БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау Қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2023 жылғы 31 шілдедегі № 286 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген |
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) басым тұтынушылар – құрамына электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта сататын, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – басым тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер және тікелей тұтынушылар үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын "шығындар" – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының "шығындары", электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын "шығындар", электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған "шығындар" (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған "шығындар" және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты "шығындар";
7) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;
8) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
10) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) операциялық шығындар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
12) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
13) резервтік қор – қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
14) тікелей тұтынушылар – жасалған екі жақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
15) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;
17) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын, көрсетілген Заңда көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
18) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Алдағы күнтізбелік жылға Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сату үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған болжамды тарифті айқындау тәртібі
3. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жыл сайын бірінші қазанға қарай Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандар бойынша айлар бойынша бөле отырып, болжамды жылға электр энергиясын желіге босатудың және тұтынудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді.
4. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдыңғы болжамды жылдың 30 желтоқсанына дейін жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар үшін нақты деректер және жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін пайдалануға енгізуге жоспарланған болжамды деректер негізінде:
1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың болжамды жиынтық электр энергиясын өндіруді айлар бойынша болжамды күнтізбелік жылға есептеуді;
2) айлар бойынша бөліністе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратумен, жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есептегенде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған болжамды шығындарды есептеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі осы тармаққа сәйкес нақты деректер негізінде өткен 2 жылдағы әрбір ай бойынша электр энергиясын нақты өндірудің орташа мәні ретінде айқындалады. Осы мән жаңартылатын энергия көздерін, толық белгіленген қуатқа пайдалануға берілген және кемінде күнтізбелік бір жыл жұмыс істеген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін есептеледі.
Жаңартылатын энергия көздерін, толық белгіленген қуатқа пайдалануға берілген және (немесе) күнтізбелік бір жылдан кем жұмыс істеген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі ұсынылған хаттар негізінде айқындалады.
Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын, іске қосу жоспарланып отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі жасалған шарттар бойынша пайдалануға беру актілерін ұсыну мерзімдері немесе берілген хаттарда көрсетілген мерзімдер негізінде айқындалады.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәнін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алдағы күнтізбелік жылға жыл сайын мынадай формула бойынша айлар бөлінісінде есептейді:
– алдағы күнтізбелік жылға арналған жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәні айлар бөлінісінде, теңгемен/кВт * сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен немесе қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр энергиясын і-ші өндіруші ұйымға ұзақ мерзімді сатып алу шартының бағасы – ҚҚС-сыз теңгемен/кВт * сағ.;
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен немесе қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде алдағы күнтізбелік жылда өндіруді жоспарлап отырған жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын і-ші энергия өндіруші ұйымның жоспарлы электр энергиясының көлемі, кВт*сағ;
бойынша қосынды;
1-ден p-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;
жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты немесе қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған энергия өндіруші ұйымдардың саны;
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге арналған болжамды шығындары, теңгемен, мынадай формула бойынша айқындалады:
– алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жүйелік оператордың тарифі, теңгемен/кВт * сағ, ҚҚС-сыз;
– алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоспарланатын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары (кірістерді шегергенде), теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының алдағы күнтізбелік жылда оның қызметін жүзеге асыруға байланысты болжамды шығындары, теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының алдағы күнтізбелік жылда резервтік қорды қалыптастыруға арналған болжамды шығындары, теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді);
5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жыл сайын ағымдағы жылғы он бесінші қаңтардан кешіктірмей айлар бөлінісінде болжанатын күнтізбелік жылға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтерді жариялайды.
6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының енгізілуінің бірінші жылына Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды тарифті айқындау жүргізілмейді.
