"Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32749 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 298 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аппараты мен ведомстволары бойынша:

      1) бірінші вице-министр;

      2) вице-министр;

      3) аппарат басшысы;

      4) Министрдің кеңесшісі;

      5) комитет төрағасы;

      6) комитет төрағасының орынбасары;

      7) департамент, орталық бастығы;

      8) департамент, орталық бастығының орынбасары;

      9) дербес басқарма бастығы;

      10) дербес басқарма бастығының орынбасары;

      11) комитеттің, департаменттің, орталықтың басқарма бастығы;

      12) орталықтың кезекші бөлім бастығы;

      13) комитеттің, департаменттің, орталықтың басқарма бастығының орынбасары;

      14) орталықтың кезекші бөлім бастығының орынбасары;

      15) дербес бөлім бастығы.

      2. Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар бойынша:

      1) Министрліктің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы департамент (бұдан әрі - ТЖД) бастығы;

      2) ТЖД бастығының орынбасары;

      3) ТЖД төтенше жағдайлар басқарма (бөлім) бастығы;

      4) ТЖД төтенше жағдайлар басқарма (бөлім) бастығының орынбасары;

      5) ТЖД басқарма бастығы;

      6) ТЖД басқарма бастығының орынбасары;

      7) ТЖД дербес бөлім бастығы;

      8) ТЖД басқармасының бөлім бастығы;

      9) ТЖД басқарма, дербес бөлім бөлімшесінің бастығы;

      10) ТЖД дербес бөлімше бастығы.

      3. "Министрліктің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азматтық қорғау академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) бойынша:

      1) Академия бастығы;

      2) Академия бастығының орынбасары;

      3) факультет бастығы;

      4) оқу орталығының бастығы;

      5) оқу орталығы бастығының орынбасары;

      6) кафедра бастығы;

      7) кафедра бастығының орынбасары;

      8) бөлім бастығы;

      9) курс бастығы;

      10) курс бастығының орынбасары;

      11) кезекші бөлімнің бастығы;

      12) оқу өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      13) ғылыми-зерттеу орталығының бастығы.

      4. "ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемелері бойынша:

      1) мекеме бастығы;

      2) мекеме бастығының орынбасары;

      3) бөлім, бөлімше бастығы;

      4) кезекші бөлімнің бастығы;

      5) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы;

      6) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары;

      7) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      8) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

      9) өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      10) өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

      11) өрт сөндіру бекетінің бастығы;

      12) мамандандырылған жасақ бастығы;

      13) амандандырылған жасақ бастығының орынбасары;

      14) жасақ бастығы;

      15) жасақ бастығының орынбасары.