"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енг

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32752 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 57-бабының 2-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22220 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22663 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 49 Қаулыға
қосымша

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 57-бабының 2-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі - БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – ИПБ) сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын бөлек есепке алу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы (бұдан әрі - ЕЖЗҚ) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-дағы зейнетақы жарналарын есепке алу салымшыға (зейнетақы төлемдерін алушыға) жеке зейнетақы шотын (бұдан әрі – ЖЗШ) ашуды, салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алуды, сондай-ақ ЖЗШ-ны жабуды қамтиды.

2-тарау. ЖЗШ ашу және жабу тәртібі

      3. ЖЗШ ашуға негіздеме мыналар болып табылады:

      міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе өсімпұлдарды аударған кезде БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (бұдан әрі – агент) ұсынатын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) БЖЗҚ-ға келіп түскен жеке тұлғалардың тізімдері;

      ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – Заңға сәйкес БЖЗҚ және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде БЖЗҚ-қа және (немесе) ЕЖЗҚ-қа түскен, жеке тұлға (ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы) өзінің пайдасына не үшінші тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе ерікті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер ерікті зейнетақы жарналарын аударған кезде БЖЗҚ-ға ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері немесе ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) ЕЖЗҚ-тан және (немесе) БЖЗҚ-тан аударған ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы не БЖЗҚ-қа "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан түскен талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы.

      Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың ЖЗШ құрамында ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған қосалқы шот ашу үшін негіздеме БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес зейнетақы жинақтарының келіп түскен бастапқы сомасы болып табылады.

      4. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ бір мезгілде салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-ын электрондық нысанда тіркеуді жүзеге асырады.

      5. Салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ зейнетақы жарналарының түрлері (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары) бойынша жеке-жеке теңгемен жүргізіледі, олардың құрамында БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруына берген зейнетақы жинақтары бойынша қосалқы шоттар ашылады және:

      міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың бастапқы сомасы БЖЗҚ-ға түскен күні, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруға аударған күні;

      ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін:

      БЖЗҚ-ға – бастапқы ерікті зейнетақы жарнасы немесе ЕЖЗҚ-дан аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының бастапқы сомасы келіп түскен немесе заңға сәйкес кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы келіп түскен күні, сондай-ақ зейнетақы жинақтары ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына аударылған күні;

      ЕЖЗҚ-ға – бастапқы ерікті зейнетақы жарнасы немесе БЖЗҚ-дан және (немесе) ЕЖЗҚ-дан аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы түскен күні.

      6. Бұрын жабылған жеке зейнетақы шотын қайта ашу тәртібі БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.

      7. ЖЗШ құрылымында міндетті деректер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес болады.

      8. Салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң жабылады.

      9. БЖЗҚ-да және (немесе) ЕЖЗҚ-да ЖЗШ жабылғаннан кейін, оның ішінде БЖЗҚ ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін:

      жабық ЖЗШ-ның нөмірі басқа салымшыға (зейнетақы төлемдерін алушыға) берілмейді;

      Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жабылған ЖЗШ қажет болған жағдайда Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен қайта ашылады.

3-тарау. ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарын есепке алу

      10. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ зейнетақы жинақтарын есепке алуды зейнетақы активтері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын, аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын апта сайын қайта бағалау арқылы жүзеге асырады.

      БЖЗҚ шартты бірліктің құнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері және әрбір ИПБ бойынша сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері бойынша жеке есептейді.

      11. БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-на сомалар келіп түскен кезде келіп түскен сома сомалар келіп түскен күннің басындағы ағымдағы құны бойынша айқындалатын шартты бірліктердің балама санына қайта есептеледі. Салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығару жөніндегі операцияларды БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.

      Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке және БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес қате аударылған жарналарға және (немесе) өсімпұлға есептелген инвестициялық кіріс барлық түскен жарналар және (немесе) өсімпұл толық көлемде қайтарылған жағдайда, салымшылар (зейнетақы төлемдерін алушылар) арасында қайта бөлінуге тиіс.

      12. Салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есептеу, есептен шығару тәртібін қоса алғанда, салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-да зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алу жөніндегі операциялардың тізбесі және оларды жүргізу тәртібі БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.

      13. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің құрамындағы салымшының ЖЗШ-сына түсетін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды жүзеге асырады.

      Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған берілген зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтарған жағдайда, БЖЗҚ оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің құрамындағы салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-сына есепке жатқызуды жүзеге асырады. Бұл ретте салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЖЗШ-ның ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін есепке алу үшін ашылған қосалқы шоты Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жабылады.

