"Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33353 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметтерін көрсетуге көрсетілімдер:

      1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он сегізінші абзацына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер;

      2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма екінші абзацына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.";

      2) "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын, клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді, интернет-платформаларды және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын пайдалана отырып беруге арналған қызмет;";

      20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      21) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасы;";

      211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. Қызметті көрсетуді бастаудың алдында интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10194 болып тіркелген) Хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына таксимен тасымалдаушы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді.

      Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарлама жасау тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді.

      Таксимен тасымалдаушыларының тізілімінен шығару тасымалдаушының өтініші, қызметке тыйым салу туралы сот шешімі бойынша немесе такси тасымалдаушысы осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындамаған кезде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 211-1-тармақпен толықтырылсын:

      "211-1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көрсетілген талаптарды дербес орындайды.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында белгіленген талаптарды сақтауын бақылау ақпараттық-диспетчерлік такси қызметіне жүктеледі.";

      214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы:

      1) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың тасымалдауларды жүзеге асыруын қоспағанда, жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін бірыңғай түсті гаммасы және осы Қағидалардың 341-тармағына сәйкес айырым белгілері бар таксилерді пайдалануды;

      2) автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, сондай-ақ медициналық қарап тексеруді жүзеге асыруға шарт жасасқан, жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломы бар адамның такси жүргізушілерін рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін;

      3) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды;

      4) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын;

      5) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксиінің болуын;

      6) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды;

      7) жол құжаттарын ресімдеуді;

      8) жүргізушіні Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен еңбек шарты жасалғаннан кейін жеңіл таксиді басқаруға жіберуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 400-1-тармақпен толықтырылсын:

      "400-1. Ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету шарты бойынша таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі клиенттердің таксимен тасымалдаушыларға не тікелей такси жүргізушілеріне тапсырыстарын ұсынады.";

      401-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "401. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.

      Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 401-1-тармақпен толықтырылсын:

      "401-1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетеді.

      Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеке тұлғаға жеңіл автомобиль ұсынады.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші және қырық сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі