Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.06.2023 № 217 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
М. Әбілқасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 29 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "___"________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
______________ Р. Дәленов
2018 жылғы 27 маусым
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығына қосымша |
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
2) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға;
4) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
5) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі (бұдан әрі – қызметтер аутсорсингі) – халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені.
2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру тәртібі
3. Жұмыспен қамту орталығы Еңбек биржасында халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
4. Жұмыспен қамту орталығы Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыруды әр аптаның сәрсенбі күні жариялайды.
Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру мынадай:
1) жұмыспен қамту орталығының атауы, заңды мекенжайы, байланыс деректері, жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) қызметтер аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) тізбесі;
3) кәсіптер бойынша топтастырылған лоттардың және санаттар бойынша ондағы жұмыссыздардың саны;
4) қызметтер аутсорсингі туралы шарт жобасы;
5) қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімдері ақпаратынан тұрады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып жұмыссыздарды санаттарға бөлуді "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) сәйкес жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
6. Жұмыспен қамту орталығы "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 258 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17170 болып тіркелген) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесіне сәйкес дүйсенбі сайын сағат 9-00-ден 18-30-ға дейінгі аралықта Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізеді.
7. Көрсетілетін қызметтердің аутсорcингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері электрондық цифлық қолтанбасымен расталған жеке кабинет ашу арқылы Еңбек биржасында тіркеледі.
8. Жұмыспен қамту орталығы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге келісімін берген тіркелген жұмыссыздар қатарынан лоттар қалыптастырады.
Лот 30-дан (отыз) аспайтын адамнан құралады, онда екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздардың саны кемінде 30 (отыз) пайызды құрайды.
9. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздері таңдаған лотқа өтінім беріп, лотты таңдау электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
10. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Нормативтік құқықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17168 болып тіркелген) бекітілген біліктік талаптарына (бұдан әрі – біліктік талаптары) сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
11. Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері таңдаған лоттарына өтінім берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың жекеше агентітктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырылады.
Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау нәтижелері бойынша оларды аутсорсингке қатысуға жібереді.
Біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау мерзімдері өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы бас тартудың негізді себептерін көрсете отырып жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне хабарлайды.
Жұмыспен қамту орталығы мынадай:
1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
2) егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзім ішінде лотты бірінші болып таңдамаса;
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынган құжаттар мен мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне көрсетілетін қызметтер аутсорсингіне қатыстырудан бас тартады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жұмыспен қамту орталығы біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты бірінші болып таңдағанын растаған жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне оның жеке кабинетіне хабарлама және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін қарау мерзімдері өткен соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын жібереді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі Еңбек биржасы арқылы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырмаса), жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне жіберілген көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың жобасын кері қайтарады және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың жобасын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты таңдау бойынша келесі болып тіркелген жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне Еңбек биржасы арқылы жібереді.
14. Егер Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімі ішінде лотты бірде-бір жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі таңдамаса, онда халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзімдерге сәйкес лотты қайта орналастыруды жүзеге асырады.
15. Жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17186 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 256 бұйрық) бекітілген нысан бойынша көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарт жасалады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Жұмыспен қамту орталығы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жобасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Еңбек биржасында ол туралы ақпаратты орналастырады.
17. Жұмыспен қамту орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары (телефон, ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы) тиісті жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің байланыс деректерін ұсына отырып, жұмыссыздарды көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде оларға қызмет көрсетілетіні туралы хабардар етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Жұмыспен қамту орталығы аутсорсинг шарты жасалған жекеше агенттікке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыссыздардың тізімімен және қызметтерді көрсету үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) туған күні, айы және жылы;
3) облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауы, үй нөмірі, пәтер нөмірін көрсетумен тұрғылықты мекенжайы;
4) телефоны;
5) электрондық почта мекенжайы (бар болса);
6) алған мамандығы бойынша білімі;
7) жұмыс берушілердің атауы, жұмысқа қабылдану және жұмыстан босатылу күні, лауазым атауы (бар болса) көрсетумен жұмыс өтілі;
8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы;
9) кәсіптік бағдарлаудан өтуі және оның қорытындысы туралы мәліметтер;
10) жұмыс берушінің, лауазымдардың (кәсіптердің) атауын көрсетумен лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы мәліметтер;
11) күтілетін жалақысын және жұмыс орнын көрсетумен жұмыссыздың күтетін лауазымы (кәсібі) қамтылған ақпаратпен жұмыссыздар лотын ұсынады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін қаржыландыру тәртібі
19. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін қаржыландыру № 256 бұйрықпен бекітілген аутсорсинг туралы шартта көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі № 256 бұйрықпен бекітілген аутсорсинг туралы шартта көзделген еңбек делдалдығы бойынша қызмет көрсетудің әрбір кезенінің орындалу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бюйынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі басшысының қолымен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін (бұдан әрі – акт) жібереді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Жұмыспен қамту орталығы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тартады.
Жұмыспен қамту орталығы көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-қимылдарды орындайды, бұл туралы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше агенттікті хабардар етеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге келісім
20___жылғы "____"______________
Осымен, төменде қол қоя отырып халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, сондай-ақ дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондарының байланыс нөмірлері, тұратын мекенжайы, электрондық пошта бар болса) көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне беруге келісім беремін. Келісім осы өтінішке толық көлемде қандай да бір ескертулер мен қарсылықтарсыз қол қою арқылы ұсынылады.
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық (қолы)
Жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша сәйкестендіру жүргізілді, осы келісімге менің қатысуыммен қол қойылды.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Көрсетілген қызметтер актісі 2018 жылғы "___" _________ №___ Құжат нөмірі қол қойылған күні (Тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты тіркеледі)
Осы акт төменде қол қойған Өнім берушінің өкілдері (Тапсырыс берушінің атауы) _______________ (Өнім беруші), (Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы) 2018 жылғы "___" _________ №___ (шарттың (қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі) шартқа (және қосымша келісімге) сәйкес орындағаны, ал _________ (Тапсырыс беруші) төменде қол қойған Тапсырыс берушінің өкілдері (Тапсырыс берушінің атауы) атынан қабылдағаны жөнінде жасалды:
Көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер | ||||||
№ | Қызметтің көрсетілген орны | Көрсетілген қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік бағасы (теңге) | Сома, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | ||||||
... |
Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны ___________ теңгені құрайды (санмен, жазбаша).
Өнім берушінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ЖСН/БСН | ЖСК/БСК | Банк | Заңды мекенжайы | Өнім берушінің өкілдері | Бекітемін | ||||||||||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы | қолы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі | қолы | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
Шарт бойынша ақпарат | ||||||||||||||||
1 | Жалпы мәліметтер | |||||||||||||||
Шарттың жалпы сомасы* | Аванстық төлемдер сомасы* | Шарттың қолданылуынан бастап төлемақы сомасы* | Бұрын актіленгендердің сомасы * | Қызметтерді көрсету мерзімін өткізіп алғаны немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы* | Мерзімі өткен күндердің саны* | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||||||
2 |
Шығыстардың бірыңғай бюджеттік классификациясының коды: | |||||||||||||||
3 | Осы акт бойынша нақты көрсетілген қызметтер (техникалық ерекшелікке, тапсырмаға, көрсетілетін қызметтер болған кезде оларды орындау графигіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің атауы) | |||||||||||||||
Көрсетілетін қызметтің атауы* | Қызмет көрсету күні/кезеңі* | Өлшем бірлігі* | Саны* | Бірлік бағасы, теңгемен* | Сомасы, теңгемен* | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||||||
4 | Өнім берушіге аудару талап етілетін сома |
Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (бар болса өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)
Тапсырыс берушінің атауы * | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк * | Заңды мекенжайы* | Тапсырыс берушінің өкілдері |
Бекітемін | ||||
Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар | Ресімдеудің дұрыстығына (реквизиттер, ерекшелік) жауаптылар | |||||||||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы | Қолы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы | Қолы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы | Қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
* жұмыспен қамту орталығы толтырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – бизнес-сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.