Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32974 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      "Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8861 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларында:

      мынадай редакциядағы 7-параграфпен толықтырылсын:

      "7-параграф. Кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізу

      61. Су жолдарының қызмет көрсетілетін кеме қатынасы учаскелерінің ұзақтығына қажеттілікті айқындау және жол жұмыстарының жоспарланып отырған көлемін өзектендіру мақсатында кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізіледі.

      62. Ішкі су жолдарындағы кеме қатынасы учаскелерінде кеме қатынасының қарқындылығын талдауды уәкілетті орган уәкілетті органның кәсіпорнымен бірлесіп бес жылда бір рет жүргізеді.

      63. Кеме қатынасының қарқындылығын талдау жоспарланған тасымалдау маршруттары және кеме қатынасы ұйымдары ұсынатын жүктер мен жолаушыларды тасымалдау маршруттары туралы деректер негізінде жүргізіледі.";

      "Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 868 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17958 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 180-бабына және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарда:

      192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "192. Қауіпті жүктерді тасымалдау, тиеу Қазақстан Республикасы Экология кодексінің талаптарына және мынадай:

      1) "Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 517 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12059 болып тіркелген);

      2) "Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13551 болып тіркелген);

      3) "Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11857 болып тіркелген);

      4) "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) бұйрықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі