"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына қосымша |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды босатуын есепке алуды автоматтандыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
2) ауыспалы қалдық – бірыңғай дистрибьютор қоймаларындағы бұрын, оның ішінде төмендемейтін қор шеңберінде сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығы;
3) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
4) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
6) бекітілген баға – дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған бағасы, өнім беруші дәрілік затты немесе медициналық бұйымды бірыңғай дистрибьюторға сол бойынша беруге міндеттенеді;
7) бірлесіп орындаушы – өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
8) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізбесі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, мыналар:
дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы және қысқаша сипаттамасы;
медициналық бұйымдардың атауы (құрамы) және қысқаша сипаттамасы қамтылатын, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесі;
10) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютор айқындайтын, бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;
11) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24253 болып тіркелді) (бұдан әрі – 96 бұйрық) және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелді) (бұдан әрі – 77 бұйрық) сәйкес бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор бекітетін, сипаттамалары, өлшем бірліктері, өлшеп-оралуы, өндірушінің атауы, өндірілген елі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескерілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан аспайтын бағалары көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі қамтылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға ұсынысы;
12) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың беру шартында көрсетілген бағасына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үстеме;
13) дәрілік зат – затты не заттардың комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндірушімен не патенттелген бірегей дәрілік заттардың келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен, сондай ақ медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды беруге не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісін құруға немесе қолданыстағы өндірісін жаңғыртуға ниеті бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен он жылға дейінгі мерзімге үш жылға дейін ұзарту құқығымен жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіріс (бұдан әрі – келісімшарттық өндіріс) – дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) және медициналық бұйымдарды өндірушілер үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандарты (ISO 13485) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарттық негізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісі;
16) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай көзін беретін ақпараттық жүйе;
17) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;
18) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;
19) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры –"Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 болып тіркелген) (бұдан әрі – 88 бұйрық) сәйкес тиісті қаржы жылына, үздіксіз дәрілік қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тиісті қаржы жылына арналған бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің алдын ала есептерінен дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың жалпы көлемінің жиырма бес пайызына дейінгі көлемде бірыңғай дистрибьютор белгілейтін және жоспарлы түрде өз қаражаты есебінен толықтыратын қоры;
20) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
21) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;
23) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары,
сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
24) жылжымалы медициналық кешен – ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесінде пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильді клиникалар (кабинеттер);
25) инвестициялық жоба – тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарына сәйкес дәрілік заттардың және ISO сапаны басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
26) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндірісі бар және онымен дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымның келісімшарттық өндірісіне шарт жасасқан (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлға;
27) клиникалық-техникалық негіздеме – сұратылған медициналық техникаға мұқтаждық пен денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпарат қамтылған құжат;
28) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
29) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі – халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;
30) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
31) медициналық мақсаттағы бұйымдар – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;
32) медициналық техника – функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
33) медициналық тапсырма – тапсырыс беруші (өтініш беруші) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне, медициналық ұйымның бейініне және сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға арналған клиникалық хаттамаға сәйкес қажет диагностикалық зерттеулерді және (немесе) медициналық манипуляцияларды көрсете отырып, қалыптастыратын құжат;
34) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін және Кодекстің 13-бабына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
35) орфандық (сирек) дәрілік препарат (бұдан әрі – орфандық препарат) – жиілігі Қазақстан Республикасында ресми белгіленген деңгейден аспайтын орфандық (сирек) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;
36) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға, олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:
Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке тиісті лицензияның негізінде жүзеге асырылады;
тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар олардың Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі;
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес жеткілікті қайта өңделген және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Сауда қызметін реттеу туралы" Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналысқа арналған;
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңға сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңделген және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетіледі;
37) өндірістік алаң – дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндірушінің аумақтық оқшауланған, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндірудің барлық процесін және (немесе) бір бөлігін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған кешені;
38) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушымен, тапсырыс берушімен немесе бірыңғай дистрибьютормен нысанасы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру, фармацевтикалық қызметтер көрсету болып табылатын шарт (ұзақ мерзімді шарт, келісім, меморандум, өзге мәміле) жасасқан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
39) өтініш беруші – медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш, құжаттар мен материалдарды беруге құқылы жеке немесе заңды тұлға, не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, бірыңғай дистрибьютор арқылы медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін өтінімдерді жіберетін медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар);
40) өнім беру шарты – осы Қағидаларға сәйкес бір тараптан бірыңғай дистрибьютор, сатып алуды ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші және екінші тараптан өнім беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға жасалған, тараптар веб-порталда немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қол қойған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт (ұзақ мерзімді шарт, келісім, меморандум, өзге мәміле);
41) фармацевтикалық көрсетілетін қызметке ақы төлеу – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілген қызметтер үшін іс жүзіндегі шығындарын өтеу;
42) өтінім – сатып алу туралы хабарландыру немесе шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес өнім беруші болып танылу мақсатында сатып алуға қатысуға ұсыныс;
43) сараптамалық бағалау – "Медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22040 болып тіркелді) сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын бағалау;
44) медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытынды – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру үшін осы Қағидаларға сәйкес сараптама ұйымы берген құжат;
45) сарапшы – әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар сипаттамасының немесе медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидаларда белгіленген шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық қорытынды беру үшін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор өтеусіз негізде тартатын, сатып алу өткізілетін саладағы арнаулы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған жеке тұлға;
46) сатып алу – тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының және бірыңғай дистрибьютордың осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
47) сатып алу шарты – осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
48) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
49) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін тұлға;
50) сатып алудың үшжақты шарты – медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;
51) сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі – медициналық техниканы беруді, орнатуды, сервистік қызмет көрсетуді, оның ішінде пайдаланылған құрамдас бөліктерді ауыстыруды, медициналық техниканың жекелеген бөліктерін ауыстыруды немесе қалпына келтіруді, осы медициналық техникаға тән медициналық техниканы баптауды және реттеуді, тазалауды, майлауды және қажет болған жағдайда негізгі тетіктер мен тораптарды қайта жинауды, медициналық техника корпусының оның құрамдас бөліктерінің сыртқы және ішкі беттерінен (ішінара блоктық-тораптық бөлшектеумен) шаңды, кірді, коррозия мен тотығу іздерін кетіруді қамтитын жұмыстардың толық циклі және пайдалану құжаттамасында көрсетілген медициналық техниканың нақты түріне тән өзге де операциялар;
52) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беру шарты – медициналық техникаға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында медициналық техниканы беруге, орнатуға, сервистік қызмет көрсетуге 10 жылға дейінгі мерзімге жасалатын шарт;
53) сараптама тобы – сұрау салынатын медициналық техниканың бейіні бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын және жыл сайын бірыңғай дистрибьютор бекітетін мамандар тобы;
54) тапсырыс берушілер – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
55) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай мүмкіндігі болатын кез келген тұлға;
56) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға (бұдан әрі – саудалық атауға шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;
57) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға (бұдан әрі – халықаралық патенттелмеген атауға шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
58) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасындағы сатып алудың осы Қағидаларға сәйкес жеңімпазды анықтауға бағытталған тәсілі;
59) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен байланысты қызметі;
60) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті беруші – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
61) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) дайындау және (немесе) көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;
62) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілер арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
63) шетелдік тауар өндіруші – шет мемлекеттің аумағында құрылған және Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын, тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндіруді немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын және оларды экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген шығу тегі туралы сертификаттармен растайтын шетелдік заңды тұлға;
64) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
65) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
66) DDP ИНКОТЕРМС 2020 – тауар тапсырыс берушіге шартта көрсетілген межелі жерге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылып жеткізетін, Халықаралық сауда палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині;
67) болжамды баға – инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін шамалас баға;
68) аналогты медициналық техника – сипаттамалары мен жиынтығының ұқсас болуы бірдей функцияларды орындауға және бірін-бірі алмастыруға мүмкіндік беретін медициналық техника.
3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:
1) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
3) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
4) отандық тауар өндірушілерді қолдау.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру құралдарын сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгілегеннен аспайтын бағамен сатып алынады.
5. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) бірыңғай дистрибьютордан оның тізімі бойынша сатып алу;
5) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда бірыңғай дистрибьютор арқылы.
Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуына жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушының осы Қағидаларда белгіленген шарттарға сәйкестігі туралы ақпаратты техникалық ерекшелікте көрсетеді.
Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген сатып алу осы Қағидалардың 2, 3, 4-тарауына сәйкес жүргізіледі.
6. Арнайы емдік өнімдерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
1) веб-портал арқылы тендер;
2) веб-портал арқылы бір көзден алу;
3) бір көзден алу;
4) өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша.
Осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көзделген сатып алуды өткізу мүмкіндігі болмаған кезде веб-портал арқылы сатып алу қағаз жеткізгіштерде жүргізіледі.
8. Егер:
1) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрса, әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатыспайды.
9. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші мынадай шартттарға сәйкес келеді:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) тиісті фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілеттілігі;
3) комиссияның (комиссиялардың) мүшелерімен және хатшысымен, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) комиссия (комиссиялар) қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар өкілдерімен үлестес болмауы;
4) бюджетке, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы;
6) өзінің үлестес тұлғасымен бір лот бойынша тендерге қатысушы болып табылмауы.
Осы тармақтың шарттары шетелдік тауар өндірушілерден және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
10. Әлеуетті өнім беруші хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттары бойынша жиынтықта болуы талап етілетін жағдайды қоспағанда, бір лот бойынша сатып алу шеңберінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның бір саудалық атауын ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды:
1) "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелді) кіретін, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін;
2) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығында балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы нұсқамасы бар дәрілік зат сатып алынған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;
3) пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімінің негізінде жүзеге асырады.
11. Сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай шарттар қойылады:
1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, "Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелді) енгізілген орфандық препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің; арнайы көлік құралындағы медициналық техника сатып алынған кезде – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеуінің болуы.
Жиынтықтаушы медициналық техниканы (өнім беру жиынтығын) тіркеудің қажет болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі.
Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асыруға жол беріледі;
3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, 96 бұйрықпен және 77 бұйрықпен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болған жағдайда) бойынша шекті бағадан асырмау;
4) "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;
5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
7) өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға берген күні сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде елу пайызды;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде он екі айды құрайды;
8) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
9) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні вакциналардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
10) бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушіге жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсаты бойынша пайдалану үшін берілетін дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының ауыспалы қалдықтары үшін осы тармақтың
8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жарамдылық мерзімінен аз;
11) медициналық техниканың жаңалығы, оның пайдаланылмауы және жеткізу сәтінің алдындағы жиырма төрт ай кезеңінде өндірілуі;
12) өлшеу құралдарына жататын медициналық техниканың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі.
Медициналық техниканы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізудің қажет болмауы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес расталады;
13) шарт талаптары бойынша өнім беру немесе фармацевтикалық қызмет көрсету санын, сапасын және мерзімдерін сақтау.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген шарттарды өнім беруші өнім беру немесе сатып алу шартын орындау кезінде растайды.
13. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға осы Қағидаларда көзделмеген шарттарды белгілемейді.
2-тарау. Отандық тауар өндірушілерді және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілерін қолдау
14. Егер лот бойынша сатып алуға отандық тауар өндіруші және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
15. Егер лот бойынша сатып алуға өтінімдері хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілер және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
16. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық тауар өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия;
2) "Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) сәйкес берілген, өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға арналған тіркеу куәлігі.
Шарт немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде отандық тауар өндіруші берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификатын ұсынады.
17. Әлеуетті өнім беруші – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушісінің мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
1) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметтер көрсетуге лицензия;
2) "Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптама қағидалары туралы" ЕАЭО кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешіміне және "Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптама қағидалары туралы" ЕАЭО кеңесінің
2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешіміне сәйкес келетін тіркеу куәлігі.
3-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес объектінің:
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
2) дәрілік заттарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер шарттар жасау артықшылығына ие болады.
19. Сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін өтінімге:
1) отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде объект пен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
2) әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
3) әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) туралы сертификатты қоса береді.
20. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім мен объектінің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты берген бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
21. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін тендерлік өтінім және объектілердің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттарды берген екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, олардың арасында жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Егер лот бойынша сатып алуға дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық әрі дәл сәйкес келетін тіркеу куәлігін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) нөмірін ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, басымдық тіркеу куәлігін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге беріледі, бұл ретте олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
22. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші шешім қабылдау жолымен сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші бір тұлғада әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, алдағы сатып алуда соңғысының мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындайды.
23. Дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын онымен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
2-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Тендерді ұйымдастыру
24. Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар тендерді осы Қағидалардың осы тарауының нормаларына сәйкес өткізеді.
Тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын, қайталама тендер кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына хабарландыру орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
25. Тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады және мынадай ақпарат қамтылады:
1) тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы;
2) сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары, саудалық атауы – пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома;
3) жеткізу мерзімі мен шарттары;
4) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі;
5) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен тендерлік өтінімдерді соңғы беру мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны.
26. Тендер өткізу үшін тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге бөлек комиссия құрамы бекітіледі.
27. Тендерлік комиссияның құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының тақ санды кемінде үш адамнан тұратын жұмыскерлері енгізіледі.
28. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін сатып алу шарты жасалған не тендер өткізілмеген деп танылған күні не сатып алу шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылық анықталған жағдайда қорытындыларының күші жойылғанда тоқтатады.
29. Тендерлік комиссия құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ бейінді құрылымдық бөлімшелер басшылары мен мамандары кіреді.
30. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшының орынбасары комиссия қызметіне басшылық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерін іске асыру үшін жалпы бақылауды жүзеге асыратын тендерлік комиссияның төрағасы болып айқындалады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
31. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы басшысының бұйрығымен тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері қатарынан тендерлік комиссия хатшысы тағайындалады, ол комиссия құрамына кірмейді және дауыс беру құқығы болмайды.
32. Тендерлік комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды, тендерлік комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы беті тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады.
33. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы арнайы білімді және (немесе) техникалық білікті талап ететін мәселелер бойынша бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жеке қаржы жылына дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың хабарландырудағы сипаттамаларға немесе техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі тұрғысынан өтінімдерді сараптау үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыларды айқындайды.
34. Сарапшы комиссия шешім қабылдағанға дейін әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын шарттарға, тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкестігіне дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.
35. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.
Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
36. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды.
37. Тендерлік комиссия отырысы оның жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болса тендерлік комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде тендерлік комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
38. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған кезде отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге сілтеме көрсетіледі.
39. Егер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы кворумның болмауы себебінен белгіленген күні және уақытта өткізілмесе, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды.
Бұл ретте қайта берілген тендерлік өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды.
40. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерлік комиссия құрамына өзгерістер енгізеді.
41. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссия төрағасы, оның орынбасары мен комиссия хатшысы қол қояды және әрбір параққа қол қойылады.
42. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы бекітеді, ол оның интернет-ресурсына орналастырылады және мыналарды (сатып алу нысанасына қарай):
1) әлеуетті өнім беруші өзінің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға және сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растау үшін ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамын, құжаттар тізбесін;
2) техникалық ерекшелікті қоса алғанда, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамаларын;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемі және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген соманы;
4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жеткізу немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету орны, мерзімі мен басқа да шарттарын;
5) төлем шарттарын және дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жобасын;
6) тендерлік өтінімнің, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың тіліне қойылатын талаптарды;
7) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптарды;
8) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін;
9) тендерлік өтінімді кері қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібіне нұсқауды;
10) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімі мен олардың қолданылу мерзімін;
11) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны, қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну нысандарын;
12) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні, уақыты мен рәсімін;
13) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімін;
14) әлеуетті өнім берушілерге – отандық тауар өндірушілерге осы Қағидаларда айқындалған қолдау көрсету шарттарын;
15) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарттарын, нысанын, көлемі мен тәсілін;
16) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамалары және халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасы және саудалық атауының шекті бағасы көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесі және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде).
Пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде тапсырыс берушінің дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы негізінде саудалық атауы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамасы мен халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасы және (немесе) саудалық атауының шекті бағасы көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
17) медициналық техниканың тізбесі мен санын;
18) әрбір лот бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындаған фармацевтикалық қызмет көрсетілуге тиіс елді мекендер тізбесін (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);
19) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне, сондай-ақ олардың бірлесіп орындаушыларына қойылатын шарттарын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) қамтиды.
43. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға, ал біртекті дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бірнеше түрін сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізу орны бойынша лоттарға бөлуіне жол беріледі.
Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды оларды көрсету орны бойынша лоттарға бөледі.
44. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей түсініктеме береді, ол сұрату келіп түскен күнде тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
45. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады.
Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.
46. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтер қамтылатын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
47. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді жабық күйінде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
48. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
49. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады.
Бірлесіп орындаушы тартылған кезде әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге, сондай-ақ осы Қағидалардың 50-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
50. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді (электрондық жеткізгіште өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады);
2) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі;
4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
5) мыналар:
объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;
объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;
объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатының көшірмелерін;
6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысын;
7) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.
51. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі:
1) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелікті (медициналық техниканы мәлімдеген кезде, сондай-ақ "docх" форматында электрондық жеткізгіште);
2) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың не дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсатының (қорытындысының) көшірмесін қамтиды.
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкелінгенін, оны әлеуетті өнім берушінің кіріске алғанын растайтын құжаттың көшірмелері; отандық тауар өндірушінің өндіруі, "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) сәйкес берілген қауіпсіздік туралы қорытынды ұсынылады.
52. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
53. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету):
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
54. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;
2) тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;
3) басқа әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған;
4) сатып алу рәсімі тендер жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;
5) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайда қайтарылады.
55. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер:
1) ол тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендер жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасаудан жалтарса;
3) жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе, қайтарылмайды.
56. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша нысанда кері қайтарып алады.
57. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
58. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі.
Грамматикалық немесе арифметикалық қатені түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар жазуға, сөздерді өшіруге немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі.
Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады.
Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы қамтылады, ол тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс және "_______ (тендердің атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі тендер" және "_______ (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз" деген сөздер қамтылады.
3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
59. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы
2 (екі) сағаттан аспайды.
60. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада айқындалған уақытта және орында аудио және видео тіркеуді қолданып ашады.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.
Тендерлік комиссия хатшысы конверттерді ашып, тендерлік өтінімдер келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімделген бағаны, жеткізу мен ақы төлеу шарттарын, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
61. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін нақтылау мақсатында тендерлік комиссия банкроттық не тарату рәсімінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
62. Тендерлік комиссия:
1) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
2) жарғы көшірмесі немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайда құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;
3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) құжаттың көшірмесі ұсынылмаған;
4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;
5) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде бюджетке берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген соманы қоспағанда) туралы ақпарат болған;
6) осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;
7) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуған;
8) осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерге осы Қағидаларда көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
9) банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы болған;
10) ұсынылған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
11) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу дерекнамасында айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;
12) осы Қағидалардың 10-тармағының шарттарына сәйкес келмеген;
13) осы Қағидалардың 15, 21-тармақтарында белгіленген талаптарға;
14) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттама шарттарында көрсетілгеннен неғұрлым қысқа болған;
15) баға ұсынысы ұсынылмаған не баға ұсынысы осы Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылмаған;
16) әлеуетті өнім беруші дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бағасын тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағасынан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасынан және саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары ұсынған;
17) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолтаңбамен бекітілмей, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;
18) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеген;
19) осы Қағидалардың шарттарын бұзып үлестес болу фактісі анықталған жағдайда тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.
63. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткен жоқ деп танылса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және осы Қағидалардың 2-бөлімінің
1-тарауына сәйкес қайта тендер өткізеді.
64. Егер тендер тендерлік құжаттама шарттарына сәйкес келетін бір ғана өтінімнің берілуі негізінде тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеген деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады.
65. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1) тендерлік өтінімдер болмаса;
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдері қабылданбаса, өткізілмеді деп танылады.
66. Тендер жеңімпазы тендерлік өтінімдері тендерлік комиссия ең төмен баға ұсынысы негізінде хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады.
Лот бойынша бәсекелес болмаған немесе лот бойынша бәсекелестің тендерлік өтінімдері қабылданбаған кезде тендерлік өтінімін тендерлік комиссия хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін жалғыз өтінім деп таныған әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы болып танылады.
5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
67. Тендер қорытындысы тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:
1) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамасы;
2) сатып алу сомасы;
3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы, орналасқан жері және біліктілік деректері;
4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және шарттары;
5) бағалауды жазу және тендерлік өтінімдерді салыстыру;
6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемесі;
7) саудалық атауын көрсетіп, тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз айқындалған талаптар;
8) саудалық атауын көрсетіп, әрбір тендер лотының ұсынысы жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын қатысушының атауы мен орналасқан жері;
9) егер тендер жеңімпазы айқындалмаса, негіздемесі;
10) сатып алу шарты жасалуға тиіс мерзім;
11) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат енгізіледі.
68. Тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына қорытынды хаттамасын орналастыру арқылы тендердің нәтижесі туралы хабарлайды.
69. Тендердің қорытындысы туралы хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытынды шығарылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тапсырыс берушіге сатып алу қорытындысы хаттамасының куәландырылған көшірмесін және жеңімпаздың дәрілік заттарының және (немесе) медициналық бұйымдарының техникалық ерекшелігін жібереді.
3-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
70. Егер біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық көлемі баға тұрғысынан заңнамада тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, сондай-ақ осы Қағидалардың 72-тармағында көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды (бұдан әрі – бағалық сатып алу) қолдануға жол беріледі.
71. Бағалық сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дистрибьюторда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың болмауы жағдайын қоспағанда, қаржы жылы ішінде біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың жылдық көлемін бөлшектеуге жол берілмейді.
72. 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгіленгеннен аспайтын баға бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) алпыс күндік қажеттілікке дейін, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді тоқсан күндік қажеттілікке дейін сатып алуға:
1) бірыңғай дистрибьютордан:
бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған сатып алу шарты бойынша жеткізу мерзімінің бұзылуына;
бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен жүргізетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың болмауына байланысты алынған хабарлама негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушіде немесе денсаулық сақтау субъектілерінде (амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығы болмаған;
2) бірыңғай дистрибьютор медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта балаларға қолдануға қарсы көрсетілім бар дәрілік затты сатып алған;
3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдері негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған;
4) тендер өткізілмеді деп танылған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған кезде жол беріледі.
73. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы өнім беру көлемін, орнын және графигін көрсетіп, кемінде екі үлестес емес әлеуетті өнім берушіден баға ұсынысына сұратуды жүзеге асырады.
74. Сұрату баға ұсынысын қабылдаудың соңғы күніне дейін күнтізбелік жеті күн бұрын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландыру орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушіде интернет-ресурс болмаған кезде хабарландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының интернет-ресурсына орналастырылады.
75. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін жабық күйде тек бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысын, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
76. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі сұратудың және осы Қағидаларға 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша үлгілік сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының талаптары сақталып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.
77. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсынысын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қорытынды хаттамасын жасайды, оған:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы;
2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;
3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;
4) баға ұсынысы салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы енгізіледі.
Хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады.
78. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Бірдей баға ұсынысы берілсе баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 80-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.
79. Баға ұсынысы болмаған кезде баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.
80. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған (жіберілген) көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесін (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, онда акция ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі де ұсынылады);
5) "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасы арқылы алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, олар есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі;
6) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушыға осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады.
Жеңімпаз осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмесе баға ұсынысы тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.
81. Сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қорытынды шығарылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорытындылау хаттамасын жібереді.
Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін жеңімпаз айқындалған немесе қорытындылау хаттамасын алған күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде осы Қағидалардың 5 және (немесе)
6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалатын қол қойылған сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.
82. Жеңімпаз сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды не тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны оның шарттарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.
Қол қойылған сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты көрсетілген мерзімде ұсынбау оны жасасудан бас тарту (шарт жасасудан жалтару) болып есептеледі. Бас тартуды қарау мерзімі
2 (екі) жұмыс күнінен аспайды.
4-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
83. Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алуды осы тараудың нормаларына сәйкес бір көзден алу тәсілімен немесе осы Қағидалардың 3-бөлімі 3-тарауының 2-параграфына сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырады.
Бір көзден алу тәсілімен сатып алу:
1) баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылғанда;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы салдарынан тендер өткізу мүмкіндігін болдырмайтын осы дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға жедел қажеттілік туындағанда;
3) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындысын шығарғанға дейінгі кезеңде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда;
4) дәл сол қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлеміне қажеттілік болғанда.
Бұл ретте дәрілік заттың, медициналық бұйымның немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасы дәл сол қаржы жылы сатып алынған дәрілік заттың, медициналық бұйымның не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасынан аспайды. Дәл сол қаржы жылы сатып алу немесе фармацевтикалық қызметті көрсетуге шарт жасасқан сол бір өнім берушіден сатып алу жүзеге асырылған кезде жасалған шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі және осы Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растау талап етілмейді.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемі фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген фармацевтикалық қызмет қосымша көрсетілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын ұлғайту деп түсініледі (бағасы, саудалық атауы, дозасы және сапасы өзгермеген кезде);
5) халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде алпыс күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендер бірыңғай дистрибьютордан алынған хабарлама негізінде өткізілген жоқ деп танылғанда;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде:
медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімі бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;
дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда;
7) 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгіленгеннен аспайтын баға бойынша алпыс күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша қызметті (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) сатып алуды жүзеге асыру қажет болғанда, сондай-ақ дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу мен өткізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда, сондай-ақ тоқсан күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол беріледі;
8) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерде толық өндірілген немесе өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіретін өнім берушінің немесе оның үлестес тұлғаларының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуі көзделіп, жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты болғанда қолданылады.
84. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсынысын;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады.
85. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасалады, оған:
1) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, олардың саудалық атауының немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанып отырған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;
4) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігі енгізіледі.
86. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты осы Қағидалардың 2-бөлімі 6-тарауының негізінде жасалады.
87. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының осы тәсілді қолдануын негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдауы;
2) тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау және бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін өткізу;
3) әлеуетті өнім берушіге сатып алуға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсетіп, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақырту жіберу;
4) әлеуетті өнім берушінің шақыртуда көзделген құжаттарды қоса беріп, бір көзден алуға қатысу туралы келісімді жіберуі;
5) әлеуетті өнім беруші ұсынған осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау;
6) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру;
7) әлеуетті өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу.
88. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
89. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттама жасайды және интернет-ресурста орналастырады.
90. Осы тарауға сәйкес жіберілген тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шақыртуына әлеуетті өнім беруші оны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға шақыртуда көзделген құжаттарды қоса беріп, сатып алуға қатысатыны туралы өзінің келісімін жібереді. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады.
5-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
1-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау
91. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама ұйымы растайтын Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, медициналық техниканың саудалық атауына шекті бағаларды және техникалық сипаттамасын, клиникалық-техникалық негіздемені талдауды және медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытынды алуы қажет.
Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды, құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін беріледі, оны тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алады.
92. Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш беруші ұсынған әртүрлі медициналық техниканы өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамаларымен техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі.
93. Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш беруші сараптама ұйымына:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық сәйкес ұқсас медициналық техниканың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар мен материалдарды ұсынады.
94. Сараптама ұйымы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беруді жүзеге асырады.
Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің материалдары және тиісті тіркеу дерекнамасының құжаттары ескеріледі.
95. Осы Қағидаларға 7-қосымшаның 4-тармағына және (немесе) тиісті тіркеу дерекнамасының материалдарына сәйкес ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде сараптама ұйымы анықталған ескертулерді және оларды ескертулер жіберілген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігін көрсете отырып, өтініш берушіге жауап (еркін нысанда) жібереді.
Ескертулерді жоюға берілген уақытта, өтінішті қарау мерзімдері тоқтатыла тұрады.
96. Өтініш беруші ескертулерді жоймаған кезде сараптама ұйымы өтініш берушіге өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама (еркін нысанда) жібереді.
97. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы қорытынды беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытындының қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 12 айдан аспайды.
98. Тапсырыс берушілер құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын медициналық техниканы сатып алуды осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісу бойынша жүзеге асырады.
99. Тапсырыс беруші құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алады.
100. Тапсырыс берушілер бір бірлігінің құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы бірыңғай дистрибьюторға жыл сайын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 тамыздан кешіктірмей өтінім беру жолымен жүзеге асырады, онда:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелік (техникалық ерекшелікті дайындаған кезде тапсырыс беруші оған медициналық техниканың функционалдық мақсатына әсер ететін, жоқ болуы оны мақсатына қарай қолданудың мүмкін болмауына алып келетін параметрлерді қосады);
3) Әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігі немесе Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтардың жоқ екені туралы сараптама ұйымы берген қорытынды қамтылады.
Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қарамағындағы тапсырыс берушілер өтінімді бекіту және одан әрі бірыңғай дистрибьюторға ақпараттық жүйе арқылы жіберу үшінің өз аумақтық бірлігі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді.
101. Өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығы тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жүктеледі.
102. Бірыңғай дистрибьютор бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы өтінімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімді ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының медициналық техниканың мәлімделген сипаттамасына әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне қорытындының сәйкестігін қарайды.
Ескертулер болған кезде бірыңғай дистрибьютор өтінімді тапсырыс берушіге қайтарады.
Тапсырыс беруші оны 10 (он) жұмыс күні ішінде сәйкестендіруге және бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы бірыңғай дистрибьюторға қайта енгізуге жол беріледі.
103. Тапсырыс берушінің қайта енгізілген техникалық ерекшелігі 10 (он) жұмыс күнінен асырылмай қаралады.
104. Ескертулердің жойылмауы не толық жойылмауы тапсырыс берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болып табылады.
105. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды осы Қағидалардың 16-тарауына сәйкес бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
106. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде тапсырыс берушілер (өтініш берушілер) бірыңғай дистрибьюторға құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы беру шарттарын жасасу, өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі туралы ақпарат береді, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканы беру фактісі бойынша жабдықты қабылдау-беру актісінің көшірмесін ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілер (өтініш берушілер) ақпарат ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде медициналық техниканың сатып алынуына мониторинг жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сатып алу нәтижелері туралы есеп береді.
6-тарау. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасасу
107. Тапсырыс беруші тендер қорытындысы шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе осы Қағидалардың 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.
108. Шартты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.
109. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушілікті қарау мерзімі шарт жасасудан бас тартуды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды.
110. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
111. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасасады.
112. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын, көлемін азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді.
113. Өнім берушіні таңдауға негіз болған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымның құрамы немесе сипаттамасы өзгермеген жағдайда жасалған шартқа:
1) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;
2) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
114. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының аудио және бейне тіркеуді қолданып, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өз қалауы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
7-тарау. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
115. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс.
116. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:
1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;
2) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.
117. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
118. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер басқаны көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
119. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші өнім берушіге:
1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;
2) өнім беру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);
3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкциясын төлемеген кезде қайтармайды.
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу
1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі
120. Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 72-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, 88 бұйрыққа енгізілген, бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
121. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу қорытындысы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сатып алу нәтижелері туралы есеп береді.
2-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
122. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы
20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде өтінім мәртебесі бар (алдын ала, түзетілген, қосымша) өтінімдерді және (немесе) қажеттілік есептерін ұсынады.
123. Өтінімдер халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалар бойынша қалыптастырылады.
124. Тапсырыс берушілердің сатып алу шартын жасасу сәтіне дейінгі өтінімдері олардың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
125. Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған республика бойынша қажеттілік есептерінің жиынтығын қор бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
126. Бірыңғай дистрибьютор өтінімдерді және (немесе) қажеттіліктің жиынтық есептерін (алдын ала, қосымша) алғаннан кейін осы Қағидалардың
3-бөліміне сәйкес төмендемейтін қордың көлемін ескере отырып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
127. Бірыңғай дистрибьюторға:
1) сол қаржы жылында тиісті қаржы жылына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде тапсырыс берушілер мәлімдеген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемін барабар азайту қажеттігі туындағанда;
2) тапсырыс берушілер мәлімдеген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемін беруге әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмағанда ішінара сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
128. Сатып алу өткізілгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор тиісті қаржы жылына арналған прайс-парақты бекітеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, қорға, тапсырыс берушілерге жібереді.
129. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор мен қор арасында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бөлген сома шегінде Кодекстің 69-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты жасалады.
3-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету және аурулардың профилактикасы үшін сатып алу
130. Тапсырыс берушілер прайс-парақты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған алдын ала өтінімді түзетеді және түзетілген өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
131. Дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға түзетілген өтінімді ресімдеу кезінде тапсырыс берушілер олардың сапасын сақтау мақсатында мәлімделетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын жалпы жылдық көлемнен ең аз қаптаманың еселенген санына дейін дөңгелектейді.
Түзетілген өтінімдегі дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын тапсырыс берушілер алдын ала өтінімдерде көрсетілген санның 10 (он) пайызына дейін азайту жағына қарай өзгертуі мүмкін.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе қордың келісімі бойынша дәрілік заттардың (немесе) медициналық бұйымдардың санын 10 (он) пайыздан жоғары азайтуға:
дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған;
тапсырыс берушінің бірінші басшысының қатысуымен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған,
қайта ұйымдастырылған, таратылған және қаржыландыру қысқартылған кезде жол беріледі.
132. Тапсырыс берушілер шарт жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесіне:
тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың нөмірі мен күні;
сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы;
төлем деректемелері,
дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру орны (мекенжайы) бар ақпаратты енгізеді.
Сондай-ақ құрылтай құжаттарының көшірмесін, мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы, басшыға арналған бұйрықтың көшірмесін, қормен жасалған шарттың көшірмесін, қажет болған кезде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы лицензияны ұсынады.
133. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттарды тапсырыс берушілерге қол қоюға жібереді.
134. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан шартты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, шартқа қағаз жеткізгіште қол қоятын, мөрмен бекітетін және оларды қабылдау-беру актісі бойынша бірыңғай дистрибьюторға беретін тапсырыс берушілерді қоспағанда, оған бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қол қояды.
135. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылында қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған сатып алуға арналған қосымша өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
4-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алу
136. Тапсырыс берушілер прайс-парақты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған қажеттіліктің алдын ала есебін түзетеді және қордың республика бойынша жиынтық қалыптастыруы және бірыңғай дистрибьюторға жіберуі үшін аумақтық бірлігі бойынша қажеттіліктің түзетілген есебін жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының органдарына жібереді.
137. Дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қажеттіліктің түзетілген есебін ресімдеу кезінде тапсырыс берушілер олардың сапасын сақтау мақсатында мәлімделетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын жалпы жылдық көлемнен ең аз қаптаманың еселенген санына дейін дөңгелектейді.
Қажеттіліктің түзетілген есебінде дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын тапсырыс берушілер алдын ала өтінімдерде көрсетілген санның 25 (жиырма бес) пайызына дейін азайту жағына қарай өзгертуі мүмкін.
Дәрілік заттардың (немесе) медициналық бұйымдардың санын
25 (жиырма бес) пайыздан жоғары азайтуға:
дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған;
тапсырыс берушінің бірінші басшысының қатысуымен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған,
қайта ұйымдастырылған, таратылған және қаржыландыру қысқартылған кезде жол беріледі.
138. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды тегін босату мақсатында тапсырыс берушілер мен бірыңғай дистрибьютор арасындағы шарттар қордың активтері есебінен жасалады.
139. Тапсырыс берушілер шарт жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесіне:
тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың нөмірі мен күні;
сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы;
төлем деректемелері,
дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру орны (мекенжайы) бар ақпаратты енгізеді.
Сондай-ақ құрылтай құжаттарының көшірмесін, мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы, қормен жасалған шартты ұсынады.
140. Бірыңғай дистрибьютор қордан қажеттіліктің жиынтық түзетілген есептерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға
13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттарды тапсырыс берушілерге қол қоюға жібереді.
141. Бірыңғай дистрибьютор қажеттіліктің түзетілген жиынтығын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде туберкулезге қарсы мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарына және АИТВ инфекциясының профилактикасы мен оны емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қол қоюға жібереді.
142. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан шартты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қол қояды.
143. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылында қосымша қажеттілік туындаған кезде қор бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қажеттіліктің қосымша жиынтық есебін бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
15-тарау. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге шығындарды өтеу тәртібі
144. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген, пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге ай сайын өтейді.
Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалардан және саудалық атауға шекті бағалардан аспайды.
145. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды қамтамасыз етілген тізілімдер (рецепттер тізілімі) туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес өтейді. Шарт сомасы қызметтердің іс жүзінде көрсетілетін көлемі есепке алынып түзетіледі.
3-бөлім. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-тарау. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы веб-портал арқылы жүзеге асыратын тендер
1-параграф. Тендерді жүзеге асыру тәртібі
146. Тендерге осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
147. Тендер мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады:
1) тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және кворум негізінде өтінімдерді қабылдамау немесе бәсекелес емес лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын айқындау және бәсекелес лоттар бойынша аукционға жіберу туралы шешімдер қабылдауы, сондай-ақ егер лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілетін болса, комиссия қабылдаудан бас тартпаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауы;
2) комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілер арасындағы аукцион, веб-портал тендер жеңімпаздарын және екінші орын алған өнім берушілерді автоматты түрде айқындауы және қорытындылар шығаруы, ал барлық өтінімдер қабылданбаған немесе лоттар бойынша бәсекелестік болмаған жағдайда веб-порталдың автоматты түрде қорытынды шығаруы.
148. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шешімімен комиссия құрамына, басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын жұмыскерлері енгізіледі.
Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
149. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының штаттық жұмыскері тендерлік комиссияның хатшысы болып айқындалады, ол:
1) веб-порталда тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
2) тендерлік комиссия мүшесінің қандай да бір лот бойынша сараптамалық қорытынды беру туралы талабы бойынша тиісті сарапшыға сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жіберуді;
3) тендерлік комиссияның дауыс беруінің қорытындысы бойынша танысу үшін дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастыруды, ал комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша веб-порталда дауыс беруді қайта бастауды;
4) дауыс беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
5) тендерді тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда, көшірмесін қоса тіркей отырып, веб-порталда оны тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша тоқтатуды;
6) шарттар жасасу үшін тендердің қорытындысы туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
150. Тендер өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады және веб-порталда тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарлама тартылады, онда:
1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банктік шоты;
3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, медициналық техниканың техникалық ерекшелігімен қоса, оның сипаттамасы, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;
4) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету орны;
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету мерзімдері;
6) қалған уақыттың кері есептей отырып, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты;
7) комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы;
8) комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны мен электрондық поштасы қамтылатын ақпарат болады.
151. Өтінімдерді қабылдау тендер туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:
1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – жеті жұмыс күні;
2) елу лоттан аз сатып алынған кезде – үш күннен бес жұмыс күніне дейін;
3) осы Қағидалардың 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген сатып алу өткізілген кезде бір күннен бес жұмыс күніне дейін;
4) медициналық техника сатып алған кезде он жұмыс күні өткен соң бірыңғай оператордың өтінім қабылдау уақыты сағат 10.00-де аяқталады.
Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу және қорытынды хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
152. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:
1) тендердің нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
4) әлеуетті өнім берушілердің атауы, БСН (ЖСН), ССН, ТЕН, заңды мекенжайлары, өтінімдерді ұсыну уақыты мен күні;
5) өтінімдері ұсынылмаған лоттар;
6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар және өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
153. Комиссия әлеуетті өнім берушілердің елу лотқа дейінгі тендердегі өтінімдерін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, елу және одан көп лотты 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Медициналық техниканы сатып алу өткізілген кезде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссия лоттардың санына қарамастан,
10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
154. Өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын уақытқа қарай тендерлік комиссия хатшысы веб-порталда тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастырады, тендерлік комиссия дәлелді себептермен дауыс бермегендерді қоспағанда, танысқаннан кейін оған қол қояды.
155. Тендерлік комиссияның хатшысы веб-порталда нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, дауыс беру хаттамасын жариялайды, онда:
1) тендердің нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдау немесе қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдері көрсетіле отырып, тендерлік комиссияның лоттар бойынша дауыс беру нәтижелері;
4) тендерлік комиссия хабарландырудың шарттарына немесе осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;
5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуіне байланысты өтінімдерін веб-портал автоматты түрде қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;
6) баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетіле отырып, бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
7) тендерлік комиссия өтінімдерін хабарландырудың шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келеді деп таныған, баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген, бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
156. Ескертулерді жою уақыты дауыс беру хаттамасы жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:
1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
2) елуден кем лот сатып алынған кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
3) медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де аяқталады.
