармай қалса, басқа өнім берушіні таңдау үшін порталға жіберу "Е-Собес" ААЖ-ға жалпы кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

      46. Өнім беруші мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш берушінің жеке кабинетіне тапсырыстың күшін жою туралы ЭЦҚ қойылған хабарламаны жіберу арқылы тапсырыстың қабылданғаны расталғаннан кейін оған қызмет көрсетуден бас тартады, онда мынадай себептердің бірі көрсетіледі:

      өнім беруші Өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) алып тастауға өтініш берді;

      Қағидалардың 33-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;

      жынысы бойынша өтінімдегі деректердің сәйкес келмеуі;

      форс-мажорлық жағдайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).

2-параграф. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну тәртібі

      47. Санаторийлік-курорттық емделуді сатып алу Кодекстің 169-бабында көзделген әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік қызметтер порталында көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының.

      48. Санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз ету санаторийлік-курорттық жолдама (бұдан әрі – жолдама) беру арқылы жүзеге асырылады.

      49. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдамалар беру журналын (бұдан әрі – журнал) жүргізеді.

      Жолдаманы қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініште көрсетілген өтініш берушінің қолына береді.

      50. Жолдаманы белгілі бір себептермен (қайтыс болуы, науқастануы және қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі дәлелді деп таныған себептермен) пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, ол санаторийлік-курорттық ұйымға келген күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне қайтарылуға және кезектілік тәртібімен басқа адамға берілуге тиіс.

      Жолдаманың қайтарылуы журналда тіркеледі.

      Жолдаманы қайтарған мүгедектігі бар адамға жолдамалар болған кезде басқа кезеңге кіру ұсынылады.

      51. Жолдама пайдаланылмаған немесе жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілген кезде мүгедектігі бар адам "Е-Собес" ААЖ-да жалпы кезектілік тәртібімен санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

3-параграф. Санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеу тәртібі

      52. Санаторийлік-курорттық емделу үшін кепілдендірілген соманы өтеу Өтеу қағидалары бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      53. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделу ұсынылған кезде ақы төлеу "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін қоса бере отырып, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну ведомосының негізінде жүргізіледі.

      54. Бір мезгілде санаторийлік-курорттық емделуге мүгедектігі бар бір және одан да көп баланы алып жүрушіге жергілікті атқарушы органдардың санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеуі санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге қатысты берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшелерінде бір рет жүзеге асырылады.

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық
емделуді ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

      1. Жіті немесе асқыну сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы және (немесе) жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емделуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.

      2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.

      3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.

      4. Қатерлі жаңа өскіндер.

      5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.

      6. Нашақорлықтың және созылмалы алкоголизмнің барлық түрі. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстар (аурулар) (бұдан әрі – ПМБ), ұзақ мерзімді дәрілік емес ремиссия кезінде, психикалық симптомдардың өршуінсіз, әлеуметтік қауіпті әрекеттерге бейім емес, жағдайы тұрақтанған, динамикалық психиатриялық бақылаудың 2В тобындағы ПМБ балаларды қоспағанда, ДКК немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр дәрігерінің қорытындысы бар.

      7. Эпилепсия:

      ұстамалармен (фокальды, жалпыланған), оның ішінде жүргізілетін емдеуге төзімді;

      ақыл-ой кемістігі, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы.

      Әр түрлі генездің эпилепсиялық синдромдары

      8. Синкопалдық жай-күйі.

      9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.

      10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.

      11. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторийлік-курорттық емделуге жіберу сәтінде).

      12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).

      13. 3-дәрежелі дистрофия.

      14. Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі, III дәрежелі және одан жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі.

      15. Елеулі улану кезінде әртүрлі іріңді (өкпе) аурулар.

      16. Декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалар), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі.

      17. Терінің іріңді аурулары, терінің инфекцияның аурулары (қышыма, микоз аурулары және басқалар).

      18. 2-3-дәрежелі анемия.

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Жергілікті атқарушы
органның басшысы
___________________________
___________________________

Санаторийлік-курорттық емделуді ұсынуға өтініш

      Тегі ______________________________________________________________

      Аты ______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

      Туған күні _________________________________________________________

      Мүгедектігі ________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат түрі ________________________________

      Құжаттың нөмірі: __________________ кім берген: ______________________

      Берілген күні: "___" _______ _______ жылы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:

      __________________________________________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы (тіркелген):

      Облыс ____________________________________________________________

      қала (аудан) ________________________ ауыл:

      __________________________________________________________________

      көше (шағынаудан) _______ ____________ -үй _____ -пәтер ______________

      Телефон ________________________________________

      Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін:

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес

      мүгедектігі бар адамға;

      мүгедектігі бар балаға;

      сүйемелдеуімен жүретін мүгедектігі бар балаға

      (керегін белгілеу)

      Әлеуметтік қызметтер порталы;

      Мемлекеттік сатып алу арқылы құжаттар қабылдауды сұраймын.

      (керегінің белгілеу)

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе





















      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ____ жылғы "___" __________ .

      _______________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      _______________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20 _____ жылғы "__" __________.

      - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

      қию сызығы

      Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.

      Өтініш қабылданған күн "____" ____________ 20 ____ жыл.