      14. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктердің күні мен жиынтық санын көрсете отырып, Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген шартты бірлік құнының есебін жүргізеді.

      15. ЕЖЗҚ ЕЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар ұйымға басқаруға тапсырған кезде айына кемінде бір рет зейнетақы активтерінің салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы ретінде есептелген құнын көрсетілген ұйыммен және ЕЖЗҚ-ның кастодиан банкімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      16. Теңгемен және (немесе) шетел валютасымен төлемдердің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) өзге сомалардың қайтарылуын есепке алу үшін салымшыға (зейнетақы төлемдерін алушыға) жеке атаулы шот болып табылатын, теңгемен және (немесе) шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) өзге сомалардың қайтарылуы түскен күні БЖЗҚ-да немесе ЕЖЗҚ-да ашылатын кредиторлық берешек шоты ашылады.

      Кредиторлық берешек шоттарындағы сомаларды есепке алу бойынша операциялардың тізбесі мен оларды жүргізу тәртібі БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ ішкі құжаттарында айқындалады.

      17. Зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларын БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ осы соманы алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) талап еткенге дейін есептен шығармауға тиіс.

      18. Міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегінде, атында, әкесінің атында және туған күнінде дұрыс деректемелер көрсетілмеген БЖЗҚ-дағы сәйкестендірілмеген салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-дағы сомалар жатқызылады.

      БЖЗҚ Қағидалардың 19-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салымшыларды (зейнетақы төлемдерін алушыларды) сәйкестендіруді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) деректемелерін салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі деректемелерімен фонетикалық іздеу (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ тектерін, аттарын және әкелерінің аттарын қазақ және орыс тілдерінде жазған кезде транслитерация белгісін ескере отырып, салыстырып тексеру жүргізіледі;

      2) салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) деректемелерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына қатысты салыстырып тексеру жүргізіледі.

      Деректемелері қате салымшылар (зейнетақы төлемдерін алушылар) сәйкестендірілген жағдайда, БЖЗҚ оларды "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.

  Міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары және ерікті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақы жинақтарын міндетті
зейнетақы жарналары
салымшыларының, өздері үшін
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары, ерікті зейнетақы
жарналары аударылған жеке
тұлғалардың (зейнетақы
төлемдерін алушылардың) жеке
зейнетақы шоттарындағы
зейнетақы жинақтарын есепке
алу қағидаларына
қосымша

Жеке зейнетақы шотының құрылымы А ВВВВВВ СС DD EE..., мұндағы:

A

-зейнетақы жарнасының түрін белгілеу

1 цифры

Зейнетақы жарнасының түрін білдіреді, мұндағы:
"1" - міндетті зейнетақы жарналары;
"2" - ерікті зейнетақы жарналары;
"3" - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары.

ВВВВВВ

-баланстық шоттың нөмірі

2, 3, 4, 5, 6, 7 цифрлары

Шоттар жоспарының шотын білдіреді.

СС

-өңірдің (облыстың) коды

8, 9 цифрлары

Мыналарды білдіреді:
00 – агенттер БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын өтініш берілмейтін тәртіппен аударған кезде; не ерікті зейнетақы жарналары ЕЖЗҚ-ға аударылған кезде - ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалған өңір, мұндағы:
"01" - Алматы қаласы, Алматы облысы;
"02" - Астана қаласы, Ақмола облысы;
"03" - Солтүстік Қазақстан облысы;
"04" - Павлодар облысы;
"05" - Қостанай облысы;
"06" - Шығыс Қазақстан облысы;
"07" - Қарағанды облысы;
"08" - Ақтөбе облысы;
"09" - Батыс Қазақстан облысы;
"10" - Атырау облысы;
"11" - Маңғыстау облысы;
"12" - Қызылорда облысы;
"13" - Шымкент қаласы;
"14" - Жамбыл облысы;
"15" - Түркістан облысы;
"16" - Абай облысы;
"17" - Жетісу облысы;
"18" - Ұлытау облысы.

DD

-БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ коды

10, 11 цифрлары

БЖЗҚ коды – "00" цифрлары;
ЕЖЗҚ коды – ЕЖЗҚ лицензиясының кодтарын білдіретін цифрлар.

EE

-ЖЗШ құрамындағы қосалқы шоттың коды

12, 13 цифрлары

ИПБ коды – ИПБ лицензиясының кодын білдіретін цифрлар.