157. Тендерде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне толықтыруларды бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының комиссиясы:
елу лотқа дейін – 3 (үш) жұмыс күні ішінде,
елу және одан көп лотқа – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан, 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
158. Осы Қағидалардың 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген сатып алу бойынша тендер өткізілген кезде өтінімдерге толықтырулар ұсынылмайды.
159. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне тендерлік комиссияның ескертулері болмаса, сондай-ақ дауыс беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін осы Қағидалардың шарттарына толық сәйкес келтірілуі және ескертулердің жойылуы тұрғысынан қайта қаралса рұқсат беру хаттамасы жасалады, ол веб-порталда оның нөмірі, жариялану уақыты мен мәртебесі көрсетіле отырып, жарияланады, онда:
1) тендердің нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдау немесе қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдері көрсетіле отырып, тендерлік комиссияның лоттар бойынша дауыс беру нәтижелері;
4) тендерлік комиссия хабарландырудың шарттарына немесе осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;
5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуіне байланысты өтінімдерін веб-портал автоматты түрде қабылдамаған лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
6) баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
7) комиссия өтінімдерін хабарландырудың шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келеді деп таныған, баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген, бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
8) бәсекелес лоттар және аукционның бастапқы бағалары көрсетіле отырып, өтінімдерін тендерлік комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
160. Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерде ұсынылған бағаларды төмендетуге аукцион өткізіледі.
161. Өтінімдер болмаған, тендерлік комиссия барлық өтінімдерді қабылдамаған, лоттар бойынша немесе аукцион қорытындылары бойынша бәсеке болмаған кезде веб-портал автоматты түрде нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және жариялайды, онда:
1) тендердің нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты мен аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері;
4) бәсекелес лоттар және аукцион нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған екінші орын алғандарды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукциондағы тендер жеңімпаздары;
6) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;
7) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын тендер жеңімпаздарының атаулары қамтылады.
162. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды дұрыс қалыптастырмайтын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде дереу хабарландыру жариялайды, онда тендерге қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жіберіледі.
Бұл ретте тендер мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін қажетті уақытқа тең мерзімге жылжиды.
Жарияланған қате хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған "жарамсыз" деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған дұрыс хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда "жарамды" деген мәртебемен жариялайды.
Хаттама ауыстырылған кезде тендерге қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
163. Медициналық техниканы сатып алу жүзеге асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындысының хаттамасын және жеңімпаздардың техникалық ерекшелігін тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендер жеңімпаздарымен сатып алу шарттарын жасасу үшін тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жібереді.
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуы
164. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуы үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және мынадай құжаттарды:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензияның және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмелерін;
2) мына сертификаттардың көшірмелері болған жағдайда:
объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;
объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;
объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмелерін орналастырады.
Осы тармақта көзделген құжаттар қажетіне қарай өзектілендіріліп тұрады.
Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды өзектілендірілгеннен кейін де алып тастауға мүмкіндік бермейді.
165. Тендер шеңберінде әлеуетті өнім беруші бір тендерлік өтінім береді, ол хабарландыру шарттарына сәйкес келеді және онда:
1) осы Қағидаларға 2 және (немесе) 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысы;
2) банк кепілдігі немесе төлем тапсырмасы түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету;
3) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техника немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған кездегі техникалық ерекшелік (фармацевтикалық қызмет көрсетуге бірлесіп орындаушыларды тарту туралы бүкіл ақпарат техникалық ерекшелікте көрсетіледі);
4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда – егер тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстанға әкелінсе немесе оның аумағында өндірілген болса, дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның хабарландыруға сәйкес көлемде әкелінгенін немесе өндірілгенін растайтын құжат;
5) медициналық техниканы жеткізу жиынтығының құрамында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жиынтықтаушы болған жағдайда сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын хаты;
6) өлшем құралдарына жататын медициналық техника берілген кезде техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесі, егер медициналық техника өлшем құралдарына жатпайтын болса, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиесілігі белгіленгенін растайтын құжат;
7) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу кезінде қаржылық тоқсан шегінде (күнтізбелік 15 күннен аспайтын) медициналық техниканың рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушінің хаты қамтылады.
166. Әлеуетті өнім беруші дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды жеткізуге баға ұсынысында:
1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz "электрондық үкімет" ақпараттық жүйесінің деректерімен толық әрі дәл сәйкес келетін нөмірін;
2) саудалық атауын;
3) қысқаша сипаттамасын (медициналық техника сатып алынса қысқаша сипаттаманың орнына "қоса беріліп отырған техникалық ерекшелікке сәйкес" деген жазба қойылады);
4) өлшем бірлігін;
5) өндірушіні;
6) өндірілген елін;
7) бірлігі үшін бағаны көрсетеді.
167. Жиынтықтағы дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым сатып алынса әлеуетті өнім беруші қосымша дәрілік затқа және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымға баға ұсынысында:
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымның мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келетін тіркеу куәлігінің нөмірін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz "электрондық үкімет" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес келетін нөмірін;
2) саудалық атауын;
3) қысқаша сипаттамасын;
4) өлшем бірлігін;
5) өндірушіні көрсетеді.
168. Дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым оның белгілі бір мөлшері тегін негізде жеткізу шартымен сатып алынған кезде әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы деген жолда осындай жеткізу туралы қысқаша сипаттамасымен тиісті жазба жасайды.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған кезде оның құны дәрілік заттың бағасына қатысты пайызбен және теңгемен бөлек жолдарда көрсетіледі.
169. Баға ұсынысының деректері веб-порталда ашу қорытынды хаттамаларында және жасалатын шарттарда автоматты түрде көрсетіледі.
170. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бір бірлігі үшін хабарландырудағы лоттың бағасынан жоғары баға ұсынуға;
2) баға ұсынысында дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын және беру графигін өзгертуге;
3) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға;
4) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
171. Өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және әлеуетті өнім беруші оны ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
172. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және хабарландырудағы лот сомасының кемінде бір пайызын құрайды.
173. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай нысандардың бірімен ұсынады:
1) өтінімге төлем тапсырмасының көшірмесі қоса берілген және төлем мақсатында тиісті лоттың нөмірі көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына ақшалай жарна;
2) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.
174. Бұл ретте банк кепілдігінің көшірмесі веб-порталдағы өтінімге қоса тіркеледі.
175. Осы Қағидалардың 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген сатып алу кезінде өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
176. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі қорытындылар хаттамасына сәйкес ол қабылданбаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған кезде аяқталады.
177. Кепілдікті қамтамасыз ету:
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаса;
2) жеңімпаз тендердің қорытындысы бойынша жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынса;
3) тендер немесе жеке лотты сатып алу тоқтатылса;
4) тендер немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылса;
5) кепілдік енгізілген, бірақ тұлға тендерге қатыспаса қайтарылады.
178. Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған кезде:
1) веб-портал әлеуетті өнім берушіге және бірыңғай дистрибьюторға
веб-порталда көзделген нысан бойынша веб-портал арқылы ақшаны қайтару туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді, ал бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен бес жұмыс күні ішінде ақшалай жарнаны қайтаруды жүргізеді;
2) веб-портал электрондық банк кепілдігін берген банкке және әлеуетті өнім берушіге веб-порталда көзделген нысан бойынша оның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.
179. Тендер жеңімпазы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерді бұза отырып:
1) шарт жасасудан бас тартса немесе жалтарса;
2) шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаса өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсталады.
180. Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:
1) ақшалай жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалса
веб-портал арқылы тендер жеңімпазына веб-порталда көзделген нысан бойынша ақшаның ұсталғаны туралы хабарлама жібереді;
2) электрондық банктік кепілдік түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалса веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) веб-порталда көзделген нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.
181. Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке оны төлеу үшін негіз басталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қойылады.
4-параграф. Сараптама
182. Бірыңғай дистрибьютор үшін жеке қаржы жылына арналған бейінді мамандықтар бойынша сарапшылардың тізімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Дәрілік заттарға берілетін өтінімдерге сараптама жүргізу үшін қосымша клиникалық фармакология саласындағы сарапшылар тартылады.
Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы арнайы білімді және (немесе) техникалық білікті талап ететін мәселелер бойынша сарапшыны немесе бейінді мамандықтардың сарапшыларын тартады.
Жекелеген қаржы жылына тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың хабарландырудағы сипаттамаларға немесе техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі мәніне өтінімдерге сараптама жүргізу үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыларды айқындайды.
183. Сарапшылар өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі.
184. Мыналар:
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі (бірыңғай дистрибьютордың, әлеуетті өнім берушінің өкілдері);
2) бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
185. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттың, медициналық бұйымның немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің хабарландырудағы сипаттамаға немесе техникалық ерекшелікке сәйкестігін анықтау үшін тендерлік комиссия мүшесі веб-портал арқылы хатшыға дауыс беру хаттамасын жариялау мерзімі өткенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын тиісті лот бойынша сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
186. Тендерлік комиссияның хатшысы сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарламаны алғаннан кейін веб-портал арқылы дереу тиісті сарапшыға лот бойынша сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тендерлік комиссияның басқа мүшесінен сол бір лот бойынша сарапшы қорытындысының қажеттігі туралы хабарлама келіп түссе сарапшыға қайталап хабарлама жіберілмейді.
187. Веб-портал сарапшы қол қойғаннан кейін ұсынымдық сипаттағы сараптамалық қорытындыны тендерлік комиссияның мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
188. Тендерлік комиссияның мүшесі сараптамалық қорытындымен келіспесе оны назарға алмайды.
189. Сараптамалық қорытынды әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болса, оны тендерлік комиссияның хатшысы дауыс беру хаттамасымен бір мезгілде жариялайды.
190. Тендерлік комиссия сараптамалық қорытындыны келесі тендерлерді өткізу кезінде күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға жол беріледі.
5-параграф. Тендерлік комиссияның дауыс беру және шешім
қабылдау тәртібі
191. Тендерлік комиссияның мүшелері тендер жарияланған сәтте өтінімді қарау үшін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі, шешімді веб-порталға қою арқылы әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдау немесе қабылдамау үшін дауыс береді, өтінім қабылданбаған кезде оны электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен осы Қағидалардың нормаларымен негіздейді.
192. Тендерлік комиссия мүшелері отандық тауар өндірушілерді және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілерін немесе кәсіпкерлік бастаманы қолдау туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасындағы және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі құжаттарды, ал өтінімнің хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын шарттарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім беруші өтінімде ұсынған құжаттарды қарайды.
Веб-портал осы Қағидаларға сәйкес негіздемемен өтінімге берілетін ескертулерді таңдауды қамтиды.
Қажет болған кезде тендерлік комиссияның мүшесі өзіне веб-портал ұсынатын нұсқаларды пайдаланбай, өтінімге өзінің ескертуін негіздейді.
193. Тендерлік комиссия мүшелерінің дауыстары өзара тең.
Тендерлік комиссияның шешімі комиссияның дауыс берген мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған кезде тендерлік комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
194. Дауыс беру хаттамасына қол қою дәлелді себептермен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшелері есепке алынбай жүргізіледі.
Дәлелді себеппен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшесі комиссияның хатшысына дауыс беруге қатысудың мүмкін еместігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
195. Комиссия мүшелерінің бірі оның шешімімен келіспесе, оның ерекше пікірі қорытындылар хаттамасына қоса тіркеледі.
196. Веб-портал дауыс беру хаттамасында тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің әр лот бойынша дауыс беру нәтижелерін веб-порталдағы шешімге сәйкес себебін негіздей отырып, автоматты түрде:
1) "дауыс берген жоқ";
2) "қабылданды";
3) "қабылданбады" деген мәртебелердің бірімен көрсетеді.
197. Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары бар медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелестік болмаған кезде жеңімпаз деп танылады, ал өткізілмеген лоттар бойынша медициналық техниканы сатып алу қайта жүргізілсе комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
198. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) тендерлік өтінімдердің болмауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдерінің қабылданбауы;
3) Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, егер тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе, өткізілген жоқ деп танылады.
6-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
199. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса, әлеуетті өнім берушінің өтінімі толық қайтарылады.
200. Мына жағдайларда:
1) баға ұсынысы ұсынылмаса немесе онда:
баға 77 бұйрықпен саудалық атауға бекітілген, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған кезде әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасын қосуды есепке алғанда, медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, шекті бағадан асса;
тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге, оның ішінде жиынтықтағы дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға рұқсатының (қорытындысының) нөмірі көрсетілмесе;
тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін нөмірі көрсетілсе;
дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес келмейтін немесе онда жоқ тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілсе;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаттың (қорытындының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жоқ нөмірі көрсетілсе;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарландырудағы санға жеткіліксіз көлемде әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаты (қорытындысы) көрсетілсе;
саудалық атауы, сипаттамасы немесе өлшем бірлігі хабарландыру шарттарына, оның ішінде сараптамалық қорытынды бойынша сәйкес келмесе;
саудалық атауы, қысқаша сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндірушісі немесе өндірілген елі көрсетілмесе немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келмесе;
фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің құны пайызбен немесе теңгемен көрсетілмесе;
2) медициналық техниканың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі ұсынылмаса немесе:
медициналық техниканың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі хабарландырудағы техникалық ерекшелікке, оның ішінде сараптамалық қорытындыға сәйкес келмесе;
Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе;
3) өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуі ұсынылмаса немесе:
төлем тапсырмасында сома лот сомасының бір пайызынан кем болса немесе төлем мақсатында лоттың нөмірі көрсетілмесе;
төлем тапсырмасы бойынша ақшалай жарна дауыс беру хаттамасы қалыптастырылатын кезде бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына түспесе;
электрондық банктік кепілдік осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілмесе;
4) әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес келмесе әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбайды.
7-параграф. Аукцион
201. Аукционға рұқсат беру хаттамасына сәйкес комиссия рұқсат берген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
202. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
203. Веб-портал аукционға қатысушыларға, комиссияның мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты "Аукцион" бөлімінде көрсетеді.
204. Аукцион оған қатысушылардың лот бойынша бағаны әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен бастапқы бағадан бастап біртіндеп төмендетуі жолымен өткізіледі.
Ең төмен өтінімінен әлеуетті өнім берушінің бағасы, ал аукционға жіберілген бірнеше бәсекелестің ең төмен бағасы сәйкес келген кезде – басқаларынан бұрын берілген өтінімнен алынған баға ұсынысы аукционның бастапқы бағасы болып табылады.
Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.
205. Аукцион қадамының уақытын есептеу бір лот бойынша аукционға рұқсат берілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады.
Веб-портал аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған отыз минуттық уақытты минуттармен және секундтармен санауды көрсетеді.
206. Аукцион баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап ең төменгі бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайтын төмендету жолымен өткізіледі. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді.
Веб-портал аукционға қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін аукцион қадамының мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді.
Аукционға қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.
207. Аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.
Егер бірнеше әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бастапқы баға үшін бірдей болса, өтінімі веб-портал арқылы бұрын берілген өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.
Веб-портал аукционның қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын берген аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.
Аукцион жеңімпазы сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, тендер жеңімпазы болып табылады.
208. Веб-портал екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаздың аукционға қатысқан бәсекелестерінің арасынан ғана жеңімпаздың бағасынан кейінгі ең төмен баға бойынша автоматты түрде айқындайды.
209. Егер жеңімпаздың бағасынан кейінгі баға лот бойынша бірнеше бәсекелестің бағасына сәйкес келсе, бағаны бәсекелестерінен бұрын төмендеткен әлеуетті өнім беруші екінші орын алған болып айқындалады.
8-параграф. Тендерді өтпеді деп тану
210. Тендер немесе оның қандай да бір лоты өтпеді деп танылған кезде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертуге, медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда және сатып алуды осы Қағидалардың
2-бөлімінің 3-тарауына, 3-бөлімінің 1 және 2-тарауларына сәйкес өткізуге жол беріледі.
2-тарау. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушілерден, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен сатып алу
1-параграф. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушілерден, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу негіздемесі
211 Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды:
1) отандық немесе шетелдік тауар өндірушілерден сатып алу:
халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған;
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында сатып алынған;
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында сатып алынған;
Кодекстің 246-бабының 1-тармағына сәйкес саудалық атауы бойынша дәрілік заттар сатып алынған кезде;
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу:
дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік тауар өндірушіден сатып алу өтпеді деп танылған;
дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды орфандық ауруларды емдеу үшін сатып алған кезде жүзеге асырылады.
2-параграф. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
212. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай дистрибьютор алдағы қаржы жылына арналған медициналық ұйымдардан бастапқы өтінімдерді жинау аяқталған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде бір саудалық атауы тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін ұсыну үшін бірыңғай дистрибьютордың тізбесін сараптама ұйымына жібереді.
Сараптама ұйымы сұрату алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) белсенді заттардың құрамы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), дозалануы және (немесе) концентрациясы, АТХ коды бойынша бірыңғай дистрибьютор тізбесінен бір саудалық атауы тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін сараптама ұйымы тіркеу куәліктерінің нөмірлерін, саудалық атауларын, өндірушілерді көрсете отырып жібереді.
213. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
214. Бірыңғай дистрибьютор комиссия құрылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында хабарландыру орналастырады және (немесе) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінен сатып алу рәсімдерін өткізу туралы электрондық пошта арқылы отандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушілерге хабарлама жібереді.
215. Отандық және (немесе) шетелдік тауар өндіруші хабарландыру орналастырылған және (немесе) хабарлама жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) халықаралық патенттелмеген атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшем бірлігі үшін бағасы, саны, жалпы сомасы, тіркеу куәлігінің нөмірі, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы), саудалық атауы, өндірушісі, беру графигі, Инкотермс 2020 халықаралық қағидаларына сәйкес беру шарттары көрсетілген баға ұсынысы;
2) отандық тауар өндіруші үшін – мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, шетелдік тауар өндіруші үшін – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдік тауар өндірушінің құжаты не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса, онда өкілдікті (филиалды) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама және өкілдік (филиал) туралы ереже;
3) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжаттар: рұқсат (лицензия), GMP немесе GDP сертификаты (бар болған жағдайда);
4) шетелдік және (немесе) отандық тауар өндіруші өкілінің сатып алуға қатысуға және өнім беру шартын (келісімін) жасасуға өкілеттіктері туралы құжат.
Бұл ретте шетелдік тауар өндірушілер осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың заңдастырылған немесе қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасын апостиль қойылған көшірмелер түрінде ұсынады.
Егер ағымдағы жылы шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушімен шарт қолданылған болса, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
216. Шетелдік заңды тұлғаның филиалынан не Қазақстан Республикасында шетелдік тауар өндірушінің заңды тұлғасы ретінде тіркелген еншілес компаниядан немесе фармацевтикалық компанияның тобына кіретін және Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды экспорттауға уәкілеттік берілген заңды тұлғадан сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық компанияның тобына кіретін және дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына экспорттауға уәкілетті шетелдік тауар өндірушінің заңды тұлғасы немесе заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шетелдік тауар өндірушісінің шетелдік заңды тұлғаның филиалын не еншілес компания құрғанын растайтын құжаттарды қосымша сұратады.
217. Комиссия отандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушінің құжаттарын хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қажет болған кезде отандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушіге ұсынылған құжаттарды толықтыру мүмкіндігі беріледі.
Қосымша құжаттар қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Қарау қорытындысы бойынша комиссия рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.
218. Комиссия ұсынылған құжаттардың хабарландыру шарттарына сәйкестігін бағалау үшін қажет болған жағдайда арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
219. Комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшының дауыс беруге құқығы жоқ.
Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі, бұл ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі.
220. Комиссия аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, рұқсат беру хаттамасының негізінде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің түпкілікті бағасын, көлемін, графигін, ақы төлеу шарттарын айқындау бойынша отандық және (немесе) шетелдік тауар өндірушілермен келіссөздер жүргізеді.
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шетелдік тауар өндірушіден сатып алу туралы шешімді комиссия шарт шетел валютасында жасалған жағдайда бос ақша қаражаты қорының болуын ескере отырып қабылдайды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша сатып алу қорытындыларының хаттамасына қол қойылады.
221. Сатып алу қорытындылары туралы хаттамалардың негізінде бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық тауар өндірушімен өнім беру шартын жасасады.
Шетелдік тауар өндірушіден сатып алған кезде бірыңғай дистрибьютор
3 (үш) жылға дейінгі мерзімге азаматтық-құқықтық шарт жасасады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасымен шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылдық қажеттілік көлемінде сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
Шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған кезде шартқа электрондық форматта цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюға жол беріледі.
222. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) шетелдік валютада жасалған кезде өнім беру шартының осы валютамен бағасы жоспарланатын қаржы жылына соңғы келіссөздер күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша бекітіледі.
Бұл ретте шарттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша есептелген ұлттық валютадағы бағасы тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан және халықаралық патенттелмеген атау және саудалық атау бойынша 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгіленген шекті бағадан аспайды.
223. Тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алу шетелдік тауар өндірушіден өнім беру шартында көрсетілген валютада тіркелген баға бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте тапсырыс берушілер үшін прайс-парақтағы баға валюта бағамына және тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін шетелдік тауар өндіруші ұсынатын жеңілдікке қарамастан, тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін өзгеріссіз қалады.
224. Комиссия отандық тауар өндірушімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты және (немесе) шетелдік тауар өндірушімен азаматтық-құқықтық шарт жасалған не сатып алу өткізілмеді деп танылған кезден бастап өз қызметін тоқтатады.
225. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өнім беру шартын (келісімді) орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына және (немесе) саудалық атауына шекті бағаны азайтқан кезде бірыңғай дистрибьютор отандық немесе шетелдік тауар өндірушімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шартының бағасын азайту жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Отандық немесе шетелдік тауар өндіруші бағаны азайтуға келіспеген не келіссөздер жүргізуден бас тартқан жағдайда, бірыңғай дистрибьютор шетелдік немесе отандық тауар өндірушімен беру шартын бұзуға және сатып алуды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен жүргізуге құқылы.
226. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушімен жасалған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) мынадай:
1) тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер орындалғаннан кейін (Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған кезде) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және сипаттамасы бойынша аналогтары Қазақстан Республикасында тіркелген;
2) тараптардың бірі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
3) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізбесінен алып тасталған;
4) осы Қағидалардың 225-тармағында көзделген келіссөздерді жүргізуден бас тартқан не бағаны азайтуға келіспеген кезде бұзылуға тиіс.
227. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу мынадай:
1) шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушілер құжаттарды ұсынбаған;
2) комиссия ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейді деп таныған;
3) комиссия жеткізу мерзімдері және ұсынылатын дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның саны келісілмеген кезде өндірушінің сатып алуға одан әрі қатысуынан бас тартқан;
4) шетелдік және (немесе) отандық тауар өндіруші сатып алуға қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайларда өтпеді деп танылады.
228. Отандық немесе шетелдік тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу өтпеді деп танылған кезде бірыңғай дистрибьютор сатып алуды осы Қағидалардың 3-бөлімінің
1-тарауына сәйкес өткізеді.
3-параграф. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
229. Бірыңғай дистрибьютор Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды осы Қағидалардың
211-тармағының 2) тармақшасында айқындалған жағдайларда жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасымен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылдық қажеттілік көлемінде сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
230. Бірыңғай дистрибьютор арнайы білім және (немесе) техникалық таным талап етілетін мәселелер бойынша қажет болған кезде бейінді мамандықтардың сарапшысын (сарапшыларын) тартады.
231. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады және оны бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдау кезінде ескереді.
Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі.
232. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасымен бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп туындаған кезде;
2) орфандық ауруларды емдеу үшін сатып алуға жол беріледі.
Бұл ретте бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін, осы тармақта көзделген жағдайларда сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жібереді және дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, сондай-ақ дәрілік заттар үшін – халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық бұйым үшін – атауын немесе құрамын көрсетуді қамтиды.
233. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде ол дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бағасын, сондай-ақ беруге байланысты барлық шығыстарды өтеу үшін қажетті, бірақ 96 бұйрықта және 77 бұйрықта белгіленген шекті бағадан аспайтын қосымша алымдарға арналған шығындарды көрсете отырып, баға ұсынысын береді.
234. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы тәсілмен сатып алу тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымда дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бағасын көрсете отырып, баға ұсынысы бойынша, сондай-ақ жеткізумен байланысты барлық шығыстарды өтеу үшін қажетті, бірақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын қосымша алымдарға арналған шығындар ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
235. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруді жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптар қойылмайды.
236. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алу кезінде беру туралы шартта (келісімде) көрсетілген сома мөлшерінде алдын ала төлеуге жол беріледі.
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шетел валютасында беру шартын жасасу кезінде беру шартының бағасы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардың баға ұсыныстарын қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жоспарланатын қаржы жылына осы валютада тіркеледі.
237. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы беру кезінде берумен байланысты ілеспе қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тартуға жол беріледі.
3-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуы
1-параграф. Веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемесі
238. Дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды бір көзден алу тәсілімен сатып алу өнім берушімен қосымша келісім жасау жолымен қолданыстағы беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісім бойынша:
1) ағымдағы қаржы жылы ішінде қажеттілік ұлғайған кезде;
2) төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін;
3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін;
4) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою үшін жүзеге асырылады.
2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
239. Шартқа қосымша келісімді тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуда мынадай іс-шаралар көзделеді:
1) қолданыстағы өнім беру шарты немесе тиісті негіздемесі бар берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісім бойынша өнім берушіден шартқа қосымша келісімді тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдау;
2) өнім берушіге шартқа қосымша келісімді тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама жіберу, бұл ретте хабарламада сатып алынатын позициялардың шектеусіз саны болуы мүмкін;
3) өнім берушінің өнім беру мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып, шартқа қосымша келісімді тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуы туралы растауын не ресми бас тартуды алу.
Өнім беруші бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы ұсынғаннан ерекшеленетін беру мерзімі мен графигін (бір жеткізілім графигінен артық) ұсынған кезде бірыңғай дистрибьютор осы ұсынысты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сатып алу үшін өнім беру мөлшері мен графигін дербес өзгертуге не өнім беруші ұсынған өнім беру мөлшері мен графигінен бас тартуға жол беріледі;
4) беру шартына қосымша келісімге немесе берудің ұзақ мерзімді шарт шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімге электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен веб-порталда қол қою.
Веб-портал арқылы жасалған қолданыстағы беру шарты болған кезде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
240. Шартқа қосымша келісімді тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімін тараптар өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама және беру шартына немесе берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімге қосымша келісімнің жобасы жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде аяқтайды.
241. Тараптар белгіленген мерзімдерде беру шартына қосымша келісімге немесе қосымша келісімге қол қоймаған кезде сатып алу өтпеді деп танылады.
Егер сатып алу өтпеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) веб-портал арқылы бір көзден сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) веб-портал арқылы тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы.
4-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды ерекше сатып алуы
242. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды ерекше сатып алу:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
2) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында жүзеге асырылады.
Ерекше сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасының негізінде жүзеге асырылады, онда:
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі мен саны;
болжамды бағасы;
қаржыландыру көзі айқындалады.
243. Сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен:
1) өнім берушілерден қолданыстағы беру шарттары немесе берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімдер бойынша бір көзден алу тәсілімен;
2) осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес өтінімдерді толықтыру мүмкіндігінсіз тендер тәсілімен өткізіледі.
Бұл ретте тендерлер шексіз мәрте өткізілуі мүмкін;
3) осы 3-бөлімінің 2-тарауына сәйкес отандық немесе шетелдік тауар өндірушілерден өткізіледі.
244. Ұсынылатын дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды беру мерзімдері мен саны келіссөздер нысанасы, ал егер ұсынылатын шарттар комиссияны қанағаттандырмаса, өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.
245. Беру шарттарында (келісімдерде) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шарт бағасының 100 (жүз) пайызына дейінгі мөлшерде алдын ала ақы төлеуге жол беріледі.
5-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының беру шарттарын жасасуы және орындауы
1-параграф. Веб-портал арқылы беру шартының жобасын қалыптастыру
246. Сатып алу қорытындысы бойынша веб-порталда осы Қағидаларға
5, 6 немесе 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша:
хабарландыруға сәйкес:
1) дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі және саны;
2) беру графигі немесе мерзімі;
3) беру орны немесе орындары;
әлеуетті өнім берушінің ең төмен баға ұсынысына сәйкес:
1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) нөмірі;
2) саудалық атауы;
3) қысқаша сипаттамасы;
4) өлшем бірлігі;
5) өндірушісі;
6) өндірілген елі;
7) бір бірлік үшін бағасы;
8) жалпы сомасы;
9) медициналық техниканы сатып алу кезіндегі техникалық ерекшелік қамтылатын қосымшамен шарттың жобасы қалыптастырылады.
247. Веб-порталда шарт жобасының қалыптастырылғаны туралы веб-портал автоматты түрде шарт тараптарына тиісті хабарлама жібереді.
2-параграф. Беру шартының бағасын азайту бойынша келіссөздер
248. Комиссия аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, шарттың бағасын азайту жөнінде келіссөздер жүргізеді.
249. Шарттың бағасын азайту туралы ұсыныс қорытынды хаттама жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жіберіледі.
250. Жеңімпаз шарт бағасын азайту туралы ұсынысты алғаннан кейін:
1) шарт бағасын азайту туралы келіссөздерге қатысуға;
2) келіссөздерге қатысудан және шарт бағасын азайтудан бас тартуға құқылы.
251. Жеңімпаз бен комиссия арасындағы шарттың бағасын азайту туралы келіссөздерді шарт бағасын азайту туралы ұсыныс жіберілген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың арасындағы уағдаластық бойынша, оның ішінде қашықтан өткізуге болады.
252. Шарттың бағасын азайту туралы келіссөздер қорытындысы бойынша жеңімпаз 1 (бір) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға
веб-портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түпкілікті баға көрсетілген баға ұсынысын жібереді.
Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті баға көрсетілген баға ұсынысын алғаннан кейін веб-порталда бағасы өзгертілген шарттың жобасы автоматты түрде қалыптастырылады, ол тараптарға қол қою үшін жіберіледі.
253. Жеңімпаз келіссөздерге қатысудан және шарттың бағасын азайтудан бас тартқан кезде ол бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы тиісті негіздемемен бас тартуды жібереді.
3-параграф. Беру шартын жасасу
254. Тендер жеңімпазы түпкілікті баға ұсынысын жіберген немесе келіссөздерге қатысудан және шарттың бағасын азайтудан бас тартқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тараптар веб-портал арқылы беру шартына қол қояды.
255. Шарт жасасудан бас тартқан кезде жеңімпаз веб-портал арқылы бірыңғай дистрибьюторға тиісті негіздемемен шартқа қол қоюдан бас тартуды жібереді.
256. Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан немесе осы Қағидаларда көзделген мерзімде шартқа қол қоймаған кезде бірыңғай дистрибьютор веб-порталда шарттың жаңа жобасын қалыптастырады және оны екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге (қорытынды хаттамасында бар болған жағдайда) жібереді.
257. Бірыңғай дистрибьюторға сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында өз қалауы бойынша қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге (санын ұлғайту не азайту жағына қарай) жол беріледі.
258. Жасалған беру шартына:
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше шарттың бағасы азайған;
2) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгерген;
3) өндірушісі, тіркеу куәлігін ұстаушысы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгерген;
4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен және дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінген кезде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
259. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган беру шартын орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауының және (немесе) саудалық атауының шекті бағасын өзгерткен кезде өнім беру шартының қолданылуы тараптар бұрынғы баға бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін күшін сақтайды.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өнім беру шартын орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына және (немесе) саудалық атауына шекті бағаны азайту жағына қарай өзгерткен кезде бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шартының бағасын азайту жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Өнім беруші беру шартының бағасын азайтуға келіспеген не келіссөздер жүргізуден бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор беру шартын бұзуға және сатып алуды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен жүргізуге құқылы.
260. Өнім беру шартын біржақты тәртіппен бұзу үшін:
1) өнім берушінің шарт бойынша тауарды не тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін ұзақтығы 45 (қырық бес) күнтізбелік күн үздіксіз бұзуы;
2) өнім берушінің шарттағы график бойынша желтоқсан айында тауарды беру мерзімін бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін тауарды өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне жеткізуге мүмкіндік бермейтіндей бұзуға жол беруі;
3) берілетін тауарға өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде (отандық тауар өндірушілер үшін) Қазақстан Республикасының аумағында толық өндірілгенін немесе тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес жеткілікті қайта өңделгенін растайтын, ішкі айналысқа арналған тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификатын ұсынбауы;
4) шарт жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын өнім берушінің үлестес болу фактісінің анықталуы;
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіруі күнтізбелік
15 (он бес) күннен асып кетуі;
6) өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді осы Қағидалардың 261-тармағын бұза отырып ұсынуы;
7) беру шартының бағасын азайтуға келіспеуі немесе осы Қағидалардың 259-тармағында көзделген келіссөздерді жүргізуден бас тартуы негіз болып табылады.
4-параграф. Беру шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
261. Өнім берушінің беру шарты бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етудің мөлшері беру шарты бағасының 3 (үш) пайызын құрайды және өнім беру шартына тараптар веб-порталда қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға ұсынылуға тиіс.
262. Өнім беруші беру шартын жасасу кезінде шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету шарасы ретінде міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерінің бірін ұсынады:
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына ақшалай кепілдік жарна;
2) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.
263. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету:
1) өнім беруші беруден бас тартқан;
2) бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 260-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
3) өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды беру мерзімдерін бір немесе бірнеше рет бұзуы дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлемдеріне қарамастан, жиынтық мәнде күнтізбелік 90 (тоқсан) күн мерзімін өткізуге жеткен жағдайларда ұсталады.
264. Бірыңғай дистрибьютор кепілдікті қамтамасыз етуді:
1) ақшалай жарна түрінде ұсталған кезде ақшаның ұсталғаны туралы хабарлама жібереді;
2) электрондық банктік кепілдік түрінде ұсталған кезде веб-портал арқылы банкке және әлеуетті өнім берушіге (мәлімет үшін) оны төлеу туралы талап жібереді.
265. Бірыңғай дистрибьютор банк кепілдігін төлеу туралы талапты банкке шарт бұзылған немесе қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қояды.
6-тарау. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға веб-портал арқылы конкурс
1-параграф. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
266. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу мақсатында бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу жөніндегі өтініштерін ескере отырып, номенклатура жобасын қалыптастырады және оны Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс істейтін формулярлық комиссияның қарауына жібереді.
267. Формулярлық комиссия номенклатураның жобасын мақұлдағаннан кейін бірыңғай дистрибьютор оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін номенклатураның жобасын бірыңғай дистрибьютор бекітеді.
268. Әлеуетті өнім берушілердің номенклатура жобасын қалыптастыру үшін өтініштерін бірыңғай дистрибьютор жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей қабылдайды және жыл сайын 1 наурызға дейін формулярлық комиссияның қарауына жібереді.
269. Номенклатура жобасы Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген дәрілік заттардың атауларын қамтиды.
270. Номенклатураға отандық тауар өндірушілер тіркеген, сондай-ақ өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар енгізілмейді.
271. Конкурсқа осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
272. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
273. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде тоғыз адамды құрайды әрі төрағадан, төрағаның орынбасарынан және:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның фармацевтикалық өнеркәсіпке жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
2) инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
3) сараптама ұйымының дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мамандандырылған сараптамасы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
4) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелер басшыларынан төмен емес жұмыскерлерін;
5) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП) палатасының бір жұмыскерін және (немесе) өкілін (келісу бойынша);
6) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің бір жұмыскерін қамтитын мүшелерден (келісу бойынша) тұрады.
274. Бірыңғай дистрибьютордың басшысы комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
275. Комиссия өз қызметін берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған немесе берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өтпеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
276. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
1) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша алдын ала рұқсат беру хаттамасының жобасын, сондай-ақ рұқсат беру хаттамасын қалыптастыруды;
3) алдын ала рұқсат беру хаттамасын, сондай-ақ рұқсат беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
4) комиссия мүшесінің жоқ екенін растайтын ұсынылған құжаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
5) конкурстың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған кезде оның көшірмесін орналастыра отырып, тұтастай конкурстың немесе қандай да бір лоттың күшін веб-порталда жоюды;
6) шарт жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
277. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
278. Комиссия арнайы білімді және (немесе) техникалық білікті талап ететін мәселелер бойынша өтінімнің конкурс шарттарына сәйкестігін бағалау үшін тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
279. Сарапшылар конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі.
280. Сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі.
Веб-портал сараптама қорытындысын сарапшы қол қойғаннан кейін оны комиссия мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
281. Мына:
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
2) бірыңғай дистрибьютордың не ведомстволық бағынысты, еншілес және қарамағындағы ұйымдардың бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
282. Конкурс өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн қалғанда
веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
283. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыруда:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, олардың техникалық сипаттамалары көрсетілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың номенклатурасы (лоттың нөмірі көрсетілген);
3) өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты қамтылады.
284. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-порталда тіркеледі және өтінімге құжаттарды қоса тіркеу немесе оларды веб-порталда көзделген нысандар бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен толтыру жолымен өтінім береді.
285. осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (электрондық көшірмелерде) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімінде:
техникалық-экономикалық негіздеме немесе мынадай бөлімдер:
инвестициялық жобаның мақсаты және операторы туралы ақпарат;
инвестициялық жобаның құны және қаржыландыру көздері туралы ақпарат;
дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың Қазақстан Республикасында және (немесе) басқа елдерде тіркелуі туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу куәлігінің нөмірлері мен күндері көрсетілген өндірілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі;
өндіру жоспарланатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі;
өнімді өткізу бағдарламасын қоса алғанда, коммерциялық бөлім;
технологияның сипаттамасын мен сипаттамасы бар технологиялық жабдықтың тізбесін қоса алғанда, техникалық бөлім;
экологиялық бөлім;
қаржы бөлімі;
әлеуметтік-экономикалық бөлім;
жобалық тәуекелдер туралы ақпарат;
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері туралы ақпарат;
осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсандық графигі;
әрбір атау бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру кезеңінің басталатын күндері туралы ақпарат;
инфрақұрылым туралы ақпарат;
дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзбау туралы кепілдік хат қамтылатын бизнес-жоспар болады.
286. Өтінімдер дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шығару бойынша әртүрлі өндірістік желілерге ұсынылған кезде техникалық-экономикалық негіздемедегі және (немесе) бизнес-жоспардағы ақпарат әрбір өндірістік желі бойынша жеке-жеке көрсетіледі.
287. Конкурстық өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі, әлеуетті өнім берушінің қалауы бойынша ол ашылған кезге дейін өзгертіледі немесе кері қайтарып алынады.
288. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге:
1) өтінімді ашқаннан кейін оны кері қайтарып алуға;
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
289. Комиссия мүшелері конкурс жарияланғанға дейін веб-порталда тіркеледі, онда өтінімдерді қарайды, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне рұқсат беруге немесе қабылдамауға дауыс береді.
290. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу қорытындыларын және хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
291. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялау уақытын және мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
4) әлеуетті өнім берушілердің атаулары БСН (ЖСН), өтінімдер берген уақыты мен күні;
5) өтінімдер берілмеген лоттар;
6) лоттар және өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
292. Комиссия хатшысы ашу хаттамасы жарияланған күннен бастап
2 (екі) жұмыс күні ішінде салалық қорытынды алу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға веб-портал арқылы жібереді.
293. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді веб-портал арқылы алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға инвестициялық жобаны комиссияның қарауы үшін веб-порталда көзделген нысан бойынша инвестициялық жобаның орындылығы немесе орынсыздығы туралы салалық қорытындыны жібереді.
294. Веб-портал салалық қорытындыға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қол қойғаннан кейін оны комиссия мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
295. Салалық қорытынды техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар негізінде мынадай өлшемшарттар бойынша беріледі: жобаның пысықталу дәрежесі, қаржыландыру көздері, тиісті нысаналы мақсаты бар жер учаскесімен қамтамасыз етілуі.
296. Әлеуетті өнім берушілердің веб-порталдағы конкурстық өтінімдері ашық болып табылады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы алынғаннан кейін келесі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жатады.
297. Комиссия ұсынылған құжаттардың (бағалау өлшемшарттарын (балдық жүйе) растау үшін ұсынылған құжаттарды қоспағанда) осы Қағидалардың шарттарына сәйкессіздігін анықтаған кезде мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын береді.
Бағалау өлшемшарттарын (балдық жүйе) растау үшін ұсынылған құжаттарды комиссия өтінімге толықтыру ретінде қарамайды.
298. Өтінімге толықтыруларды ашу конкурстық өтінімдерге толықтыруларды ұсыну мерзімі өткеннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмыс күні сағат 10.00-де жүргізіледі.
299. Конкурстық өтінімдерге толықтыруларды конкурстық комиссия оларды ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады.
300. Осы тараудың талаптарына сәйкес кері қайтарылмаған екі және одан көп өтінім ұсынылған (лотта бәсекелес ортаның болуы) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атаулары бойынша жеңімпазды комиссия балдық жүйемен айқындайды.
301. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады):
инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және (немесе) қаржылық құжаттармен расталған мүлікті сатып алу-сату шарттары) – 2 балл;
немесе
инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражатын (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
2) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру үшін пайдаланылатын жер учаскесінің бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады):
меншігінде (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және конкурс жарияланған күннен кейін берілген оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) – 2 балл;
немесе
жалдауда, сенімгерлік басқаруда, уақытша жер пайдалануда (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт) немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін бөлу туралы оң шешімі;
3) құрылысқа жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптама қорытындысының болуы (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады) – 1 балл;
4) техникалық-экономикалық негіздемеге және немесе бизнес-жоспарға сәйкес дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне арналған технологиялық жабдықтың бар-жоғын растау (технологиялық жабдықтың меншік құқығында (өзге заттық құқықта) болуын растайтын құжат) – 2 балл;
5) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау (өтінімдегі әрбір лот үшін қолданылады):
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл;
немесе
дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың меншікті әзірлемелері (дәрілік заттар үшін меншікті фармацевтикалық әзірлемелерді растайтын құжат және медициналық бұйымдар үшін патент) – 3 балл;
6) ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерді және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
302. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар үшін қолданылады):
инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және/немесе қаржы құжаттарымен расталған мүлікті сатып алу-сату шарты) – 2 балл;
немесе
инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражаты (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
2) әлеуетті өнім берушінің немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) Қазақстан Республикасының аумағындағы бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі (дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар өндірісіне рұқсат беретін лицензия немесе құжат) (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
3) белгіленген тәртіппен берілген қолданыстағы индустриялық сертификаттың болуы (өтінім үшін қолданылады) – 0,5 балл;
4) GMP (дәрілік заттар үшін), ISO 13485 (1-2а класты, стерильденбеген медициналық бұйымдар үшін) сертификатының болуы (өтінім үшін қолданылады) – 0,5 балл;
5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген тіркеу куәлігінің болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
6) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың экспортына келісімшарттардың болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
7) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау (өтінімдегі әрбір лот үшін қолданылады):
дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл;
немесе
дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың меншікті әзірлемелері (дәрілік заттарға меншікті әзірлемелерді растайтын құжат және медициналық бұйымдарға патент) – 3 балл;
8) ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
303. Балл алу үшін барлық құжаттар (электрондық, сканерленген көшірмелер) веб-порталда конкурстық өтінімнің тиісті бөлімінде тіркеледі.
304. Қағидалардың осы тарауының шарттарына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 301 және 302-тармақтарында көзделген әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу жолымен өтінімде көрсетілген лоттар бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
305. Бір лот бойынша бірнеше әлеуетті өнім берушінің балдары тең болған кезде жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша айқындалады.
306. Аукционға өтінімдерге толықтыруларды қарау қорытындылары бойынша рұқсат беру хаттамасында оған жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
307. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейінгі бірыңғай оператордың жұмыс күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
308. Веб-портал аукционға қатысушыларға, конкурстың комиссия мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты "Аукцион" бөлімінде көрсетеді.
309. Аукцион әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен аукционға қатысушылардың лот бойынша шартты баға жеңілдігін дәйекті ұсынуы жолымен өткізіледі.
Бәсекелестің лот бойынша аукцион уақыты басталған немесе бәсекелес баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бір рет шартты баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.
310. Аукцион қадамының уақытын кері есептеу бір лот бойынша аукционға жіберілген бәсекелестердің біреуі баға жеңілдігін берген сәттен басталады.
Веб-портал отыз минуттық уақытты кері есептеуді аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған минуттар мен секундтар арқылы көрсетеді.
311. Аукцион лот бойынша баға жеңілдігінің ағымдағы ұсынысынан баға жеңілдігін арттыру жолымен өткізіледі.
Аукционның ең төмен қадамы үш пайызды құрайды. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді.
Лот бойынша бәсекелестердің бірі баға жеңілдігін берместен бұрын аукционға қатысушы кезекті баға жеңілдігін бере алмайды.
312. Веб-портал аукцион қорытындысы бойынша ең жоғары баға жеңілдігін ұсынған аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.
Егер аукцион басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың ешқайсысы бастапқы баға жеңілдігін бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және конкурсқа қатысуға өтінім берген бірінші әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.
Аукцион жеңімпазы конкурс жеңімпазы болып табылады.
313. Комиссия:
1) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;
2) инвестициялық жобаны іске асырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзімі асып кеткен;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытындысы алынған кезде өтінімді тұтастай немесе жекелеген лоттар бөлігінде кері қайтарады.
314. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурс тұтас немесе жекелеген лоттар бөлігінде:
1) лот бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
2) лот бойынша барлық өтінімдер қабылданбаған;
3) осы тараудың шарттарына сәйкес келген кезде онымен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім беруші бір ғана өтінім ұсынған кезде өткізілмеді деп танылады.
315. Алдын ала рұқсат беру немесе рұқсат беру хаттамаларын веб-портал комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде қалыптастырады, олар хаттамаларда әрбір әлеуетті өнім беруші, лот және өтінімге осы Қағидаларда қойылатын шарттар бөлінісінде көрсетіледі. Ашу және қорытынды хаттамасын веб-портал автоматты түрде жариялайды, комиссия мүшелері мен хатшысы қол қоймайды.
316. Қорытындылар хаттамасын қоспағанда, хаттамалар веб-порталда бірыңғай дистрибьютордың жұмыс уақытында ғана жариялануға тиіс.
317. Конкурс қорытындылары бойынша веб-портал автоматты түрде қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсетіп жариялайды, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) хабарландыруға сәйкес лоттардың тізбесі;
4) бірде-бір өтінім берілмеген лоттардың тізбесі;
5) өтінім берілген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар (лоттар көрсетіліп), әрбір лот бойынша жиналған балдардың саны, бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт жасасатын әрбір лот бойынша жеңімпаздар көрсетілген әлеуетті өнім берушілер туралы;
6) негіздемесі көрсетіліп, өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
7) өтінімі осы тараудың шарттарына сәйкес келген кезде өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы;
8) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты және аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері туралы;
9) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстары көрсетіліп, аукцион жеңімпаздарының атаулары;
10) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері көрсетіліп, аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің атаулары.
318. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды қатемен қалыптастыратын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор мұны тіркейді және бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде хабарландыру жариялайды, конкурсқа қатысушылардың барлығына автоматты түрде тиісті хабарламалар жібереді.
319. Бұл ретте конкурс мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін шамамен талап етілген уақытқа жылжиды.
320. Жарияланған қате хаттамаларды бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамайды, оған "жарамсыз" деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған қатесі жойылған хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда "жарамды" деген мәртебемен жариялайды.
321. Хаттама ауыстырылған кезде конкурсқа қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
322. Конкурс қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берудің ұзақ мерзімді шарты веб-порталда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жасалуға тиіс. Бұл ретте өтінім берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
323. Берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
324. Берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру басталған күнге дейінгі кезеңі
5 (бес) жылдан аспайды, оның ішінде:
объектіні пайдалануға беру және (немесе) оны жаңғырту кезеңі 2 (екі) жылдан аспайды;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткізу, бағаны тіркеу, ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификат алу кезеңі 3 (үш) жылдан аспайды.
Көрсетілген мерзімнен асып кеткен және өнім беруші объектіні пайдалануға беру актісін және (немесе) жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есебі бар хабарламаны көрсетілген кезең аяқталған уақыттап бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынбаған кезде бірыңғай дистрибьютор берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады.
Құрылысты немесе объектіні жаңғыртуды аяқтау құрамында: денсаулық сақтау саласында және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, сараптама ұйымы, бірыңғай дистрибьютор бар комиссиялық тексеру актісімен расталады.
325. Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге әзірлік туралы беру дайын болғанға дейін кемінде 6 ай бұрын хабардар етеді.
Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы жылғы 1 қазаннан кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға 88 бұйрыққа енгізу үшін ұсыныстар жібереді.
326. Өнім беру басталатын күн бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы мынадай құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады:
1) фармацевтикалық қызметке лицензия;
2) дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға тиісті тіркеу куәліктері;
3) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификаты;
4) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісі үшін ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика (GМP) стандарттарының енгізілуін растайтын құжат.
327. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру кезеңінде 10 (он) жыл ішінде отандық тауар өндіруші бірыңғай дистрибьюторға тиісті өлшемшарттарды (балдық шкала бойынша) растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тіркеу дерекнамасының үшінші модулінің болуы және (немесе) жобасы (сараптама ұйымынан хат) – 3 балл;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер (өндірушінің ғылыми-зерттеу сынақ орталығының -R&D, research and development болуы туралы хаты) және (немесе) ғылыми-зерттеу институттарымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және (немесе) зертханалармен және (немесе) "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге келісімнің көшірмесі немесе меморандум) – 3 балл;
3) кадр әлеуетін арттыру, фармацевтика өнеркәсібі саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан өту (диплом, біліктілігін арттыру туралы құжаттар, маман сертификаты) – 2 балл.
4) бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу (бір жылдағы электрондық шот-фактуралар бойынша жиынтық есеп) – 2 балл;
5) "СТ-1" растауымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды экспортқа өткізу және (немесе) әкетуге рұқсат – 2 балл;
Құжаттар бірінші жеткізілген күннен бастап 5 (бес) жылдан кешіктірілмей ұсынылады.
328. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына сараптама ұйымымен келісу бойынша тіркеу куәлігіне сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы бөлігінде өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
329. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар өнім берушімен берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:
1) инвестициялық жобаны іске асыру осы Қағидаларда белгіленген мерзімнен асып кетуі;
2) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
3) өндіруден және (немесе) өнім беруден бас тарту;
4) инвестициялық жобаны іске асыру графигінің 12 (он екі) айдан астам мерзімге бұзылуы;
5) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында ұсынылуы көзделген инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы жартыжылдық есептің ұсынылмауы не оның екі және одан көп айға кешіктіріп ұсынылуы;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты;
7) ұзақ мерзімді шартта көзделген өнім берудің басталу күнін бұзуы. Бұл ретте өнім беруді бастау мерзімі бұзылған тауардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
8) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзу;
9) тапсырыс берушіде қатарынан 3 (үш) жыл ішінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қажеттіліктің болмауы;
10) осы Қағидалардың 327-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе тұтас алғанда кемінде 6 балл өлшемшарттарға қол жеткізбеу негіз болып табылады.
Берудің ұзақ мерзімді шарты осы тармақта көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде оны дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың жеткізілмейтін немесе айтарлықтай бұзушылықпен жеткізілетін жекелеген позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
330. Берудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған кезде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
2-параграф. Берудің ұзақ мерзімді шарттарын ұзарту және (немесе) 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу тәртібі
331. Берудің ұзақ мерзімді шартын ұзарту үшін отандық тауар өндірушілер қолданыстағы ұзақ мерзімді шарт шеңберінде берілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін қоса бере отырып, бірыңғай дистрибьюторға өтінім береді.
Өтінім бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидалардың 344-тармағына сәйкес берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жылдан ерте емес, тиісті қаржы жылына берудің дайын екендігін растауды ұсынумен бір мезгілде ұсынылады.
332. Өтінімді ұсынбау не уақтылы ұсынбау осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін сатып алуды жүргізу үшін негіз болып табылады.
333. Бірыңғай дистрибьютор өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәлімделген халықаралық патенттелмеген атауы бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды көрсете отырып, дәрілік нысанын және (немесе) сипаттамасын, белгіленген дозалану және (немесе) концентрациясын, өлшем бірлігін көрсете отырып, отандық тауар өндірушілердің саудалық атауы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар тіркелген тізімді ұсыну үшін сараптама ұйымына сұрату жібереді.
Сараптама ұйымы сұратуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәлімделген халықаралық патенттелмеген атауы бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды көрсете отырып, дәрілік нысанын және (немесе) сипаттамасын, белгіленген дозалану және (немесе) концентрациясын, өлшем бірлігін көрсете отырып, отандық тауар өндірушілердің саудалық атауы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар тіркелген тізімді бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
334. Берудің ұзақ мерзімді шартын ұзарту және (немесе) 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
335. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде бір отандық тауар өндірушінің тіркеуі бар дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бойынша халықаралық патенттелмеген атауы, дозалануы, концентрациясы немесе техникалық сипаттамасы бойынша осы Қағидалардың 327-тармағында көзделген өлшемшарттарға (балдық шкала бойынша) сәйкестігін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
Осы Қағидалардың 327-тармағында көзделген өлшемшарттарға (балдық шкала бойынша) сәйкестікті растайтын құжаттар берудің ұзақ мерзімді шартын 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге ұзартуға өтінім берілген жылдан ерте берілмеуге тиіс және оларды бірыңғай дистрибьютор сұратуды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей отандық тауар өндірушілер ұсынады.
Оларды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.
Бірыңғай дистрибьютор тұтас алғанда өлшемшарттардың кемінде 6 балл қол жеткізген отандық тауар өндірушімен қолданыстағы берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасасады.
336. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер тіркелген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бойынша бірыңғай дистрибьютор 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурсқа қатысу үшін шақыру жібереді.
337. Конкурсқа қатысу үшін отандық тауар өндірушілер шақыруды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8, 9 және
11-тармақтарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
338. Комиссия отандық тауар өндірушілердің құжаттарын 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
339. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкессіздігін анықтаған кезде комиссия мұндай отандық тауар өндірушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды сәйкес келтіру құқығын береді.
340. Комиссия толықтыруларды комиссия олар ашылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады.
Бәсекелес болмаған кезде құжаттарын комиссия осы Қағидалардың шарттарына сәйкес деп танитын отандық тауар өндіруші жеңімпаз болып танылады және онымен қолданыстағы берудің ұзақ мерзімді шарты аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шарты жасалады.
341. Лоттар бойынша бәсекелестік болған кезде осы Қағидалардың 306, 307, 308, 309, 310, 311 және 312-тармақтарына сәйкес аукцион өткізіледі.
Комиссия аукционға рұқсат беру хаттамасына сәйкес жіберген отандық тауар өндірушілер қатысады.
342. Конкурс қорытындысы бойынша бірыңғай дистрибьютор қолданыстағы берудің ұзақ мерзімді шарты аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
3-параграф. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жүзеге асыру тәртібі
343. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға жүгінген кезден бастап тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімі тиісті қаржы жылына өзге тәсілмен жүзеге асырылып жатқан кезде берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылына жүзеге асырылады.
344. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу оның қолданылу мерзімі ішінде тиісті қаржы жылына веб-порталда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі, бағасы, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуі және шарттары көрсетіліп, осы Қағидаларға
23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша келісім жасасу жолымен тиісті қаржы жылына:
1) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар 88 бұйрыққа енгізілген;
2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
3) өнім беруші осы Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растаған;
4) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификатын, сондай-ақ тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылған;
5) беру графигін ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Бірыңғай дистрибьютор олардың сапасын сақтау мақсатында сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын өз қалауы бойынша (санын ұлғайту не азайту жағына қарай) қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге жол беріледі.
345. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және тиісті қаржы жылына сатып алуды өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалған отандық тауар өндірушілерге, веб-порталда осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген растау құжаттарымен қоса тиісті қаржы жылына өнім берудің әзірлігін растау туралы хабарландыру-сұрату жібереді.
Тиісті қаржы жылына сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру веб-порталда отандық тауар өндірушінің құжаттары қаралатын күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні қалғанда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Отандық тауар өндірушілердің құжаттарды ұсыну мерзімі сатып алудың өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
346. Веб-порталда тиісті қаржы жылына сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) комиссия хатшысының бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесімен қоса сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
2) отандық тауар өндірушінің осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен белгіленген растаушы құжаттарды ұсынуы;
3) веб-порталдың ұсынылған құжаттарды автоматты түрде ашуы;
4) комиссияның отандық тауар өндірушінің құжаттарын қарауы және олардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
5) қорытындылар хаттамасын жариялау;
6) комиссияның тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізуі;
7) бірыңғай дистрибьютордың және отандық тауар өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен веб-порталда тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасасуы.
347. Сатып алу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрамын бекітеді және комиссия хатшысын айқындайды. Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен комиссия құрамына басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын оның жұмыскерлері енгізіледі.
Комиссия өз қызметін тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасалған не сатып алу өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
348. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
1) веб-порталда сатып алудың өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауды;
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша қорытынды хаттамасының жобасын қалыптастыруды;
3) қорытынды хаттамасын веб-порталда жариялауды;
4) комиссия мүшесінің болмағанын растайтын ұсынылған құжаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
5) сатып алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін орналастыра отырып, тұтастай сатып алудың немесе қандай да бір лоттың күшін веб-порталда жоюды;
6) қосымша келісім жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
349. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
350. Отандық тауар өндіруші веб-портал арқылы осы Қағидалардың
344-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен белгіленген растаушы құжаттарды (электрондық көшірмелерде) қоса тіркеу немесе оларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда көзделген нысандар бойынша толтыру арқылы тиісті қаржы жылына беруге әзірлігін растауды жібереді.
351. Отандық тауар өндіруші сатып алуға қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және біліктілік талаптары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін растау мақсаттары үшін өз парақшасында веб-порталда көзделген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы туралы ақпаратты орналастырады және қажетіне қарай жаңартып тұрады.
Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде жаңартылғаннан кейін алып тастауға мүмкіндік бермейді.
352. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:
1) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға;
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
353. Өтінім отандық тауар өндірушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және оны отандық тауар өндіруші ол ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
354. Комиссия мүшелері отандық тауар өндіруші құжаттарының біліктілік талаптары мен осы Қағидалардың көзделген шарттарына сәйкестігі туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасында, өтініміндегі құжаттарды, сондай-ақ басқа да ашық ақпарат көздеріндегі: "электрондық үкімет", www.elicense.kz, "Жоғарғы Сот" www.office.sud.kz ақпараттық жүйелеріндегі және өзге де қолжетімді дереккөздердегі ақпаратты қарайды.
355. Отандық тауар өндірушінің веб-порталдағы құжаттары ашық болып табылады және 10 (он) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жатады.
356. Өтінімдерді қарау мерзімі өткен уақытта комиссия хатшысы комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде веб-порталда дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастырады, онымен танысқаннан кейін комиссия мүшелері дәлелді себептермен дауыс бермегендерді қоспағанда, оған қол қояды.
357. Комиссия хатшысы веб-порталда оның нөмірі, уақыты және мәртебесі көрсетілген дауыс беру хаттамасын жариялайды, онда:
1) сатып алу нөмірі мен атауы;
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
3) комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша жіберу немесе қабылдамау туралы шешімдерін көрсете отырып, лоттар бөлінісінде комиссияның дауыс беру нәтижелері қамтылады.
358. Қажет болған кезде отандық тауар өндірушіге ұсынылған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі.
Қосымша құжаттар дауыс беру хаттамасы жарияланған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
359. Отандық тауар өндірушінің құжаттарына комиссияның ескертулері болмаған, сондай-ақ дауыс беру хаттамасында көрсетілген олардың осы Қағидалардың шарттарына толық сәйкес келтірілуі және ескертулердің жойылуы тұрғысынан қайта қараған кезде, қорытындылар хаттамасы жасалады, онымен танысқаннан кейін комиссия оған қол қояды немесе комиссия хатшысы қабылданған шешімдерді түзету үшін (қажет болған жағдайда) дауыс бермегендерді қоспағанда, комиссияның барлық мүшелері қорытындылар хаттамасына қол қойғанша дауыс беруді қайта бастайды.
360. Комиссия мүшелері қорытынды хаттамасының жобасымен танысып, отандық тауар өндірушінің құжаттарына өздерінің ескертулерін ол жарияланғанға дейін қайта қарайды. Мұндай жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы дауыс беруді қайта бастайды.
361. Дауыс бермеген комиссия мүшесі дәлелді себебі туралы комиссия хатшысына хабарлайды және оған растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. Комиссия мүшесінің шешім қабылдау мерзімі өткенге дейін дауыс бермеуінің себебі белгісіз болған жағдайда қорытынды хаттамасына қол қою олсыз жүргізіледі.
Хатшы веб-порталда мұндай себептің белгісіз екендігі туралы белгіні орналастырады.
362. Хаттамаға қол қоймаған комиссия мүшесінің барлық шешімдерін, оның ішінде ол дауыс берген жекелеген лоттар бойынша шешімдерін веб-портал комиссия шешімінде есепке алмайды және ол қорытындылар хаттамасында көрсетіледі.
363. Қорытындылар хаттамасында веб-портал әрбір лот бойынша комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелерін ықтимал мәртебелердің біреуімен автоматты түрде көрсетеді, сондай-ақ онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) "дауыс берген жоқ";
2) "рұқсат берілді";
3) "қабылданбады", веб-порталдағы шешімге сәйкес себебі негізделеді;
4) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің тиісті қаржы жылына арналған ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу нөмірі мен атауы;
5) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
6) "сатып алу өтті" немесе "сатып алу өтпеді" деген мәртебе көрсетіліп, 88 бұйрыққа сәйкес лоттардың тізбесі;
7) тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасалатын отандық тауар өндірушінің атауы және орналасқан жері;
8) осы Қағидалардың 344-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкестігі.
364. Қосымша келісімге қол қою алдында комиссия тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Қорытынды хаттамасы жарияланғаннан кейін комиссия отандық тауар өндірушімен аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізеді, келіссөздердің қорытындысы бойынша өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарына қосымша келісімдер жасасу алдындағы хаттама жасалады.
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарғадың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) өлшемшарттар ескеріле отырып есептелетін бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасы төмендетілетін бастапқы баға болып табылады.
Отандық тауар өндіруші шартты жеңілдіктің ұзақ мерзімді шартта көзделуі шартымен шартты жеңілдікті ескере отырып, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор ұсынған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағаларын талдауды ескере отырып, бағаны төмендетуге ұсыныс береді.
Отандық тауар өндірушінің бағаны төмендетуге ұсынысы бірыңғай дистрибьютордың ағымдағы ең төменгі сатып алу бағасынан төмен болуы тиіс.
Егер отандық тауар өндірушінің ұсынысы бірыңғай дистрибьютордың сатып алуының ағымдағы ең төменгі бағасы болып табылса, оның бағаны төмендетуге ұсыныс беруіне жол берілмейді.
Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бағасы төмендету келісілмеген кезде бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
365. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы ұзақ мерзімді шарт жасасқан отандық тауар өндірушіге тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімді жібереді.
366. Отандық тауар өндіруші веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімге қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
367. Егер отандық тауар өндіруші:
1) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмесе;
2) осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар және осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса;
3) тіркеу куәлігін ұсынбаса;
4) қолданылу мерзімі өткен тіркеу куәлігін ұсынса;
5) сатып алу талаптарына сәйкес келмейтін тіркеу куәлігін ұсынса;
6) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификаты ұсынылмаса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса;
7) тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылмаса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, қабылданбайды.
368. Сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) егер отандық тауар өндіруші құжаттарды ұсынбаса;
2) егер отандық тауар өндіруші сатып алуға жіберілмесе, өтпеді деп танылады.
369. Егер сатып алу өтпеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы.
370. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өндірісі үшін шикізаттың қажетті көлемінің болуына кепілдік берілуі шартымен мынадай:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
2) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою кезінде қосымша келісім сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
7-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
371. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьютордың атына патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу ниеті туралы өтінішті қосымшамен бірге:
1) Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарттық өндіріс шеңберінде өндіруге жоспарланатын бірегей дәрілік заттардың тізімін;
2) халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, дәрілік нысаны, белгіленген дозалануы және (немесе) концентрациясы, өлшем бірлігі, саудалық атауы, өндіруші көрсетілген дәрілік заттардың бірегейлігі туралы сараптама ұйымының қорытындысын;
3) қолданылу мерзімі көрсетілген бірегей дәрілік заттарға қолданыстағы патенттің болуы туралы не оның болмауы туралы Қазақстан Республикасының Патенттік заңы негізінде әрекет ететін сараптама ұйымының қорытындысын жібереді.
372. Бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу үшін шақыру жібереді.
373. Бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске арналған шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
374. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен бірегей патенттелген дәрілік заттарды келісімшарттық өндіруге арналған шартты алу негізінде бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
375. Патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап және патенттелген бірегей дәрілік заттарды беру басталған күнге дейінгі кезең 3 (үш) жылдан аспайды (көрсетілген мерзімге бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізу мерзімдері кірмейді).
Көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады.
376. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен және өндірушімен өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша патенттелген бірегей дәрілік заттарды беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
377. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторды саудалық атауына баға тіркелген және тіркеу куәлігіне өзгеріс енгізілген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша патенттелген бірегей дәрілік заттарды беруге дайын екендігі туралы хабардар етеді.
Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға 88 Бұйрыққа енгізу үшін ұсыныстар жібереді.
378. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде сатып алу бірыңғай дистрибьюторға өнім беруші тиісті қаржы жылына өтініш берген кезден бастап веб-порталда дәрілік заттардың көлемін, бағасын, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуін және шарттарын көрсетіп қосымша келісім жасасу жолымен тиісті қаржы жылына:
1) бірегей патенттелген дәрілік заттар 88 бұйрыққа енгізілген;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік алаңда өндірістің бір немесе одан да көп сатысын көрсетіле отырып, тиісті тіркеу куәлігін ұсынылған;
3) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға өтінімдер ұсынған;
4) "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына сәйкес ішкі айналысқа арналған дәрілік заттың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификат ұсынылған;
5) беру графигі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
379. Отандық тауар өндірушімен жасалған ұзақ мерзімді шарт келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап бірегей дәрілік затқа патенттің қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
380. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша бірегей патенттелген дәрілік заттарды сатып алу келесі қаржы жылына жүзеге асырылады.
381. Бірыңғай дистрибьютормен келісу бойынша ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі шартымен келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізуге жол беріледі.
382. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісімге қол қоюдың алдында аудио- және бейнетіркеуді қолдана отырып, тиісті қаржы жылына беру бағасын төмендету бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен келіссөздер жүргізу қажет.
383. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын бұзу үшін берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелерді бұзу негіз болып табылады.
Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жекелеген позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
8-тарау. Медициналық техника өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
384. Медициналық техниканы сатып алуды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша ұйымдастыру мақсатында отандық тауар өндірушілер бірыңғай дистрибьюторға:
1) тіркеу куәлігінің нөмірі, бір бірлік үшін құны көрсетілген осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ("docx" форматындағы қосымшамен) өндірілетін медициналық техниканың тізбесін;
2) өндіріс үшін жеткілікті, бірақ күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күннен аспайтын беру мерзімдері және жиынтықғы көрсетілген осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ("docx" форматындағы қосымшамен) техникалық ерекшелікті;
3) сараптама ұйымы берген медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша қорытындыны ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілерден ақпарат алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде медициналық техниканың атауларын, медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша алынған қорытындыға сәйкес бір бірлігі үшін құнын, беру мерзімін, техникалық ерекшелігін қамтитын медициналық техниканың алдын ала тізбесін қалыптастырады және медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
385. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық техниканың алдын ала тізбесін алғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде бірыңғай дистрибьюторға медициналық техниканың атауларын медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша алынған қорытындыға сәйкес бір бірліктің құны, өнім беру мерзімі, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алынуға тиіс медициналық техниканың әрбір атауы бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі қамтылған келісілген тізбе жібереді.
386. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан келісілген тізбені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерден ұсынылған құжаттарды хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін комиссия құрады және комиссия хатшысын айқындайды және веб-портал арқылы медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге шақыру жібереді.
387. Әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы бірыңғай дистрибьюторға ұсынады:
1) веб-порталда көзделген нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысуға өтінім;
2) ішкі айналысқа арналған медициналық техниканың шығу тегі туралы белгіленген үлгідегі "СТ-KZ" сертификатының көшірмесі;
3) медициналық техника өндірісінің ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі фармацевтикалық көрсетілетін қызметке арналған лицензия;
5) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың
11-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
6) "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасы арқылы алынған, мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) осы Қағидалардың 384-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған техникалық ерекшелік.
Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
388. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 8 және 9-тарамақтарында көзделген шарттарға сәйкес келеді.
389. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың толықтығы және осы Қағидалардың 387-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау қорытындылары бойынша шартты жеңілдікті беру және келіссөздер жүргізу туралы шақыру веб-портал арқылы жіберіледі.
Келіссөздер қорытындылары бойынша комиссия қарау қорытындысының хаттамасын қалыптастырады.
390. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 387-тармағына сәйкессіздігі анықталған кезде комиссия осындай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап
3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру мүмкіндігін береді.
391. Қосымша құжаттарды комиссия келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
392. Қарау қорытындысының хаттамасы негізінде бірыңғай дистрибьютор 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
393. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсімінің қорытынды хаттамасын қоса бере отырып, ақпараттық хат жібереді.
394. Бірыңғай дистрибьютор "Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21778 болып тіркелді) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында медициналық техниканың атауларын, бір бірлігі үшін бағасын және жинақтау бөлігінде медициналық техниканың әрбір атауы бойынша беру мерзімдері көрсетілген, техникалық ерекшеліктерді қоса берілген, медициналық техниканың тізбесін орналастырады.
395. Тапсырыс берушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша медициналық техникаға қажеттілік туындағанда бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы сатып алуға бірыңғай дистрибьюторға өтінім жібереді.
396. Сатып алуға өтінім:
1) ұзақ мерзімді шарттың деректеріне сәйкес атаулары, саны, бір бірлігі үшін бағасы және сомасы көрсетілген сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі;
2) техникалық ерекшелігі, жиынтықталуы, саны, мерзімі, беру шарттары мен орны;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі, тапсырыс берушінің деректемелері, мекенжайы (пошталық және заңды), байланыс телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, басшыны немесе оны алмастыратын адамды тағайындау туралы бұйрық, банк деректемелері қоса берілген тапсырыс берушілердің толық атауы қамтылады.
397. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жыл сайын тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде алдағы әрбір күнтізбелік жылға арналған сатып алуды жүзеге асырады, ол осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын үшжақты сатып алу шартымен ресімделеді, бұл ретте:
1) "Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21778 болып тіркелді) медициналық техниканың енгізу;
2) тапсырыс берушілердің медициналық техниканы беру санын (көлемін) айқындауы;
3) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген медициналық техниканы әлеуетті берушіге қойылатын талаптарға сәйкестікгін растауы шарт.
398. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден өтінімдер алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартының жобасын қалыптастырады және өнім беруші мен тапсырыс берушіге қол қоюға жібереді.
Өнім беруші мен тапсырыс беруші оны алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартына қол қояды.
399. Отандық тауар өндіруші сараптама қорытындысының алдыңғы күнімен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімді өндірушілер бағалары индексінің ресми өзгерісін ескере отырып, техникалық сипаттамалады жақсару және (немесе) бағасы ұлғаю немесе азаю жағына қарай өзгерген жағдайларда сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін берілетін медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартына бағаларына жылына бір реттен жиі емес өзгерістер енгізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
400. Отандық тауар өндіруші медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаларға талдау жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді.
401. Сараптамалық бағалау ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
402. Сараптамалық бағалау "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.
403. Сараптама ұйымы отандық тауар өндірушіге сараптама қорытындысын ақылы қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде ұсынады.
404. Отандық тауар өндіруші сараптама қорытындысының түпнұсқасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
405. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган отандық тауар өндірушіден техникалық ерекшелікпен тігілген сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін бірыңғай дистрибьюторға берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуға жататын жиынтықтау бөлінісінде медициналық техниканың тізбесін жібереді.
406. Мыналар:
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның қайтарып алынуы;
3) қатарынан 2 (екі) жыл бойы өнім беруден бас тарту;
4) сапасы лайықсыз медициналық техниканы бірнеше рет беру жағдайлары медициналық техника өндірісі бар өнім берушімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға негіз болып табылады.
9-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
407. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу мақсатында мынадай жүйелі іс-шараларды орындау көзделеді:
1) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілері бірыңғай дистрибьюторға:
өндірілетін медициналық техниканың тізбесін;
техникалық ерекшелік және жинақтау қамтылуы тиіс өтінімдерді ұсынады;
2) бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінің өтінімдерін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға тапсырыс берушілердің медициналық техниканың келісімшарттық өндірісіне арналған өтінімдері мен өтініштерін жібереді;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін келіседі не келісуден бас тартады;
4) оң келісім алғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу туралы шақыру жібереді.
463. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу үшін бірыңғай дистрибьютор ұсынылған құжаттарды қарау үшін комиссия құрады және бекітеді.
Комиссия құрамына басшыны немесе оны алмастыратын адамды қоса алғанда, кемінде үш адамнан тұратын тақ сандағы оның жұмыскерлері енгізіледі.
409. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі:
1) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса – өкілдікті (филиалды) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (анықтаманы) және өкілдік (филиал) туралы ережені;
2) медициналық техниканы өндіруге және (немесе) өткізуге шетелдік тауар өндірушінің құқығын растайтын мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар нотариат куәландырған құжаттардың заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелерін, (ISO 13485) сапаны басқару жүйесі стандартын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске шартты;
4) қазақстандық қамту үлесінің кезең кезеңмен ұлғайтылатынын растай отырып, жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, медициналық техниканы беру кезеңі басталатын күндері мен құны туралы ақпарат қамтылған бизнес-жоспарды;
5) өндірісі жоспарланған медициналық техниканың тізімін ұсынады.
Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау берудің ұзақ мерзімді шартын жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
410. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі ұсынған құжаттарды олардың толықтығы және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Қарау қорытындысы бойынша комиссия қарау қорытындысының хаттамасын қалыптастырады.
411. Қажет болған жағдайда келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне ұсынылған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі.
Қосымша құжаттар қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
412. Қарау қорытындысы хаттамасының негізінде бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
413. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап медициналық техниканы беру басталған күнге дейінгі кезең 3 (үш) жылдан аспайды.
Көрсетілген мерзімнен асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор өнім берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады.
414. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
415. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторға медициналық техниканы беруге дайын екендігі туралы, мыналарды:
1) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың
11-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
2) медициналық техникаға шекті бағаларды талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды ұсына отырып хабарлайды.
416. Тапсырыс берушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша медициналық техникаға қажеттілік туындаған кезде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы сатып алуға өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
417. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жыл сайын тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде алдағы әрбір күнтізбелік жылға арналған сатып алуды жүзеге асырады, ол денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын үшжақты сатып алу шартымен ресімделеді, бұл ретте:
1) "Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21778 болып тіркелді) медициналық техниканы енгізу;
2) тапсырыс берушілер медициналық техниканы беру санын (көлемін) айқындауы;
3) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың талаптарына және медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарына сәйкестігіне растау шарт.
418. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдер алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартын қол қоюға жібереді.
419. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі оны алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей үшжақты сатып алу шартына қол қояды.
Бірыңғай дистрибьютор өнім берушіден қол қойылған үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап оны тапсырыс берушіге қол қоюға береді.
Тапсырыс беруші үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
10-тарау. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу
420. Медициналық техниканың мынадай түрлерін сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға | жол беріледі:
1) компьютерлік томограф;
2) магнитті-резонанстық томограф;
3) ангиограф;
4) позитронды-эмиссиялық томограф;
5) өндірісі сағатына кемінде 1000 тест автоматтандырылған биохимиялық талдауыш;
6) өндірісі сағатына кемінде 300 тест автоматтандырылған иммундық-химиялық талдауыш;
7) өндірісі тәулігіне кемінде 500 тесттен кем емес болатын полимеразды тізбекті реакцияның автоматтандырылған талдауыш.
421. Тапсырыс берушілер сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жіберіледі.
Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қарамағындағы тапсырыс берушілер өздерінің аумақтық бойынша жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдарына өтінімдер береді.
Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті атқарушы органы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес бір деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық тапсырмаларын өзінің аумақтылығы бойынша біріктіреді және бірыңғай дистрибьюторға жиынтық өтінімдер жібереді.
422. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын 5 мамырдан кешіктірмей комиссия құрады және медициналық тапсырмаларды біріктіру және одан әрі сараптама тобының қарауына жіберу үшін комиссия хатшысын айқындайды.
423. Комиссия құрылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде медициналық тапсырмаларды біріктіру рәсімін жүргізеді және біріккен медициналық тапсырманы сараптама тобына жібереді.
424. Сараптама тобы біріккен медициналық тапсырмаларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінің деңгейіне, медициналық ұйымның бейініне және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілген диагностикалық зерттеулердің және (немесе) медициналық манипуляциялардың сәйкестігіне біріккен медициналық тапсырманы тексеру рәсімін жүргізеді.
Қарау қорытындысы бойынша сараптама тобы себептерін көрсете отырып, келіседі не келісуден бас тартады.
Келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қорытындымен ресімделеді, ол комиссияның қарауына жіберіледі.
425. Комиссия сараптама тобынан қорытынды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде біріккен медициналық тапсырманы сараптама тобының қорытындысына сәйкес келтіреді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
426. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган біріккен медициналық тапсырманы алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде біріккен медициналық тапсырманы келіседі және сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған өнім беру шартының қолданылу мерзімін айқындайды.
427. Комиссия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімін алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі шарттарында техникалық ерекшеліктердің және медициналық техниканы берудің коммерциялық ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыруды орналастырады.
428. Сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі шарттарында техникалық ерекшеліктерді және медициналық техниканы берудің коммерциялық ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:
1) хабарландырудың атауы мен нөмірі;
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы және байланыс деректері;
3) медициналық техниканың атаулары, медициналық тапсырма және талап етілетін саны;
4) медициналық техниканы беру мерзімдері мен орындары;
5) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты;
6) комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы;
7) комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны және электрондық поштасы.
429. Өтінімдерді қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен басталады және 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін бірыңғай дистрибьютордың жұмыс күні сағат 10.00-де аяқталады.
430. Әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ("docx" форматындағы қосымшамен) жібереді.
431. Бірыңғай дистрибьютор өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін сараптама тобына жібереді.
432. Сараптама тобы техникалық ерекшеліктерді алған кезден бастап
10 (он) жұмыс күні ішінде оларды біріккен медициналық тапсырмаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Қарау қорытындысы бойынша сараптама тобы өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің әрбір техникалық ерекшелігі бойынша ескертулерді көрсете отырып, келіседі немесе келісуден бас тартады.
433. Бірыңғай дистрибьютор сараптама тобы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауды аяқтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама тобы келіскен әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін сараптама ұйымына жібереді.
434. Сараптама ұйымы өтінімдерді алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшеліктерінің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізеді, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біріктірілген техникалық ерекшелік үшін параметрлердің бірыңғай мәндері және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері негізінде сервистік қызмет көрсетудің ұзартылған мерзімі шарттарында медициналық техниканы сатып алу сомасын айқындайды.
Талдау қорытындысы бойынша қорытынды қалыптастырылады және
2 (екі) жұмыс күні ішінде ("docx" форматындағы қосымшамен) бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі.
435. Комиссия сараптама ұйымының қорытындысын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелікті қалыптастырады және оны бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы медициналық техниканың құнын көрсете отырып, тапсырыс берушілерге келісуге жібереді.
Тапсырыс берушілер 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникаға ерекшелікті және оның құнын келіседі және бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын медициналық техниканың тізбесін жібереді.
Келісуден бас тартылған не уақтылы келісілмеген жағдайда тапсырыс берушілердің өтінімі қаралмайды.
436. Бірыңғай дистрибьютордың сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алу рәсімі осы Қағидалардың
3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес тапсырыс берушілермен келісілген техникалық ерекшелік және тапсырыс берушілердің сатып алынатын медициналық техникасының тізбесі негізінде жүргізіледі.
437. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1-тарауына сәйкес тендерге қатысады және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әлеуетті өнім берушінің алдыңғы 3 (үш) жылдағы медициналық техниканы өндіру көлемі туралы, тендерге қатысушының уәкілетті тұлғасы куәландырған, жылдарға бөлінген, құжаттар;
2) медициналық техниканы өндіруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар (тиісті шыққан елдің шетелдік заңды тұлғаларының тізілімінен үзінді не заңды тұлғаның шыққан елінің сауда тізілімінен үзінді немесе шетелдік заңды тұлғаның заңды мәртебесін растайтын заң күші бойынша тең өзге де құжат) (бұдан әрі – шетелдік тұлғаның заңды мәртебесін растайтын құжаттар).