3-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға алдағы есептік кезеңге арналған болжамды тарифті айқындау тәртібі (күнтізбелік ай)
7. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуінің алғашқы екі айына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мынадай тәртіппен есептейді:
1) 2023 жылғы мамыр айындағы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәндері негізінде үлгілік сағат бағасының 24 (жиырма төрт) мәні есептеледі;
2) үлгілік сағаттық бағаның есептелген мәндері 2023 жылғы шілдедегі, тамыздағы тиісті сағаттарға қолданылады және 2023 жылғы шілдедегі, тамыздағы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің тиісті болжамды мәндеріне айналады.
Үлгілік сағаттық тарифтің 24 (жиырма төрт) мәнінің әрқайсысы мынадай формула бойынша есептеледі:
– үлгілік сағаттық тарифтің і-ші мәні, теңгемен/кВт*сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
1-ден 24-ке дейін өзгеретін өлшеусіз коэффициент;
24 - тәуліктегі сағат саны;
– 2023 жылғы мамырдың j-ші тәулігінің і сағатына j-ші тәуліктің і сағатына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған есептік тарифтің нақты мәні, теңгемен/кВт * сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
– 2023 жылғы мамырдың j-тәулігінің і сағатына электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
бойынша қосынды;
1-ден дейін өзгеретін реттік нөмір;
– уәкілетті органмен келісілген кезеңді көрсететін өлшеусіз коэффициент.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын және есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған ұзақ мерзімді сатып алу – сату шарты бар энергия өндіруші ұйымдар үшін 2023 жылғы мамыр айының j-ші сағатына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің сағаттық орташа өлшенген мәндерін есептеу кезінде пайдаланылатын электр энергиясын сатуға арналған бастапқы бағалар ретінде электр энергиясы, осы шарттардың бағасы пайдаланылады.
2023 жылғы мамырдың j-ші тәулігінің жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің сағат сайынғы орташа өлшенген мәндерін есептеу кезінде пайдаланылатын электр энергиясының сағаттық көлемі ретінде тиісті өндірістің тәуліктік графигіне енгізілген шартты тұтынушылардың электр энергиясын өндіру (сату) және тұтынудың сағаттық көлемі пайдаланылады жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын тұтыну-тұтыну (түзетулерді ескере отырып).
8. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алдағы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) ай сайын есептейді.
9. Алдағы есептік кезеңге (2023 жылғы шілдені, тамызды қоспағанда) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндері ағымдағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) алдындағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) сағаттарына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәндеріне теңестіріледі.
10. Осы тарауға сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) Электр энергиясының көтерме сауда нарығының қағидаларына сәйкес алдын ала төлеу мақсаттары үшін қолданылады.
4-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған нақты тарифті тәуліктің нақты сағатына есептеу тәртібі
11. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
– есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф теңгемен/кВт * сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын сатып алу кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда тәуліктің осы сағатына туындаған жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалған шығындар, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
– электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне (қызметті цифрлық майнинг бойынша жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, саралау тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда) келетін тәуліктің тиісті сағатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын нақты шығындар (жүзге дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
– і-шартты тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатына сатып алған және жүйелік оператор бекіткен (түзетулерді ескере отырып) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының көлемі кВт * сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатында сатып алған шартты тұтынушылардың саны;
– қаржы-есеп айырысу орталығының энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алғаны үшін тиісті есептік кезең үшін резервтік қорды қалыптастыруға арналған жоспарлы шығындары, жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар, резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) (бұдан әрі – Резервтік қор Қағидалары) теңгемен, ҚҚС-сыз;
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) электр энергиясын өндіруші ұйымның ұзақ мерзімді сатып алу шартының бағасы - ҚҚС-сыз теңгемен/кВт * сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) і-ші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға теңгемен/кВт * сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді) сатқан электр энергиясының көлемі бүтін), ҚҚС-сыз;
– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) і энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату ұзық мерзімді шартының бағасы - ҚҚС-сыз теңгемен/кВт * сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығында өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тәуліктің осы сағатына жататын, есеп айырысу жылы үшін (күтізбелік ай) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан жаңартылатын энергия көздері пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) і энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының көлемі, кВт * сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге арналған нақты шығындары теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады, ҚҚС-сыз:
– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жүйелік оператордың тарифі теңгемен/кВт * сағ (онға дейін дөңгелектенеді),
– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік айда) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған, теңгемен/кВт*сағ. электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясының нақты көлемі (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында (кірістерді шегергенде) шеккен нақты шығындары (жүзге дейін дөңгелектенеді) , ҚҚС-сыз;
