"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
исполняющий обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан |
Р. Баймишев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген |
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқа құжатты электрондық цифрлық нысанда толық түрін және ақпаратын (деректерін) баяндайтын құжат;
2) портал – "Қазақстандық қамту" интернет-порталының ақпараттық жүйесі;
3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
4) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі - берушілер) - отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;
5) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
2-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру тәртібі
3. Осы Қағидаларға сәйкес дерекқорды елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтты (бұдан әрі – Ұлттық институт) қалыптастырады.
4. Дерекқор www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша порталда орналастырылады.
5. Дерекқорды қалыптастыру:
1) отандық өнім берушілер көрсететін жұмыстарды және қызметтерді;
2) Қазақстанда шығарылған "CT-KZ" нысанындағы сертификаттар берілген тауарларды;
3) отандық тауар өндірушілердің және отандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесін;
4) құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының отандық тауар өндірушілерінің тізілімін;
5) жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізілімін қамтиды.
6. Дерекқор өнім берушілерді дерекқорға тіркеу арқылы электрондық түрде қалыптастырылады.
7. Дерекқорға (отандық тауар өндірушілердің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізілімі мен жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізілімін қоспағанда) тіркелу үшін өнім беруші:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушінің сауалнамасын электрондық түрде толтырады;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойныша тауарлар туралы ақпаратты және/немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты электрондық түрде толтырады;
3) тауарлар үшін:
егер өнім сәйкестіктің міндетті бағалануына (расталуына) жататын болса, өнімнің сәйкес келуін бағалау (растау) туралы құжатты қоса береді;
"Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23514 болып тіркелген) сәйкес шығарылған немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға берілетін "СТ-КZ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатты қоса береді;
4) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы (заңды тұлғалар үшін);
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) рұқсаттама немесе хабарлама тәртібі енгізілген кезде рұқсаттаманы немесе хабарламаны қоса береді;
жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес келген кезде сапа менеджменті жүйесінің сертификатын қоса береді;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпаратын қоса береді.
8. Отандық тауар өндірушінің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізіліміне тіркелу үшін отандық тауар өндіруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасын толтырады.
9. Жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізіліміне тіркелу үшін отандық тауар өндіруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілетін жиһаз өнімі туралы сауалнаманы электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырады.
3-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын жүргізу тәртібі
10. Осы Қағидаларға сәйкес дерекқорды Ұлттық институт жүргізеді.
11. Дерекқор жүргізу:
1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді дерекқорға енгізуді;
2) отандық берушілер ұсынған деректерге сәйкес дерекқорға енгізілген мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді дерекқордан алып тастауды;
3) дерекқорды порталға орналастыруды қамтиды.
12. Деректерқорды жүргізуді Ұлттық институт мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) өнім берушіні тіркеу туралы ақпаратты оны алған сәттен бастап он жұмыс күнге дейінгі мерзімде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады;
2) қарастыру нәтижелері бойынша екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде:
ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, дерекқорға өнім берушіні тіркейді;
ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өнім берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайына дерекқорға тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
13. Дерекқорға енгізілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді өзектілендіруді (жаңартуды) беруші тұрақты негізде жүргізеді.
14. Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларда көзделген, өзгертілген мәліметтерді өнім беруші осындай өзгерістер күшіне енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дерекқорға енгізеді.
15. Дерекқордан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Ұлттық институт мынадай:
1) берушіден оның қызметі тоқтатылғаны (уақытша тоқтатылғаны) туралы ақпарат алынғаннан кейін;
2) берушінің өзінің бастамасы бойынша;
3) дерекқорда тіркеуге негіз болып табылған өзектілендірілген (жаңартылған) құжаттар және мәліметтер, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылмаған жағдайда;
4) дерекқорға тіркеуге негіз болып табылған берушінің жалған мәліметтер ұсыну фактілері айқындалған жағдайларда алып тастауды жүзеге асырады.
16. Осы Қағидалардың 14-тармағын сақтамаған кезде Ұлттық институт өнім берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайына оны дерекқордан алып тастау туралы еркін нысандағы хабарламаны жібереді.
17. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді дерекқорда тіркеу мақсатында берушіде "Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12181 болып тіркелген) сәйкес алынған электрондық цифрлық қолтаңбасы болу қажет.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Берушінің сауалнамасы
1. | Заңды/жеке тұлғаның* мемлекеттік тілдегі атауы | |
2. | Заңды/жеке тұлғаның* орыс тіліндегі атауы | |
3. | Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан | |
4. | БСН/ЖСН* | |
5. | Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың/хабарламаның нөмірі * | |
6. | Тіркеу/қайта тіркеу күні* | |
Нақты мекенжайы | ||
7. | Елді мекен (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, облыс)* | |
8. | Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде* | |
9. | Көше, үй, кеңсе орыс тілінде* | |
10. | Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)* | |
11. | Факс (облыстың кодын қоса алғанда)* | |
12. | Web-сайт | |
13. | ЭҚЖЖ қызмет түрлері мемлекеттік тілде* | |
14. | ЭҚЖЖ қызмет түрлері орыс тілінде* | |
15. | Жобалық жылдық өдірістік қуаттылық заттай көріністе * | |
16. | Персонал саны, (саны) | |
17. | Қазақстан Республикасының азаматтары (саны)* | |
18. | Байланысушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы* | |
19. | Байланысушы тұлғаның телефоны (облыс кодын қоса алғанда)* | |
20. | Берушінің және байланысушы тұлғаның электрондық мекенжайы* | |
21. | Электрондық поштаға хабарлама алуға келісім* |
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Тауарлар туралы ақпарат
1. | ЭҚТ ӨЖ бойынша тауар коды (6 нышан деңгейінде)* | |
2. | МӨБЖ кодына сәйкес өлшем бірлігі* | |
3. | Тауардың мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы * | |
4. | Тауардың орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы * | |
5. | Тауар өндіруші лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі | |
6. | Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API,ASTM) сәйкестігі мемлекеттік тілде | |
7. | Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API, ASTM) сәйкестігі орыс тілінде | |
8. | CT-KZ сертификатының нөмірі* | |
9. | CT-KZ сертификатының берілген күні * | |
10. | CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы елішілік құндылық (%) * | |
11. | Өзге сертификаттар мен қорытындылар | |
12. | Өнімге сапа кепілдігі (өндіруші кепілдігі және жұмыстардың кепілдік мерзімдері)* |
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші;
МӨБЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері және есепшоттар жіктеуіші;
МЕМСТ – мемлекеттік стандарт;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;
ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ИСО (International Organization for Standardization, ISO):
API – Американдық мұнай институтының стандарты (American Petroleum Institute, API)
ASTM – ASTM International (American Society for Testing and Materials) материалдарға, өнімдерге, жүйелерге және қызметтерге арналған стандарттарды әзірлеуші және шығарушы америкалық халықаралық ерікті ұйым.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
1. | ЭҚТ ӨЖ бойынша орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) коды* | |
2. | Жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы* | |
3. | Жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы * | |
4. | Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) елішілік құндылық үлесі, %* | |
5. | Рұқсаттама және хабарлама құжатының нөмірі және қолдану мерзімі | |
6. | Жұмыс (көрсетілетін қызметтер) нәтижелеріне кепілдік мерзімі | |
7. | Жұмыстардың/ көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары туралы қосымша ақпарат | |
8. | Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты |
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші
Тауарлардың, жұмыстардың, | |
көрсетілетін қызметтердің және | |
оларды берушілердің | |
дерекқорын қалыптастыру | |
және жүргізу қағидаларына | |
4-қосымша |
Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты
1. | Қызметкерлердің жалпы саны:* | |
олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары:* | ||
олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматы еместері:* |
Ескертпе: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатыны туралы жұмыстарды/көсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты.
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасы
№ р/с | Толтыру міндетті бағаналар | |
1. | Бөлім | |
Тарау | ||
Кіші тарау | ||
Топ | ||
Құрылыс материалдарының, жабдықтардың, бұйымдардың және конструкцияларының атауы | ||
Стандарттың атауы | ||
СЭҚ ТН | ||
Сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі | ||
Сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі | ||
2. | Отандық тауар өндірушінің атауы (ұйымдық-құқықтық нысанның атауы және көрсетілуі) | |
БСН/ ЖСН | ||
Орналасуы (заңды / нақты мекенжайы) | ||
Телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
СЭҚТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Жиһаз өнімдерін отандық тауар өндірушінің сауалнамасы
р/с № | Толтыру міндетті бағаналар | |
1. | Жиһаз өнімнің атауы | |
Стандарттың атауы | ||
СЭҚ ТН | ||
Индустриялық сертификатының тіркеу нөмірі | ||
Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі | ||
Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі | ||
2. | Отандық тауар өндірушінің атауы (ұйымдық-құқықтық нысанның атауы және көрсету) | |
БСН/ ЖСН | ||
Орналасқан орны (заңды / нақты мекенжайы) | ||
Телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
СЭҚТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
бұйрығына қосымша |
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелді).
2. "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 721 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17998 болып тіркелді).
3. "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19992 болып тіркелді).