Шетелдік тұлғаның заңды мәртебесін растайтын құжатты ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
Көрсетілген құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен қоса шет тілінде ұсынылады.
438. Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы тәжірибесінің болуын растау үшін әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы жеткізу туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
2) қабылдау-беру актілерінің көшірмесі және (немесе) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы жеткізу бойынша орындалған жұмыстар актісі.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тендерге қатысуға ұсынбау тендерге қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
Бұл ретте көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың 441-тармағына сәйкес жеңімпаз анықталған кезде комиссия ескереді.
439. Тендер қорытындысы бойынша қабылданбаған екі және одан да көп өтінімдер (лотта бәсекелес ортаның болуы) ұсынылған медициналық техниканың атаулары бойынша жеңімпазды балдық жүйе бойынша комиссия айқындайды.
Ең жоғары қорытынды балл жинаған өтінім осы Қағидаларға
33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беру шарты жасалатын жеңімпаз болып танылады.
440. Егер тендерге қатысуға арналған бірнеше өтінімдерде шартты орындаудың бірдей талаптары болса және бірдей балл жинаса, тендерге қатысуға өтінімі басқаларынан бұрын берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
441. Әрбір өтінім бойынша қорытынды балды есептеу әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу жолымен жүргізіледі.
Өлшемшарттардың маңыздылығы пайызбен айқындалады, бұл ретте балдарды есептеу үшін 100-ге бөлінген пайызбен тиісті өлшемшарттың мәніне тең маңыздылық коэффициенті қолданылады. Өтінімдерді бағалау өлшемшарттарының маңыздылығының сомасы 100 пайызды құрайды, тиісінше көрсеткіштердің маңыздылық коэффициенттерінің сомасы 1-ге тең.
1) Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін құны (аукцион қорытындысы бойынша):
Өлшемшарттың маңыздылық коэффициенті 0,6, өлшемшарттың маңыздылығы: 60%, балл саны 60.
Балл саны формула бойынша айқындалады:
Си=(Смин/Су) х100х КЗ;
Си=Баллдардағы жиынтық құны;
КЗ – көрсеткіштің (өлшемшарттың) маңыздылық коэффициенті;
Су – әлеуетті өнім берушінің бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы);
Cmin – әлеуетті өнім берушілер (аукцион жеңімпазы) ұсынған бағалау көрсеткіші бойынша ұсыныстардың ең аз ұсынысы.
2) Құрал-жабдық өндірісінің бар болуы:
Көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті: 0,15, өлшемшарттың маңыздылығы: 15%, балл саны-15.
Балл саны мына формула бойынша анықталады:
Ни = КЗ х Ну;
Ни – баллдағы өндірістің болуы;
КЗ – көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті;
Ну – әлеуетті өнім берушінің баллмен бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы).
Құжаттамамен расталған құрал-жабдық өндірісі бар болған кезде қатысушыға 100 балл беріледі, 0 балдық баға жабдық өндірісі жоқ немесе құжаттамамен расталмаған қатысушыға беріледі.
3) Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы жеткізу тәжірибесінің болуы:
Көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті: 0,15, өлшемшарттың маңыздылығы: 15%, балл саны-15.
Балл саны мына формула бойынша анықталады:
Зки= КЗ x 100 x (Зу / Зк);
Зки - осы көрсеткіш бойынша балдардың қорытынды саны;
КЗ – көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті;
Зу – әлеуетті өнім берушінің бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы);
Зк – салыстырмалы келісімшарттар (шарттар) санының ең қажетті шекті мәні.
Бұл ретте Зк 5 (бес) шартқа (келісімшартқа) тең ретінде белгіленеді.
0 баллдық баға салыстырмалы сипаттағы шарттарды (келісімшарттарды) орындау шеңберінде жұмыстарды орындау (қызмет көрсету, тауарды жеткізу) тәжірибесі жоқ не растайтын құжаттары жоқ қатысушыға беріледі.
4) Құрал-жабдықтың бір тоқсанда тұрып қалуына рұқсат етілген мерзімі:
Өлшемшарттың маңыздылық коэффициенті 0,1 құрайды, өлшемшарттың маңыздылығы: 10%, балл саны-10.
Жабдықтың бір тоқсанда тұрып қалуына рұқсат етілген мерзімі (бастапқы мәні: 15 (күнтізбелік күн)
Балл саны мына формула бойынша айқындалады:
Пи= (КЗхПmin/Пу) х 100,
КЗ - Көрсеткіштің маңыздылық коэффициенті;
Пу – әлеуетті өнім берушінің бағаланатын ұсынысы, өтінімі (ұсынысы);
Пmіn – әлеуетті өнім берушілер ұсынған бағалау көрсеткіші бойынша ұсыныстардың ең аз ұсынысы.
Егер конкурсқа қатысушы конкурстық ұсыныста 0-ді көрсетсе, балдарды есептеу кезінде ең төменгі мән 1 күн қолданылады (формула 0-ге бөлуге жол бермейді), ұсыныстар болмаған жағдайлар балдардың нөлдік санымен бағаланады.
11-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
442. Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
443. Бірыңғай дистрибьютор келесі қаржы жылына тапсырыс берушілер мәлімдеген көлемнің 25 (жиырма бес) пайызына дейінгі көлемде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын сатып алады.
Төмендемейтін қордың тізбесі мен көлемдерін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
444. Төмендемейтін қордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға беру мерзімін бұзған кезде;
2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;
3) өнім берушінің кінәсінен шарттар бұзылған кезде;
4) тапсырыс берушілерден дәл сол қаржы жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінімдер келіп түскен кезде;
5) осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен жасалатын шарттар есебінен жарамдылық мерзімін жаңарту шартымен тапсырыс берушілерден келесі қаржы жылына өтінімдер келіп түскен кезде пайдаланады.
445. Төмендемейтін қордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын осы Қағидалардың 3-бөлімінің 1 және 3-тарауларымен көзделген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығын ескере отырып) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады.
4-бөлім. Арнайы ережелер
446. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
447. Сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдануды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен оның жоғары тұрған органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен қарайды.
448. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар, Қағидалардың шарттарына сәйкессіздіктер анықталған кезде тапсырыс берушінің басшысы, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор мұндай сатып алуды тұтастай не тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп таниды.
449. Сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының және оның жоғары тұрған органының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдануға болады.
450. Бірыңғай дистрибьютор және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға отандық тауар өндірушілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сандық және жиынтық мәнде сатып алудың жалпы көлемінен сатып алынғандардың үлесі туралы ақпаратты ұсынады.
451. Осы Қағидалардың 3-бөлімі 6-тарауының 2-параграфында көзделген берудің ұзақ мерзімді шарттарын ұзарту және (немесе) берудің ұзақ мерзімді шартын 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге жасасу рәсімін қағаз жеткізгіште жүргізуге жол беріледі.
452. Бірыңғай оператор веб-порталды дамытуды, сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, веб-порталда орналастырылған субъектілердің электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға веб-порталдың жұмыс істеу мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді, пайдаланушыларға веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) бойынша ақылы негізде қызметтер көрсетеді.
Веб-портал пайдаланушыларының пайдалану (қол жеткізу) жөніндегі қызметтердің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бірыңғай оператор белгілейді.
Бұл ретте веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) жөніндегі қызметтердің бағасы бірыңғай оператордың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жұмсаған бірыңғай оператордың шығындарының толық өтелуін қамтамасыз етуге тиіс.
Нысан
(Кімге)______________________ (тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың атауы) |
Тендерге қатысуға өтінім
______________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы),
тендер өткізу жөніндегі хабарландыруды/ тендерлік құжаттаманы қарап,
№ ____________________________________________________
______________________________________________ (тендердің атауы)
осымен алуды куәландыратын (егер тендерлік құжаттама алынса, көрсетіледі), осы
өтініммен мынадай лоттар бойынша хабарландыру шарттарына/тендерлік құжаттамаға сәйкес
дәрілік заттарды/медициналық бұйымдарды/фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді беруді:
1) ______________ (лот нөмірі) ___________________________________
(дәрілік заттарды/медициналық бұйымдарды/фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді егжей-тегжейлі сипаттау)
2) ______________ (лот нөмірі) ____________________________________
(дәрілік заттарды/медициналық бұйымдарды/фармацевтикалық
көрсетілетін қызметтерді егжей-тегжейлі сипаттау)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіреді.
Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген шарттармен танысқанын және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, медициналық техниканы берудің сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулер жөніндегі жауапкершілік туралы хабардар етілгенін растайды.
Әлеуетті өнім беруші осы өтінімдегі мәліметтердің және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растайды:
Р/с № | Құжат атауы | Парақтар саны |
Осы өтінім тендердің қорытындылары шығарылғанға дейін жарамды.
Тендерлік өтінімге атынан және тапсырмасы _______________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) бойынша қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
Мөрі (бар болған жағдайда) | "___" _______ 20__ж. |
Нысан
Дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды беруге әлеуетті өнім берушінің _____________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы
Сатып алу № ____________ Сатып алу тәсілі ____________ Лот № _____________
Р/с | Дәрілік затты/медициналық бұйымды беруге баға ұсынысының мазмұны | Мазмұны (әлеуетті өнім беруші толтыру үшін) |
1 | Дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның атауы (халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы) | |
2 | Сипаттамасы | |
3 | Өлшем бірлігі | |
4 | Тіркеу куәлігінің (куәліктердің)/біржолғы әкелуге рұқсаттың № | |
5 | Дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауы | |
6 | Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша дәрілік нысаны/сипаттамасы (шығару нысаны) | |
7 |
Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша | |
8 |
Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша | |
9 |
Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша | |
10 | Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша өлшеп-оралуы (қаптамадағы өлшем бірліктерінің саны) | |
11 | Жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 шарттарында теңгемен бірлік бағасы/Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы (Бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда) | |
12 | Өлшем бірлігіндегі саны (көлемі) | |
13 | Әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды, ҚҚС-ты және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарын, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 беру шарттарымен теңгемен жеткізу сомасы | |
14 | Беру графигі |
*әлеуетті өнім берушінің бағасы/Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескеріледі.
Күні "___" ____________ 20___ ж.
Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________ _______________
Қолы
_____________ Мөр (бар болған жағдайда)
Нысан
Шығ. № __________
Күні ____________
Кімге: ___________________ _________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері) |
Банк кепілдігі
(тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі)
Банктің атауы (банк филиалы)
_________________________________________________________________
(банктің атауы, БСН және басқа деректемелері)
Кепілдікті қамтамасыз ету № ____________________
"__" _____ 20__ жыл
Банк (банк филиалы) ____________________________________________ (атауы)
(бұдан әрі – Банк)
_______________________________________________________ (атауы)
бұдан әрі "Әлеуетті өнім беруші" ____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының атауы) ____________________________________________________________ жарияланған _________________ (хабарландырудың күні, айы, жылы) сатып алу бойынша тендерге қатысатыны және жалпы сомасы ________________ (жазумен) теңгеге, оның ішінде (бірнеше лот бойынша сатып алуға қатысқан кезде) (тауардың атауы және көлемі) қызмет көрсетуді (қызметтің атауы)/беруді жүзеге асыруға дайын екені хабардар етілді:
1) № ____ лот бойынша (хабарландырудағы нөмірі) – мынадай мөлшерде ____________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге;
2) ...
Осыған байланысты Банк ________________________________________ (банктің атауы) тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының бірінші талабымен кепілдік қамтамасыз ету сомасын қоса алғанда, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздер бойынша төлемге қойылатын талапты алғаннан кейін № ____ лот бойынша ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге, лот № _____ сомаға ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге ______________ (сомасы санмен және жазумен) тең 1 (бір) пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз ету сомасын төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады.
Осы кепілдік Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін ашқан сәттен бастап күшіне енеді және Қағидаларға сәйкес мәні бойынша шешім қабылданғанға дейін, ал Әлеуетті өнім беруші сатып алу жеңімпазы деп танылған жағдайда, ол жасалған шарт бойынша тиісті кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қолданылады.
Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________ Банк мөрі
Нысан
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы және мекенжайы ___________________________________________________
атауы - пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде), сауда маркасы және өндірушісі көрсетілмеген медициналық бұйымдардың атаулары және олардың қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, беру орны, әрбір дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға сатып алу үшін бөлінген сомалар
Беру мерзімдері және шарттары __________________________________
Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі _______________________________________________________
Баға ұсыныстарын қарау күні және уақыты _________________________
Нысан
Сатып алудың үлгі шарты
(тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
___________________ | "____" ___________ ж. |
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын ________________________ (тапсырыс берушінің толық атауы) ______________________________ атынан уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын _____________________ (өнім беруші – тендер жеңіпазының толық атауы) ________________________ атынан уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ (Жарғының, Ереженің) негізінде әрекет ететін екінші тараптан, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар), № ______ "___" __________ _____ жылы (сатып алу затын көрсету) сатып алу бойынша ______________________ тәсілмен (тәсілін көрсету) сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісті:
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың сомасы – Тапсырыс берушінің Өнім берушіге Шарт талаптарына сәйкес төлеуі тиіс сома;
3) тауарлар – Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың талаптарына сәйкес беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
4) ілеспе көрсетілетін қызметтер – тасымалдау және сақтандыру сияқты тауарларды беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер және Өнім берушінің Шартты орындауға бағытталған басқа да міндеттерін қамтитын, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту және басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтер;
5) Тапсырыс беруші – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
6) Өнім беруші – Тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін және Шарт талаптарында көрсетілген тауарларды беруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Өнім беруші тауарды Шарттың талаптарына сәйкес, осы Шартқа қосымшаларда айқындалған мөлшерде және сапада беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада немесе Қағидаларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделсе көрсетіледі).
3-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
4. Шарттың бағасы (ММ үшін бюджеттік бағдарламаға/ерекшелікке сәйкес тауарлардың атауын көрсету) ______________________________________ теңгені (соманы санмен және жазумен көрсету) құрайды және Өнім берушінің оның тендерлік өтінімінде көрсеткен бағасына сәйкес келеді.
5. Өнім берушіге берілген тауарлар үшін ақы төлеу мынадай шарттарда жүргізіледі:
Төлем түрі _____________ (аудару, қолма-қол есеп айырысу, аккредитив және өзге де төлемдер)
Төлеу мерзімі: ____ (мысалы: % межелі пунктке тауарды қабылдағаннан кейінгі немесе алдын ала төлем немесе өзгелер).
6. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:
1) Өнім беруші ұсынатын және оның өндіруші, ресми дистрибьютор не өндірушінің ресми өкілі мәртебесін растайтын шарттың көшірмесі немесе өзге де құжаттар;
2) шот-фактура, жүкқұжат, қабылдап алу-беру актісі;
3) тауардың нақты түріне тән өзге де құжаттар (медициналық техниканы сатып алу кезінде: сервистік қызмет көрсетуді жүргізу кестесі; егер тауар өлшеу құралы болып табылса, өлшеу құралының бастапқы тексеруден өткені туралы сертификат; тапсырыс берушінің медициналық және техникалық мамандарын оқытуды растайтын құжаттар).
4-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
7. Шарт шеңберінде берілетін тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
8. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, модельдердің, үлгілердің немесе ақпараттың мазмұнын ешкімге ашпауға тиіс.
Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда аталған қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға тиіс.
10. Өнім беруші тауарларды соңғы межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бүлінуінен немесе бүлінуінен алдын алатын қаптаманы қамтамасыз етуге тиіс.
Қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс.
Қаптама жәшіктердің габариттерін және олардың салмағын айқындау кезінде жеткізудің межелі пунктінің алыстығын және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуын ескеру қажет.
11. Жәшіктердің қаптамасы және таңбалау, сондай-ақ оның ішіндегі және сыртындағы құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес келуі тиіс.
12. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлар тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
13. Өнім беруші тауарларды тендерлік құжаттамаға қосымшада көрсетілген межелі пунктке дейін жеткізуге тиіс. Бұл тауарларды межелі пунктке дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлем жүргізеді, ал осыған байланысты шығыстар Шарттың бағасына енгізіледі.
5-тарау. Медициналық техниканы беру және қабылдау ерекшеліктері
14. Жеткізілетін медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету орнатылғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 37 (отыз жеті) ай ішінде жарамды, осы кезең ішінде кепілдікті сервистік қызмет көрсету құны Шарттың бағасына енгізілген және өзіне регламенттік және жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ бұл ретте дайындаушы зауыт өндірген пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен тораптарды қамтиды. Бұл ретте кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техниканың тораптары мен жинақтауыштарының бұзылуы, жөнделуі, ауыстырылуы себебінен тоқтап тұру кезеңіне мөлшерлес мерзімге ұзартылады немесе Тапсырыс берушіге көрсетілген кезеңге Өнім беруші осыған ұқсас жұмыс істейтін медициналық техниканы ұсынады.
15. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.
16. Ілеспе қызметтердің бағасы Шарттың бағасына кіреді.
17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдай алатын және кепілдік мерзімі өткеннен кейін оларды пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын ұсынуды талап ете алады.
18. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді өндіруді тоқтатқан кезде:
а) Тапсырыс берушіге қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауы;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге жоспарларды, сызбаларды және техникалық құжаттаманы тегін беруі тиіс.
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген тауарлардың:
1) егер шартта өзгеше көзделмесе, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модельдер болып табылатынына;
2) Тапсырыс берушінің елі үшін әдеттегі жағдайларда берілген тауарларды қалыпты пайдалану кезінде конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты ақаулары болмайтынына кепілдік береді.
20. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақаулар пайда болса Өнім беруші Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелікте жол берген олқылықтары үшін жауапты болмайды.
21. Бұл кепілдік тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін нақты жағдайға байланысты жеткізгеннен және оларды Шартта көрсетілген соңғы межелі пунктте қабылдағаннан кейін ______ күн ішінде жарамды (кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін).
22. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
23. Тауардың істен шығуы туралы хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған кезден бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеудің себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті маманның жергілікті жерге шығуын қамтамасыз етуге тиіс. Өнім беруші дайындаушы зауыт өндірген қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдалана отырып жөндеу немесе Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақаулы тауарды немесе оның бөлігін ауыстыруды бір ай ішінде жүргізуге тиіс.
24. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, бір ай ішінде ақауды(ларды) түзетпесе, Тапсырыс беруші Өнім берушінің есебінен және Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иелене алатын басқа құқықтарына қандай да бір залалсыз ақауларды түзету бойынша қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
25. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеп-жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер және өзгелер) жол берілмейді.
26. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда шарттың бағасы немесе беру графигі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
27. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да бермеуге тиіс.
28. Тауарларды беруді және қызметтерді көрсетуді Өнім беруші баға кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
29. Өнім беруші тарапынан жеткізудің орындалуының кешіктірілуі Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалуға және тұрақсыздық айыбын төлеуге алып келеді.
30. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы және себебі (себептері) туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісу бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады. Бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шартқа түзетулер енгізу арқылы ратификациялауға тиіс.
31. Форс-мажор жағдайларды қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімдерде бере алмаса, Тапсырыс беруші Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, Шарттың бағасынан жеткіліксіз берілген немесе мерзімі бұзылып берілген тауар сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегереді.
32. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайлардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың талаптарын орындамауына байланысты оны бұзуға жауапты болмайды.
33. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың қателікке немесе немқұрайлыққа байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін емесжағдайда, күтпеген сипатқа ие оқиғаны білдіреді және еңсерілмейтін күш (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағанын дәлелдейтін көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
34. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Тараптың хабарламауы немесе уақтылы хабарламау Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
35. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.
36. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және егер Шартты бұзу зиян келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты одан әрі орындаудың орынсызд болуына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс.
Шарт осындай жағдайларға байланысты күшін жойған кезде Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты бұзатын күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс.
38. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
39. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайтынын, ондай іс-әрекет жасауға түрткі болмайды, сондай-ақ Шартқа қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайтынын растайды.
7-тарау. Құпиялылық
40. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты өткеннен кейін немесе оны бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
1) ашу кезінде жария қол жетімді болуы;
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе оны бұзбай өзгеше түрде (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрату бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
3) басқа Тарап ашқан кезде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
41. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелердің бұзушылығы белгіленген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
8-тарау. Қорытынды ережелер
42. Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер Шарттың екінші тарабы шетелдік ұйым болып табылған жағдайда, екінші данасы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты сот тәртібімен қарау қажет болған жағдайда шарттың қазақ немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Тараптар алмасатын Шартқа қатысты барлық хат алмасу және басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.
43. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасы беріле отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
44. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болатынына байланысты күшіне енеді.
45. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
46. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
47. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) не Тараптар қол қойғаннан және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін): ________________.
48. Осы тауарды сатып алу Шарты Тапсырыс берушінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, Өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендер қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс.
9-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Сатып алудың үлгі шартына (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға түрткі болмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемеуге, төлемге ұсынбайтынын және төлеуге рұқсат берметінін растайды.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтын растайды.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың жұмыскерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерінің бұзушылығының болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттер фактілеріне сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжамды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдемдеседі.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына жібереді.
Нысан
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
(тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
___________________ | "____" ___________ ж. |
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын ________________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы) ___________________________ атынан (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ негізінде әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын _____________________ (Өнім берушінің толық атауы) ____________________ атынан (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________ (Жарғының, Ереженің) негізінде әрекет ететін екінші тараптан, "Халық денсаулығы және жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан
әрі – Қағидалар), "____" ___________ 20__ жылы өткізілген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындыларының негізінде төмендегілер туралы осы Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Өнім беруші елді мекендерде Шартқа 1-қосымшада көрсетілген амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілерінің тізбесін көрсетеді.
2. Тапсырыс беруші Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тізбе және сома бойынша Өнім берушінің шығындарын өтейді.
2-тарау. Есептеу тәртібі
3. Шарттың сомасы ____________ жылға __________ теңгені (соманы сандармен және жазумен көрсету) құрайды.
4. Тапсырыс беруші Өнім берушінің іс жүзінде көрсетілетін қызметтерінің шығындарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде өтейді.
5. Шығындарды өтеу ұсынылған рецептілер тізілімін салыстыру негізінде көрсетілген фармацевтикалық қызмет актісіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.
6. Өнім берушіге Шарттың жалпы сомасынан 30 %-ы (отыз пайызы) мөлшерінде аванс беруге рұқсат етіледі.
7. Шарттың сомасы көрсетілген фармацевтикалық қызметтер ескеріле отырып, түзетілуі тиіс.
3-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
8. Өнім беруші:
1) халыққа Тапсырыс беруші белгілеген тізбе бойынша елді мекендерде фармацевтикалық қызметтер көрсетуге;
2) халыққа ауру түрлерінің тізбесі және амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен арнайы емдік өнімдер тегін және жеңілдік шарттармен берілетін халықтың жекелеген санаттары туралы, өткізетін бағасы мен дәрілік заттардың құнын өтеу сомалары туралы көрнекі ақпарат беруге;
3) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша дерек қорға деректер енгізуге;
4) Тапсырыс берушіге ай сайын осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецепттердің жиынтық тізілімін қағаз түрінде және электрондық нұсқада беруге;
5) Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін қажетті барлық құжаттаманы беруге міндетті.
9. Тапсырыс беруші:
1) көрсетілген фармацевтикалық қызмет үшін Өнім берушінің шығындарын уақтылы өтеуге;
2) Өнім берушіні тегін және жеңілдікті рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
10. Өнім беруші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа фармацевтикалық қызмет көрсету бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (Тапсырыс беруші белгілеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, сапасыз препараттарды босату) үшін;
2) дәрілік заттарды өткізуге рұқсаты (құқығы) жоқ объектілерден дәрілік заттарды өткізгені үшін;
3) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша дерек қорына енгізілетін деректердің дәйектілігі үшін;
4) Тапсырыс берушіге ай сайын дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецепттер тізілімін беруге жауапты болады.
11. Тапсырыс беруші:
1) Өнім берушіні тегін және жеңілдікті рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамсыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған рецепттер тізілімін салыстыру негізінде Өнім берушінің іс жүзінде көрсеткен медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды өтеуге ақша қаражатын уақтылы аударуға;
3) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша автоматтандырылған дерек қорына жүргізуге жауапты болады.
12. Өнім берушінің тарапынан фармацевтикалық қызмет көрсету жөніндегі Шарттың талаптарын бұзу оған жүктелген мынадай санкцияларға: Шартты жоюға немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздықты төлеуге әкелуі мүмкін.
13. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттер жасамайтынын, оларды жасауға түрткі болмайтынын, сондай-ақ Шартқа 4-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайтынын растайды.
5-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
14. Шарттың талаптары Тараптардың жазбаша келісуі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
15. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы Тараптар Шартты тоқтатудың болжамдады күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
16. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы Өнім берушіге жазбаша хабарлама жіберіп, Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
6-тарау. Форс-мажор
17. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге кідіртпей осы жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
18. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағаны туралы куәлікте көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
7-тарау. Құпиялылық
19. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
20. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
8-тарау. Қорытынды ережелер
21. Тараптардың ешқайсысының екінші тараптың жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
22. Шарт бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада жасалған, бір дана Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
23. Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартқа 1-қосымша |
Нысан
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада сату объектілерінің тізбесі
Елді мекеннің атауы | Бөлшек саудада сату объектісінің атауы (дәріхана, дәріхана пункті, дәріхана дүңгіршегі, ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулатория, фельдшер пункті және басқалар) | Мекенжайы |
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартқа 2-қосымша |
Нысан
___________ жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты арнайы емдік өнімдермен тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі және өтелетін сомасы
р/с № | Аурудың түрлері немесе халықтың жекелеген санаты | Дәрілік заттардың атауы | Дозасы мен шығарылу нысаны | Сату бағасы, теңге | Құнын өтеу сомасы, теңге |
___________ жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты арнайы емдік өнімдермен жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі және өтелетін сомасы
р/с № | Аурудың түрлері немесе халықтың жекелеген санаты | Дәрілік заттардың атауы | Дозасы мен шығарылу нысаны | Сату бағасы, теңге | Құнын өтеу коэффициентін есепке алғандағы құнын өтеу сомасы, теңге |
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартқа 3-қосымша |
Нысан
__________ өнім беруші бойынша 20__ жылғы ______ бастап _____ дейінгі кезеңдегі (амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша) рецепттердің жиынтық тізілімі
Рецепттердің № | Тегін және (немесе) жеңілдікті рецепттер жазып берген медициналық ұйымның атауы | Дәрілік заттардың атауы | Дозасы мен шығарылу нысаны | Саны | Сату бағасы | Құнын өтеу сомасы |
Құрастырды:
Басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
"___" _________ 20 _______ ж.
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартқа 4-қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Нысан
Сараптама ұйымының атауы ____________________________
Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш
"____" _________20___ жыл
1. Өтініш берушінің толық атауы (меншік нысанын көрсете отырып) | |||
2. Медициналық техника туралы мәліметтер | |||
Медициналық техниканың атауы | |||
Сатып алу себептері (алғаш рет, ескінің орнына және басқалар) | |||
3. Денсаулық сақтау ұйымының жалпы мәліметтері | |||
Бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |||
Жобаны іске асыруға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |||
Нақты мекенжайы (пошталық мекенжайы) | |||
Заңды мекенжайы | |||
Банк деректемелері | |||
Жұмыс телефоны (бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның) | Ұялы телефон | ||
Жұмыс телефоны (медициналық техниканы сатып алуға жауапты адамның) | Ұялы телефон (медициналық техниканы сатып алуға жауапты адамның) | ||
Факс | |||
4. Техникалық сипаттамалары | |||
Техникалық ерекшеліктен медициналық техниканың салыстырылатын параметрлері | Медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің параметрлерінің мәндері | Медициналық техниканың модельдері* | |
Медициналық техниканың моделі 1 | Медициналық техниканың моделі 2 | ||
Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы параметрлерінің мәндері: моделі_________, өндіруші, Қазақстан Республикасының тіркеу куәлігінің нөмірі ____ | Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы параметрлерінің мәндері: моделі_________, өндіруші, Қазақстан Республикасының тіркеу куәлігінің нөмірі ____ |
Осымен ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын.
Басшы немесе оны алмастыратын адам ________________________
(лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Нысан
БЕКІТЕМІН ____________лауазымы ______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________ қолы _________________ күні |
Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшелік сипаттамаларының сәйкестігіне қорытынды
№___________ "____" __________20___ жыл
1. Жалпы ақпарат:
1. Өтініш берушінің толық атауы (меншік нысанын көрсете отырып) –
2. Өтініш берушінің заңды мекенжайы –
3. Ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын адам –
4. Жобаны іске асыруға жауапты адам –
5. Өтінім нөмірі және күні –
6. Шарт № және күні –
7. Медициналық техниканың атауы –
8. Медициналық техниканы қолдану саласы –
2. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы:
№ | Техникалық ерекшеліктен медициналық техниканың салыстырылатын параметрлері | Медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің параметрлерінің мәндері |
Медициналық техниканың моделі 1 |
Медициналық техниканың моделі 2 | Сәйкестілігі |
ҚОРЫТЫНДЫ:
1. сәйкес келеді: _________________________________________________
2. сәйкес келмейді: ______________________________________________
_____________________________________________________ байланысты
Сарапшы _____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оны алмастыратын адам __________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Нысан
Медициналық техниканы сатып алуға өтінім
Кімге: ____________________________ (бірыңғай дистрибьютордың атауы) |
_____________________________________(тапсырыс берушінің атауы)
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) ____ тармағына сәйкес позициялардың жалпы саны ____ бірлік, жалпы сомасы ________________ теңгеге медициналық техниканы өтінімге қосымшаларға сәйкес сатып алуға өтінім жібереді.
Өтінімге міндетті түрде 1 және 2-қосымша қоса беріледі.
Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________
Медициналық техниканы сатып алуға өтінімге 1-қосымша |
Нысан
"Бекітілді" Басшы______________________ (өтінім берушінің атауы) ___________________________ (Т.А.Ә.) ___________________________ (қолы) ___________________________ (күні) |
Медициналық техниканың тізбесі
№ |
ҚРМБН | Баға, (теңге) | Саны | Сомасы, (теңге) | Беру шарттары | Тапсырыс берушінің атауы | Медициналық техниканы беру мекенжайы | Төлем шарттары (% алдын ала төлем бар болған жағдайда) |
Беру мерзімі, күнтізбелік күн |
Медициналық техниканы сатып алуға өтінімге 2-қосымша |
Нысан
"Келісілді" Басшы______________________ (өтінім берушінің атауы) ___________________________ (Т.А.Ә.) ___________________________ (қолы) ___________________________ (күні) |
Техникалық ерекшелік*
* - техникалық ерекшелікте тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ егер мұндай нұсқау сатып алынатын тауардың жекелеген әлеуетті өнім берушіге/өндірушіге тиесілігін айқындаса өзге де сипаттамаларға нұсқаулар болмауға тиіс.
Тапсырыс берушінің басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Нысан
Шығ. № __________
Күні ____________
Кімге: ___________________ _________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері) |
Банк кепілдігі
(шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі)
Банктің атауы:
___________________________________________________________________
(атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және банктің басқа деректері)
Кепілдік міндеттеме №_____________________
_________________ | "___" ___________ _____ ж. |
____________________________ (Өнім берушінің/Орындаушының атауы) (бұдан әрі – Өнім беруші/Орындаушы) №________ "__" ______ ж. Шарт/Қосымша келісім (бұдан әрі – Шарт/Қосымша келісім) жасасқанын назарға ала отырып, _________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________ (тауарлардың немесе қызметтердің сипаттамасы)
және Сіз Шартта/Қосымша келісімде Өнім беруші/Орындаушы оның орындалуын қамтамасыз етуді жалпы сомасы ________________________________ (сомасы санмен және жазумен) теңгеде банк кепілдігі түрінде енгізетінін қарастырдыңыз.
Осымен Банк __________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынын растайды және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында көзделген негіздемелер бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің/Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауын алғаннан кейін Сізге Сіздің талабыңызбен _______________________________ соманы (сомасы санмен және жазумен) төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады.
Осы кепілдік оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Банктің уәкілетті адамдарының қолдары
(лауазымы мен Т.А.Ә. көрсетіліп) (бар болған жағдайда) Банк мөрі
Нысан
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шарты (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында)
___________________ | "____" ___________ ж. |
Осы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шарты (бұдан әрі – Шарт) "СҚ-Фармация" ЖШС (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютор) мен денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасындағы қатынастарды реттейді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Тапсырыс беруші ұсынған өтінім негізінде жасалды.
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тауардың (халықаралық патенттелмеген атаудың) шекті бағасымен айқындалатын және Шарт бойынша авансты есептеу үшін пайдаланылатын шартты баға;
3) тауар – Бірыңғай дистрибьютор Шарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушіге беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;
4) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
5) тауарға ілеспе құжаттар – шот-фактура, қабылдап алу - беру актісі, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат, сенімхат;
6) өкіл (уәкілетті өкіл) – Шарттың талаптарын іске асыру бойынша белгілі бір іс-әрекеттер жасауға Тарап заңнамада белгіленген тәртіппен берген жеке және (немесе) заңды тұлға.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Бірыңғай дистрибьютор тауарды осы Шартқа қосымшаларға сәйкес беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) 1-қосымша "Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі";
2) 2-қосымша "Беру орны және графигі";
3) 3-қосымша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар".
4) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі – ЕқПз) сатып алу кезінде – "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелді) сәйкес есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына қойылатын талап.
4. Тараптар шарт жасасу және орындау үшін барлық өкілеттіктерге ие екендігін, үшінші тұлғалардың талаптарымен ауыртпалық салынбағанын және болашақта үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде оларды дербес реттейтінін мәлімдейді және кепілдік береді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
5. Бірыңғай дистрибьютор:
1) Тапсырыс берушіге Шартқа 1-қосымшада көзделген шекті бағадан жоғары емес мөлшерде және бағалар бойынша қолда бар кез келген саудалық атауы бар тауарды беруге;
2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Тапсырыс берушіге ЕқПз жеткізген кезде Шартқа 1-қосымшада көзделген шекті бағадан аспайтын мөлшерде және бағалар бойынша беруге;
3) тауарды Шартқа 2-қосымшаға сәйкес, ал ЕқПз жеткізу кезінде – есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына талап қойып беруге;
4) тауарға ілеспе құжаттарға қорытындының көшірмесін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін қоса бермей, дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір атауына және партиясына (сериясына) тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының (бұдан әрі – Қорытынды) нөмірі мен қолданылу мерзімін көрсетуге;
5) ілеспе құжаттарда әрбір атауға сериясын/партиясын, жарамдылық мерзімдерін көрсетуге міндетті.
6. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің Бірыңғай дистрибьютордың "Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде қалыптастырған электрондық құжат түрінде өтініші бойынша тауарды мерзімінен бұрын беруді жүзеге асыруға құқылы.
7. Тапсырыс беруші:
1) тауар жеткізу орнына келген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-беру актісіне қол қою жолымен Шарт талаптарына сәйкес берілген тауарды қабылдап алуға;
2) Бірыңғай дистрибьютор ұсынған шот-фактураға және Прайс-парақтың бағасы бойынша шығыс жүкқұжатына сәйкес Шарт талаптарына сәйкес тауарға төлем жүргізуге;
3) Бірыңғай дистрибьюторға Тапсырыс берушіге оны бергеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей шағым жасау актісін ресімдеу жолымен алынған тауарға барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
4) ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болуы тиіс.
4-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
8. Бірыңғай дистрибьютордың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты барлық шығыстарын жабатын Шарттың бағасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атау бойынша шекті бағалардың жиынтық көрінісінде аспауға тиіс, бұл _____________ (сомасы санмен және жазумен) теңгені құрайды. Шартқа 1-қосымшада санамаланған тауарларға ҚҚС салынбайды.
9. Шарт бойынша Тауарға ақы төлеу мынадай түрде жүргізіледі:
1) Тапсырыс беруші Шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде Шарт бағасынан 30 (отыз) пайыз мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді. Шарттың бағасы ұлғайған кезде Тапсырыс беруші Шарт бағасының ұлғаю сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді жүзеге асырады. Тауарды Тапсырыс берушінің мекенжайына жөнелту Бірыңғай дистрибьютордың шотына алдын ала төлем енгізілген сәттен басталады.
2) одан әрі төлем Бірыңғай дистрибьютор ұсынған шот-фактура негізінде 10 (он) банктік күн ішінде тауарды беру фактісі бойынша Шарт бағасынан алдын ала төлемге пропорционалды түрде жүргізіледі;
10. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті салық төлеуші тарап төлеуге тиіс.
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
11. Бірыңғай дистрибьютор тауарды Тапсырыс берушіге тасымалдау кезінде оның зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті көліктік қаптамада жүзеге асырады. Көліктік қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс.
12. Тауарды буып-түю және таңбалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес келуге тиіс.
13. Тапсырыс берушінің тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауын Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері жүргізеді және тауарды қабылдау-беру актісімен ресімделеді.
Беру кезінде Бірыңғай дистрибьютордың өкілі тауарға ілеспе құжаттардың болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тауарды қабылдау-беру актісі жасалған күн тауарды беру күні болып есептеледі.
Шарт бойынша берілетін тауар Бірыңғай дистрибьютор берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
1) тауардың нақты саны тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санға сәйкес келген кезде;
2) тауардың қалдық жарамдылық мерзімі Шарт талаптарына сәйкес келген кезде;
3) ілеспе құжаттарда әрбір атауға тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін көрсеткен кезде;
4) тауар қаптамасында көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі және ілеспе құжаттарда көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі сәйкес келген кезде.
14. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған түпнұсқалар немесе электрондық нысандар, мынадай тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырады:
ауыстыруға арналған жүкқұжат/қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат;
орау парағы/шот-фактура;
тауарды қабылдау-беру актісі;
тауар-көлік жүкқұжаты;
жол парағы;
тауар алушыға берілетін сенімхат.
15. Тауарды қабылдауды Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі жүргізеді.
Тауарды беру күні Тапсырыс берушінің өкілі тауардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді.
16. Тапсырыс беруші тауарға ілеспе құжаттарға қол қояды және оларды тауар берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне береді (қайтарады). Тапсырыс беруші қол қойылған тауарға ілеспе құжаттардың бір данасын өзінде қалдырады.
17. Берілген тауардың ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Тапсырыс беруші тауар бойынша барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторды жедел хабардар етуге тиіс. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің берілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың іс-әрекетін тауарды уақтылы бермеу деп бағалайтын болады. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) берілген тауарды тексеруге қатысу үшін өз өкілін жіберуге міндетті.
18. Тапсырыс беруші ілеспе құжаттарға және Шартқа сәйкес келетін тауарды қабылдаудан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акт жасайды, бұл жағдайда жүкқұжатта көрсетілген күн тауарды беру күні болып есептеледі. Тапсырыс беруші тарапынан бас тарту туралы актіге Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға немесе басшысының орынбасары, сондай-ақ тауарды қабылдауға жауапты тұлға қол қояды.
Бірыңғай дистрибьютор тарапынан бас тарту туралы актіге Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі қол қояды. Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қайтаруды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші нақты берілген, оның ішінде Шарттың 5-тарауына сәйкес Тапсырыс беруші қабылдамаған тауар көлемі үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
19. Егер Шартты орындау кезеңінде Бірыңғай дистрибьютор кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге тауардың атауын, кідірудің болжамды ұзақтығын, кідірудің себебін (себептерін) көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде жағдайды бағалауға және Бірыңғай дистрибьюторды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етуге тиіс: Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту және (немесе) Шартта осындай тауарлардың көлемін (санын) азайту. Бұл жағдайда Тараптардың барлық өзгерістері қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделуі тиіс.
20. Жалпы жарамдылық мерзімі екі жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 30 (отыз) пайызын құрауы тиіс, жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін вакциналарды қоспағанда, жарамдылық мерзімі беру сәтінде кемінде 8 (сегіз) айды құрауы тиіс, жалпы жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 40 (қырық) пайызын құрауға тиіс және жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде 10 (он) айды құрауы тиіс.
21. Ауыспалы қалдық болып табылатын тауар үшін Шарттың
20-тармағында көрсетілгеннен аз жарамдылық мерзімі бар болса беруге жол беріледі.
