"Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 желтоқсанда № 33722 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Тапсырыс беруші:

      1) Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекiтедi.

      Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.

      Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына қосылған, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) бекітілген Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану шарты белгіленеді.

      Жобалауға арналған тапсырмада Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдар және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32613 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау шарты белгіленеді.

      Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген) Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларына сәйкес жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкіне енгізу және құрылыс жобаларын пайдалануға құқықтарды (ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ), оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы шартқа қол қою шарты белгіленеді.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын экономиканың барлық салаларындағы әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді жобалауға арналған тапсырмада инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құны туралы тапсырыс берушінің шарты белгіленеді.

      Құрылыстың есептік шекті құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат лимиті болып табылады.

      Жобалау процесінде жобаларды іске асыру үшін тапсырыс беруші қаражатының жалпы (шекті) лимиті болып табылатын құрылыстың есептік шекті құнынын қоспағанда, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде алынған құрылыстың сметалық құны бекітілген жобалауға арналған тапсырмада жазылған инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнынан аспауы тиіс. Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша жобалауға арналған тапсырмаға түзетулер енгізілген кезде жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді қажет ететін болса, онда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.

      Әуеайлақ маңындағы аумақ шегінде объектілерді жобалауға арналған тапсырмада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүргізу талап етіледі;

      2) тапсырыс беруші мемлекеттік емес инвестициялардың есебінен қаржыландырылатын жағдайды қоспағанда, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң) сәйкес іздестіру және (немесе) жобалау жұмыстарын, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау үшін ұйымдарды таңдауды жүзеге асырады және олармен шарт жасасады;

      3) жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты, құрылыс (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын) немесе реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімді, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын (өтініш берушімен сауалнама парағын және топографияляқ түсірілімді ұсынған кезде) жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды береді;

      4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобаларға тапсырыс беруші сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды;

      5) жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген көлемде ұсынады.

      Сараптаманың оң қорытындысы:

      жобалау алдындағы құжаттаманы белгіленген тәртіпте бекітуге және инвестордың құрылыс объектісін одан әрі қарай инвестициялау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөнінде шешім қабылдауына;

      объектiлер мен олардың кешендерін салуға және өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге), инженерлік және көлік коммуникацияларын төсеуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекітуге, сондай-ақ жобаны іске асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау үшін негіз болады;

      6) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша:

      Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжатына сәйкес материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосін;

      жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай порталында электрондық-цифрлық нысанда жасалған, қазақстандық қамтуды ескере отырып, негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосін жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай порталында соңғы редакцияда жариялайды;

      7) жобалау ұйымының сараптама ескертулерін жоюын қамтамасыз етеді;

      8) бас жобалаушыдан саны төрт данадан кем емес қағаздағы және екі данада электрондық жеткізгіштегі жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманың түпкілікті нұсқасын қабылдауды, сақтауды және мердігерге беруді жүзеге асырады, сондай-ақ сараптама өткізген ұйымның мұрағатына тапсырады.

      9) өндіріс тоқтатылған (таратылған), болмаған жағдайда немесе жұмыс өндірісінің бекітілген жоспарына сәйкес құрылыс үшін талап етілетін мерзімде жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы отандық тауар өндірушілерді жазбаша растай отырып, өндіріс көлемі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қажетті қажеттілігін жаппайтын болса, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құндық көрсеткіштерден аспаған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушінің келісімі бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық өндірушіге ауыстыруды жүргізеді, бұл ретте құрылыс/жаңғырту/реконструкциялау мерзімі мынадай объектілер үшін:

      6 айдан аспайтын - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей;

      6 айдан 1 жылға дейінгі - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 45 күннен кешіктірмей;

      1 жылдан астам - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілерге жүгінуге тиіс.

      Отандық тауар өндірушімен жазбаша растау ұсыну регламенті тапсырыс беруші (мердігер) өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды. Отандық тауар өндірушімен жазбаша растау мерзімінде ұсынылмаған жағдайда тапсырыс беруші (мердігер) тиісті растаусыз ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді;

      10) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес және ТЖҚ дерекқорын жүргізу қағидаларына сәйкес құндық көрсеткіштерден аспай, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын басқа отандық тауар өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді;

      11) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес және ТЖҚ дерекқорын жүргізу қағидаларына сәйкес құндық көрсеткіштерден аспай, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық тауар өндірушіден отандық тауар өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді.

      12) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық сметада жобалау-сметалық құжаттамада көрсетуге жатпайтын, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге қажетті қаражат көлемін айқындайды.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 102 Бұйрыққа
қосымша
  Тапсырыс берушінің (құрылыс
салушының) қызметін
ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге
асырудың қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші ____________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      "БЕКІТІЛДІ"

      Құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге арналған жиынтық смета, сомада                                    _______________ мың теңге

      оның ішінде:

      қосылған құн салығы                                    _______________ мың теңге

      ___________________________________________________________________________

      (бекіту туралы құжатқа сілтеме, оның күні мен нөмірі)

Құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық смета

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның, ғимараттың, құрылыстың атауы)

      20 __жылғы жағдай бойынша ағымдағы бағаларда жасалды.

Реттік нөмірі

Сметалардың, есептеулердің нөмірлері

Шығындар атауы

Сметалық құны, мың теңге

1

2

3

4

      Ұйым басшысы _____________________ ____________________________________

      (лауазымы, қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)