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін оның қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары теңгемен, ҚҚС-сыз;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14778 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бағаны белгілеу қағидалары) бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасы теңгемен, 1 кВт*сағ.;
– электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің тиісті сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі теңгемен (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты күнтізбелік жылдағы шығыстары арасындағы орталықтандырылған бағаны қалыптастыру кезінде ескерілетін айырма мынадай формула бойынша күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет есептелетін теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді) баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын сатып алу-сату мынадай формула бойынша айқындалады:
– электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдағы қызметін жүзеге асыруға байланысты Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Бағаны белгілеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған электр энергиясының бір киловатт-сағатына шаққандағы есебінен электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату жөніндегі қызметін жүзеге асыруға байланысты теңгемен негізделген шығындары (онға дейін дөңгелектенеді);
бойынша қосынды;
1-ден r-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
– тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне келетін тәуліктің тиісті сағатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын нақты шығындардың үлесін білдіретін өлшеусіз коэффициент (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, атаулы қолдау тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда) (s) мынадай формула бойынша айқындалады:
– электр энергиясын сатып алу-сату бойынша екіжақты шарттарды қоспағанда, тәуліктің белгілі бір сағатына жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру мен тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын тұтыну көлемі (түзетулерді ескере отырып), электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тыс жасалған электр энергиясы, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– шартты тұтынушының тәуліктің осы сағатына жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын тұтыну көлемі, кВтсағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
бойынша қосынды;
i - тиісінше 1-ден k, r, дейін өзгеретін реттік нөмірі;
k - тәуліктің осы сағатында электр энергиясын сатып алған шартты тұтынушылардың саны;
r - тәуліктің осы сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.
12. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау шығындары мыналарды қамтиды:
1) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған шығындары;
2) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде);;
3) Резервтік қордың қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалатын резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар;
4) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалатын операциялық шығындары.
5) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шеккен шығындары (кірістерді шегергенде).
13. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының операциялық шығындары жыл сайын Баға белгілеу қағидаларына сәйкес есептеледі және бекітіледі.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына қосымша |
|
1-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын өндірудің, желілерге жіберудің болжамды көлемдері
(Энергия өндіруші ұйымның және заңды тұлғаның атауы)
Рр/н | ЭӨҰ атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл |
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Барлығы: |
Бірінші басшы _________________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
2-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын өндірудің, желілерге жіберудің болжамды көлемдері
(шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда, электр энергиясын тұтынушының атауы)
Рр/н | Тұтынушының атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл |
1 |
Бірінші басшыы _________________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
3-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері
(Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
Рр/н | Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
ЭӨҰ атауы | Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
Тұтынушының атауы | ЭӨҰ–нан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Жиыны: |
Электр энергиясын тікелей тұтынушы болып табылатын шартты
тұтынушының бірінші басшысы _________________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
Энергия өндіруші ұйымныңбірінші басшысы
________________________ (ТАӘ (бар болса), қолы)
4-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері (Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
№ р/н | Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | ||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 |
Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының бірінші басшысы
_________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
5-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері (Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
№ р/н | Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||
ЭӨҰ атауы | Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемдері | |||||||||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||||||||||||
1 | ЖЭК объектісінің атауы | Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | ||||||||||||||||||||||
… | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | |||||||||||
Тұтынушының атауы | ЭӨҰ–дан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | |||||||||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||
… | ||||||||||||||||||||||||
Жиыны: |
Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушысының бірінші
басшысы________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
Энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы
________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы
_______________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)