22. Тапсырыс беруші ол таратылған, қайта ұйымдастырылған, қаржыландыру, төсек қоры қысқартылған жағдайларда Бірыңғай дистрибьюторды Шарттың 2-қосымшасына сәйкес тауарларды беруді жүзеге асырғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тауарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл ретте Тапсырыс беруші осындай жағдайдың басталғаны туралы тиісті құжаттарды ұсынуға міндетті.
23. Тапсырыс беруші Тараптардың заңды құқықтық мирасқорларын қоспағанда, Бірыңғай дистрибьютордың бұған алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
24. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
25. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (форс-мажор жағдайлар) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
26. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағаны туралы куәлікте көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
27. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
28. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.
29. Егер Бірыңғай дистрибьютор форс-мажор жағдайларды қоспағанда, тауарды беру графигін сақтамаса, Тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, Шарттың сомасынан тұрақсыздық айыбы түрінде, Бірыңғай дистрибьютор келісім алғаннан кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы берілмеген тауарлар сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы, бірақ Прайс-парақтың бағасы бойынша уақтылы берілмеген тауар құнының 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегі соманы шегеруге құқылы.
30. Егер Тапсырыс беруші Шарттың 9-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызын, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы есептеуге құқылы. Осы санкцияға қосымша Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің басшысынан және құрылтайшысынан(-ларынан) аталған соманы сот тәртібінде қайтарып алуға құқығы бар.
Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 3-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
7-тарау. Хат-хабар
31. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
32. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Көрсетілген хат-хабар Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
33. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
8-тарау. Құпиялылық
34. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат үшінші тарапқа құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
35. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
9-тарау. Қорытынды ережелер
36. Тараптар екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар Шартты орындау үшін Тараптар тартқан персоналды қоспағанда, Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар берген ақпаратты біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
37. Құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мирасқорға ауысатын жағдайларды қоспағанда, тараптар Шартта көрсетілген өз құқықтары мен міндеттемелерін (талап ету құқығын) үшінші тұлғаларға беруге/қайта беруге құқығы жоқ.
38. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың міндеттемелері толық орындалғанға дейін БФАЖ порталында өзара есеп айырысуды салыстыру актілеріне қол қоя отырып, 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, ал төлем бөлігінде – Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
39. Шарт мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;
2) Тараптардың бірі банкрот деп танылған жағдайда;
3) Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде.
Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде тараптар өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне қол қояды.
40. Бірыңғай дистрибьютордың, егер Тапсырыс беруші төлемге қабілетсіз болса, шартты бұзу себебін, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемін, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күнді көрсете отырып, болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Тапсырыс берушіге алдын ала тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұзуға құқығы бар.
41. Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 40-тармағының талаптарын сақтаған кезде Бірыңғай дистрибьютордың шартты бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана төлемді талап етуге құқығы бар.
42. Тараптар арасында туындайтын келіспеушіліктер немесе даулар шарт бойынша келіссөздер процесінде немесе оған байланысты шешіледі.
43. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
44. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
45. Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
46. Қандай да бір Тараптың қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, банкроттығы, атауының, заңды мекенжайының және басқа да деректемелерінің өзгеруі туралы ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
47. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасасу нысанында жасалса және Тараптар қол қойса, ал қағаз жеткізгіште жасалған Шарттар үшін Тараптардың мөрімен расталса, күшіне ие болады.
48. 24 сағат ішінде ақпарат беруге қатысты сілтеме жасалатын барлық Шарт бойынша міндеттемелер, егер 24 сағаттың аяқталуы осы міндеттеме бар Тарап үшін демалыс және мереке күндеріне түскен кезде аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
49. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
" " 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 1-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі
р/с№ | Бірыңғай дистрибьютордың Тізбесі бойынша бұйрықтың арнайы позициясы | Халықаралық патенттелмеген атауы | Сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Шекті баға | Саны | Сома, теңгемен |
Жиыны: |
Тараптардың деректемелері:
" " 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 2-қосымша |
Беру орны және графигі
р/с№ | Бірыңғай дистрибьютордың Тізбесі бойынша бұйрықтың арнайы позициясы | Халықаралық патенттелмеген атауы | Өлш.бірл. | Жалпы саны |
Кестенің жалгасы
Ай сайынғы қажеттілік* | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
Беру орны (мекенжайы) _______________________________________
*беру басталған күніне байланысты толтырылады. Беру болжанбаған бағандарда "0" немесе "-." қойылады.
" " 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 3-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Нысан
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында)
___________________ | "____" ___________ ж. |
Бюджеттік бағдарлама (мемлекеттік мекемелер үшін)
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын ________________________ атынан ______________ бір тараптан және бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын ___________________ атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және Тапсырыс беруші ұсынған өтінімге сәйкес төмендегілер туралы осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың шартын (Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасында) (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы – – Тапсырыс берушінің Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға төлеуі тиіс сома;
3) тауарлар – Бірыңғай дистрибьютор Шарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушіге беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;
4) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
5) тауарға ілеспе құжаттар – шот-фактура, қабылдап алу - беру актісі, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат, сенімхат;
6) өкіл (уәкілетті өкіл) – Шарттың талаптарын іске асыру бойынша белгілі бір іс-әрекеттер жасауға Тарап заңнамада белгіленген тәртіппен берген жеке және (немесе) заңды тұлға.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Бірыңғай дистрибьютор тауарды осы Шартқа қосымшаларға сәйкес беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі (Шартқа 1-қосымша);
3) беру орны және графигі (Шартқа 2-қосымша);
4) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі – ЕқПз) сатып алу кезінде – "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелді) сәйкес есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына қойылатын талап.
4. Тараптар шарт жасасу және орындау үшін барлық өкілеттіктерге ие екендігін, үшінші тұлғалардың талаптарымен ауыртпалық салынбағанын және болашақта үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде оларды дербес реттейтінін мәлімдейді және кепілдік береді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
5. Бірыңғай дистрибьютор:
1) тауарды Тапсырыс берушіге, ал ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Тапсырыс берушіге –Шартқа сәйкес санда және сапада және сатып алынатын тауарлардың ерекшелігінде (Шартқа 1-қосымша) көзделген бағалар бойынша беруге;
2) тауарды беру графигіне (Шартқа 2-қосымша) сәйкес, ал ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына талап қойып беруге;
3) тауарға ілеспе құжаттарға қорытындының көшірмесін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін қоса бермей, дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір атауына және партиясына (сериясына) тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының (бұдан әрі – Қорытынды) нөмірі мен қолданылу мерзімін көрсетуге;
4) ерекшелікке (Шартқа 1-қосымша) сәйкес тауарға ілеспе құжаттард әрбір атауға сериясын/партиясын, жарамдылық мерзімдерін көрсетуге міндетті.
6. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің Бірыңғай дистрибьютордың "Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде қалыптастырған электрондық құжат түрінде өтініші бойынша тауарды мерзімінен бұрын беруді жүзеге асыруға құқылы.
7. Тапсырыс беруші:
1) тауар жеткізу орнына келген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы Шарт талаптарына сәйкес берілген тауарды қабылдап алуға;
2) Шарттың талаптарына сәйкес тауарға төлем жүргізуге;
3) Бірыңғай дистрибьюторға Тапсырыс берушіге оны бергеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей шағым жасау актісін ресімдеу жолымен алынған тауарға барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
4) ЕқПз сатып алған кезде – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болуы тиіс.
4-тарау. Шарттың бағасы және төлемі
8. Шарттың бағасы ________ (сомасы санмен және жазумен) теңгені құрайды. Шартқа 1-қосымшада санамаланған тауарларға ҚҚС салынбайды.
9. Шарт бойынша Тауарға ақы төлеу мынадай түрде жүргізіледі:
1) Тапсырыс беруші Шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде Шарт бағасынан 50 (елу) пайыз (мемлекеттік мекемелер үшін), 30 (отыз) пайыз (өзге меншік нысанындағы ұйымдар үшін) мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді. Бұл ретте Шарттың бағасы ұлғайған кезде Тапсырыс беруші Шарт бағасының ұлғаю сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді жүзеге асырады. Тауарды Тапсырыс берушінің мекенжайына жөнелту Бірыңғай дистрибьютордың шотына алдын ала төлем енгізілген сәттен басталады.
2) одан әрі төлем Бірыңғай дистрибьютор ұсынған шот-фактура негізінде 10 (он) банктік күн ішінде тауарды беру фактісі бойынша Шарт бағасынан алдын ала төлемге пропорционалды түрде жүргізіледі;
Антиретровирустық және туберкулезге қарсы препараттарды берген жағдайда Тапсырыс беруші осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын қолданбай дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде (ДҚАЖ) рецепттерді қамтамасыз ету фактісі бойынша шарт бойынша тауарға ақы төлеуді жүргізеді.
10. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті салық төлеуші тарап төлеуге тиіс.
11. Шарттың бағасы сатып алу үшін бөлінген сомаға тең немесе одан асатын болып табылмайды.
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
12. Бірыңғай дистрибьютордың Тапсырыс берушінің мекенжайына тауарды жеткізуі мынадай мекенжай бойынша жүзеге асырылады: ___________________________________________________________________.
13. Бірыңғай дистрибьютор тауарды Тапсырыс берушіге тасымалдау кезінде оның зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті көліктік қаптамада жүзеге асырады. Көліктік қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс.
14. Тауарды буып-түю және таңбалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес келуге тиіс.
15. Тапсырыс берушінің тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауын Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері жүргізеді және тауарды қабылдау-беру актісімен ресімделеді.
Беру кезінде Бірыңғай дистрибьютордың өкілі тауарға ілеспе құжаттардың болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тауарды қабылдау-беру актісі жасалған күн тауарды беру күні болып есептеледі.
Шарт бойынша берілетін тауар Бірыңғай дистрибьютор берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
1) тауардың нақты саны тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санға сәйкес келген кезде;
2) тауардың қалдық жарамдылық мерзімі Шарт талаптарына сәйкес келген кезде;
3) ілеспе құжаттарда ерекшелікке (Шартқа 1-қосымша) сәйкес әрбір атауға тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірін көрсеткен кезде;
4) тауар қаптамасында көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі және ілеспе құжаттарда көрсетілген серия/партия, жарамдылық мерзімі сәйкес келген кезде.
16. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған түпнұсқалар немесе электрондық нысандар, мынадай тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырады:
ауыстыруға арналған жүкқұжат/қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат;
орау парағы/шот-фактура;
тауарды қабылдау-беру актісі;
тауар-көлік жүкқұжаты;
жол парағы;
тауар алушыға берілетін сенімхат.
17. Тауарды қабылдауды Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі жүргізеді.
Тауарды беру күні Тапсырыс берушінің өкілі тауардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді.
18. Тапсырыс беруші тауарға ілеспе құжаттарға қол қояды және оларды тауар берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне береді (қайтарады). Тапсырыс беруші қол қойылған тауарға ілеспе құжаттардың бір данасын өзінде қалдырады.
19. Берілген тауардың ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Тапсырыс беруші тауар бойынша барлық наразылықтар туралы жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторды жедел хабардар етуге тиіс. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің берілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың іс-әрекетін тауарды уақтылы бермеу деп бағалайтын болады. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) берілген тауарды тексеруге қатысу үшін өз өкілін жіберуге міндетті.
20. Берілетін тауарды немесе оның бір бөлігін Тараптардың жазбаша келісімі бойынша осындай тауардың бағасы сақталған немесе азайған жағдайда шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жолымен ауыстыруға жол беріледі.
21. Тапсырыс беруші ілеспе құжаттарға және Шартқа сәйкес келетін тауарды қабылдаудан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акт жасайды, бұл жағдайда жүкқұжатта көрсетілген күн тауарды беру күні болып есептеледі. Тапсырыс беруші тарапынан бас тарту туралы актіге Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға немесе басшысының орынбасары, сондай-ақ тауарды қабылдауға жауапты тұлға қол қояды.
Бірыңғай дистрибьютор тарапынан бас тарту туралы актіге Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі қол қояды. Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартқан кезде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі тауарды қайтаруды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші нақты берілген, оның ішінде Шарттың 5-тарауына сәйкес Тапсырыс беруші қабылдамаған тауар көлемі үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
22. Егер Шартты орындау кезеңінде Бірыңғай дистрибьютор кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге тауардың атауын, кідірудің болжамды ұзақтығын, кідірудің себебін (себептерін) көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде жағдайды бағалауға және Бірыңғай дистрибьюторды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етуге тиіс: Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту және (немесе) Шартта осындай тауарлардың көлемін (санын) азайту. Бұл жағдайда Тараптардың барлық өзгерістері қосымша келісімге қол қою жолымен ресімделуі тиіс.
23. Жалпы жарамдылық мерзімі екі жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 30 (отыз) пайызын құрауы тиіс, жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін вакциналарды қоспағанда, жарамдылық мерзімі беру сәтінде кемінде 8 (сегіз) айды құрауы тиіс, жалпы жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем тауарды беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде 40 (қырық) пайызын құрауға тиіс және жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде 10 (он) айды құрауы тиіс.
24. Ауыспалы қалдық болып табылатын тауар үшін Шарттың
23-тармағында көрсетілгеннен аз жарамдылық мерзімі бар болса беруге жол беріледі.
25. Тапсырыс беруші ол таратылған, қайта ұйымдастырылған, қаржыландыру, төсек қоры қысқартылған жағдайларда Бірыңғай дистрибьюторды Шарттың 2-қосымшасына сәйкес тауарларды беруді жүзеге асырғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тауарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл ретте Тапсырыс беруші осындай жағдайдың басталғаны туралы тиісті құжаттарды ұсынуға міндетті.
26. Тапсырыс беруші Тараптардың заңды құқықтық мирасқорларын қоспағанда, Бірыңғай дистрибьютордың бұған алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
27. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
28. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (форс-мажор жағдайлар) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
29. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, әскери іс-қимылдар, өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату және еңсерілмейтін күштің (форс-мажордың) туындағаны туралы куәлікте көрсетілген жағдайлар) оқиғаны білдіреді.
30. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
31. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.
32. Егер Бірыңғай дистрибьютор форс-мажор жағдайларды қоспағанда, тауарды беру графигін сақтамаса, Тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, Шарттың сомасынан тұрақсыздық айыбы түрінде, Бірыңғай дистрибьютор келісім алғаннан кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы берілмеген тауарлар сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы, бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегі соманы шегеруге құқылы.
33. Егер Тапсырыс беруші Шарттың 9-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызын, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы есептеуге құқылы. Осы санкцияға қосымша Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің басшысынан және құрылтайшысынан(-ларынан) аталған соманы сот тәртібінде қайтарып алуға құқығы бар.
34. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 3-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
7-тарау. Хат-хабар
36. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
37. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Көрсетілген хат-хабар Шарттың 9-тарауында көрсетілген Тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
38. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген
хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
39. Шарт бойынша хат-хабар Шарттың 10-тарауында көрсетілген деректемелер бойынша Тараптарға жіберілуі тиіс.
8-тарау. Құпиялылық
40. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
41. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
9-тарау. Қорытынды ережелер
42. Тараптар екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар Шартты орындау үшін Тараптар тартқан персоналды қоспағанда, Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар берген ақпаратты біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
43. Құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мирасқорға ауысатын жағдайларды қоспағанда, тараптар Шартта көрсетілген өз құқықтары мен міндеттемелерін (талап ету құқығын) үшінші тұлғаларға беруге/қайта беруге құқығы жоқ.
44. Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда (мемлекеттік мекемелер үшін) қолданылады.
Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады, ал төлем бөлігінде – Тараптар толық орындағанға дейін (меншіктің өзге нысанындағы ұйымдар үшін) қолданылады.
45. Шарт мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;
2) Тараптардың бірі банкрот деп танылған жағдайда;
3) Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде.
Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде тараптар өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне қол қояды.
46. Бірыңғай дистрибьютордың, егер Тапсырыс беруші төлемге қабілетсіз болса, шартты бұзу себебін, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемін, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күнді көрсете отырып, болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Тапсырыс берушіге алдын ала тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұзуға құқығы бар.
47. Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 46-тармағының талаптарын сақтаған кезде Бірыңғай дистрибьютордың шартты бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана төлемді талап етуге құқығы бар.
48. Тараптар арасында туындайтын келіспеушіліктер немесе даулар шарт бойынша келіссөздер процесінде немесе оған байланысты шешіледі.
49. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
50. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
51. Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
52. Қандай да бір Тараптың қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, банкроттығы, атауының, заңды мекенжайының және басқа да деректемелерінің өзгеруі туралы ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
53. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасасу нысанында жасалса және Тараптар қол қойса, ал қағаз жеткізгіште жасалған Шарттар үшін Тараптардың мөрімен расталса, күшіне ие болады.
54. 24 сағат ішінде ақпарат беруге қатысты сілтеме жасалатын барлық Шарт бойынша міндеттемелер, егер 24 сағаттың аяқталуы осы міндеттеме бар Тарап үшін демалыс және мереке күндеріне түскен кезде аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
55. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
10-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
Тапсырыс беруші: | Бірыңғай дистрибьютор: |
" " 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 1-қосымша |
Нысан
Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі
р/с № | Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе (БФАЖ) бойынша тауар прайсының арнайы позициясы | Саудалық атауы | Халықаралық патенттелмеген атауы | Шығарылу нысаны | Өндіруші | Өлшеп-оралуы | Өлшем бірлігі | Баға,теңгемен | Саны | Сома, теңгемен | |||
ЖИЫНЫ: |
Тараптардың деректемелері:
" " 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 2-қосымша |
Нысан
Беру орны және графигі
р/с № | Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе (БФАЖ) бойынша тауар прайсының арнайы позициясы | Саудалық атауы | Өлшем бірлігі | Жалпы саны |
Кестенің жалғасы
Ай сайынғы қажеттілік* | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
Беру орны (мекенжайы) _______________________________________
*беру басталған күніне байланысты толтырылады. Беру болжанбаған бағандарда "0" немесе "-." қойылады.
" " 20 № Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында) 3-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Нысан
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің үлгі өтеусіз шарты
Осы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарты (бұдан әрі – Шарт) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі шеңберінде бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мақсатында
"СҚ-Фармация" ЖШС (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютор) мен денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау. Шарттың мәні
1. Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторға ұсынатын өтінімге сәйкес Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – тауар) беруге міндеттенеді.
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге тауарды беруді өтінімде көрсетілген беру графигіне сәйкес және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) арқылы қадағаланатын, халыққа тауар босату статистикасына сүйене отырып жүзеге асырады. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауға және халыққа рецепт бойынша тауар жіберуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
2. Бірыңғай дистрибьютор Шарт шеңберінде Тапсырыс берушіге берілген, бірақ әлі өткізілмеген тауарға меншік құқығын өзінде сақтайды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Бірыңғай дистрибьютор:
1) Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес мөлшерде тауар беруге;
2) Тапсырыс берушінің қажеттілігіне сәйкес тауар беруге;
3) тауарды тиісті сападағы тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың сақталуын қамтамасыз ететін қаптамада және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес таңбамен беруге;
4) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Тапсырыс берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұсынылған талаптар мен тұтыну нормативтеріне сәйкес құрамында есірткі, психотроптық заттар бар тауарларды жеткізуге;
5) Тапсырыс берушіні тауарды қайтару қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
4. Бірыңғай дистрибьютор тауарды түгендеуді жүзеге асыруға құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
1) Шарт талаптарына сәйкес берілген тауарды қабылдауға;
2) тиісті қызмет түріне лицензиясы болуы;
3) тауарды заңнама талаптарына сәйкес сақтауға және оның сақталуын қамтамасыз етуге;
4) тауарды босатудың есебін жүргізуге;
5) бірінші кезектегі тәртіппен ең аз қалдық жарамдылық мерзімі бар халыққа тауар жіберуге (FEFO әдістемесі);
6) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарды халыққа рецепттер бойынша беруді жүзеге асыруға;
7) берілген тауар және оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үшін жауапты болуға;
8) тауар жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда бұл туралы Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда және Бірыңғай дистрибьютор тауардың құнын қоса алғанда, Бірыңғай дистрибьюторға келтірілген залалды өтеу туралы жазбаша талапты жібергеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуге;
9) Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерін Шарттың орындалуына мониторинг жүргізу және тауарды түгендеу үшін дәріханалардың (дәріхана пункттерінің) бөлме-жайларына жіберуге;
10) тауарды сериялық есепке алуды және тауар қалдықтары мен олардың жарамдылық мерзімдеріне күнделікті бақылауды жүзеге асыруға;
11) Бірыңғай дистрибьютордың талабы бойынша тауарды қайтаруға;
12) Бірыңғай дистрибьютор беретін тауар туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде өз бөлме-жайында халыққа көрінетін жерге орналастыруға;
13) "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21715 болып тіркелді) 8-тармағына сәйкес Бірыңғай дистрибьюторға есепті ұсынуға міндетті.
6. Тапсырыс беруші:
1) берілетін тауарды тексеруді және қарауды жүргізу;
2) Бірыңғай дистрибьютордан тауарға ілеспе құжаттарды сұратуға;
3) Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне тауар Шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда оны қабылдаудан бас тартуға құқылы.
3-тарау. Тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы
7. Тапсырыс беруші тауарды беру күні Шарттың 9-тармағында көрсетілген тауарға ілеспе құжаттар бойынша Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен қабылдауға тиіс.
8. Тауарды қабылдаудан бас тартқан кезде Тапсырыс беруші мұндай бас тарту туралы себебін көрсете отырып, бас тарту туралы актіні ресімдеу жолымен тауар берілген күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Бірыңғай дистрибьюторға хабарлайды.
9. Тапсырыс беруші тауарды қабылдауды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысандардың түпнұсқалары, мынадай тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырады:
1) ауыстыруға арналған жүкқұжат;
2) орау парағы;
3) тауарды қабылдау-беру актісі;
4) тауар-көлік жүкқұжаты;
5) жол парағы;
6) тауар алушыға берілетін сенімхат болуға тиіс.
10. Тауарды қабылдау кезінде Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің қатысуымен тауарды қарап, олардың санын, сыртқы жай-күйін тексеруді жүргізеді, Шарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігін, оның ішінде температуралық режим бойынша талаптарды сақтау тұрғысынан тексереді.
11. Жасырын ақаулар анықталған кезде (сыну, ақау, нұсқаулықтардың болмауын қоса алғанда, жетіспеушілік, бүлінбеген қайталама қаптамадағы бастапқы қаптамадағы ақау, жетіспеушілік, жиынтықталмау және өзгелер), Тапсырыс беруші жасырын ақаулардың анықталғанын растайтын барлық құжаттарды қоса бере отырып, Бірыңғай дистрибьюторға дереу жазбаша хабарлайды.
12. Тараптардың тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні Шарт бойынша тауарды беру күні болып есептеледі.
13. Тапсырыс беруші тауарға ілеспе құжаттарға қол қояды және оларды тауар берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне береді (қайтарады). Тапсырыс беруші қол қойылған тауарға ілеспе құжаттардың бір данасын өзінде қалдырады.
4-тарау. Тапсырыс берушінің тауарды сақтауы
14. Тапсырыс беруші тауарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тауарды сақтау және тасымалдау қағидаларына және тауарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда сәйкес сақтауға тиіс.
15. Тапсырыс беруші қабылданған тауарды халыққа рецепт бойынша бергенге және (немесе) Бірыңғай дистрибьюторға қайтарғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
5-тарау. Тапсырыс берушінің тауарды есепке алуы және халыққа босатуы
16. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тауарды тегін алуға арналған рецепттер бойынша ғана халыққа тауар босатады.
17. Тапсырыс беруші рецепттерді сақтауды, сақтауды, бөлуді, босатуды, арнайы рецептілік бланкілер мен талаптарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алуды және жоюды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
18. Тапсырыс берушінің тауарды тұрғындардан басқа, олардың нысаналы мақсаты бойынша өткізуіне, тауарды басқа тауармен ауыстыруына, тауарды басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлуіне жол берілмейді.
19. Тапсырыс беруші ДҚАЖ-да олардың атауларын, санын, бағасын, серияларын, партияларын көрсете отырып, тауар шығысының есебін жүргізеді. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауардың заттық-сандық есебін қамтамасыз етеді.
20. ДҚАЖ-да шығысты есепке алуды жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде Тапсырыс беруші тауарды босатуды есепке алу журналына жазба жүргізеді. Бұл ретте тауарды босату пациенттің немесе оның өкілінің (туысының) қолымен тауардың босатылуын есепке алу журналында куәландырылады. Техникалық ақауларды жойғаннан кейін Тапсырыс беруші деректерді ДҚАЖ-ға енгізеді.
21. Тауардың шығыс құжаттарының ДҚАЖ-дағы және (немесе) тауарды босатуды есепке алу журналындағы күні пациенттің тауарды босатқан күніне сәйкес келуі тиіс.
22. Халыққа тауарды босату кезінде Бірыңғай дистрибьютордың тауарын басқа тауармен, оның ішінде басқа сауда атауларымен, партиялармен немесе сериялармен ауыстыруға жол берілмейді. Тапсырыс беруші халыққа ең аз қалдық жарамдылық мерзімі бар тауарды бірінші кезекте береді (FEFO әдістемесі).
23. Бірыңғай дистрибьютор тауарды түгендеуді түгендеу басталғанға дейін 8 (сегіз) жұмыс сағатынан кешіктірмей Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді тікелей Тапсырыс берушіде толық орындағанға дейін түгендеу тізімдемесін сақтай отырып, күнтізбелік айда кемінде 1 (бір) рет түгендеуді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші тауар сақталатын бөлме-жайларға Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерін түгендеу жүргізу немесе тауарды босатуды есепке алу журналының деректерін салыстырып тексеру үшін жіберуге міндетті. Тапсырыс беруші тауарды сериялық есепке алуды, тауар қалдықтарына, олардың жарамдылық мерзімдеріне күн сайынғы мониторингті жүзеге асырады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тауарды жазып беруге және қамтамасыз етуге қатысатын пайдаланушылар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ресурстарды басқару жүйесі" жүйесінде тіркеуді, сондай-ақ тиісті деректердің есебін жүргізуді және өзектілендіруді жүзеге асырады.
6-тарау. Тауарды Бірыңғай дистрибьюторға қайтару
24. Тауарды қайтару қажет болған кезде, оның ішінде шартты бұзған кезде Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге "СҚ-Фармация сервер" Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесі" (бұдан әрі – БФАЖ) порталында рұқсат қағаз немесе тауарды күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде қайтару талабымен жазбаша хабарлама жібереді.
25. Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру (қайтару) актісі, қайтару жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты негізінде Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне беру арқылы халыққа босатылмаған тауарды Бірыңғай дистрибьюторға қайтаруды жүзеге асырады.
26. Тауарды қайтару Тапсырыс берушінің бөлме-жайында Шарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкіліне жүргізіледі.
Тауарды Бірыңғай дистрибьюторға қайтару кезінде Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру актілеріне сәйкес Бірыңғай дистрибьютор оған берген сериялар мен партияларды қайтарады. Тапсырыс беруші тауарды басқа сериядағы, партиядағы немесе басқа да саудалық атаулардағы тауарға Бірыңғай дистрибьюторға қайтарған кезде оны ауыстыруға жол берілмейді.
27. Тапсырыс берушінің тауарды жарамдылық мерзімі өткен Бірыңғай дистрибьюторға қайтаруына жол берілмейді.
7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
28. Тауар жоғалған немесе бүлінген кезде Тапсырыс беруші бұл туралы Бірыңғай дистрибьюторға жоғалған немесе бүлінген тауардың атауын, техникалық сипаттамаларын, сериясын, санын, бағасы мен сомасын және жоғалу/бүліну себептерін көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлайды және Бірыңғай дистрибьютор шағым мен төлем шотын ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде оған тауардың құнын, жоғалған тауарды қайта сатып алуға байланысты күтпеген шығыстардың, сондай-ақ жоғалған, бүлінген тауар құнының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі айыппұлды қоса алғанда, орнын толтырады.
29. Тапсырыс беруші халыққа тауарды беруден негізсіз бас тартқан, оларды басқа тауарға ауыстырған (тауарға ілеспе құжаттарда жоқ) кезде Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың пайдасына Бірыңғай дистрибьютор шағым мен айыппұл төлеуге шот ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рецептіде көрсетілген тауар құнынан бес еселенген мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
30. Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан негізсіз бас тартқан кезде Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторға қабылданбаған тауардың құнынан екі есе мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
31. Тауарды Бірыңғай дистрибьюторға қайтаруға кедергі келтірілген кезде Тапсырыс беруші қайтаруға жататын тауар құнынан екі есе мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
32. Мәлімделген тауарды өткізуден негізсіз бас тартқан кезде Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторға сатылмаған тауардың құнынан екі есе мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
33. Тапсырыс берушінің Бірыңғай дистрибьюторға залалдарды өтеуі және Шарт бойынша айыппұл төлеу Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
34. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
35. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
36. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.
37. Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың алдында Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін толық мүліктік жауаптылықта болады.
38. Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың пайдасына мынадай жағдайларда тауар сомасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді:
1) тауарды босату кезінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша деректер ДҚАЖ-ға уақтылы енгізілмегенде;
2) тауарды босату кезінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша дәйексіз деректер ДҚАЖ-ға енгізілсе;
3) Бірыңғай дистрибьюторға амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық тізілімін және (немесе) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа тауар босату жөніндегі есептілікті беру мерзімі бұзылған жағдайларда.
39. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай дистрибьютордан амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық тізілімдерін қабылдаудан бас тартқан кезде Тапсырыс берушінің халыққа заңнама талаптарын бұза отырып тауар беруі себебінен Тапсырыс беруші заңнама талаптарын бұза отырып босатылған тауардың құнын өтеуге міндетті.
40. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
8-тарау. Хат-хабар
41. Шарт бойынша барлық құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс. Осы Шартта көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Көрсетілген хат-хабар тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
43. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
9-тарау. Құпиялылық
44. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат үшінші тарапқа құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
45. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
10-тарау. Қорытынды ережелер
46. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тарап өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі.
47. Дауларды келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені оларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгінуге құқылы.
48. Осы Шартпен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
49. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда немесе, егер еңсерілмейтін күш жағдайлар Тараптарға шарт бойынша міндеттемелерді күнтізбелік 2 (екі) ай ішінде үздіксіз орындауға мүмкіндік бермесе, Тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзады.
50. Шарттың қалған бөлігінде бұзылғаннан кейін Тараптардың міндеттемелері толығымен тоқтатылады.
51. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
52. Шарт Тапсырыс беруші БФАЖ порталына электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
53. Тапсырыс берушінің осы Шартқа қол қоюы осы Шарттың талаптарын сөзсіз қабылдауы (акцепті) болып есептеледі.
54. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
11-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
Тапсырыс беруші: | Бірыңғай дистрибьютор: |
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің үлгі өтеусіз шартына қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Нысан
Медициналық техниканы беруге әлеуетті өнім берушінің
__________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) баға ұсынысы
Сатып алу № ____________
Сатып алу тәсілі ____________
Лот № _____________
р/с | Медициналық техниканы беруге баға ұсынысының мазмұны |
Мазмұны |
1 | Медициналық техниканың атауы | |
2 | Сипаттамасы | Техникалық ерекшелікке сәйкес |
3 | Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша өндіруші | |
4 |
Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша | |
5 | Тіркеу куәлігінің (куәліктердің)/біржолғы әкелуге рұқсаттың № | |
6 | Өлшем бірлігі | |
7 | Барлық қажетті ілеспе қызметтердің құнын ескере отырып, жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 шарттарында теңгемен бірлік бағасы | |
8 | Өлшем бірлігіндегі саны (көлемі) | |
9 | Әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды, ҚҚС-ты және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарын, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 беру шарттарымен теңгемен жеткізу сомасы |
Күні "___" ____________ 20___ ж.
Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________
Нысан
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтініміне техникалық ерекшелік
Нысан
Кімге: ___________________ _________________________ (Бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері) |
Электрондық банк кепілдігі
(тендерлік өтінімді қамтамасыз ету түрі)
Банктің атауы (банк филиалы) _________________________________________________________________
(банктің атауы, БСН және басқа деректемелері)
Кепілдікті қамтамасыз ету № ____________________
"__" _____ 20__ жыл
Банк (банк филиалы) __________________________________ (атауы) (бұдан әрі – Банк)
______________________________________ (атауы) бұдан әрі "Әлеуетті өнім беруші"
___________________________________________ (бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы) жариялаған __________________________________________________________
_________________ (хабарландырудың күні, айы, жылы) сатып алу бойынша тендерге қатысатыны және жалпы сомасы ________________ (жазумен) теңгеге, оның ішінде (бірнеше лот бойынша сатып алуға қатысқан кезде) _____________________________________ (тауардың немесе қызметтің атауы және көлемі) беруді жүзеге асыруға/қызметті көрсетуге дайын екендігінен хабардар етілді:
1) № ____ лот бойынша (хабарландырудағы/сатып алу веб-порталындағы нөмірі) – мынадай мөлшерде ____________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге;
2) ...
Осыған байланысты Банк ________________________________________ (банктің атауы) Бірыңғай дистрибьютордың бірінші талабымен сатып алу веб-порталындағы электронды түрдегі талапты қоса алғанда, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздер бойынша төлемге қойылатын талапты алғаннан кейін № ____ лот бойынша ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге, лот № _____ сомаға ________________ (сомасы санмен және жазумен) теңге ______________ (сомасы санмен және жазумен) тең 1 (бір) пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз ету сомасын төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады.
Осы кепілдік Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін ашқан сәттен бастап күшіне енеді және ол бойынша Қағидаларға сәйкес мәні бойынша шешім қабылданғанға дейін, ал Әлеуетті өнім беруші сатып алу жеңімпазы деп танылған жағдайда, ол жасалған шарт бойынша тиісті кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қолданылады.
Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________
Нысан
Берудің үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ жылғы №________
___________________ | "____" ___________ ж. |
Бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, Жарғының негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және _______________________________________________ негізінде төмендегілер туралы осы беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – тауар) беруге міндеттенеді, ал Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарды қабылдауға және шарттың тәртібі мен талаптары бойынша төлеуге міндеттенеді.
2. Өнім беруші тауарды жеткізу пункттеріне (қабылдау орындарына) (бөлу орталықтары, Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің операциялық қоймалары) және Бірыңғай дистрибьютордың жөнелтуге рұқсат қағаздарында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырады.
3. Шарттың мынадай қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:
1) 1-қосымша "Берілетін тауар тізбесі";
2) 2-қосымша "Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі";
3) 3-қосымша "Қабылдау-беру актісі";
4) 4-қосымша "Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат";
5) 5-қосымша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар";
6) 6-қосымша "Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі";
7) 7-қосымша "Тауарлық-көліктік жүкқұжат".
2-тарау. Шарттың бағасы
4. Шарттың бағасы ____________________________ теңгені (соманы санмен және жазумен) құрайды.
Шартқа 1-қосымшада тауардың атауы, сипаттамасы, саны, бірлігі үшін бағасы, тауарды беру сомасы мен мерзімдері көрсетілген.
5. Шарттың бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, тауарды орау мен таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ өнім берушінің тауардың жетіспеушілігін, жиынтықталмауын немесе тиісті емес сапасын (жасырын ақауларын), оның бүлінуін анықтауға, тауарды сақтандыру мен беруге байланысты барлық шығыстарын қамтиды.
6. Тауар бірлігі үшін баға Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін (тауар бірлігі үшін бағаның азаюын қоспағанда) тіркелген болып қалады.
7. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен Шартқа өзгерістер енгізуге тараптардың келісімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше Шарт бағасы азайғанда;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгергенде;
3) өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
8. Қағидаларда көзделген жағдайларда Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тауардың көлемін тапсырыс берушілер азайтқан кезде Тараптар беру көлемін тиісінше азайту және Шарт сомасын мөлшерлес өзгерту бойынша Шартқа өзгерістер енгізуге міндетті.
9. Бірыңғай дистрибьютордың төмендетілмейтін қорын қамтамасыз ету мақсатында немесе сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемі ұлғайғанда тауарды жеткізу көлемін және Шарт бағасын мөлшерлес ұлғайтуға жол беріледі.
3-тарау. Төлем тәртібі
10. Шарт бойынша берілген тауар үшін төлемді Бірыңғай дистрибьютор тауардың тиісті партиясы берілген күннен бастап 90 (тоқсан) банктік күн ішінде теңгемен жүргізеді.
Егер Өнім беруші отандық тауар өндіруші болып табылса, Бірыңғай дистрибьютор өзі өндірген және берген тауар үшін төлемді тауар берілген күннен бастап 60 (алпыс) банктік күн ішінде жүргізеді.
11. Төлем Өнім беруші уақтылы ұсынған және Бірыңғай дистрибьютор тауарды беруді растайтын құжаттардың тиісті түрде ресімделген түпнұсқаларын немесе электрондық нысандарын алған жағдайда жүргізіледі:
1) Өнім берушінің қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралары. Өнім беруші электрондық шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып бергенде баспа нысанындағы шот-фактура. Қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы шот-фактуралар салық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс;
2) қауіпсіздік және сапа туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі көрсетілген деректерді, шығарылған жерінің белгісін, Тауардың СЭҚ ТН кодын, тауарларға арналған декларацияның нөмірін, тауарларға арналған декларациядан алынған тауар позициясының нөмірін немесе тауарларды әкелу немесе жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті немесе біржолғы әкелуге рұқсат беру құжатының нөмірін қамтитын тарапқа тауарды босатуға арналған жүкқұжат;
3) Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісі;
4) Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі (иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) болған жағдайда);
5) Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің тауарды қабылдағаны туралы белгісі бар тауар-көлік жүкқұжаты;
6) тауардың саны мен сапасы бойынша қабылданғаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның өкілінің белгісі бар Өнім берушінің орау парағы;
7) Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат (тауар партиясын бірінші рет берген кезде не тауардың мөлшері мен салмағы өзгерген кезде);
8) Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің түпнұсқасы (Өнім беруші осы құжатты тауардың соңғы партиясымен ұсынады).
4-тарау. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді
орындауын қамтамасыз ету
12. Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына және (немесе) электрондық банктік кепілдікке енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны таңдайды.
13. Өнім беруші Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ақшалай жарнаны таңдаған кезде:
1) Өнім беруші Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай жарна ретінде Шарт сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде Бірыңғай дистрибьютордың Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аударуды жүзеге асырады.
2) Шарт сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші өзгерістер енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шартта көрсетілген Бірыңғай дистрибьютордың банк шотына оның жалпы сомасы Шарттың жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай қосымша ақшалай жарнаны аударады;
3) Шарт сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде – Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Бірыңғай дистрибьютор Шартта көрсетілген Өнім берушінің банк шотына оның жалпы сомасы Шарттың жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай тиісті айырманы аударады;
4) Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу үшін негіздер болмаған кезде Шарт бойынша тауарды беру жөніндегі міндеттемелердің толық көлемде орындалуымен бір мезгілде тоқтатылады. Өнім берушіге кепілдік ақшалай жарна сомасын аударуды Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады;
5) кепілдік ақшалай жарнаны ұстап қалу негізі басталған кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ақшаны ұстап қалу туралы хабарлама жібереді.
14. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде электрондық банк кепілдігін таңдаған кезде:
1). Өнім беруші Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Шарт сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде электрондық банк кепілдігін береді.
2) Шарт сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Шарттың ұлғаю сомасынан 3 (үш) пайыз мөлшерінде жеке электрондық банк кепілдігін ұсынады;
3) Шарт сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Шарттың талаптары сақталған кезде бұрын ұсынылған электрондық банк кепілдігін кейіннен қайтарып бере отырып, Шарттың жаңа сомасына 3 (үш) пайызы мөлшерінде жаңа электрондық банк кепілдігін беруге құқылы;
4) Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Шарт бойынша міндеттемелерді Өнім беруші толық орындағаннан кейін Шарт талаптары сақталған кезде кепілгер банкке электрондық банк кепілдігін қайтарады;
5) Бірыңғай дистрибьютор міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын электрондық банк кепілдігі түрінде ұстап қалу жағдайы туындаған кезде кепілгер банкке Өнім берушіні веб-портал арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, электрондық банк кепілдігі сомасын төлеу туралы талапты жібереді.
Банк электрондық банк кепілдігінің сомасын төлеуден бас тартқан немесе оны электрондық банк кепілдігінде көзделген мерзімде төлемеген кезде, Бірыңғай дистрибьютор Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгініп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктен электрондық банк кепілдігінің сомасын өндіріп алады.
15. Қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу негізі болмаған кезде Бірыңғай дистрибьютор Шарттың 8-тарауына сәйкес Өнім берушінің өсімпұл және (немесе) айыппұл төлеу жөніндегі міндеттемелерін өтеу есебіне орындауды қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға құқылы.
16. Мынадай жағдайлар Бірыңғай дистрибьютордың Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға негіз болып табылады:
1) өнім беруші өнім беруден бас тартқан;
2) бірыңғай дистрибьютор Шарттың 59-тармағына және Қағидалардың 260-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
3) Өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды жеткізу мерзімдерін бұзуы немесе дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлеміне қарамастан, жиынтық мәнде мерзімін өткізіп алу күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге жеткен
Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету шарасын Өнім берушіні Шартта жол берілген бұзылу туралы жазбаша хабардар ету жолымен қабылдайды.
17. Өнім берушінің тауарды беру мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуі Өнім берушіні Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын Бірыңғай дистрибьютордың пайдасына төлеуден босатпайды.
18. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тұрғысынан үшінші тұлғаларда тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының туындауына алып келетін қандай да бір іс-әрекеттер немесе мәмілелер жасауына жол берілмейді.
5-тарау. Тауарды орау және таңбалау
19. Өнім Бірыңғай дистрибьюторға тиеу/түсіру, оны темір жол және (немесе) автомобиль көлігімен тасымалдау, ауыстырып тиеуді қоса алғанда, түсіру кезінде тауардың бүлінуден сақталуын қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
20. Таңбалау, тұтыну қаптамасы және тауарды қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.
6-тарау. Ерекше жағдайлар
21. Қабылдау орнында іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің электрондық поштасына және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БФАЖ) порталында Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші жеткізілімге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын, сондай-ақ кейінгі жеткізілімдер кезінде, берілетін тауардың мөлшері және (немесе) салмағы өзгерген кезде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы туралы ақпарат беруге міндетті.
22. Өнім беруші Тараптар Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға электрондық пошта арқылы және (немесе) БФАЖ порталында тауардың әрбір атауы бойынша Шарттың ағымдағы орындалуы туралы ақпаратты (өндіру, кедендік тазарту рәсімі, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау, сақтау, жөнелту/ тасымалдау және өзге) апта сайын ұсынуға міндеттенеді.
23. Шарт бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша өнім беру басталғанға дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Шартқа 1-қосымшада көрсетілген тауарды жеткізуге оның атауын, санын және қабылдау орындарын (бөлу орталықтары, операциялық қоймалар), тауарды қабылдау жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің мекенжайларын көрсете отырып, тиеп жөнелтуге рұқсат Өнім берушінің Шартта көрсетілген электрондық мекенжайына (e-mail) және (немесе) БФАЖ порталына жібереді.
Тиеп жөнелтуге рұқсат Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге оны жөнелткен күні Өнім берушінің электрондық мекенжайына (e-mail) және/немесе БФАЖ порталына жеткізілген болып есептеледі. Тауарға қажеттілік ұлғайған кезде Бірыңғай дистрибьютор берудің негізгі графигіндегі санымен бірге тиеп жөнелтуге жататын тиеп жөнелтуге рұқсат қағазындағы (мерзімінен бұрын жеткізу) санын қолжетімді тауар болған кезде арттырады. Бұл ретте мерзімінен бұрын беру үшін саны жеткіліксіз болған жағдайда, Өнім беруші тауарды беру графигінен тыс беруді жеделдету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
24. Өнім беруші тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын Бірыңғай дистрибьютордың және (немесе) БФАЖ уәкілетті өкілдерінің электрондық мекенжайларына мынадай ақпаратты көрсете отырып:
1) Шарттың нөмірі мен күні;
2) берілетін тауардың атауы;
3) жөнелту күні;
4) орын саны мен тауардың салмағы;
5) жөнелтілетін тауар құнын көрсете отырып, алдағы тиеп жөнелту туралы хабарлама жіберуге міндеттенеді.
25. Тауарды қабылдау орнына іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға толық көлемде және Шарттың 11-тармағында көрсетілген тауарды тиеп жөнелтуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
26. Көрсетілген құжаттарға ескертулер анықталған кезде Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің талап етуі бойынша Өнім беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген құжаттарға ескертулерді жоюға міндетті.
27. Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдері тауарды қабылдау туралы құжаттарды тексергеннен және қол қойғаннан кейін Өнім беруші өз данасын Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерінен қолма-қол және өз есебінен алады.
28. Өнім беруші қағаз жеткізгіштегі шот-фактураны және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген шот-фактураның баспа нысанын қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ұсынуға міндетті.
Бұл ретте шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді Өнім беруші салық заңнамасының талаптарына, "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырады.
Шот-фактураны электрондық нысанда жазып берген кезде айналым жасалған күн қабылдау-беру актісіне қол қойылған күнге сәйкес келуге тиіс.
29. Түзетілген және қосымша шот-фактура жазып берілген кезде өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне шот-фактура жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей шот-фактуралардың баспа нысандарын беруге міндетті.
Бірыңғай дистрибьютордың талабымен Өнім беруші берілетін тауар бойынша қосымша деректерді ұсынуға міндетті.
30. Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген қабылдау орнында Тараптардың тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні тауарды беру күні болып есептеледі.
31. Өнім беруші тауарды тапсырған және Бірыңғай дистрибьютор қабылдаған болып есептеледі:
1) Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген саны бойынша;
2) тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатта және тауардың шығарылған елін куәландыратын құжатта көрсетілген сапаға сәйкес сапасы бойынша егер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну міндетті болса.
32. Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің беру күніне сатып алынатын тауардың жарамдылық мерзімі:
сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 60 (алпыс) пайызын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 50 (елу) пайызын;
сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 14 (он төрт) айын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 12 (он екі) айын құрайды.
33. "Салқындату тізбегін" сақтау шарттарын талап ететін тауарды тасымалдауды Өнім беруші салқындатқыш элементтері бар термоконтейнерлерде немесе барынша қысқа мерзімде тоңазытқышпен (авторефрижератормен) жабдықталған арнайы автокөлікте жүзеге асыруға тиіс. Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммунобиологиялық дәрілік препараттарды) (бұдан әрі – ИДП) тасымалдауды Өнім беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
34. "Салқындату тізбегін" сақтау шарттарын талап ететін тауарды жеткізу кезінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне дайындаушы ұйымның қоймасынан Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейінгі барлық жүру жолында тасымалдау кезінде температуралық режимді көрсететін құжаттарды ұсынуға міндетті.
35. Өнім берушінің өкілі Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында температуралық режимді сақтау фактісін және тауардың Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін қатысуға тиіс.
36. Өнім берушінің тауарды Бірыңғай дистрибьюторға оның қоймасында беруі Шартқа 3-қосымшада көзделген тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюымен ресімделеді (ИДП беру Шартқа 2-қосымшада көзделген актімен қосымша ресімделеді).
37. Тауарды тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылуы немесе жол берілмейтін ауытқуы анықталған кезде, тауар партиясы карантинге жатқызылады және өткізуге арналған тауардан физикалық оқшауланады.
38. Тауарды қабылдау кезінде сәйкессіздік, оның ішінде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы, тауардың жетіспеушілігі, жиынтықталмауы немесе сапасының тиісті еместігі, тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылу фактісі туралы ақпарат ұсынылмаған немесе дұрыс емес ақпарат ұсынылған кезде Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілі осындай фактілер (ескертулер немесе ақаулар) анықталған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Шартта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге тиіс.
39. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жауап беруі тиіс.
40. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін Өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
41. Жасырын ақаулардың (сыну, ақау, нұсқаулықтардың болмауын қоса алғанда, жетіспеушілік, бүлінбеген екінші орамдағы бастапқы орамның ақауы, орамдағы таңбаның сәйкессіздігі, жетіспеушілік, жиынтықталмау) немесе тауардың тиісінше сапасыздығының (бұдан әрі – ақаулы тауар) анықталғаны туралы Тараптар қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілдері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Шартта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге міндетті.
42. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жауап беруі тиіс.
43. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
44. Ақаулы тауар карантинге ұшырайды және сатуға арналған тауардан осы мақсат үшін бөлінген және тиісті жерде физикалық оқшауланады.
45. Өнім беруші ақаулы тауарды толық алып қоюды (қайтаруды) және ауыстыруды не алшақтық (наразылық) актісі болған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тауар құнын өтеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте тауарды ауыстырудың міндетті шарты оның сапасы мен басқа да техникалық сипаттамаларының Шартта айқындалған талаптарға сәйкестігі болып табылады.
46. Осы Шарттың 38, 41-тармақтарында айқындалған тауардың кемшіліктерін жоймау не уақтылы жоймау тауар берушіге тауарға ескертулер ұсынылған күннен бастап тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағаланады және Өнім берушінің осы Шартта көзделген жауапкершілігіне алып келеді.
47. Өнім беруші берген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін тауар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 250-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен Бірыңғай дистрибьютор тиісінше қайтарғаннан кейін өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және Өнім беруші жоюға тиіс.
Бұл ретте өнім беруші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осындай тауарды ауыстыруға немесе бірыңғай дистрибьютордың шеккен залалдарын қоса алғанда, осындай тауардың құнын өтеуге міндетті.
7-тарау. Тауарға берілген кепілдіктер
48. Өнім беруші сақтау шарттарын сақтаған кезде тауардың таңбалануына немесе өзге де тану деректеріне сәйкес оның жарамдылық мерзімі ішінде тауардың барлық көлеміне кепілдік береді.
49. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелмен кепілді міндеттемелерді орындау жағдайының туындағаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Бірыңғай дистрибьюторда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында (Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерінде) сапасыз тауарды ауыстыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
50. Берілетін тауардың сапасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі және Шарттың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
Берілген Тауарға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі өткен кезде Өнім беруші ол аяқталғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға тауардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданылу мерзімі бар ұзартылған сәйкестік сертификатын беруге міндетті.
51. Тауардың сапасы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған үлгілерге, тіркеу дерекнамасында айқындалған сипаттамаларға сәйкес келуге және уәкілетті орган бекіткен тұтынушыға арналған ақпаратты қамтитын құжаттармен сүйемелденуі тиіс.
52. Егер тауар осындай кепілдіктерге немесе сипаттамаларға сәйкес келмесе, Өнім беруші қосымша ақы төлемей сәйкес келмейтін тауарды тиісті сападағы тауармен алмастырады.
53. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Шарт бойынша тауар үшінші бір тұлғалардың пайдасына кепіл нысанасы болып табылмайтындығына, патенттік құқықтарды қоса алғанда, үшінші бір тұлғалардың құқығынан бос екеніне және өткізу үшін ешқандай шектелмегендігіне кепілдік береді.
54. Беру сәтіне Қағидалардың талаптары өзгерген кезде тауардың жарамдылық мерзімі жаңа редакциядағы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
55. Өнім беруші тауарды беру мерзімдерін бұзған кезде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімінде берілмеген тауар құнының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 0,5 (нөл бүтін оннан бес) ең төмен есептік көрсеткіштен кем емес және Шартта көзделген мерзімде берілмеген тауар құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
56. Өнім беруші тұрақсыздық айыбын төлеуді Бірыңғай дистрибьютордың шоты негізінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Шартта көзделген банктік шотына тұрақсыздық айыбын аудару жолымен Бірыңғай дистрибьютордың шотын алған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізеді. Тұрақсыздық айыбы Шарт бойынша кестеде көзделген тауарды тиісінше берудің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап және тауарды іс жүзінде берудің күнін қоса алғанда есептеледі.
57. Өнім беруші тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден жазбаша бас тартқан кезде Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға Шартта көзделген Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына аудару жолымен Шарт бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
58. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ұсынған тұрақсыздық айыбын Өнім беруші Шарт бойынша берілген тауар үшін ақы төлеу бойынша Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьюторға қоятын талаптарын есепке алу жолымен төлеуі мүмкін.
59. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге алынбай қалған пайданы қоса алғанда, қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей-ақ, Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы, егер:
1) Өнім берушінің Шарт бойынша тауарды немесе тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін үздіксіз бұзуы күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ұзақтығына жетсе;
2) Өнім беруші Шартта график бойынша тауарды желтоқсан айында беру мерзімін бұзуға жол берсе, бұл Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне тауарды Өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны ағымдағы қаржы жылы өткенге дейін Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне беруге мүмкіндік бермейді;
3) Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қағидаларда белгіленген мерзімдерде (отандық тауар өндірушілер үшін) Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес толық өндірілгенін немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағанын растайтын, берілетін тауарға ішкі айналым үшін "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынбаса;
4) Шарт жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын Өнім берушінің үлестес болу фактісі анықталса;
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіру күнтізбелік
15 (он бес) күннен асса;
6) өнім беруші Қағидалардың 261-тармағының талаптарын бұза отырып, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынса;
7) өнім беруші өнім беру шартының бағасын азайтудан бас тарса не Қағидалардың 259-тармағында көзделген келіссөздерді жүргізуден бас тартса.
60. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Шартты біржақты тәртіппен бұзуы туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Шарт бұзылды деп есептеледі, онда Бірыңғай дистрибьютор Шарттың бұзылу себебін, оған қатысты Шарт бұзылатын тауардың атауын, күші жойылатын шарттық міндеттемелердің көлемін көрсетеді. Мұндай жазбаша хабарлама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте Шарттың орындалмаған бөлігінде Тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына қарамастан, Бірыңғай дистрибьютордың Шарт бойынша Өнім беруші бұрын берген тауарға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы Шарттың 10-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
61. Берілген тауар үшін төлемді негізсіз кешіктірген кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша хабарламасы мен шотының негізінде Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
62. Өнім беруші сақтау орындарынан тауардың барлық ақаулы партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған кезде, Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Шарт бойынша сақтау орындарынан тауардың барлық сапасыз (бүлінген және (немесе) ақаулы) партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған әрбір күн үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын тауар құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 10 (он) пайыздан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді. Көрсетілген жауапкершілік Шарттың 46-тармағында көрсетілген Өнім берушінің міндеттемелерін бұзғаны үшін де қолданылады.
Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
63. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 5-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
9-тарау. Тараптарды Шарт бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
64. Тараптар өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, тауар жеткізуге тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
65. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес, бірақ күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
66. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. Еңсерілмейтін күш жайғдайларды уәкілетті орган және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы растауға тиіс.
67. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау, еңсерілмейтін күш жағдайлар оны жүзеге асыру мүмкін еместігінің себебі болып табылған жағдайларды қоспағанда, Тараптарды міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
68. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімде мүмкін болмаса, онда Тараптардың кез келгені Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуды жүргізуге құқылы.
10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
69. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тарап өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі.
Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін өтініш жасауға құқылы.
70. Осы Шартпен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
11-тарау. Хат-хабар
71. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс.
Осы Шартта көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
72. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Жазбаша түрде жасалған хат-хабар Шартта немесе Тараптардың хаттарында көрсетілген Тараптардың электрондық мекенжайларына сканерленген түрде де берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
73. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
74. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар Шартта көрсетілген Тараптың электрондық мекенжайына оны жіберген күні жеткізілген болып есептеледі.
12-тарау. Қорытынды ережелер
75. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Бірыңғай дистрибьютор Шартты бұзуға құқылы, бұл жағдайда Тараптардың міндеттемелерді орындауын тоқтату дереу жүзеге асырылады және Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді. Бұл ретте Өнім беруші Шартты бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
76. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасасу нысанында жасалса, күшіне ие болады.
77. Тараптар өз құқықтарын, оның ішінде бір-бірінен талап ету құқықтарын және Шартта көрсетілген міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге немесе қайта табыстауға құқығы жоқ.
78. Қандай да бір Тараптың заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
79. Шарт жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.
80. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар тиісті қосымша келісім жасасу жолымен Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
81. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы
31 желтоқсанды қоса алғанға дейін, ал Тараптардың тауарға ақы төлеу, қандай да бір айыппұл санкцияларын төлеу, Шартта көзделген жағдайларда тауарға сәйкестік сертификатын ұсыну, тауарды ауыстыру/қайтару және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалу жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
82. Тараптар, егер Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімінің аяқталуы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күніне немесе мемлекеттік мерекелерге түссе, осы міндеттеме бар Тарап үшін аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 1-қосымша |
Нысан
Берілетін тауардың тізбесі
№ | Өнімнің арнайы коды (ӨАК) | Халықаралық патенттелмеген атауы | Саудалық атауы | Дәрілік нысаны/Техникалық сипаттамасы | Өндіруші | Өлшеп-оралуы | Өлшем бірлігі | Бірлігі үшін бағасы, теңге | Бірліктер саны | Сомасы (теңге) | Оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) | Беру графигі |
ЖИЫНЫ: Сома _______ теңгені құрайды, оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасы 0,00 (нөл теңге) құрайды.
Бірыңғай дистрибьютор: | Өнім беруші: |
_______________________ | _____________________ |
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 2-қосымша |
Нысан
Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі
Жөнелту адресаты: _______________________________________________
Тасымалдау барысында жоспарланған аялдамалар: ____________________
Жөнелту күні (әуе/теміржол жүкқұжаттарының деректеріне сәйкес):
_________________________________________________________________
Жүктің (тауардың) межелі пунктке келген күні мен уақыты: _____________
Препараттың атауы: _______________________________________________
Ұйым, өндіруші: __________________________________________________
Қаптамалардың немесе құтылардың (ампулалардың) саны: ______________
Дозалар (литр, таблетка) саны: ______________________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________
Иммунобиологиялық дәрілік препараттардың (иммунобиологиялық дәрілік
препараттардың жарамдылық мерзімі: ________________________________
Еріткіш құтылардың (ампулалардың) саны: ____________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________
Еріткіштің жарамдылық мерзімі: _____________________________________
Термоиндикаторлардың көрсеткіштері (әрқайсысының саны, көрсеткіші, олардың
орналастыру орындарын көрсете отырып): _____________________
Жүктің (тауардың) жай-күйі : _______________________________________
Контейнерлердің жалпы саны: _______________________________________
Таңбалаудың болуы: _______________________________________________
Жеткізу кезіндегі қаптамалардың жай-күйі (бүтіндіктің бұзылуы, зақымданудың,
деформацияның, ылғал іздерінің болуы, жазбалардың өшірілуі):
________________________________________________________
Тапсырды: ________________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы)
Қабылдады: _______________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда) (Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің қолы және күні)
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 3-қосымша |
Нысан
Қабылдау-беру актісі
___________________ |
"___" _______ 20__ жыл |
№ | Атауы | Серия | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сомасы, теңге |
Жиыны: |
Жиыны: (__________ теңге ___________ тиын)
Буып-түю және таңбалау бойынша талаптарды сақтау шарттары
_________________________________________________________________
Тауарға қауіпсіздік және сапа туралы қорытындылар (сәйкестік сертификаттары) қоса
беріледі және тексерілді ____________________________________________________
Температура датчиктерінің/индикаторларының көрсеткіштері (бар болған жағдайда)
_________________________________________________________
Температуралық режимді сақтау ______________________________________
Тауарға жүкқұжаттарға және шот-фактураларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
Алшақтық актісінің болуы __________________________________________
Сенімхаттар бойынша Тараптар өкілдерінің өкілеттіктері белгіленді.
Тапсырды: _________________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы)
Қабылдады: _____________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда)
(сенімхат бойынша Бірыңғай дистрбьютордың уәкілетті өкілінің қолы)
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 4-қосымша |
Нысан
Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамасы) және салмағы туралы ақпарат
Өнімнің арнайы коды (ӨАК) | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы | Дәрілік нысаны/Техникалық сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Өндіруші | Өнім берушінің атауы | Өлшеп-оралуы | |
екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | |||||||
Кестенің жалғасы
Қаптаманың өлшемі | Салмағы, граммен | Паллетке (түпқоймаға) орналастыру үшін көліктік қаптамалардың ұсынылатын биіктігі, миллиметрде | |||||||
Биіктігі мм | Ұзындығы мм | Ені мм | екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | |||||
екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | ||||
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 5-қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 6-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі
Уәкілетті өкілдердің атауы | Қабылдау орны | Электрондық пошта мекенжайы |
Берудің үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 7-қосымша |
Нысан
1-ші дана - жүк жіберушіге |
№ТАУАРЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖҮКҚҰЖАТ_______ | |||||||
Автомобиль _______________________ жол жүру парағына №_____ серия _______ код маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі
Тасымалдаушы_____________ Жүргізуші ________Тасымалдау түрі ___________ код
атауы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тапсырыс беруші (төлеуші) __________________________________________
__________________________________ код
атауы
Жүк жіберуші _____________________________________________________
_____________________________код
атауы
Жүк алушы _______________________________________________________
_____________________________код
атауы
Тиеу пункті ___________________ Түсіру пункті _______________________ Бағдар №
Басқа мекенжайға жіберу __________________ 1. Тіркеме _________________ Гар. №
Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі №
жаңа алушының атауы мен мекенжайы маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі
________________________________________ 2. Тіркеме _________________ Гар. №
Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі №
жауапты адамның қолы, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі
*) "Жүк туралы мәлімет" деген бөлімде тауарлық-көліктік жүкқұжатта босатылатын барлық тауарлық-материалдық құндылықтардың атаулары мен сипаттамаларын атап көрсету мүмкіндік болмаса тауарлық-көліктік жүкқұжатқа тауарлық бөлім ретінде оның ажырамас бөлігі ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген арнайы нысандар (тауарлық жүкқұжат мен басқа да нысандар) қоса берілуі тиіс, онда жүк жіберушілердің тауарлық-материалдық құндылықтарын тізімнен шығару және жүк алушыларға оны тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ қоймалық, жедел және бухгалтерлік есепке алу жүргізіледі.
Мұндай жағдайларда "Жүк туралы мәлімет" деген бөлімнің 1, 2, 4, 5, 6 және 7-бағандары тауарлық-көліктік жүкқұжатпен толтырылмайды. Көрсетілген бағандардың бос жолдарында олардың көшірмелерінің арнайы нысандарының атауы, нөмірлері мен күндері жазылады.
Нысан
Кімге: _____________________ ____________________________ (бірыңғай дистрибьютордың, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері) |
Электрондық банк кепілдігі
(шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі)
Банктің атауы: __________________________________________________
(атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және банктің басқа деректері)
№_____________________ кепілдік міндеттеме
_________________ | "___" ___________ _____ ж. |
____________________________ (Өнім берушінің атауы) (бұдан әрі – Өнім беруші) №________ "__" ______ ж. _______________ (саудалық атауы, дәрілік нысаны/тауардың техникалық сипаттамасы немесе қызметі көрсетіледі) беруге (көрсетуге) Шарт/Қосымша келісім (бұдан әрі – Шарт/Қосымша келісім) жасасқанын назарға ала отырып, және Сіз Шартта/Қосымша келісімде Өнім беруші оның орындалуын қамтамасыз етуді жалпы сомасы ________________________________ (сомасы санмен және жазумен) теңгеде электрондық банк кепілдігі түрінде енгізетінін қарастырдыңыз.
Осымен Банк ______________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынын растайды, Шартта және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген негіздемелер бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін Сізге Сіздің талабыңыз бойынша ____________________________ соманы (сомасы санмен және жазумен) төлеуге кері қайтарылмайтын міндеттемені өзіне алады.
Осы кепілдік оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________
Нысан
Берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсына қатысуға өтінім
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлімет | ||
1. | Әлеуетті өнім берушінің атауы | |
2. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы ақпарат | |
3. | Орналасқан жері: заңды мекенжайы/орналасқан жері, нақты орналасқан жері | |
4. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |
5. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы | |
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | ||
(телефон, факс, электрондық пошта) | ||
2. Жоба туралы мәліметтер | ||
6. | Жобаның атауы | |
7. | Жобаны іске асыратын орны | |
8. | Заңды тұлғаның бекітілген активтеріне инвестициялардың көлемі (ағымдағы және келешектегі кезеңдердегі инвестициялар ескеріледі) | |
(теңге) | ||
9. | Жобаны қаржыландыру көздері меншіктіқарыз қаражаты, оның ішінде өтінім беру күніне жобаға салынған қаражат | |
(меншікті қаражаты бар екенін растайтын құжат) | ||
(қаржыландыру көздерін және жобаны қаржыландыруға кепілдікті белгілейтін құжат) | ||
Жер учаскесінің бар-жоғы туралы ақпарат | ||
10 | Жобаны іске асыру мерзімдері | |
11. | Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысының болуы туралы ақпарат (дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға ниет білдірген кезде көрсетіледі) | |
12. | Дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жоспарланатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы | |
3. Ғылыми-технологиялық негіздеме | ||
13. | Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған технологиялық жабдықтың болуы туралы ақпарат | (меншік құқығында технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжат (өзге де заттық құқық) |
14. | Жеке әзірлеменің атауы/ технология трансфері/ мәртебесін көрсете отырып, ғылыми-зерттеу институттарымен келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (ұйым игерді / игеру жоспарлануда / әзірлеу жоспарлануда / өзге) | (мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растайтын құжат) |
4. Өнімнің экспорттық әлеуеті | ||
15. | Экспортқа шығарылған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы |
Өтінімге қосымша: ____________________________________ (әлеуетті өнім беруші) өтінімдегі және қоса берілген құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын (анықтығын) мәлімдейді және кепілдік береді және берудің ұзақ мерзімді шартын бұзу талаптарымен танысты.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/жеке кәсіпкер __________________________
Қолы, мөрі (бар болған жағдайда)
Нысан
Дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсан сайынғы графигі
№ | Дәрілік заттар, медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаның атауы | Іске асыру кезеңдері (тоқсан сайын) | Тоқсан сайынғы іске асыру графигі | Жұмыс мазмұны | Қосымшалар мен ескертпелер |
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы
___________________________
Қолы, мөрі (бар болған жағдайда)
___________________________
Нысан
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ________ жылғы №______________
_________________ | "___" ___________ _____ ж. |
Бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, _________________________ Басқарма төрағасының атынан, ______________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ________________________ атынан, ________________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурсқа қатысуға Өнім берушінің өтінімі, "___" _______ ж. № ____ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Өнім беруші:
1) осы Шартқа № 1 қосымшада санамаланған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың (бұдан әрі – Тауар) ___________________ мекенжайы бойынша (бұдан әрі – Инвестициялық жоба), осы Шартқа № 2 қосымшада көрсетілген Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдеріне сәйкес _____________ (өндірісін құруға немесе өндірісін жаңғыртуға ниетін көрсету) жолымен құрып және осы Шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде Бірыңғай дистрибьюторға объектіні пайдалануға беру актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін оны алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе жаңғырту жөніндегі жұмыстар аяқталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есебі бар хабарлама ұсынуға;
2) Өнім беруші өндіретін тауарды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жатпайтын Тауарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және тауарды беру басталғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсыну:
- фармацевтикалық көрсетілетін қызметке лицензияны;
- Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін Тауарға тіркеу куәлігін;
- Тауар Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін тауарға "СТ-KZ" ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты;
- дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру үшін ИСО 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика (GМP) стандарттарының енгізілуін растайтын құжат.
3) осы Шартқа 2-қосымшада көрсетілген Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдеріне сәйкес Бірыңғай дистрибьюторға объектіні пайдалануға беру актісін және (немесе) жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталғаны туралы егжей-тегжейлі есеппен Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама ұсынылған сәттен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірмейтін мерзімде тауарды беруді бастауға;
4) Қағидаларда, осы Шартта және оған қосымша келісімдерде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан
әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде Бірыңғай дистрибьюторға Тауарды беру басталғаннан бастап 10 (он) жыл ішінде беруге міндетті.
Тауардың бірінші партиясын әрбір атауы бойынша жеке беру күні жеткізілімнің басталуы болып табылады.
2. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Өнім беруші өндіретін Тауарды Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізгеннен, тауарға шекті бағалар белгіленгеннен, Өнім беруші осы Шарттың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындағаннан және тиісті қаржы жылына арналған беру графигі ұсынылғаннан кейін Өнім берушіден Тауарды ТМККК және МӘМС шеңберінде оны беру басталғаннан бастап 10 (он) жыл ішінде медициналық ұйымдар (тапсырыс берушілер) мәлімдеген және ТМККК және МӘМС шеңберінде оларға қажетті көлемде, Өнім берушімен осы Шартқа олардың қолданылу мерзімі бір қаржы жылына арналған жыл сайынғы қосымша келісімдер жасасу жолымен сатып алуға, Өнім берушіге Тауарды осы Шартқа қосымша келісімдерде айқындалған бағалармен және мерзімдерде Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен төлеуге міндеттенеді.
2-тарау. Тараптардың Тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
3. Беру кезеңі басталғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушілерден алдын ала өтінімдерді алған және келесі қаржы жылына арналған жыл сайынғы қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, оның саны/көлемі, графигі, беру орын(дары) және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс алдын ала өтінімді ұсынады.
4. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті өтінімді Өнім берушіге түпкілікті өтінімдерді қалыптастырғаннан және Тапсырыс берушілердің жыл сайынғы қажеттілігінен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
5. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі шартымен осы шартқа жекелеген қаржы жылына арналған қосымша келісімге:
1) тауардың бағасы және тиісінше шарт бағасы азайғанда;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда тауардың көлемі өзгергенде;
3) Қосымша келісім бойынша тауардың саудалық атауының өзгермеуі шартымен өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде тауардың қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
6. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шартқа жеке қаржы жылына қосымша келісімдерге қол қоюға міндеттенеді. Мұндай қосымша келісімдерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қағидаларда және осы Шартта көзделген тауар жеткізілімінің елеулі талаптары қамтылуға тиіс.
7. Өнім беруші өнімді алғаш жеткізген күннен бастап 5 (бес) жылдан кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға тиісті өлшемшарттарды (балдық шкала бойынша) растайтын мынадай құжаттарды ұсынуға міндеттенеді:
1) тіркеу дерекнамасының үшінші модулінің болуы және (немесе) жобасы (сараптама ұйымынан хат) – 3 балл;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер (өндірушінің ғылыми-зерттеу сынақ орталығының -R&D, research and development болуы туралы хаты) және (немесе) ғылыми-зерттеу институттарымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және (немесе) зертханалармен және (немесе) "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге келісімнің көшірмесі немесе меморандум) – 3 балл;
3) кадр әлеуетін арттыру, фармацевтика өнеркәсібі саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан өту (диплом, біліктілігін арттыру туралы құжаттар, маман сертификаты) – 2 балл.
4) бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу (бір жылдағы электрондық шот-фактуралар бойынша жиынтық есеп) – 2 балл;
5) "СТ-1" растауымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды экспортқа өткізу және (немесе) әкетуге рұқсат – 2 балл;
Тиісті өлшемшарттармен (балдық шкала бойынша) растайтын ұсынылған құжаттар жиынтық мәнде кемінде 6 баллды құрауға тиіс.
3-тарау. Өнім берушінің есебі
8. Өнім беруші есепті кезеңнен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға Инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы және жұмыстар аяқталғаннан кейін Тауарды тіркеу процесі туралы жартыжылдық есеп беруге міндетті. Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьютордың сұрау салуы бойынша ол сұратқан нысан бойынша қосымша есептерді/ақпаратты ұсынуы Тараптармен келісілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Өнім беруші тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей, Бірыңғай дистрибьюторға өндірілетін тауарлардың атаулары бөлінісінде заттай көріністегі өсу қорытындысымен өндірістік қуаттар, өнімді бөлшек саудада, экспортқа және ТМККК мен МӘМС шеңберінде өткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға және (немесе) бірлескен әзірлемелерге қолданыстағы келісімдер/меморандумдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ өнім берушінің құрылымында іске асырылған жобалардың тізбесін қоса бере отырып, R&D ғылыми-зерттеу сынақ орталығының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Өнім беруші жыл сайын, желтоқсан айынан кешіктірмей, денсаулық сақтау субъектілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, денсаулық сақтау субъектілеріне анықтамалық, медициналық әдебиет, ғылыми журналдар, ғылыми-ақпараттық материалдар, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар түрінде ақпарат беруді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарнама таратуды, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қоса алғанда (бірақ бұдан әрі санамаланғандармен шектелмей), тауарды ілгерілету жөнінде есептілік беруге міндетті.
9. Бірыңғай дистрибьютор кез келген кезеңде Инвестициялық жобаның іске асырылу барысын тексеруді жүзеге асыруға құқылы, ол үшін Бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады.
10. Бірыңғай дистрибьютор алдағы тексеру туралы Өнім берушіні ол басталғанға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етеді.
11. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың хабарламасын алғаннан кейін Инвестициялық жобаны іске асыру барысын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру үшін Бірыңғай дистрибьютордың өкілдеріне және Комиссия мүшелеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
12. Инвестициялық жобаны бақылауды және іске асыру барысын тексеруді жүзеге асыру нәтижелері бойынша комиссия тексеру актісін жасайды, оған Өнім берушінің өкілі қол қояды. Өнім беруші актіге қол қоюдан бас тартқан кезде актіде бас тарту туралы тиісті жазба жасалады.
4-тарау. Баға белгілеу
13. Осы Шартқа қосымша келісімде тиісті қаржы жылына арналған Тауарды жеткізуге арналған Тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын, сондай-ақ Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес шартты баға жеңілдігін (бар болған жағдайда) ескере отырып, Қағидалардың 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін шекті бағадан аспауға тиіс.
14. Шартты бағалық жеңілдік сатып алу жылына Тауар бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
(Р-N) - S = D
Р – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті баға;
N –Бірыңғай дистрибьютордың N-үстеме бағасы;
S – Өнім берушінің шартты жеңілдігі;
D – Тараптардың келісімі бойынша азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін Тауар бағасы.
15. Осы Шартқа қосымша келісімді жыл сайын жасасу кезінде Тараптар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін шекті бағаны және Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын ескере отырып, хаттамамен ресімделген келіссөздер жүргізу жолымен Тауардың бағасына төмендеу жағына түзетулер енгізуге құқылы.
16. Өнім беруші осы Шартқа қосымша келісімге қол қойылғанға дейін, беру кезеңі басталғаннан кейін Бірыңғай дистрибьюторға негіздеме ұсына отырып, Тауар беруден бас тартуға құқылы, бірақ 2 (екі) жыл қатарынан бас тартуға болмайды. Өнім беруші өнім беру кезеңінің басталғаны туралы хабардар етілгеннен кейін тиісті қаржы жылына өнім беруден бас тартқан кезде берудің көрсетілген жылы өнім беру кезеңіне енгізіледі.
17. Тауар бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, Тауарды орауға, таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына Тауарды беруге байланысты Өнім берушінің шығыстарын қамтиды.
18. Егер Тауардың тиісті қаржы жылына оны беру туралы осы Шартқа қосымша келісім жасалған болса, оның бағасы Тараптармен келісілген болып есептеледі.
5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
19. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тауардың бірінші партиясын әрбір атауы бойынша беру басталған күннен бастап 10 (он) жыл ішінде қолданылады.
6-тарау. Шартты бұзу
20. Осы Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады:
1) Өнім берушінің инвестициялық жобаны іске асыруы Шартқа
2 қосымшада көрсетілген мерзімнен асып кетуі;
2) осы Шартта көзделген өнім берудің басталу күнін бұзуы. Бұл ретте өнім беруді бастау мерзімі бұзылған тауардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
3) осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
4) Өнім берушінің өндіруден және (немесе) өнім беруден бас тартуы;
5) Өнім берушінің инвестициялық жобаны іске асыру графигін 12 (он екі) айдан астам мерзімге бұзуы;
6) Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьюторға ұсынылуы осы Тауар жеткізілімі шартында көзделген инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы жартыжылдық есепті ұсынбауы не оны осы Шартта көзделген екі және одан да көп айға кешіктіріп ұсынуы;
7) Өнім беруші өндіретін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы уәкілетті органның құжаты. Бұл ретте Шартқа 1 қосымшада көзделген осы Шарттың тізімінен алып тастауға жататын тауардың позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
8) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзуы;
9) тапсырыс берушіде қатарынан 3 (үш) жыл ішінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қажеттіліктің болмауы;
10) осы Шарттың 7-тармағында және Қағидалардың 327-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе тұтас алғанда кемінде 6 балл өлшемшарттарға қол жеткізбеу.
21. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Өнім берушіге қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей, осы Шарттың 19-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша осы Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада осы Шартты бұзудың себебі күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ оны бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс.
22. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
7-тарау. Тараптарды жауапкершіліктен босату негіздері
23. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай дистрибьютор тізімінде Тауардың болмауы және тиісті қаржы жылына Тапсырыс берушілердің өтінімдерінің болмауы (оның ішінде көлемі азайған кезде) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
24. Еңсерілмейтін күш жағдайлар мұндай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылатын жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың қолданысын тоқтату үшін негіз бола алмайды. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін осы Шартты орындауды екі Тарап қайтадан жалғастырады.
25. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган/ ұйым растауға тиіс.
26. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
27. Осы Шарттан немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер (хат алмасу) арқылы шешіледі.
28. Тараптар арасындағы дауды (және) немесе келіспеушілікті келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
9-тарау. Хат-хабар
29. Осы Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Шұғыл жағдайда, көрсетілген хат-хабар міндетті түрде тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіле отырып, оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін электрондық поштаның немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен берілуі мүмкін.
30. Осы Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың өкілдеріне осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
31. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның немесе оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен жіберілген
хат-хабар шартта белгіленген талаптар сақталған кезде электрондық пошта жүйесінде алғаны туралы жауап хабарламамен хат-хабарды алғанын растау болған кезде ол жолданған Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
10-тарау. Өзге жағдайлар
32. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
33. Тараптың екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
34. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер туындаған сәттен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
35. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
36. Осы Шарт Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім беруші үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды. Осы Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, осы Шарттың орыс тіліндегі мәтініне артықшылық беріледі.
37. Халықаралық патенттелмеген атаулары бар Тауардың Тізімін, техникалық сипаттамаларын, жеткізу кезеңін және әрбір өнімге шартты баға жеңілдігін (болған жағдайда) қамтитын Шартқа 1 қосымша және Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері мен графигін қамтитын осы Шартқа № 2 қосымша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
38. Тараптардың осы Шартта айқындалған халықаралық патенттелмеген Тауар атауларын өзгертуіне жол берілмейді.
39. Бірыңғай дистрибьютордың тіркеу куәлігіне сәйкес Тауардың техникалық сипаттамасы бөлігінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
40. Тараптар жыл сайын әрбір қаржы жылына жасалатын осы Шартқа Тауар беруге арналған қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ |
|
1-қосымша |
Нысан
Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары
р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Тауардың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Беру кезеңі | Шартты бағалық жеңілдік |
1 | |||||
2 |
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 2-қосымша |
Нысан
Инвестициялық жобаны іске асыру графигі мен кезеңдері
Кезеңдер | Жартыжылдық іске асыру графигі (тоқсан сайын) | Жұмыстардың мазмұны | |
1. | |||
2. |
Нысан
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді үлгі шарты (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында)
_________________ | "___" ___________ _____ ж. |
Бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, _________________________ Басқарма төрағасының атынан, ______________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ________________________ атынан, ________________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының, "___" _______ ж. № ____ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға осы Шартқа қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан
әрі – "Тауар") беруге міндеттенеді.
2. Өнім беруші өнім беру кезеңі басталғаннан кейін тиісті қаржы жылына өнім беруден бас тартқан кезде өнім берудің көрсетілген жылы өнім беру кезеңіне енгізіледі.
3. Бірыңғай дистрибьютор өнім беру кезеңі басталғаннан кейін әрбір қаржы жылы Шарт бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде тиісті қаржы жылына Тауарды осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті қаржы жылына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі, бағасы, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуі және шарттары көрсетіліп, қосымша келісім жасасу жолымен сатып алуды жүзеге асыруға міндеттенеді. шарттары:
1) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізілген;
2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
3) өнім беруші Қағидалардың 8, 9 және 11-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігін растаған;
4) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификатын, сондай-ақ тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылған;
5) беру графигін ұсынған кезде жүзеге асырылады.
4. Осы Шартқа қосымша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және мыналар: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) көрсетуге арналған Өнім берушіден Бірыңғай дистрибьютор сатып алуға жоспарланатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, техникалық сипаттамалары, өнім беру кезеңі, шартты бағалық жеңілдік әр тауарға (бар болған жағдайда) қамтылады.
2-тарау. Тараптардың Тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
5. Беру кезеңі басталғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушілерден алдын ала өтінімдерді алған және келесі қаржы жылына арналған жыл сайынғы қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, оның саны/көлемі, графигі, беру орын(дары) және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс алдын ала өтінімді ұсынады.
6. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті өтінімді Өнім берушіге түпкілікті өтінімдерді қалыптастырғаннан және Тапсырыс берушілердің жыл сайынғы қажеттілігінен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
7. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі шартымен осы шартқа жекелеген қаржы жылына арналған қосымша келісімге:
1) тауардың бағасы және тиісінше шарт бағасы азайғанда;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда тауардың көлемі өзгергенде;
3) өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде тауардың қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
8. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шартқа жеке қаржы жылына қосымша келісімдерге қол қоюға міндеттенеді.
