Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8861 тіркелді.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2023 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын, оның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр А. Жұмағалиев

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 761 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ішкі су жолдары туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидалардың әрекеті "Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19985 болып тіркелген) сәйкес кеме қатынасы санатына жатқызылған жер үсті су объектілеріне қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.01.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арналық іздестіру - су жолдарын зерттеу мен барлық жол жұмыстарының түрлерін техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуге бағытталған топографиялық және гидрографиялық кешен;

      2) жер үстi су объектiлері - су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар) мұздықтар, батпақтар;

      3) жол жұмыстары – iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру және навигациялық жабдықтарды орналастыру мен күтiп-ұстау жөнiндегi басқа да жұмыстар;

      4) кеме қатынасы – шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багажын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, балық аулауды және өзге де кәсіпшіліктерді, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық алып өтуді, құтқару операцияларын жүргізу, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;

      5) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары (бұдан әрi - iшкi су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;

      6) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкiн болатын уақыт кезеңi;

      7) навигациялық белгілердің сызбасын орналастыру – белгіленген тәртіпте навигациялық жабдықтар белгілері көрсетілген өзен учаскесінің сызбасы;

      8) тұру пунктi - кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгiлiнде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткiзу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесi мен су бетi объектiсiнiң акваториясы;

      9) түзету жұмыстары – кеме жүрісінің габариттерін ұстау мен жиектің жанамасын бекітуді және бөгеу мен басқа гидротехникалық құрылыстарға бөгетті отырғызуға әзірлеуге бағытталған жол жұмыстарының түрі;

      10) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) уәкiлеттi органның кәсiпорны - қызмет көрсететiн шекаралар шегiнде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиiсiнше күтiп-ұстау мен дамыту үшiн өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылатын iшкi су көлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорны;

      12) ішкі су жолдарының сызбасы (лоцман картасы) – кеме жүрісінің тереңдігі мен габариттері көрсетілген, навигациялық белгілер мен бағдарлау, су жүрісі көрсетілген өзен учаскесінің сызбасы (картасы).

      5. Жол жұмыстары ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын құру, күтіп-ұстау, дамыту және қауіпсіз пайдалану мақсатында жүргізіледі.

      Жол жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету астананың жергілікті атқарушы органына жүктелген, астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгiндегi порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады.

      Порттарға осы Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацында көрсетiлмегендерiне кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттерiндегi жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асырады.

      Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті органның тиісті кәсіпорындары су жолдарының әрбір учаскесі бойынша ішкі су жолдарының схемасын жасайды (лоцманды карталар).

      7. Өзенде навигациялық белгілерді орнату схемалары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің ұсынымдарын есепке ала отырып жыл сайын түзетіледі. Көлдер мен су қоймаларында 5 жылда 1 реттен кем емес.

      8. Навигациялық белгілерді орнату схемалары навигация кезеңінде түзетілуі мүмкін.

      Навигация кезінде ішкі су жолдары күйімен және навигациялық жабдықтарымен болған барлық өзгерістер кеме жүргізушілерінің назарына дер кезінде жеткізіледі.

      9. Уәкілетті органның тиісті ішкі су жолдарының әрбір учаскесі бойынша кеме жүру кезеңіне немесе ұзақ мерзімге, бірақ 3 жылдан көп емес жол жұмыстары жобасын құрастырады.

      10. Кеме қатынасы жағдайында су жолдарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау кезінде жол жұмыстарының жобасы басшылық құжат болып табылады.

      11. Жол жұмыстары жобасының міндеттері:

      1) белгілерді орнатудың схемасын жасау;

      2) шектеулі қайраңды анықтау;

      3) объектілер бойынша мүмкін болатын жұмыс көлемін есептеу;

      4) оларды орындаудың реттілігін анықтау;

      5) табиғи жағдайдың және учаскеде болып жатқан арнаның қайта құрылу есебімен техникалық құралдарды орналастырудың оңтайлы нұсқасын таңдау болып табылады.

      12. Жол жұмыстары жобасының басты негізі алдыңғы жылдарда жасалған арналық іздестіру болып табылады.

      Навигация кезінде іс - шаралар белгіленген жол жұмыстары жобасында жұмыстардың орындалуы мөлшері бойынша, уақыты және кезектілігі бойынша түзетіледі.

2. Жол жұмыстарын жоспарлау тәртібі

      13. Жол жұмыстарын жоспарлау жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарттардың негізінде жүргізіледі және мынаны құрайды:

      1) кеме жүзетін жағдайда су жолдарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары;

      2) навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша іс-шаралар кестесі.

      Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi жол жұмыстарын қажеттілігіне қарай жоспарлауды жүзеге асырады.

      14. Кеме жүзетін жағдайда су жолдарды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарымен орындалатын жол жұмыстарының түрлері, олардың орындалу мерзімдері, ай бойынша бөліп табиғи бірлік өлшемінде және ақшалай түрде орындалған жұмыстардың көлемі белгіленеді.

      15. Кеме жолындағы навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша жұмыстардың көлемі навигацияның тәуліктік созылуына кеменің жүретін жолдың километрі ұзақтығын көбейтумен километр-тәуліктерде анықталады.

      Түбін тереңдету және түзету жұмыстарының көлемі өткен жылдардағы жұмыс талдауларын және техникалық құралдардың бар болу мүмкіндігін есепке ала отырып арналық іздестіру түсірілімдері бойынша мың текше метрмен анықталады.

      Түбін тереңдету жұмыстарының көлемі өткен жылдардағы жұмыс талдауларын және техникалық құралдардың бар болу мүмкіндігін есепке ала отырып тралдау жұмыстарын және су шайып кететін жағалауларды барлау кезіндегі зерттеу нәтижелерімен құрастырылған жол шеберлерінің актілері бойынша тоннамен анықталады.

      Тралдау жұмыстарының көлемі сүзілетін еніне, сүзілген су жолдары ұзындығының туындысы ретінде есептеп шығарылатын шаршы километрмен сүзілетін ауданмен анықталады.

      Арналық іздестірудің көлемі кеме жолы бойынша түсірілген учаскенің километрінде анықталады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2018 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша іс-шаралардың кестесімен ішкі су жолдарының ұзақтығы, навигациялық жабдықтардың қолданылу мерзімі судың жобалық деңгейін және тірек су өлшегіш су бекетін көрсету арқылы кеме жүретін жолдың кепілді көлемдері, навигациялық белгілердің мөлшері белгіленеді.

3. Жол жұмыстарын өткізу тәртібі
1-параграф. Арналық іздестіру жұмыстары

      17. Жол жұмыстарының барлық түрлерін жобалау және ұйымдастыру үшін негіз болып арналық іздестіру жұмыстары табылады.

      18. Арналық іздестіру арнайы аппаратуралармен және жүзу құралдарымен жарақталған арнайы арналық іздестіру партияларымен орындалады.

      19. Арналық іздестіру партияларының штатын жұмыс жағдайына, сипаттамасына, көлемі мен ұйымдастыруына байланысты уәкілетті органның кәсіпорны белгілейді.

      20. Арналық іздестіру партиялары брандвахталарда немесе өздігімен жүретін кемелерде орналасады. Жер қазумен байланысты көлемі бойынша көп емес жұмыстарды бір уақытта орындау үшін партияның құрамынан отрядты бөлу кезінде оның балшық сорғыш кемелеріне орналасу мүмкіндігі туындайды.

      21. Арналық режимді одан әрі жақсы зерттеу, жұмыстың сапасын жоғарылату және өндірісті тездету мақсатында әрбір арналық іздестіру партияларына су жолдарының арнайы учаскелері уәкілетті органның кәсіпорны бұйрығымен бекітіледі.

      22. Арналық түсірілімдерді өңдеу жобалық деңгейден орындалады. Жоспарда міндетті түрде өзен сағасынан бастап учаскенің басынан аяғына дейінгі қашықтықтың масштабы, өлшеудің уақыты мен күні кезіндегі ең жақын су өлшеу бекеті бойынша кестенің нөлден төменгі көрсеткішіндегі судың жұмыс деңгейі, тіліктің параметрлері (ұзындығы, ені, тіліктің ауданы, орташа шешілетін қабаты), алынатын топырақтың көлемін есептеу, ортаны бөлу орындары (жұмыстың басы мен соңы, тілік шетінің оңы мен солы), түсірілімді жүзеге асырған тұлғалардың қолдары болу керек.

2-параграф. Түбін тереңдету (жер қазу) жұмыстары

      23. Түбін тереңдету (жер қазу) жұмыстары арнайы түбін тереңдеткіш снарядтарымен орындалады. Жерснарядының түрлері судың саяз жерінде орын алған топырақтың қасиеттеріне, топырақты тасымалдау жағдайына, снарядтың сипаттамасына және гидрологиялық жағдайларға байланысты таңдалады.

      24. Техникалық флот кемелерінің жылжуы диспетчерлік қызмет арқылы қосалқы буксир кемелерімен жүзеге асады.

      25. Судың саяз жеріндегі түбін тереңдету (жер қазу) жұмыстарын ұйымдастыру арналық іздестіру түсірілімдердің жоспарына сәйкес жүзеге асады.