      __________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша

"Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір) – проактивті қызмет);
4) www.​egov.​kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсету кезінде – келісім түскен күннен бастап – бес жұмыс күні; веб-портал арқылы жүгінген кезде - бес жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешім туралы өтініш берушінің абоненттік нөміріне смс-хабарлама беру арқылы хабарлайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады;
2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделуді ұсынуға өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат.
Еңбек жарақатынан
немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар санаторийлік-курорттық ем алуға өтініш берген кезде:
1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) оның кінәсінан жұмыста еңбек жарақаты алынған немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.
Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. Мемлекеттік корпорация – www.​gov4c.​kz.
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
 

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,

      __________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының

      № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) /республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)

      Сіздің мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың/қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынуыңызға байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      __________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Алдым:

      __________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)

      20___ жылғы "___" ___________.

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Тегі ______________________________________________________________

      Аты ______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

      Құжаттың нөмірі: _______________________ кім берген: _________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:

      Облыс ____________________________________________________________

      Қала (аудан) ________________ ауыл: _________________________________

      Көше (шағын аудан) _________________ -үй _____________ -пәтер ________

      Санаторийлік-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабардар етеміз.

      Өтініш қабылданды және "Е-Собес" ААЖ кезегінің электрондық журналында

      20 __ жылғы "__" _____ № ___ нөмірімен тіркелді.

      Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдау мүмкіндігі туралы (aleumet.egov.kz) мобильді азаматтар базасында тіркелген Сіздің абоненттік ұялы байланысының телефон нөміріңізге смс-хабарлама жіберілетін болады.

      Мемлекеттік органның басшысы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің (бар болса)

      20___ жылғы "___" ____________

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
5-1-қосымша

Санаторийлік-курорттық ұйымға келуді тіркеу журналы

      Ескерту. Қағидалар 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Тапсырыс нөмірі

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Қызмет алушының немесе еріп жүрушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Телефон нөмірі

Келу күні мен уақыты

Келуді растау күні мен уақыты

1

2

3

4

5

6

7


  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Төсек-орынның бар екенін растау туралы 20 __ ж. _____ № ___ хабарлама

      Құрметті ____________________________________ 20 __ ж. ___ ________ № ______ тапсырыста сіз рәсімдеген төсек-орынның бар екенін растау туралы Сізге хабарлаймыз.

      Сізге тапсырыс сомасы туралы хабарлаймыз: ______ тг, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес ______ тг; қосымша ақы сомасы ______ тг.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 3-тармағына сәйкес сәйкес санаторийге келген кезде қосымша ақы төлеу қажет.

      Сіздің санаторийге келуіңізді 20 __ ж. __ ____ мына мекенжайы бойынша күтеміз:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Шығу күні: 20 __ ж. __ ____ Сіздің санаторийде болу ұзақтығыңыз: ________

      тәулікті құрайды.

      Келу уақыты: ___ сағ., шығу уақыты: сағат ___

      Жолдама құнына мыналар кіреді:

      1. Тамақтану: ________________________________________

      2. Диагностикалық, емдік және сауықтыру емшаралары:

      Диагностика: __________________________________________________________________

      Емделу:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      3. Тұру – санаторийге келгеннен кейін Сізді өзіңіз таңдаған төсек-орын күтеді:

      - төсек-орын түрі: ______________________

      - төсек түрі: __________________________

      - төсек өлшемдері: биіктігі: ___ см,

      - төсек-орын орналасқан қабат: ___,

      - төсек-орын орналасқан нөмірдің көлемі: ___ ш.м.,

      - төсек-орын орналасқан нөмірдегі басқа төсектер саны: ___,

      - мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар бар:___________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Санаторийге орналасу үшін өзіңізбен міндетті түрде мынадай құжаттар болуы керек:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) санаторийлік-курорттық карта;

      3) төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама.

      Сіздің қалауыңызға сәйкес Сізге санаторийге дейін трансфер беріледі.

      Сіз бұл төсек-орынға тапсырыс беруден 3 күн бұрын бас тарта аласыз.

      Туындаған сұрақтар бойынша сіз байланыс нөмірі арқылы санаторийге қоңырау шала аласыз, нөмірі: + 7 (7_ _ ) _ _ _ _ _

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Жолдама беру журналы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мүгедектік санаты

Мекенжайы және телефоны

Өтінішті қабылдау күні

Жолдама берілген санаторийдің атауы

1

2

3

4

5

6



















      кестенің жалғасы

Жолдама берілген кезең

Өтініш берушінің не жолдама алған адамның қолы

Жолдаманы қайтару күні

Билетті қайтару себептері

Өтініш берушінің не жолдаманы тапсырған адамның қолы

7

8

9

10

11
















      Ескертпе: Журнал өтініштердің келіп түсуіне қарай қатаң жүйелілікпен толтырылады.

  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес мүгедектігі бар адамдар
мен мүгедектігі бар балаларға
санаторийлік-курорттық емдеуді
ұсыну қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Санаторийлік-курорттық емделуді ұсынудың ведомосы

      __________________________________________________________________
санаторийлік-курорттық емделуді көрсететін ұйымның атауы

Серия, жолдаманың нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тіркелген мекенжайы және телефоны

Келу күні

Шығу күні

Санаторийлік-курорттық емделу тәулік саны

1

2

3

4

5

6

7















      кестенің жалғасы

Жалпы құны

Мемлекеттік сатып алу бойынша құнының үлесі

Алушының қосымша төлемі

Ескертпе

8

9

10

11









      Күні 20 ___ ж. " ____" ___________

      Өнім беруші _______/____________________ қолы / қолтаңбаны толық жазу

      МО