3-тарау. Баға белгілеу
9. Осы Шартқа қосымша келісімде тиісті қаржы жылына арналған Тауарды жеткізуге арналған Тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын, сондай-ақ Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес шартты баға жеңілдігін (бар болған жағдайда) ескере отырып, Қағидалардың 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін шекті бағадан аспауға тиіс.
10. Шартты бағалық жеңілдік сатып алу жылына Тауар бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
(Р-N) - S = D
Р – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті баға;
N –Бірыңғай дистрибьютордың N-үстеме бағасы;
S – Өнім берушінің шартты жеңілдігі;
D – Тараптардың келісімі бойынша азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін Тауар бағасы.
11. Осы Шартқа қосымша келісімді жыл сайын жасасу кезінде Тараптар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін шекті бағаны және Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын ескере отырып, хаттамамен ресімделген келіссөздер жүргізу жолымен Тауардың бағасына төмендеу жағына түзетулер енгізуге құқылы.
12. Тауар бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, Тауарды орауға, таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына Тауарды беруге байланысты Өнім берушінің шығыстарын қамтиды.
13. Егер Тауардың тиісті қаржы жылына оны беру туралы осы Шартқа қосымша келісім жасалған болса, оның бағасы Тараптармен келісілген болып есептеледі.
4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
14. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және
3 (үш) жыл ішінде қолданылады.
5-тарау. Шартты бұзу
15. Осы Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады:
1) осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
2) Өнім берушінің өнім беруден бас тартуы. Бұл ретте Өнім берушінің Өнім беруден бас тартуы бар тауардың атаулары бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ішінара бұзуына жол беріледі;
3) Өнім берушінің Тауарды өндіруді тоқтатуы;
4) Бірыңғай дистрибьютор тізбесінен Тауар атауларын алып тастауы;
5) Өнім беруші өндіретін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы уәкілетті органның құжаты. Бұл ретте осы Шартқа қосымшада көзделген осы Шарттың тізімінен алып тастауға жататын тауардың позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
6) сот тәртібімен белгіленген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзуы.
16. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Өнім берушіге қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей, осы Шарттың 15-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша осы Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада осы Шартты бұзудың себебі күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ оны бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс.
Өнім беруші осындай хабарламаны алған күні шарт бұзылған болып есептеледі.
17. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай дистрибьютор тізімінде Тауардың болмауы және тиісті қаржы жылына Тапсырыс берушілердің өтінімдерінің болмауы (оның ішінде көлемі азайған кезде) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
18. Еңсерілмейтін күш жағдайлар мұндай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылатын жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың қолданысын тоқтату үшін негіз бола алмайды. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін осы Шартты орындауды екі Тарап қайтадан жалғастырады.
19. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган/ ұйым растауға тиіс.
20. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
21. Осы Шарттан немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер (хат алмасу) арқылы шешіледі.
22. Тараптар арасындағы дауды (және) немесе келіспеушілікті келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
7-тарау. Хат-хабар
23. Осы Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Шұғыл жағдайда, көрсетілген хат-хабар міндетті түрде тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіле отырып, оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін электрондық поштаның немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен берілуі мүмкін.
24. Осы Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың өкілдеріне осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
25. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның немесе оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен жіберілген
хат-хабар шартта белгіленген талаптар сақталған кезде электрондық пошта жүйесінде алғаны туралы жауап хабарламамен хат-хабарды алғанын растау болған кезде ол жолданған Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
8-тарау. Өзге жағдайлар
26. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
27. Тараптың екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
28. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер туындаған сәттен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
29. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
30. Осы Шарт Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім беруші үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды. Осы Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, осы Шарттың орыс тіліндегі мәтініне артықшылық беріледі.
31. Тараптардың осы Шартта айқындалған халықаралық патенттелмеген Тауар атауларын өзгертуіне жол берілмейді.
32. Бірыңғай дистрибьютордың тіркеу куәлігіне сәйкес Тауардың техникалық сипаттамасы бөлігінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
33. Тараптар жыл сайын әрбір қаржы жылына жасалатын осы Шартқа Тауар беруге арналған қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады.
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды үш жылға дейінгі мерзімге берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ қосымша |
Нысан
Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары
р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Тауардың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Беру кезеңі | Шартты бағалық жеңілдік |
1 | |||||
2 |
Нысан
________ жылғы №______________ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына
(бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында)
үлгі қосымша келісім №
__________________ | "___" __________ ____ ж. |
Бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, Жарғының негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және _______________________________________________ негізінде төмендегілер туралы осы Қосымша келісімді (бұдан әрі – Қосымша келісім) жасасты:
1-тарау. Қосымша келісімнің мәні
1. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісімге
1-қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – тауар) беруге міндеттенеді, ал Бірыңғай дистрибьютор тауарды қабылдауға және Қосымша келісімнің тәртібі мен талаптары бойынша төлеуге міндеттенеді.
2. Өнім беруші тауарды жеткізу пункттеріне (қабылдау орындарына) (бөлу орталықтары, Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің операциялық қоймалары) және Бірыңғай дистрибьютордың жөнелтуге рұқсат қағаздарында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырады.
3. Қосымша келісімнің мынадай қосымшалары Қосымша келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады:
1) 1-қосымша "Берілетін тауар тізбесі";
2) 2-қосымша "Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі";
3) 3-қосымша "Қабылдау-беру актісі";
4) 4-қосымша "Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат";
5) 5-қосымша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар";
6) 6-қосымша "Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі";
7) 7-қосымша "Тауарлық-көліктік жүкқұжат".
2-тарау. Қосымша келісімнің бағасы
4. Қосымша келісімнің бағасы ____________________________ теңгені (соманы санмен және жазумен) құрайды.
Қосымша келісімге 1-қосымшада тауардың атауы, сипаттамасы, саны, бірлігі үшін бағасы, тауарды беру сомасы мен мерзімдері көрсетілген.
5. Қосымша келісімнің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, тауарды орау мен таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ өнім берушінің тауардың жетіспеушілігін, жиынтықталмауын немесе тиісті емес сапасын (жасырын ақауларын), оның бүлінуін анықтауға, тауарды сақтандыру мен беруге байланысты барлық шығыстарын қамтиды.
6. Тауар бірлігі үшін баға Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін (тауар бірлігі үшін бағаның азаюын қоспағанда) тіркелген болып қалады.
7. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен Қосымша келісімге өзгерістер енгізуге тараптардың келісімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше Шарт бағасы азайғанда;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгергенде;
3) өндіруші, тіркеу куәлігін ұстаушы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгергенде;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясын тіркеу куәлігінің қолданылу және Қазақстан Республикасына әкелу мерзімінің аяқталуында жол беріледі.
8. Қағидаларда көзделген жағдайларда Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тауардың көлемін тапсырыс берушілер азайтқан кезде Тараптар беру көлемін тиісінше азайту және Қосымша келісім сомасын мөлшерлес өзгерту бойынша Қосымша келісімге өзгерістер енгізуге міндетті.
9. Бірыңғай дистрибьютордың төмендетілмейтін қорын қамтамасыз ету мақсатында немесе сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемі ұлғайғанда тауарды жеткізу көлемін және Шарт бағасын мөлшерлес ұлғайтуға жол беріледі.
3-тарау. Төлем тәртібі
10. Қосымша келісім бойынша берілген тауар үшін төлемді Бірыңғай дистрибьютор тауардың тиісті партиясы берілген күннен бастап 60 (алпыс) банктік күн ішінде теңгемен жүргізеді.
Егер Өнім беруші отандық тауар өндіруші болып табылса, Бірыңғай дистрибьютор өзі өндірген және берген тауар үшін төлемді тауар берілген күннен бастап 60 (алпыс) банктік күн ішінде жүргізеді.
11. Төлем Өнім беруші уақтылы ұсынған және Бірыңғай дистрибьютор тауарды беруді растайтын құжаттардың тиісті түрде ресімделген түпнұсқаларын немесе электрондық нысандарын алған жағдайда жүргізіледі:
1) Өнім берушінің қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралары. Өнім беруші электрондық шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берген кезде баспа нысанындағы шот-фактура. Қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы шот-фактуралар салық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс;
2) қауіпсіздік және сапа туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі көрсетілген деректерді, шығарылған жерінің белгісін, Тауардың СЭҚ ТН кодын, тауарларға арналған декларацияның нөмірін, тауарларға арналған декларациядан алынған тауар позициясының нөмірін немесе тауарларды әкелу немесе жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті немесе біржолғы әкелуге рұқсат беру құжатының нөмірін қамтитын тарапқа тауарды босатуға арналған жүкқұжат;
3) Қосымша келісімнің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісі;
4) Қосымша келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі (иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) болған жағдайда);
5) Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің тауарды қабылдағаны туралы белгісі бар тауар-көлік жүкқұжаты;
6) тауардың саны мен сапасы бойынша қабылданғаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның өкілінің белгісі бар Өнім берушінің орау парағы;
7) Қосымша келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) және салмағы туралы ақпарат (тауар партиясын бірінші рет берген кезде не тауардың мөлшері мен салмағы өзгерген кезде);
8) Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің түпнұсқасы (Өнім беруші осы құжатты тауардың соңғы партиясымен ұсынады).
4-тарау. Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
12. Өнім беруші Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына және (немесе) электрондық банктік кепілдікке енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны таңдайды.
13. Өнім беруші Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ақшалай жарнаны таңдаған кезде:
1) Өнім беруші Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай жарна ретінде Қосымша келісім сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісімде көрсетілген банктік шотына ақша аударуды жүзеге асырады.
2) Қосымша келісім сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші өзгерістер енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қосымша келісімде көрсетілген Бірыңғай дистрибьютордың банк шотына оның жалпы сомасы Қосымша келісімнің жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай қосымша ақшалай жарнаны аударады;
3) Қосымша келісім сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде – Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімде көрсетілген Өнім берушінің банк шотына оның жалпы сомасы Қосымша келісімнің жаңа сомасының 3 (үш) пайызына тең болатындай тиісті айырманы аударады;
4) Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу үшін негіздер болмаған кезде Шарт бойынша тауарды беру жөніндегі міндеттемелердің толық көлемде орындалуымен бір мезгілде тоқтатылады. Өнім берушіге кепілдік ақшалай жарна сомасын аударуды Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады;
5) кепілдік ақшалай жарнаны ұстап қалу негізі басталған кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ақшаны ұстап қалу туралы хабарлама жібереді.
14. Өнім беруші Қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз ету ретінде электрондық банк кепілдігін таңдаған кезде:
1). Өнім беруші Қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қосымша келісім сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде электрондық банк кепілдігін береді.
2) Қосымша келісім сомасы ұлғаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Қосымша келісімнің жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Қосымша келісімнің ұлғаю сомасынан 3 (үш) пайыз мөлшерінде жеке электрондық банк кепілдігін ұсынады;
3) Қосымша келісім сомасы азаю жағына қарай өзгерген кезде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын Қосымша келісімнің жаңа сомасына 3 (үш) пайызға дейін келтіре отырып, бұрын берілген электрондық банк кепілдігіне өзгеріс не Қосымша келісімнің талаптары сақталған кезде бұрын ұсынылған электрондық банк кепілдігін кейіннен қайтарып бере отырып, Қосымша келісімнің жаңа сомасына 3 (үш) пайызы мөлшерінде жаңа электрондық банк кепілдігін беруге құқылы;
4) Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді Өнім беруші толық орындағаннан кейін Қосымша келісім талаптары сақталған кезде кепілгер банкке электрондық банк кепілдігін қайтарады;
5) Бірыңғай дистрибьютор міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасын электрондық банк кепілдігі түрінде ұстап қалу жағдайы туындаған кезде кепілгер банкке Өнім берушіні веб-портал арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, электрондық банк кепілдігі сомасын төлеу туралы талапты жібереді.
Банк электрондық банк кепілдігінің сомасын төлеуден бас тартқан немесе оны электрондық банк кепілдігінде көзделген мерзімде төлемеген кезде, Бірыңғай дистрибьютор Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгініп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктен электрондық банк кепілдігінің сомасын өндіріп алады.
15. Қамтамасыз ету сомасын ұстап қалу негізі болмаған кезде Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімнің 8-тарауына сәйкес Өнім берушінің өсімпұл және (немесе) айыппұл төлеу жөніндегі міндеттемелерін өтеу есебіне орындауды қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға құқылы.
16. Мынадай жағдайлар Бірыңғай дистрибьютордың Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға негіз болып табылады:
1) өнім беруші өнім беруден бас тартқан;
2) бірыңғай дистрибьютор Шарттың 59-тармағына және Қағидалардың 260-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
3) Өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды жеткізу мерзімдерін бұзуы немесе дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлеміне қарамастан, жиынтық мәнде мерзімін өткізіп алу күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге жеткен
Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету шарасын Өнім берушіні Қосымша келісімде жол берілген бұзылу туралы жазбаша хабардар ету жолымен қабылдайды.
17. Өнім берушінің тауарды беру мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуі Өнім берушіні Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету сомасын Бірыңғай дистрибьютордың пайдасына төлеуден босатпайды.
18. Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тұрғысынан үшінші тұлғаларда тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының туындауына алып келетін қандай да бір іс-әрекеттер немесе мәмілелер жасауына жол берілмейді.
5-тарау. Тауарды орау және таңбалау
19. Өнім Бірыңғай дистрибьюторға тиеу/түсіру, оны темір жол және (немесе) автомобиль көлігімен тасымалдау, ауыстырып тиеуді қоса алғанда, түсіру кезінде тауардың бүлінуден сақталуын қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
20. Таңбалау, тұтыну қаптамасы және тауарды қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.
6-тарау. Ерекше жағдайлар
21. Қабылдау орнында іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің электрондық поштасына және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БФАЖ) порталында Қосымша келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші жеткізілімге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын, сондай-ақ кейінгі жеткізілімдер кезінде, берілетін тауардың мөлшері және (немесе) салмағы өзгерген кезде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы туралы ақпарат беруге міндетті.
22. Өнім беруші Тараптар Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға электрондық пошта арқылы және (немесе) БФАЖ порталында тауардың әрбір атауы бойынша Қосымша келісімнің ағымдағы орындалуы туралы ақпаратты (өндіру, кедендік тазарту рәсімі, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау, сақтау, жөнелту/ тасымалдау және өзге) апта сайын ұсынуға міндеттенеді.
23. Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісім бойынша өнім беру басталғанға дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Өнім берушіге Қосымша келісімге 1-қосымшада көрсетілген тауарды жеткізуге оның атауын, санын және қабылдау орындарын (бөлу орталықтары, операциялық қоймалар), тауарды қабылдау жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің мекенжайларын көрсете отырып, тиеп жөнелтуге рұқсат Өнім берушінің Қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына (e-mail) және (немесе) БФАЖ порталына жібереді.
Тиеп жөнелтуге рұқсат Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге оны жөнелткен күні Өнім берушінің электрондық мекенжайына (e-mail) және/немесе БФАЖ порталына жеткізілген болып есептеледі. Тауарға қажеттілік ұлғайған кезде Бірыңғай дистрибьютор берудің негізгі графигіндегі санымен бірге тиеп жөнелтуге жататын тиеп жөнелтуге рұқсат қағазындағы (мерзімінен бұрын жеткізу) санын қолжетімді тауар болған кезде арттырады. Бұл ретте мерзімінен бұрын беру үшін саны жеткіліксіз болған жағдайда, Өнім беруші тауарды беру графигінен тыс беруді жеделдету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
24. Өнім беруші тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын Бірыңғай дистрибьютордың және (немесе) БФАЖ уәкілетті өкілдерінің электрондық мекенжайларына мынадай ақпаратты көрсете отырып:
1) Қосымша келісімнің нөмірі мен күні;
2) берілетін тауардың атауы;
3) жөнелту күні;
4) орын саны мен тауардың салмағы;
5) жөнелтілетін тауар құнын көрсете отырып, алдағы тиеп жөнелту туралы хабарлама жіберуге міндеттенеді.
25. Тауарды қабылдау орнына іс жүзінде беру күнінен кешіктірмей Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға толық көлемде және Қосымша келісімнің
11-тармағында көрсетілген тауарды тиеп жөнелтуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
26. Көрсетілген құжаттарға ескертулер анықталған кезде Бірыңғай дистрибьютордың немесе оның уәкілетті өкілінің талап етуі бойынша Өнім беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген құжаттарға ескертулерді жоюға міндетті.
27. Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдері тауарды қабылдау туралы құжаттарды тексергеннен және қол қойғаннан кейін Өнім беруші өз данасын Бірыңғай дистрибьютордың өкілдерінен қолма-қол және өз есебінен алады.
28. Өнім беруші қағаз жеткізгіштегі шот-фактураны және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген шот-фактураның баспа нысанын қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ұсынуға міндетті.
Бұл ретте шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді Өнім беруші салық заңнамасының талаптарына, "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырады.
Шот-фактураны электрондық нысанда жазып берген кезде айналым жасалған күн қабылдау-беру актісіне қол қойылған күнге сәйкес келуге тиіс.
29. Түзетілген және қосымша шот-фактура жазып берілген кезде өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне шот-фактура жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей шот-фактуралардың баспа нысандарын беруге міндетті.
Бірыңғай дистрибьютордың талабымен Өнім беруші берілетін тауар бойынша қосымша деректерді ұсынуға міндетті.
30. Қосымша келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген қабылдау орнында Тараптардың тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні тауарды беру күні болып есептеледі.
31. Өнім беруші тауарды тапсырған және Бірыңғай дистрибьютор қабылдаған болып есептеледі:
1) Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген саны бойынша;
2) тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатта және тауардың шығарылған елін куәландыратын құжатта көрсетілген сапаға сәйкес сапасы бойынша егер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну міндетті болса.
32. Бірыңғай дистрибьюторға Өнім берушінің беру күніне сатып алынатын тауардың жарамдылық мерзімі:
сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 60 (алпыс) пайызын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 50 (елу) пайызын;
сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде 14 (он төрт) айын (жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде 12 (он екі) айын құрайды.
33. "Салқындату тізбегін" сақтау шарттарын талап ететін тауарды тасымалдауды Өнім беруші салқындатқыш элементтері бар термоконтейнерлерде немесе барынша қысқа мерзімде тоңазытқышпен (авторефрижератормен) жабдықталған арнайы автокөлікте жүзеге асыруға тиіс. Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммунобиологиялық дәрілік препараттарды) (бұдан әрі – ИДП) тасымалдауды Өнім беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
34. "Салқындату тізбегін" сақтау шарттарын талап ететін тауарды жеткізу кезінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне дайындаушы ұйымның қоймасынан Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейінгі барлық жүру жолында тасымалдау кезінде температуралық режимді көрсететін құжаттарды ұсынуға міндетті.
35. Өнім берушінің өкілі Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында температуралық режимді сақтау фактісін және тауардың Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін қатысуға тиіс.
36. Өнім берушінің тауарды Бірыңғай дистрибьюторға оның қоймасында беруі Қосымша келісімге 3-қосымшада көзделген тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюымен ресімделеді (ИДП беру Шартқа 2-қосымшада көзделген актімен қосымша ресімделеді).
37. Тауарды тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылуы немесе жол берілмейтін ауытқуы анықталған кезде, тауар партиясы карантинге жатқызылады және өткізуге арналған тауардан физикалық оқшауланады.
38. Тауарды қабылдау кезінде сәйкессіздік, оның ішінде берілетін тауардың мөлшері (физикалық сипаттамалары) мен салмағы, тауардың жетіспеушілігі, жиынтықталмауы немесе сапасының тиісті еместігі, тасымалдаудың ұйғарылған температуралық шарттарының бұзылу фактісі туралы ақпарат ұсынылмаған немесе дұрыс емес ақпарат ұсынылған кезде Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілі осындай фактілер (ескертулер немесе ақаулар) анықталған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге тиіс.
39. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жауап беруі тиіс.
40. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін Өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
41. Жасырын ақаулардың (сыну, ақау, нұсқаулықтардың болмауын қоса алғанда, жетіспеушілік, бүлінбеген екінші орамдағы бастапқы орамның ақауы, орамдағы таңбаның сәйкессіздігі, жетіспеушілік, жиынтықталмау) немесе тауардың тиісінше сапасыздығының (бұдан әрі – ақаулы тауар) анықталғаны туралы Тараптар қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор немесе оның уәкілетті өкілдері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алшақтық (наразылық) актісін жасауға және Өнім берушіге оның Қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберуге міндетті.
42. Өнім беруші алшақтық (наразылық) актісіне оны алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жауап беруі тиіс.
43. Өнім беруші көрсетілген мерзімде жауап бермеген кезде алшақтық (наразылық) актісін Өнім беруші қабылдаған болып есептеледі.
44. Ақаулы тауар карантинге ұшырайды және сатуға арналған тауардан осы мақсат үшін бөлінген және тиісті жерде физикалық оқшауланады.
45. Өнім беруші ақаулы тауарды толық алып қоюды (қайтаруды) және ауыстыруды не алшақтық (наразылық) актісі болған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тауар құнын өтеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте тауарды ауыстырудың міндетті шарты оның сапасы мен басқа да техникалық сипаттамаларының Қосымша келісімде айқындалған талаптарға сәйкестігі болып табылады.
46. Осы Қосымша келісімнің 38, 41-тармақтарында айқындалған тауардың кемшіліктерін жоймау не уақтылы жоймау тауар берушіге тауарға ескертулер ұсынылған күннен бастап тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағаланады және Өнім берушінің осы Қосымша келісімде көзделген жауапкершілігіне алып келеді.
47. Өнім беруші берген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін тауар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 250-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен Бірыңғай дистрибьютор тиісінше қайтарғаннан кейін өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және Өнім беруші жоюға тиіс.
Бұл ретте өнім беруші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осындай тауарды ауыстыруға немесе Бірыңғай дистрибьютордың шеккен залалдарын қоса алғанда, осындай тауардың құнын өтеуге міндетті.
7-тарау. Тауарға берілген кепілдіктер
48. Өнім беруші сақтау шарттарын сақтаған кезде тауардың таңбалануына немесе өзге де тану деректеріне сәйкес оның жарамдылық мерзімі ішінде тауардың барлық көлеміне кепілдік береді.
49. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелмен кепілді міндеттемелерді орындау жағдайының туындағаны туралы Бірыңғай дистрибьютордың жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Бірыңғай дистрибьюторда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында (Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерінде) сапасыз тауарды ауыстыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
50. Берілетін тауардың сапасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі және Қосымша келісімнің 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
Берілген Тауарға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі өткен кезде Өнім беруші ол аяқталғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға тауардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданылу мерзімі бар ұзартылған сәйкестік сертификатын беруге міндетті.
51. Тауардың сапасы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған үлгілерге, тіркеу дерекнамасында айқындалған сипаттамаларға сәйкес келуге және уәкілетті орган бекіткен тұтынушыға арналған ақпаратты қамтитын құжаттармен сүйемелденуі тиіс.
52. Егер тауар осындай кепілдіктерге немесе сипаттамаларға сәйкес келмесе, Өнім беруші қосымша ақы төлемей сәйкес келмейтін тауарды тиісті сападағы тауармен алмастырады.
53. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісім бойынша тауар үшінші бір тұлғалардың пайдасына кепіл нысанасы болып табылмайтындығына, патенттік құқықтарды қоса алғанда, үшінші бір тұлғалардың құқығынан бос екеніне және өткізу үшін ешқандай шектелмегендігіне кепілдік береді.
54. Беру сәтіне Қағидалардың талаптары өзгерген кезде тауардың жарамдылық мерзімі жаңа редакциядағы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
55. Өнім беруші тауарды беру мерзімдерін бұзған кезде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімінде берілмеген тауар құнының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 0,5 (нөл бүтін оннан бес) ең төмен есептік көрсеткіштен кем емес және Қосымша келісімде көзделген мерзімде берілмеген тауар құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
56. Өнім беруші тұрақсыздық айыбын төлеуді Бірыңғай дистрибьютордың шоты негізінде Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісімде көзделген банктік шотына тұрақсыздық айыбын аудару жолымен Бірыңғай дистрибьютордың шотын алған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізеді. Тұрақсыздық айыбы Қосымша келісім бойынша кестеде көзделген тауарды тиісінше берудің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап және тауарды іс жүзінде берудің күнін қоса алғанда есептеледі.
57. Өнім беруші тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден жазбаша бас тартқан кезде Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісімде көзделген Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына аудару жолымен Қосымша келісім бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
58. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге ұсынған тұрақсыздық айыбын Өнім беруші Қосымша келісім бойынша берілген тауар үшін ақы төлеу бойынша Өнім берушінің Бірыңғай дистрибьюторға қоятын талаптарын есепке алу жолымен төлеуі мүмкін.
59. Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге алынбай қалған пайданы қоса алғанда, қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтемей-ақ, Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Қосымша келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы, егер:
1) Өнім берушінің Қосымша келісім бойынша тауарды немесе тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін үздіксіз бұзуы күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ұзақтығына жетсе;
2) Өнім беруші Қосымша келісімде график бойынша тауарды желтоқсан айында беру мерзімін бұзуға жол берсе, бұл Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне тауарды Өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны ағымдағы қаржы жылы өткенге дейін Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне беруге мүмкіндік бермейді;
3) Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қағидаларда белгіленген мерзімдерде (отандық тауар өндірушілер үшін) Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес толық өндірілгенін немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағанын растайтын, берілетін тауарға ішкі айналым үшін "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынбаса;
4) Қосымша келісім жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын Өнім берушінің үлестес болу фактісі анықталса.
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіру күнтізбелік
15 (он бес) күннен асса;
6) Өнім беруші Қағидалардың 261-тармағының талаптарын бұза отырып, Қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынса.
60. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісімді біржақты тәртіппен бұзуы туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап Өнім берушінің орындамаған бөлігінде Қосымша келісім бұзылды деп есептеледі, онда Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімнің бұзылу себебін, оған қатысты Қосымша келісім бұзылатын тауардың атауын, күші жойылатын шарттық міндеттемелердің көлемін көрсетеді. Мұндай жазбаша хабарлама Қосымша келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте Қосымша келісімнің орындалмаған бөлігінде Тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына қарамастан, Бірыңғай дистрибьютордың Қосымша келісім бойынша Өнім беруші бұрын берген тауарға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы Қосымша келісімнің 10-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
61. Берілген тауар үшін төлемді негізсіз кешіктірген кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушінің жазбаша хабарламасы мен шотының негізінде Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ берілген тауар үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
62. Өнім беруші сақтау орындарынан тауардың барлық ақаулы партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған кезде, Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторға Қосымша келісім бойынша сақтау орындарынан тауардың барлық сапасыз (бүлінген және (немесе) ақаулы) партиясын ауыстыру және (немесе) толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерді бұзған әрбір күн үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын тауар құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде, бірақ 10 (он) пайыздан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді. Көрсетілген жауапкершілік Қосымша келісімнің 46-тармағында көрсетілген Өнім берушінің міндеттемелерін бұзғаны үшін де қолданылады.
Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
63. Осы Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Қосымша келісімге 5-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
9-тарау. Тараптарды Қосымша келісім бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
64. Тараптар өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, тауар жеткізуге тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
65. Тараптардың Қосымша келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес, бірақ күнтізбелік
60 (алпыс) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
66. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. Еңсерілмейтін күш жайғдайларды уәкілетті орган және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы растауға тиіс.
67. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау, еңсерілмейтін күш жағдайлар оны жүзеге асыру мүмкін еместігінің себебі болып табылған жағдайларды қоспағанда, Тараптарды міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
68. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімде мүмкін болмаса, онда Тараптардың кез келгені Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуды жүргізуге құқылы.
10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
69. Қосымша келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тарап өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік
14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі.
Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың кез келгені Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шешу үшін өтініш жасауға құқылы.
70. Осы Қосымша келісіммен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
11-тарау. Хат-хабар
71. Қосымша келісім бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Қосымша келісімнің күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс.
Осы Қосымша келісімде көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
72. Қосымша келісім бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Жазбаша түрде жасалған хат-хабар Қосымша келісімде немесе Тараптардың хаттарында көрсетілген Тараптардың электрондық мекенжайларына сканерленген түрде де берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда
хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
73. Қосымша келісім бойынша хат-хабар Тараптарға Қосымша келісімде көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
74. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар Қосымша келісімде көрсетілген Тараптың электрондық мекенжайына оны жіберген күні жеткізілген болып есептеледі.
12-тарау. Қорытынды ережелер
75. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Бірыңғай дистрибьютор Қосымша келісімді бұзуға құқылы, бұл жағдайда Тараптардың міндеттемелерді орындауын тоқтату дереу жүзеге асырылады және Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді. Бұл ретте Өнім беруші Қосымша келісімді бұзу күніне оны бұзуға байланысты нақты шығыстар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
76. Қосымша келісімде барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Қосымша келісім жасасу нысанында жасалса, күшіне ие болады.
77. Тараптар өз құқықтарын, оның ішінде бір-бірінен талап ету құқықтарын және Қосымша келісімде көрсетілген міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге немесе қайта табыстауға құқығы жоқ.
78. Қандай да бір Тараптың заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
79. Қосымша келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.
80. Қазақстан Республикасының заңнамасы Шарттың талаптарына қатысты бөлігінде өзгерген кезде Тараптар тиісті қосымша келісім жасасу жолымен Қосымша келісімге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндеттенеді.
81. Қосымша келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
20__ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін, ал Тараптардың тауарға ақы төлеу, қандай да бір айыппұл санкцияларын төлеу, Қосымша келісімде көзделген жағдайларда тауарға сәйкестік сертификатын ұсыну, тауарды ауыстыру/қайтару және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалу жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
82. Тараптар, егер Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімінің аяқталуы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күніне немесе мемлекеттік мерекелерге түссе, осы міндеттеме бар Тарап үшін аяқталу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін автоматты түрде ұзартылады деп келісті.
13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 1-қосымша |
Нысан
Берілетін тауардың тізбесі
№ | Өнімнің арнайы коды (ӨАК) | Халықаралық патенттелмеген атауы | Саудалық атауы | Дәрілік нысаны/Техникалық сипаттамасы | Өндіруші | Өлшеп-оралуы | Өлшем бірлігі | Бірлігі үшін бағасы, теңге | Бірліктер саны | Сомасы (теңге) | Оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) | Беру графигі |
ЖИЫНЫ: Сома _______ теңгені құрайды, оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасы 0,00 (нөл теңге) құрайды.
Бірыңғай дистрибьютор: | Өнім беруші: |
_______________________ | _____________________ |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 2-қосымша |
Нысан
Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммунобиологиялық дәрілік препараттар) партиясын қабылдау актісі
Жөнелту адресаты: _______________________________________________
Тасымалдау барысында жоспарланған аялдамалар: ____________________
Жөнелту күні (әуе/теміржол жүкқұжаттарының деректеріне сәйкес):
_________________________________________________________________
Жүктің (тауардың) межелі пунктке келген күні мен уақыты: _____________
Препараттың атауы: _______________________________________________
Ұйым, өндіруші: __________________________________________________
Қаптамалардың немесе құтылардың (ампулалардың) саны: ______________
Дозалар (литр, таблетка) саны: ______________________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________
Иммунобиологиялық дәрілік препараттардың (иммунобиологиялық дәрілік
препараттардың жарамдылық мерзімі: ________________________________
Еріткіш құтылардың (ампулалардың) саны: ____________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі: _______________________________________
Еріткіштің жарамдылық мерзімі: _____________________________________
Термоиндикаторлардың көрсеткіштері (әрқайсысының саны, көрсеткіші, олардың
орналастыру орындарын көрсете отырып): _____________________
Жүктің (тауардың) жай-күйі : _______________________________________
Контейнерлердің жалпы саны: _______________________________________
Таңбалаудың болуы: _______________________________________________
Жеткізу кезіндегі қаптамалардың жай-күйі (бүтіндіктің бұзылуы, зақымданудың,
деформацияның, ылғал іздерінің болуы, жазбалардың өшірілуі):
________________________________________________________
Тапсырды: ________________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда) (Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы)
Қабылдады: _______________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда) (Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің қолы және күні)
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 3-қосымша |
Нысан
Қабылдау-беру актісі
___________________ |
"___" _______ 20__ жыл |
№ | Атауы | Серия | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сомасы, теңге |
Жиыны: |
Жиыны: (__________ теңге ___________ тиын)
Буып-түю және таңбалау бойынша талаптарды сақтау шарттары
_________________________________________________________________
Тауарға қауіпсіздік және сапа туралы қорытындылар (сәйкестік сертификаттары) қоса беріледі және тексерілді
__________________________________________________________________
Температура датчиктерінің/индикаторларының көрсеткіштері (бар болған жағдайда)
_________________________________________________________
Температуралық режимді сақтау ______________________________________
Тауарға жүкқұжаттарға және шот-фактураларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
Алшақтық актісінің болуы __________________________________________
Сенімхаттар бойынша Тараптар өкілдерінің өкілеттіктері белгіленді.
Тапсырды: _________________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда)
(Өнім берушінің уәкілетті өкілінің қолы)
Қабылдады: _____________________________________________________
Мөр (бар болған жағдайда)
(сенімхат бойынша Бірыңғай дистрбьютордың уәкілетті өкілінің қолы)
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 4-қосымша |
Нысан
Берілетін тауардың өлшемдері (физикалық сипаттамасы) және салмағы туралы ақпарат
Өнімнің арнайы коды (ӨАК) | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы | Дәрілік нысаны/Техникалық сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Өндіруші | Өнім берушінің атауы | Өлшеп-оралуы | |
екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | |||||||
Кестенің жалғасы
Қаптаманың өлшемі | Салмағы, граммен | Паллетке (түпқоймаға) орналастыру үшін көліктік қаптамалардың ұсынылатын биіктігі, миллиметрде | ||||||
Биіктігі мм | Ұзындығы мм | Ені мм | екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | ||||
екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | екінші қаптама | тасымалдау қаптамасы | |||
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 5-қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Қосымша келісімді жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Қосымша келісімді жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Қосымша келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Қосымша келісім Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Қосымша келісімнің орындалу барысын талдау мақсатында осы Қосымша келісімнің орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Қосымша келісімнің Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 6-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдерінің тізімі
Уәкілетті | Қабылдау орны | Электрондық пошта мекенжайы |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді үлгі шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) үлгі қосымша келісімге № __ 7-қосымша |
Нысан
1-ші дана - жүк жіберушіге |
№ТАУАРЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖҮКҚҰЖАТ_______ | |||||||
Автомобиль _______________________ жол жүру парағына №_____ серия _______ код маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі
Тасымалдаушы__________ Жүргізуші ______Тасымалдау түрі ________________ код
атауы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тапсырыс беруші (төлеуші) __________________________________________
__________________________________код
атауы
Жүк жіберуші _____________________________________________________
_____________________________код
атауы
Жүк алушы _______________________________________________________
_____________________________код
атауы
Тиеу пункті ____________________ Түсіру пункті ______________________ Бағдар №
Басқа мекенжайға жіберу __________________ 1. Тіркеме _________________ Гар. №
Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі №
жаңа алушының атауы мен мекенжайы маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі
________________________________________ 2. Тіркеме _________________ Гар. №
Тіркемеге берілген кепілдік нөмірі №
жауапты адамның қолы, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі
*) "Жүк туралы мәлімет" деген бөлімде тауарлық-көліктік жүкқұжатта босатылатын барлық тауарлық-материалдық құндылықтардың атаулары мен сипаттамаларын атап көрсету мүмкіндік болмаса тауарлық-көліктік жүкқұжатқа тауарлық бөлім ретінде оның ажырамас бөлігі ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген арнайы нысандар (тауарлық жүкқұжат мен басқа да нысандар) қоса берілуі тиіс, онда жүк жіберушілердің тауарлық-материалдық құндылықтарын тізімнен шығару және жүк алушыларға оны тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ қоймалық, жедел және бухгалтерлік есепке алу жүргізіледі.
Мұндай жағдайларда "Жүк туралы мәлімет" деген бөлімнің 1, 2, 4, 5, 6 және 7-бағандары тауарлық-көліктік жүкқұжатпен толтырылмайды. Көрсетілген бағандардың бос жолдарында олардың көшірмелерінің арнайы нысандарының атауы, нөмірлері мен күндері жазылады.
Нысан
Өндірілетін медициналық техниканың тізбесі
р/с № | Медициналық техниканың атауы |
Жиынтықтауыш | Саны, бірлігі |
Құны, | Беру мерзімі |
Жиыны: | |||||
Нысан
Техникалық ерекшелік
Тауардың атауы: | |
Тіркелген атауы: | |
Сатып алатын модель: | |
Өндіруші: | |
Тіркеу нөмірі: | |
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі: | |
Егжей-тегжейлі техникалық сипаттамасы: | |
Пайдалану шарттарына талаптар: | |
Беру мерзімі: | |
Тауар жаңа әрі бұрын қолданылмаған түрде жеткізіледі. Тауардың әр жиынтығы қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар техникалық және пайдалану құжаттамасымен жабдықталады. Тауарды әкелу және сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жеткізу жиынтығы тауарлардың және барлық жиынтығының нақты техникалық сипаттамалары көрсетіліп және осы кестенің әрбір тармағына жекелеп (жиынтығы немесе жабдық бірлігі) сипатталады. Егер техникалық ерекшелікте өзгеше көрсетілмесе, электр қуаты ешқандай қосымша жалғастыру тетігінсіз немесе транформаторсыз 220 Вольт болуы тиіс. Аспаптармен бірге берілген бағдарламалық жасақтама түпкі алушының орнатылған жабдығының бағдарламалық жасақтамасына сәйкес болуы тиіс. Өнім беруші тауарды жеткізу рәсімін аталған тауармен жұмыс істеу үшін персоналды оқытуға құжатпен расталған білікті мамандардың қолдауын, тауарды орнатуды, жөндеуді және іске қосуды қамтамасыз етеді. Тауарды жеткізуді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші тапсырыс берушіге тауардың бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды береді. Кепілдікті сервистік және техникалық қызмет көрсету және жөндеу мерзімі түпкі алушыға ресми хабарланған сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде істен шыққан жабдыққа жөндеу жүргізу немесе оны ауыстыра отырып, жабдықты пайдалануға беру сәтінен бастап кемінде 37 (отыз жеті) айды құрайды. Қызмет көрсетудің кепілдікті мерзімі ішінде сервистік қызмет көрсетуді Өнім берушінің білікті маманы тоқсанына кемінде 1 рет жүзеге асырады. Техникалық ерекшелікке техникалық және пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ модельдер мен өндірушілерді көрсетуден басқа, жеткізілетін тауарлардың фотосуреттері де қоса беріледі. Өлшеу құралдарына жататын тауарлар Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының тізіліміне енгізілген. Жабдықты орнатуға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірмей Өнім беруші Тапсырыс берушіні жабдықты сәтті іске қосу үшін қажетті орнату алдындағы талаптар туралы хабардар етеді. Бөлме жайды сыртқы пішіні бойынша есіктердің стандартты ойығынан өтетін (ені 80 сантиметр, биіктігі 200 сантиметр), инсталляциялық дайындаумен күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізуді болжамайтын көлемді жабдық. Жұмыс орнына жеткізуді, жабдықты түсіруді, қаптамасын ашуды, орнатуды, аспаптарды жөндеуді және іске қосуды, олардың сипаттамасының осы құжатқа және фирманың ерекшелігіне сәйкестігін (дәлдігі, сезгіштігі, өнімділігі және өзгелер) тексеруді, персоналды оқытуды Өнім беруші жүзеге асырады. | |
Нысан
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шарты
(бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында)
______________ №________
__________________ | "___" __________ _____ж. |
Бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, __________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) және "___" _______ ж. № ____медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған қарау қорытындылары хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан
әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттағы ұғымдар
1. Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай мағынаға ие:
1) Медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шарты (бұдан
әрі – Сатып алудың үшжақты шарты) – осы Шарт шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор, Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалатын шарт;
2) Тапсырыс берушілер – медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
3) қаржы жылы – күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және
31 желтоқсанында аяқталатын Шарт орындалатын уақыт кезеңі;
4) тауар – сатып алудың үшжақты шарттарының талаптарына сәйкес Өнім беруші Тапсырыс берушілерге беретін, Шартта көзделген медициналық техника және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
5) ілеспе көрсетілетін қызметтер – сатып алудың үшжақты шарты бойынша тауарды беру процесінде Тапсырыс берушілерге көрсететін қызметтер, оның ішінде тасымалдау, монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары, Тапсырыс берушінің медициналық персоналын тауарды пайдалану бойынша оқыту, Техникалық жәрдем көрсету;
6) жеткізу пункті – Сатып алудың үшжақты шарттары бойынша Өнім берушінің Тапсырыс берушілерге тауарды беру орны;
7) беру сәті – тауарды қабылдау-беру актісіне сәйкес Өнім берушінің Тапсырыс берушілерге тауарды беру уақыты;
8) кепілдікті сервистік қызмет көрсету – техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, жабдықтың техникалық диагностикасын және ақауын анықтауды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, онлайн режимінде, баркодпен сәйкестендірілген деректерді беру арнасы немесе өзге де әдіспен) көрсететін техникалық консультацияларды қамтитын, қойылған медициналық техниканы ақаусыз күйде ұстау жөніндегі өндіруші зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, осы Шартта, Сатып алудың үшжақты шарттарында айқындалған мерзімге тегін тиісінше пайдаланылған және сақталған қызметтер кешені.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Өнім беруші ____ (______) жыл ішінде Тапсырыс берушілерге жиынтықтағы тауарды Сатып алудың үшжақты шарттарына сәйкес Шартқа
1-қосымшаға және Шартқа 2-қосымшада көзделген техникалық ерекшелікке сәйкес жеткізу пункттеріне жеткізуге, ал Бірыңғай дистрибьютор қаржы жылында Тапсырыс берушілерде осындай тауарға қажеттілік болған кезде осындай қажеттілік туралы Өнім берушіге жеткізуге және Бірыңғай дистрибьютор, Өнім беруші мен Тапсырыс берушілер арасында Сатып алудың үшжақты шарттарын жасасуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3-тарау. Баға белгілеу
3. Тауардың бағасы Шартқа 1-қосымшада көзделген және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
4. Шартқа 1-қосымшадағы тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырған және Қағидаларға сәйкес Шарт жасасу алдында конкурс өткізу кезінде Өнім беруші ұсынған ___ (пайыз) мөлшерінде баға жеңілдігін ескереді.