      26. Тілікке жерснарядын орнатуға дейін жергілікті жерде тіліктің шекаралық белгілері (жармалар) орнатылады, сонымен қатар жұмысты орындауға қажетті техноголиямен қамтамасыз ету үшін (транштардың ұзыны бойындағы жармалары, топтамалардың арасындағы көлденең шекараларының жармалары) қажетті белгілер орнатылады. Жармалар арналық түсірілімдердің жоспарларына сәйкес орнатылады.

      27. Жерснарятты орналастыру қатаң түрде жергілікті жерлерде орнатылған жармалар (немесе координаттар) бойынша жүзеге асады.

      28. Тіліктен алынған топырақты төсеу арналық түсірілімдердің жоспарында көрсетілген жерде орындалады. Топырақтың үйіндісі кемелердің жүзуіне ешқандай кедергі жасамауы тиіс және қайтадан тілікке түспеуі қажет.

3-параграф. Түзету жұмыстары

      29. Түзету жұмыстары арнайы техникалық құралдарымен (түбін тереңдету снарядтарымен) немесе түзету бригадаларымен орындалады.

      30. Түзету құрылыстарының түрлері және техникалық құралдарының түрлері оларды тұрғызу үшін судың саяз жеріндегі гидрологиялық сипатталамаларына және болып жатқан арналық қайта қалыптастыруларға байланысты таңдалады.

      31. Түзету құрылыстарын тұрғызу кезінде негізгі техникалық құралдардан басқа қосалқы флот (баржылар, сүйрейтін кемелер) пайдаланылады.

      32. Түзету құрылыстарын тұрғызу бойынша жұмыстар арналық іздестіру түсірілімдердің жоспары бойынша орындалады, онда жоспарда түзету құрылыстың орналасуы, қондырғының параметрлері (ұзындығы, ені, қажетті топырақтың көлемі), құрылысты салып алу үшін топырақты үйіп алу орны көрсетіледі.

4-параграф. Түбін тазалау жұмыстары

      33. Түбін тазалау жұмыстары арнайы техникалық құралдарымен (карчекрандар, жүзу крандары) орындалады. Кеме жолдарынан жеке карчтарды жинау жұмыстары кеме жолдарынан тыс сүйреу жолымен сүйрейтін кемелермен жүзеге асуы мүмкін, одан әрі карчекранның көмегімен жағалауға бір жола алынып тасталады.

      34. Өздігімен жүре алмайтын түбін тазалау снарядтарын пайдалану кезінде оларды жұмыс орнына қарай сүйрету және жұмыс орнына бекіту жұмыстары қосалқы сүйрейтін флот көмегімен жүзеге асырылады.

      35. Кеме жүзу басталған кезде ең алдымен кеме жолдарының шегінде орналасқан және тар жағалауларда апатты жағдай жасайтын барлық су асты кедергілері жойылады. Жұмыстар жоғарғы учаскеден басталады.

      36. Учаскенің төменгі шекарасына дейін түскеннен соң түбін тазалау снаряды қайта жоғары учаскеге көтеріледі. Егер де түбін тазалау снаряды өздігімен жүре алмайтын болса, онда ол қосалқы сүйрейтін кемелерге жалғанады.

      37. Екінші жолда төменгі ағыс бойынша снарядпен су жолдарының тең екілік кепілді енінің бойында пайда болған кедергілер жойылады.

      38. Үшінші жол кезінде, су тасу уақытында өзен арналарында кедергілердің пайда болуын болдырмау үшін, сумен шайылатын жағалауларда жағалау тазалау жұмыстарын орындайды.

      39. Алынған кедергілер сумен шайылмайтын жағалауға немесе ескі арнаға көшіру қажет және де келесі жолы су тасу мен мұз жару уақытында өзеннің арнасына қайта шайылып кету мүмкіндігін болдырмау есебімен жиналу қажет.

      40. Алынған кедергілерді тасымалдау және оны қауіпсіз жерге тиеу үшін қосалқы флот (сүйрегіштер, баржылар, шаландылар) пайдаланылады.

5-параграф. Навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және
қызмет көрсету бойынша жұмыстар

      41. Ахуал қызметіндегі негізгі өндірістік буын (навигациялық жабдық қызметі) болып жол шеберімен басқарылатын ахуал учаскесі табылады.

      42. Ахуал учаскесінде жұмыстың көлеміне, кеме жолының қарқындылығы мен сипаттамасына байланысты қызмет көрсетудің бригадалық, постық және бригадалы-посттық нысандары қолданылады.

      43. Ахуал учаскелерінің шекарасы уәкілетті органның кәсіпорнымен белгіленеді.

      44. Жол учаскесінің ұзақтығы және осы учаскені айналып өту жиілігі жолдардың сипаттамаларына (габариттеріне, ағыстың жылдамдығы, судың саяз жерінің санына және т.б), учаскенің навигациялық белгі құралдарымен толықтығы, техникалық құралдардың жаңарту сапасына және кеме жолының қарқындылығына байланысты болады. Бірақ айына 4 айналымнан кем емес.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2018 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Бригадаға бекітілген учаскенің жол ұзақтығы 30-100 шақырымды құрайды.

      46. Ахуал учаскелерінің ұзақтығы посттық қызмет көрсету нысаны кезінде 5-14 шақырым құрайды.

      47. Навигациялық жабдықтың белгілерін орнату навигацияның ашылуына дейін 3-4 күн бұрын басталады.

      48. Навигациялық жабдықтардың белгілерін шешу навигацияның жабылуынан кейін 3-4 күн ішінде жүргізіледі.

      49. Навигациялық жабдықтың белгілерін құру және алу кезінде қосымша қосалқы флот пайдаланылады, яғни 1-2 бригадаға сүйрейтін кемемен қоса бір баржы-алаңша есептеледі.

      50. Навигациялық кезеңде ахуалдық учаскелерді айналып өту уәкілетті органның кәсіпорнымен әзірленетін айналып өту кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      51. Айналып өту кезінде тереңдерді өлшеу, белгілердің орнын ауыстыру, белгілерді қоқыстар мен шөптерден тазалау, су болып қалған және сынған белгілерді ауыстыру, жарық сигналдық қондырғыларды тексеру және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

      52. Ахуалдық базада болған жағдайда навигациялық белгілері жөндеу, оларды кептіру, тазалау және бояу, жаңа белгілерді жинау, зәкірлерді дайындау бойынша жұмыстар, сондай-ақ кемелерге және басқа да жүзу құралдарына (қайықтар, понтондар) қызмет көрсету жұмыстар орындалады.

6-параграф. Трал жұмыстары

      53. Трал жұмыстарын арнайы тралдық бригадалары орындайды. Қажет болған жағдайда жергілікті және авариялық тралдауды жабдықталған бригадамен орындауға болады.

      54. Тралдық бригадалар кемелерде орналасады. Бригадалар міндетті түрде екі моторлы қайықпен, қатты және жұмсақ тралмен жабдықталған болуы тиіс.

      55. Трал жүргізудің сипаттамасы және мерзімі бойынша жалпы, жергілікті және авариялық болып бөлінеді.

      56. Жалпы трал уәкілетті органның кәсіпорнымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

      57. Жалпы трал бойынша жұмыстар жоғары учаскеден су тасқынының төмендеуінде басталады.

      58. Кепілдендірілгеннен 1,5 есе асатын терең өңіп кеткен учаскелерден басқа жалпы тралдау жұмыстарын транзиттік кеме жолдарының барлық бойында орындайды.

      59. Жергілікті трал жұмыстарын жалпы тралдау жұмыстары кезіндегі аралықта барлық судың саяз жерлерінде, босағаларда, кеме тоқтайтын жерлерде және де жағалаулардың қатты шайылған учаскелерінде, сондай-ақ кеме жолдары такелажбен, бөренелермен ластануы мүмкін учаскелерде жүргізеді. Тралданатын жолдың ені кеме жолдарымен жүретін жүзбелі белгілермен қоршалған еніне сәйкес болуы керек.

      60. Авариялық тралдау жұмыстары қандай да бір су жолының учаскелерінде кемеге қауіп туғызатын зәкір, лот немесе басқа да бір зат суға батқан кезде, немесе кеме әлде салдар апатқа ұшыраған жағдайда жүргізіледі.

7-параграф. Кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізу

      Ескерту. Қағидалар 7-параграфпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2023 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Су жолдарының қызмет көрсетілетін кеме қатынасы учаскелерінің ұзақтығына қажеттілікті айқындау және жол жұмыстарының жоспарланып отырған көлемін өзектендіру мақсатында кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізіледі.

      62. Ішкі су жолдарындағы кеме қатынасы учаскелерінде кеме қатынасының қарқындылығын талдауды уәкілетті орган уәкілетті органның кәсіпорнымен бірлесіп бес жылда бір рет жүргізеді.

      63. Кеме қатынасының қарқындылығын талдау жоспарланған тасымалдау маршруттары және кеме қатынасы ұйымдары ұсынатын жүктер мен жолаушыларды тасымалдау маршруттары туралы деректер негізінде жүргізіледі.