Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36644 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22892 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 298 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32749 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов