Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 673 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 33368 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 673 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Көлік оқиғасының схемасын және олардың үлгілік нысандарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көлік оқиғасының схемасын және олардың үлгілік нысандарын жасау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көлік оқиғасының сызбасы осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалады және оған оны жасаған лауазымды адам, жүргізушілер, көлік оқиғасына қатысушылардың талабы бойынша куәгерлер қол қояды..".

      2. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырда № 233 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7031 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдағыш-таратушыларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орны Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады".

      3. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7414 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібі қағидаларында:

      28-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.".

      4. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:

      6-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекітілген немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған қамауға алу туралы қаулысы (әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін)";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. "Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 мамырда № 312 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743 болып тіркелді):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық бақылау комиссияларының Ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғамдық бақылау комиссиялары (бұдан әрі - ҚБК) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 8-тарауына сәйкес құрылады.".

      6. "Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсанда № 1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15011 болып тіркелген):

      Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің" 15-тармағының 132-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Айдауылдануға жататын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусым № 488 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес айдауылданушы кететін ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі жолға шығу жолымен тамақпен және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етумен қамтамасыз етеді.";

      18-тармақтың 6-тармақшасымен толықтырылсын:

      "6) Қаруды ерекше қажеттіліксіз қапшықтан алуға, оны қаруды сақтау үшін көзделмеген орындарға шығаруға, сондай-ақ тікелей басшыны қоспағанда, басқа адамдарға беруге.".

      7. "Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыптаушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурызда № 166 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15011 болып тіркелген):

      Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің" 15-тармағының 133-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      8. "Ішкі істер органдарын уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16389 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарын уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережесінде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 488 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды заттай тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Күдіктілер мен айыпталушыларға осы Қағидалардың 65-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарды қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша азық-түлік өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алу құқығы беріледі".

      76 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, прокурорға және сотқа жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар цензураға жатпайды және дереу мөрленген түрде адресатқа жіберіледі.".