5. Шартты орындауға байланысты салық салуды Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
6. Өнім берушінің тауарды жеткізу пункттеріне және басқа да ілеспе қызметтерге дейін тасымалдау құны Сатып алудың үшжақты шартының бағасына кіреді.
7. Сатып алудың үшжақты шартын жасасу кезінде оның бағасы Шартта көзделген тауар бағасынан және тауар санынан жиынтықта қалыптастырылады.
8. Тауар бағасын өзгертуге Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәртіппен Тараптардың Шартқа және (немесе) Сатып алудың үшжақты шартына қосымша келісім жасасуы арқылы жол беріледі.
9. Егер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қағидаларға сәйкес тауарға шекті бағаны Өнім беруші жасасқан Сатып алудың үшжақты шарты бойынша осындай тауарды беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгерткен жағдайда, Сатып алудың үшжақты шартында тауар бағасын өзгертуге Тапсырыс берушінің келісімімен ғана жол беріледі.
10. Өнім беруші Бірыңғай дистрибьюторды және (немесе) Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде тауарға бағаны азайтуға құқылы. Мұндай жағдайда Тараптар Шартқа және (немесе) Сатып алудың үшжақты шартына тиісті қосымша келісім жасасады.
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
11. Бірыңғай дистрибьютор:
1) жыл сайын Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Шартта көзделген тауарға Тапсырыс берушілердің өтінімдерін алған кезден бастап күнтізбелік
20 (жиырма) күннен кешіктірмей, Тапсырыс берушілер қажеттілік мәлімдеген тауар көлемдерімен Сатып алудың үшжақты шарттарына қол қоюға және оларды Өнім берушіге қол қоюға жіберуге;
2) Өнім беруші Үшжақты шарттарға қол қойғаннан және қайтарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Тапсырыс берушілерге қол қоюға жіберуге міндетті.
12. Бірыңғай дистрибьютор:
1) Өнім берушіден Шартта көзделген мерзімдерде Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауар беру туралы есеп алуға;
2) Қағидаларда немесе Шартта көзделген жағдайларда Өнім берушімен шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
13. Өнім беруші:
1) Бірыңғай дистрибьютор ұсынған Шартта көзделген тауарды беруге Сатып алудың үшжақты шарттарына оларды Бірыңғай дистрибьютордан алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қол қоюға;
2) Тапсырыс берушіден банктік кепілдік немесе кепілдікті ақшалай жарна түрінде Сатып алудың үшжақты шарты бағасынан 1 (бір) пайыз мөлшерінде Тапсырыс берушінің банктік шотына Сатып алудың үшжақты шарты бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің пайдасына енгізуге;
3) Тапсырыс берушілерге Сатып алудың үшжақты шарттарына сәйкес ____ (____) жыл ішінде Шартта көзделген тауарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін тауарды беруге;
4) Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні бұрын Сатып алудың үшжақты шартында көрсетілген Тапсырыс берушінің электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы тауардың берілетіні туралы хабардар етуге;
5) Сатып алудың үшжақты шарттарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде тауарды беру орындарында тауарды пайдалану бойынша Тапсырыс берушілердің медициналық персоналын тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және оқытуды жүзеге асыруға;
6) Шартта және Сатып алудың үшжақты шарттарында көзделген тәртіппен және мерзімдерге сәйкес тауарға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
7) Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауарды беру туралы есепті тауар берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал тауарды беру кідіртілген кезде Шарт бойынша берудің болжамды мерзімі басталған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынуға;
8) тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған немесе тауарды беру мерзімдері бұзылған жағдайларда Шарттағы және (немесе) Сатып алудың үшжақты шартындағы бұзушылықтарды жою үшін қолданылатын шаралар туралы ақпаратты ұсына отырып, Бірыңғай дистрибьюторды және Тапсырыс берушілерді жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
9) Сатып алудың үшжақты шартында көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің пайдасына айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын төлеуге;
10) Шартта көзделген мерзімдерде немесе Бірыңғай дистрибьютордың талап етуі бойынша оған Тапсырыс берушіге кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
14. Өнім беруші:
1) Бірыңғай дистрибьюторға мәлімделген Тапсырыс берушілердің Шартта көзделген тауарға қажеттілігі кезінде Шарттың қолданылу мерзімі ішінде онымен Сатып алудың үшжақты шарттарын жасасуды талап етуге;
2) Сатып алудың үшжақты шартында көзделген мерзімдерде Тапсырыс берушіден алдын ала төлемді және Сатып алудың үшжақты шарты бойынша берілген тауар үшін төлемді алуға құқылы;
3) Сатып алудың үшжақты шарттарында көзделген жағдайларда Тапсырыс берушілерден оның пайдасына тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге, мынадай жағдайларда:
4) Сатып алудың үшжақты шарты бойынша міндеттемелер толық орындалған кезде Тапсырыс берушіден Сатып алудың үшжақты шарты бойынша Өнім беруші ұсынған кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға;
5) Тапсырыс берушімен Сатып алудың үшжақты шартына қол қойылғанға дейін Шарт бойынша тауарды беруден бас тартуға құқылы, бірақ қатарынан
2 (екі) жылдан артық болмауы тиіс.
5-тарау. Тауарды беру
15. Өнім беруші тауарды жеткізу пункттеріне тасымалдау кезінде оның зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті қаптамадағы Сатып алудың үшжақты шарттарына сәйкес жеткізу пункттеріне Тапсырыс берушілерге тікелей беруді жүзеге асырады.
16. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші беру сәтінде олардың өкілдерінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою жолымен жүргізеді.
17. Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн тауарды беру күні болып есептеледі.
18. Сатып алудың үшжақты шарты бойынша берілетін тауар Өнім беруші берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
1) саны бойынша: тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілгенге сәйкес;
2) жиынтықтау бойынша: сатып алынатын медициналық техниканың жиынтықталуына сәйкес (Шартқа 1-қосымша);
3) сапа бойынша: техникалық ерекшелікте көрсетілген (Шартқа
2-қосымша) сапаға, тіркеу куәлігіне сәйкес нөмірі мен қолданылу мерзіміне сәйкес;
4) тауарды қабылдау-беру актісіне сәйкес монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізгеннен кейін.
6-тарау. Тауарға кепілдік және кепілдікті сервистік қызмет көрсету
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілетін тауардың үшінші бір тұлғалардың құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модель болып табылатынына кепілдік береді.
20. Өнім беруші өзіне беру сәтіне 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей өндірілген тауарды беру бойынша міндеттемелер қабылдайды.
21. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай ішінде қамтамасыз етеді.
22. Кепілдіктің және кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің
егжей-тегжейлі шарттары Сатып алудың үшжақты шарттарымен реттеледі.
7-тарау. Жауапкершілік және Шартты бұзу негіздері
23. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлеуге арналған шотты жібереді, Өнім беруші оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
24. Мыналар:
1) Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға арналған лицензияны кері қайтарып алу;
3) қатарынан 2 (екі) жыл ішінде беруден бас тарту;
4) сапасыз тауарды бірнеше рет беру жағдайлары Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады.
25. Шартты бұзу негіздері туындаған кезде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
26. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындауына тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін болса жауапкершіліктен босатылады.
27. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 4-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
28. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен (ауызша немесе жазбаша нысанда) шешіледі.
29. Тараптар арасында дауды шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың бірі Бірыңғай дистрибьютор орналасқан жердегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа тиісті талап-арызбен екінші Тарапқа жүгінуге құқылы.
9-тарау. Хат-хабар
30. Шарт бойынша барлық құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Көрсетілген хат-хабар Шартта көрсетілген Тараптардың электрондық поштасының көмегімен сканерленген түрде де берілуі мүмкін, мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
31. Шарт бойынша хат-хабар Тараптардың Шартта көрсетілген деректемелері бойынша Тараптарға жіберілуге тиіс. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық поштаның көмегімен жіберілген хат-хабар ол жіберілген Тарапқа берілген күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі.
32. Өнім беруші тарапынан Бірыңғай дистрибьютордың Сатып алудың үшжақты шартына қол қоюға ұсынысына жазбаша жауаптың болмауы немесе оның 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қойылған түрде қайтарылмауы Өнім берушінің Шарт бойынша тауарды беруден бас тартуы ретінде қаралады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
33. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
34. Тарап екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
35. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді. Мұндай жағдайда Шартқа өзгерістер енгізу талап етілмейді.
36. Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
37. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 1-қосымша |
Нысан
Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы
р/с № | Медициналық техниканың атауы | Жиынтықтауыш тардың атауы | Саны, бірлігі | Құны, теңге | Ең жоғары баға жеңілдігін ескере отырып, толық жиынтықтағы медициналық техника бірлігінің құны, теңге | Беру мерзімі |
Жиыны | ||||||
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 2-қосымша |
Нысан
Техникалық ерекшелік
Тауардың атауы: | |
Тіркелген атауы: | |
Сатып алатын модель: | |
Өндіруші: | |
Тіркеу нөмірі: | |
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі: | |
Егжей-тегжейлі техникалық сипаттамасы: | |
Пайдалану шарттарына талаптар: | |
Беру мерзімі: | |
Тауар жаңа әрі бұрын қолданылмаған түрде жеткізіледі. Тауардың әр жиынтығы қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар техникалық және пайдалану құжаттамасымен жабдықталады. Тауарды әкелу және сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жеткізу жиынтығы тауарлардың және барлық жиынтығының нақты техникалық сипаттамалары көрсетіліп және осы кестенің әрбір тармағына жекелеп (жиынтығы немесе жабдық бірлігі) сипатталады. Егер техникалық ерекшелікте өзгеше көрсетілмесе, электр қуаты ешқандай қосымша жалғастыру тетігінсіз немесе транформаторсыз 220 Вольт болуы тиіс. Аспаптармен бірге берілген бағдарламалық жасақтама түпкі алушының орнатылған жабдығының бағдарламалық жасақтамасына сәйкес болуы тиіс. Өнім беруші тауарды жеткізу рәсімін аталған тауармен жұмыс істеу үшін персоналды оқытуға құжатпен расталған білікті мамандардың қолдауын, тауарды орнатуды, жөндеуді және іске қосуды қамтамасыз етеді. Тауарды жеткізуді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші тапсырыс берушіге тауардың бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды береді. Кепілдікті сервистік және техникалық қызмет көрсету және жөндеу мерзімі түпкі алушыға ресми хабарланған сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде істен шыққан жабдыққа жөндеу жүргізу немесе оны ауыстыра отырып, жабдықты пайдалануға беру сәтінен бастап кемінде 37 (отыз жеті) айды құрайды. Қызмет көрсетудің кепілдікті мерзімі ішінде сервистік қызмет көрсетуді Өнім берушінің білікті маманы тоқсанына кемінде 1 рет жүзеге асырады. Техникалық ерекшелікке техникалық және пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ модельдер мен өндірушілерді көрсетуден басқа, жеткізілетін тауарлардың фотосуреттері де қоса беріледі. Өлшеу құралдарына жататын тауарлар Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының тізіліміне енгізілген. Жабдықты орнатуға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірмей Өнім беруші Тапсырыс берушіні жабдықты сәтті іске қосу үшін қажетті орнату алдындағы талаптар туралы хабардар етеді. Бөлме жайды сыртқы пішіні бойынша есіктердің стандартты ойығынан өтетін (ені 80 сантиметр, биіктігі 200 сантиметр), инсталляциялық дайындаумен күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізуді болжамайтын көлемді жабдық. Жұмыс орнына жеткізуді, жабдықты түсіруді, қаптамасын ашуды, орнатуды, аспаптарды жөндеуді және іске қосуды, олардың сипаттамасының осы құжатқа және фирманың ерекшелігіне сәйкестігін (дәлдігі, сезгіштігі, өнімділігі және өзгелер) тексеруді, персоналды оқытуды Өнім беруші жүзеге асырады. | |
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 3-қосымша |
Нысан
Кімге: Бірыңғай дистрибьюторға
Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі
р/с№ | Өңір | Тапсырыс беруші | Медициналық техниканың атауы (модель) | Үшжақты шарттың нөмірі мен күні | Саны, бірлігі | Құны, теңге | Сомасы, теңге | Қабылдау-беру актісіне қол қою күні |
Өнім беруші ______________________
мөр орны
Медициналық техниканы берудің үлгі ұзақ мерзімді шартына (бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында) ______________ №________ 4-қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (Қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге комплаенс-тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
10. Комплаенс-тексеру жүргізу барысында Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіні ынтымақтастықтан бас тарту үшін негіздердің/теріс ақпараттың/өзге де мәліметтердің болуын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сыбайлас жемқорлық көріністерін, ақшаның ізін жасыруды және терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, қандай да бір заңсыз қызметке қатыстылығын, Өнім берушінің, оның акционерлерінің/ құрылтайшыларының/ қатысушыларының, басшыларының ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдар тізімінде болуын тексереді.
Нысан
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шарты (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
__________________ | "___" __________ _____ ж. |
Бұдан әрі Бірыңғай дистрибьютор деп аталатын "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, __________________ атынан, __________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, және бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан
әрі – Қағидалар) және Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім беруші арасында "___" _______ ж. № ____ Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартына (бұдан әрі – Ұзақ мерзімді шарт) сәйкес төмендегілер туралы осы медициналық техниканы берудің үшжақты шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге: ___________ мекенжайы бойынша Шартқа 1-қосымшаға сәйкес жиынтықта және Шартқа 2-қосымшада көзделген техникалық ерекшелікке сәйкес медициналық техниканы (бұдан әрі – тауар) беруге, тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және Тапсырыс берушінің медициналық персоналын тауарды пайдалану бойынша оқытуды жүзеге асыруға, Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт бойынша Тапсырыс берушіге тауарды өткізу туралы Бірыңғай дистрибьюторға ай сайын тауарды беру туралы есеп беруге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші тауарды Өнім берушіден қабылдауға және Шартта көзделген тәртіппен Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен оны төлеуге міндеттенеді.
2-тарау. Шарттың бағасы
2. Шарттың бағасы ____________________________ теңгені ( цифрмен және жазумен) құрайды.
3. Тауардың бағасы Ұзақ мерзімді шарт негізінде Шартқа 1-қосымшада көзделген және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
4. Шартты орындауға байланысты салық салуды Тараптар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
5. Өнім берушінің тауарды жеткізу пунктіне дейін тасымалдау және басқа да ілеспе қызметтер құны Шарттың бағасына кіреді.
6. Егер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Шарт бойынша Өнім берушінің тауарды жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін Қағидаларға сәйкес тауарға шекті бағаны өзгертсе, Шартта тауарға бағаны өзгертуге Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
3-тарау. Төлем тәртібі
7. Шарт бойынша тауарға ақы төлеуді Тапсырыс беруші Өнім берушінің Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару жолымен жүргізеді.
8. Тапсырыс беруші Өнім берушіге шарт бағасының 30 % (отыз) пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді Шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді. Жүргізілген алдын ала төлем тауардың берілуіне қарай оның жекелеген атауына қатысты пропорционалды түрде тауарға ақы төлеу шотына есепке алынады.
9. Тапсырыс беруші тауар бағасының 70% (жетпіс пайыз) мөлшерінде берілген тауар үшін түпкілікті төлемді Өнім берушіге тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның берілуіне қарай тауардың жекелеген атауына қатысты пропорционалды түрде жүргізеді.
10. Өнім берушінің Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынуы берілген тауар үшін толық ақы төлеудің шарты болып табылады:
1) шот-фактуралар;
2) босатуға арналған жүкқұжат;
3) Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардың атауы және ауыстыруға жататын сервистік қызмет көрсету үшін шығыс материалдары көрсетілген сервистік қызмет көрсетуді жүргізу графигі;
4) Шартқа 5-қосымшаға сәйкес тауарды қабылдау-беру актісі;
5) егер тауар өлшеу құралы болып табылса, өлшеу құралын бастапқы тексеруден және сынақ жабдығын аттестаттаудан өткені туралы сертификат не өндіруші зауыттың бастапқы тексеруін тану туралы тиісті құжат;
6) Шартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасы;
7) рентген жабдығына жататын тауарға пайдалану параметрлерін бақылау хаттамасының көшірмесі;
8) тауардың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
9) тауардың өлшеу құралы болып табылмайтынын немесе Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілгенін, тексеруден не метрологиялық аттестаттаудан өткенін немесе өлшеу құралының типін бекіту туралы ақпаратты растайтын құжаттың көшірмесі.
4-тарау. Тауарды беру
11. Өнім беруші тауарды тікелей Тапсырыс берушіге Шартта көзделген мөлшерде және мерзімде тасымалдау кезінде тауардың зақымдануының немесе бүлінуінің алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырады.
12. Тауар ыдысының қаптамасы мен таңбалануы, сондай-ақ ішкі және сыртқы құжаттамасы тауарды беру кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
13. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші беру сәтінде олардың өкілдерінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюы арқылы жүргізеді. Тауар тиісінше жеткізілген кезде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші қабылдау-беру актісіне қол қоюға немесе қол қоюдан жазбаша дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті. Тараптардың бірінің тауарды қабылдау-беру актісіне уәжді түрде қол қоймауы осы актіге қол қою жөніндегі кедергілерді дереу жоюға алып келеді.
14. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күн тауарды беру күні болып есептеледі. Егер Шартты орындау кезеңінде кез келген сәтте Өнім беруші тауарды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, онда ол Тапсырыс берушіге (көшірмесін – Бірыңғай дистрибьюторға) кідірту фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі туралы жазбаша хабарламаны электрондық пошта арқылы дереу жіберуге міндеттенеді.
15. Шарт бойынша берілетін Өнім беруші берген және Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
1) тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санда монтаждаудан және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізгеннен кейін;
2) сатып алынатын тауарды жиынтықтауға сәйкес жиынтықтау бойынша;
3) техникалық ерекшелікте көрсетілген сапа, тіркеу куәлігінің және тауардың әрбір атауына арналған тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі бойынша.
16. Егер тауарды монтаждау үшін бөлме жайды арнайы дайындау талап етілсе, Өнім беруші Шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Тапсырыс берушіні бөлме жайды дайындау қажеттілігі және монтаждау үшін жағдайлар туралы жазбаша хабардар етеді.
17. Тапсырыс беруші беру басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей Өнім берушіні арнайы бөлме жайдың дайындығы және монтаждау үшін жағдайлар туралы жазбаша хабардар етеді.
18. Өнім беруші тауармен жұмыс істеу, тауарды монтаждау, орнату, баптау және қосу үшін персоналды оқытуға құжаттамалық растамасы бар білікті мамандардың тауарды беру және монтаждау процесін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
19. Тауарды беруді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі өткеннен кейін тауарға бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін сервис-кодтарды ұсынады.
20. Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай өткенге дейін Шарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тауардың орналасқан жерін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді, объективті қажеттілік болған кезде көшіру Өнім берушімен келісу бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама жіберіледі.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
21. Бірыңғай дистрибьютор:
1) Шарт бойынша тауарды Берушінің медициналық техниканы беру мерзімінің мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
22. Бірыңғай дистрибьютор:
1) Өнім берушіден Шартта көзделген мерзімдерде Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауар беру туралы есеп алуға;
2) Қағидаларда, Ұзақ мерзімді шартта немесе Шартта көзделген жағдайларда Өнім берушімен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
23. Өнім беруші:
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіден Шарт бағасын алған күннен бастап оның бағасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде Тапсырыс берушінің банктік шотына банктік кепілдік немесе кепілдікті ақшалай жарна түрінде Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуді Тапсырыс берушінің пайдасына енгізуге;
2) Тапсырыс берушіге Шартта көзделген мерзімде Ұзақ мерзімді шартта, Шартта көрсетілген оған қойылатын талаптарға сәйкес келетін тауар беруге;
3) Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні бұрын Шартта көрсетілген Тапсырыс берушінің электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы тауардың жеткізілгені туралы хабардар етуге;
4) Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде тауарды жеткізу орнында тауарды пайдалану бойынша тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және Тапсырыс берушінің медициналық персоналын оқытуды жүзеге асыруға;
5) Шартта көзделген тәртіпке және мерзімдерге сәйкес тауарға кепілдікті қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
6) Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушілерге тауарды беру туралы есепті тауар берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал тауарды беру кідіртілген кезде Шарт бойынша берудің болжамды мерзімі басталған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынуға;
7) тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған немесе тауарды беру мерзімдері бұзылған жағдайларда, Бірыңғай дистрибьюторды және Тапсырыс берушіні Шартты және (немесе) Ұзақ мерзімді шартты бұзушылықтарды жою үшін қолданылатын шаралар туралы ақпаратты ұсына отырып, жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
8) Шартта көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің пайдасына айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
24. Өнім беруші:
1) Шартта көзделген мерзімдерде Тапсырыс берушіден алдын ала ақы төлеуді және Шарт бойынша берілген тауар үшін төлемді алуға;
2) Шартта көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің Өнім берушінің пайдасына тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;
3) Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған кезде Тапсырыс берушіден Шарт бойынша Өнім беруші ұсынған кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға құқылы.
25. Тапсырыс берушіі:
1) Шарт талаптарына сәйкес Шарт бойынша Өнім берушіге Шартта белгіленген мерзімдерде тауар ақысын төлеуге;
2) Шарт бойынша тауар жеткізілімін төлеу мерзімі бұзылған кезде Өнім берушінің пайдасына Шартта көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге;
3) Тараптар тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өнім берушіге Шарт бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған, жеткізілген Тауарды пайдалану жөніндегі шарттарды сақтауға міндетті.
26. Тапсырыс беруші:
1) Өнім берушіден Шарт бойынша тауар жеткізілімін талап етуге;
2) Өнім берушінің Тапсырыс берушінің пайдасына Шартта көзделген жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге құқылы.
6-тарау. Өнім берушінің кепілдіктері мен міндеттемелері
27. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілетін тауардың конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модель болып табылатынына кепілдік береді, бұл ретте Өнім беруші беру сәтіне 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей өндірілген тауарды беру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
28. Өнім беруші Шарт бойынша берілген тауардың қалыпты пайдалану кезінде конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты ақаулары болмайтынына кепілдік береді.
29. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай ішінде қамтамасыз етеді.
30. Тауарға кепілдікті сервистік қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
1) жекелеген бөліктерді ауыстыру немесе қалпына келтіру;
2) осы тауарға тән баптау және реттеу және өзгелер;
3) негізгі механизмдер мен тораптарды тазалау, майлау және қажет болған жағдайда іріктеу;
4) Тауар корпусының сыртқы және ішкі беттерінен коррозия мен тотығуды жою;
5) пайдалану құжаттамасында көрсетілген тауардың нақты түріне тән өзге де жұмыстар.
31. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді Өнім берушінің білікті маманы кепілдіктің барлық мерзімі ішінде және Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тоқсанына кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырады.
32. Кепілдікті сервистік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Өнім беруші Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын шартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарға кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісін жасайды.
33. Тауар сынған кезде Тапсырыс беруші Өнім берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
34. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей болжамды жөндеудің себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті маманның тауар орналасқан жерге келуін қамтамасыз етеді.
35. Жөндеу жүргізу кезінде Өнім беруші, Тапсырыс берушінің кінәсінен тауардың зақымдануы, сондай-ақ Тапсырыс берушінің тауарды өз бетінше жөндеу белгілері анықталған жағдайларды қоспағанда, дайындаушы зауыт өндірген қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдаланады немесе ақаулы тауарды немесе оның бөліктерін Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ауыстырады.
36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Тапсырыс беруші ұсынатын қызметтер) жіберілмейді.
37. Берілген тауардың саны мен сапасы бойынша ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде, бұл сәйкессіздіктер Шартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкессіздіктер туралы актіде көрсетіледі.
38. Тапсырыс беруші алынған тауардың сапасына байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актілеріне қол қойылғаннан кейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей жедел хабардар етеді. Бұл ретте өнім беруші 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің берілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенеді.
39. Өнім беруші Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өз өкілін жібереді.
40. Сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ осындай тауардың бағасы, көлемі мен беру мерзімі сақталған кезде берілетін тауарды немесе оның бір бөлігін тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі. Тауарды ауыстыру кезінде Өнім беруші мен Тапсырыс беруші Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды ауыстыру актісін жасайды және оған қол қояды.
7-тарау. Өзге жағдайлар
41. Өнім беруші Тапсырыс берушімен қабылдау-беру актісіне қол қойылғанға дейін Бірыңғай дистрибьюторға Шартты орындаудың барлық кезеңдері (өндіру, сақтау, жөнелту) туралы ақпаратты айына бір рет беруге міндеттенеді.
42. Тауарды беру басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын Өнім беруші Тапсырыс берушіге және Бірыңғай дистрибьюторға Шарттың нөмірі мен күнін, берілетін тауардың атауын, тауардың бағасын көрсете отырып, алдағы беру туралы ақпаратты электрондық поштаға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
43. Өнім беруші Тапсырыс берушіге тауарды Шартта көзделген межелі жерге дейін жеткізуге тиіс.
44. Өнім беруші Тапсырыс берушіге Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдай алатын және кепілдік мерзімі өткеннен кейін оларды пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын ұсынуға міндеттенеді.
45. Егер қандай да бір себептер бойынша Өнім беруші қосалқы бөлшектер өндіруді тоқтату жоспарланса Өнім беруші Тапсырыс берушіге қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру және мәлімет үшін Бірыңғай дистрибьюторды хабардар ету үшін осындай оқиға туралы дереу жазбаша хабарлауға тиіс.
46. Тараптар қол қойған және келіскен жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер) жол берілмейді.
47. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауар беру үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда Шарттың бағасы немесе екеуі де Шартқа тиісті өзгерістер енгізу жолымен тиісті түрде түзетіледі. Өнім берушінің осы тармақ шеңберінде түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.
48. Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді Өнім берушіге мынадай жағдайларда:
1) Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзуы;
2) Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
3) Шартта көзделген орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын төлемегенде қайтармайды;
49. Тапсырыс беруші Шарт бойынша тауарға алдын ала ақы төлеуді жүргізгенге дейін Өнім беруші тауарды беруді жүргізбейді.
8-тарау. Наразылық
50. Тауар сынған немесе зауыттық/өндірістік ақаулар анықталған кезде Тапсырыс беруші кез келген белгілі байланыс тәсілімен (ұялы байланыс, телефон, e-mail) Өнім берушіні және Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша түрде хабардар етеді.
51. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған кезден бастап (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тауардың ақау немесе сыну себептерін айқындау үшін білікті маманның тауар орналасқан жерге келуін қамтамасыз етуге міндетті.
52. Тауардың немесе оның белгілі бір бөлігінің ақаулары расталған кезде Өнім беруші мұндай ауыстыру тауардың сапасы мен басқа да техникалық сипаттамаларының нашарлауына алып келмейтін жағдайда, ақаулы тауарды немесе белгілі бір бөлігін тегін ауыстыруды жүргізуге міндетті.
53. Ақаулы тауарды жөндеуді немесе ауыстыруды Өнім беруші Тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізуге тиіс.
54. Өнім беру жөндеу жүргізу кезінде Өнім беруші (дайындаушы зауыт) өндірген жаңа және бұрын пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдалануға немесе Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақаулы тауарды немесе оның бөлігін ауыстыруға міндетті.
55. Егер ақаулы тауарды жөндеу немесе ауыстыру мерзімі күнтізбелік 20 (жиырма) күннен артық белгіленген болса, онда Өнім беруші жөндеу жүргізу мерзіміне немесе ақаулы тауарды ауыстырғанға дейін Тапсырыс берушіге ақаулы тауарды ауыстырғанға немесе жөнделген тауарды қайтарғанға дейін соған ұқсас жұмыс істейтін тауарды беруге міндетті.
56. Өнім беруші ұқсас жұмыс істейтін тауарды (жиынтықтауыштарды, торапты) ұсынбаған кезде, Өнім беруші тауарды жөндеу кезеңіне кепілді сервистік қызмет көрсету мерзімін ұзартуға міндеттенеді.
57. Сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ беру бағасы, көлемі мен мерзімі сақталған кезде тауарды немесе оның белгілі бір бөлігін тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі.
9-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
58. Өнім берушіге Тапсырыс берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
1) тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден бас тарту берілмеген (берілмей қалған) тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл салу және алдын ала төлемді қайтару;
2) Шарт бұзылған кезде Тапсырыс берушіге Шарт бойынша алдын ала төлемді қайтармау немесе уақтылы қайтармау мерзімі өткен әрбір күн үшін алдын ала төлем мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ алдын ала төлем мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
3) тауарды Шартта көзделген мерзімде уақтылы бермеу, сондай-ақ сапасыз немесе ақаулы тауарды ауыстыру, оның кемшіліктерін жою мерзімдері бұзылған кезде мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт бойынша берілмеген тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша берілмеген тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
4) тауарға кепілдікті қызмет көрсетуді уақтылы жүргізбеу – мерзімі өткен әрбір күн үшін тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл.
59. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлеуге арналған шотты жібереді, Өнім беруші оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
60. Тапсырыс берушіге Өнім берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
1) тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюдан негізсіз бас тарту Шарт бойынша тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл;
2) Шарттың 3-бөлімінде көрсетілген төлем тәртібін бұзғаны үшін мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын тұрақсыздық айыбы;
3) кепілдікті сервистік қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюдан негізсіз бас тартқаны үшін тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде айыппұл.
61. Шарт бойынша тұрақсыздық айыбын төлеуді екінші Тараптан шағым мен тиісті шотты алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша Тарап жүргізеді.
62. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапкершілік шаралары жүктеледі.
63. Тұрақсыздық айыбын немесе айыппұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
64. Тапсырыс беруші және (немесе) Бірыңғай дистрибьютор:
1) Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзғаны үшін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға арналған лицензияны кері қайтарып алғанда;
3) қатарынан екі жыл бойы беруден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);
4) сапасы лайықсыз медициналық техника бірнеше рет берілген жағдайда Шартты бұзуға құқылы.
65. Шартты бұзу негіздері туындаған кезде Тапсырыс беруші және (немесе) Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
66. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындауына тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін болса жауапкершіліктен босатылады.
67. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 9-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
10-тарау. Құпиялылық
68. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:
1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;
2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;
3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;
4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан үшінші тарапқа тікелей немесе жанама ұсынылмаса;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.
69. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген кезде өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.
11-тарау. Қорытынды ережелер
70. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
71. Тарап екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
72. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған сәттен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді. Мұндай жағдайда Шартқа өзгерістер енгізу талап етілмейді.
73. Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тараптар арасында дауды шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың бірі Тапсырыс берушінің және (немесе) Бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша сот тәртібімен тиісті талап қоюмен екінші Тарапқа жүгінуге құқылы.
74. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.
75. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ____ жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысу және кепілдікті сервистік қызмет көрсету бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
12-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 1-қосымша |
Нысан
Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы
р/с№ | Медициналық техниканың тізбесіне сәйкес р/с № | Медициналық техниканың атауы | Жиынтықталуы | Саны, бірлігі |
Құны, | Ең жоғары баға жеңілдігін ескере отырып, толық жиынтықтағы медициналық техника бірлігінің құны, теңге | Сатып алынатын медициналық техниканың бірлік саны |
Сомасы, | Беру мерзімі | ||
Жиыны | Жиыны |
Бірыңғай дистрибьютор | Өнім беруші | Тапсырыс беруші |
_____________________ | _____________________ | _____________________ |
мөр орны | мөр орны | мөр орны |
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 2-қосымша |
Нысан
Техникалық ерекшелік
Тауардың атауы: | |||
Тіркелген атауы: | |||
Сатып алатын модель: | |||
Өндіруші: | |||
Тіркеу нөмірі: | |||
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі: | |||
Егжей-тегжейлі техникалық сипаттамасы: | |||
Пайдалану шарттарына талаптар: | |||
Беру мерзімі: | |||
Тауар жаңа әрі бұрын қолданылмаған түрде жеткізіледі. Тауардың әр жиынтығы қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар техникалық және пайдалану құжаттамасымен жабдықталады. Тауарды әкелу және сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жеткізу жиынтығы тауарлардың және барлық жиынтығының нақты техникалық сипаттамалары көрсетіліп және осы кестенің әрбір тармағына жекелеп (жиынтығы немесе жабдық бірлігі) сипатталады. Егер техникалық ерекшелікте өзгеше көрсетілмесе, электр қуаты ешқандай қосымша жалғастыру тетігінсіз немесе транформаторсыз 220 Вольт болуы тиіс. Аспаптармен бірге берілген бағдарламалық жасақтама түпкі алушының орнатылған жабдығының бағдарламалық жасақтамасына сәйкес болуы тиіс. Өнім беруші тауарды жеткізу рәсімін аталған тауармен жұмыс істеу үшін персоналды оқытуға құжатпен расталған білікті мамандардың қолдауын, тауарды орнатуды, жөндеуді және іске қосуды қамтамасыз етеді. Тауарды жеткізуді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші тапсырыс берушіге тауардың бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды береді. Кепілдікті сервистік және техникалық қызмет көрсету және жөндеу мерзімі түпкі алушыға ресми хабарланған сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде істен шыққан жабдыққа жөндеу жүргізу немесе оны ауыстыра отырып, жабдықты пайдалануға беру сәтінен бастап кемінде 37 (отыз жеті) айды құрайды. Қызмет көрсетудің кепілдікті мерзімі ішінде сервистік қызмет көрсетуді Өнім берушінің білікті маманы тоқсанына кемінде 1 рет жүзеге асырады. Техникалық ерекшелікке техникалық және пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ модельдер мен өндірушілерді көрсетуден басқа, жеткізілетін тауарлардың фотосуреттері де қоса беріледі. Өлшеу құралдарына жататын тауарлар Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының тізіліміне енгізілген. Жабдықты орнатуға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірмей Өнім беруші Тапсырыс берушіні жабдықты сәтті іске қосу үшін қажетті орнату алдындағы талаптар туралы хабардар етеді. Бөлме жайды сыртқы пішіні бойынша есіктердің стандартты ойығынан өтетін (ені 80 сантиметр, биіктігі 200 сантиметр), инсталляциялық дайындаумен күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізуді болжамайтын көлемді жабдық. Жұмыс орнына жеткізуді, жабдықты түсіруді, қаптамасын ашуды, орнатуды, аспаптарды жөндеуді және іске қосуды, олардың сипаттамасының осы құжатқа және фирманың ерекшелігіне сәйкестігін (дәлдігі, сезгіштігі, өнімділігі және өзгелер) тексеруді, персоналды оқытуды Өнім беруші жүзеге асырады. | |||
Бірыңғай дистрибьютор: |
Өнім беруші: |
Тапсырыс беруші: |
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 3-қосымша |
Нысан
Кімге: Бірыңғай дистрибьюторға
Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі
р/с | Өңір | Тапсырыс беруші | Медициналық техниканың атауы (модель) | Үшжақты шарттың нөмірі мен күні | Саны, бірлігі | Құны, теңге | Сомасы, теңге | Қабылдау-беру актісіне қол қою күні |
Өнім беруші ______________________
мөр орны
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 4-қосымша |
Нысан
Кепілдікті сервистік қызмет көрсету графигі
"____" __________20___жыл
Тапсырыс беруші: __________________________________________________
Медициналық техниканы орнату орны:
__________________________________
__ _________ 20__ жылғы № _____ Медициналық техниканы берудің үшжақты шартына сәйкес
№ | Жабдықтың атауы | Саны, бірлігі | Кепілдікті сервистік қызмет көрсету кезінде жүргізілетін жұмыстардың атауы | Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізуге арналған шығыс материалдары | Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізу кезеңі |
Өнім беруші
_______________________
мөр орны
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 5-қосымша |
Нысан
Тауарды қабылдау-беру актісі
_______________________________________________ | "____" ______ 20__ ж |
1. Өнім берушінің тарабы ______________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
2. Тапсырыс берушінің тарабы __________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Құрамдағы комиссия (әр тараптан): ______________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Өнім берушінің атауы _________________________________________________
Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы ________________________
МТ атауы ____________________________________________________________
Шот-фактураның күні мен нөмірі ___________ Босатуға арналған жүкқұжаттың
күні мен нөмірі ______________
МТ орнату күні _____________________ МТ орнату орны ___________________
МТ іске қосу-баптау күні ________________ МТ жай-күйі ___________________
Сериялық нөмірі __________________ Шыққан жылы ______________________
Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған
(қажеттінің астын сызу).
Қызмет көрсететін медициналық персоналды оқыту жүргізілді _______________
Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты:
______________________________________________________________
Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы:
_______________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары:
1. ______________ 2. ______________ 3. ________________ 4. _______________
Өнім беруші _________________ Тапсырыс беруші ___________________
мөр орны мөр орны
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 6-қосымша |
Нысан
Кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісі
"____" ___________20___жыл
Тапсырыс беруші: __________________________________________________________
Тауарды ораластыру орны (бұдан әрі – МТ): ___________________________________
Кепілдікті сервистік қызмет көрсету жұмыстарын орындау орны:
Тапсырыс берушінің аумағында, Өнім берушінің сервистік орталығының
жағдайларында (қажеттінің астын сызу)
МТ сатып алудың үшжақты шартының нөмірі мен күні: __________________________
Орындалған жұмыстар: ____________________________________________________
МТ жөндеу кезінде жұмсалған материалдар _____________________________________
Бағдарлама қатесі, техникалық ақаулық, механикалық ақаулық (қажеттінің астын сызу)
Жөндеу түрлері: кепілдік жөндеу, кепілдік емес жөндеу (қажеттінің астын сызу)
Техникалық қорытынды:
____________________________________________
МТ тапсырды:
_____________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
(Тапсырыс беруші) ________________________
МТ қабылдады:
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
(Өнім беруші) ________________________
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 7-қосымша |
Нысан
Сәйкессіздіктер туралы акт
Қабылдау-беру күні ___________________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы _______________________________
Өнім берушінің атауы _________________________________________________
Медициналық техиканың атауы _________________________________________
Зауыттық/сериялық нөмірі _____________________________________________
Медициналық техиканың орналасқан орны _______________________________
Жиынтықталуы: ______________________________________________________
Жұмысқа жарамдылық және опциялар, режимдердің бар болуы және тағы басқалар:
____________________________________________________________
Айқындалған ақаулардың, ауытқулардың егжей-тегжейлі сипатталуы және олардың сипаты:
_____________________________________________________
Ақаулардың, сан мен сапасының ауытқуларының себептері туралы
комиссияның қорытындысы: ___________________________________________
Өнім беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) _____________ (қолы) ____________
Тапсырыс беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ____________ (қолы) ____________
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 8-қосымша |
Нысан
Тауарды ауыстыру актісі
__________________________________________ | "____" ________ 20__ жыл |
1. Өнім берушінің тарабы
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
2. Тапсырыс берушінің тарабы
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Құрамдағы комиссия (әр тараптан):
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Өнім берушінің атауы
____________________________________________________________________
Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы
____________________________________________________________________
Мт атауы
____________________________________________________________________
Шот-фактураның күні мен нөмірі _____ Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі ________
МТ орнату күні __________________ МТ орнату орны _____________________
МТ іске қосу-баптау күні _______________ МТ жай-күйі ___________________
Сериялық нөмірі _____________________ Шыққан жылы ___________________
Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған (қажеттінің астын сызу)
Көрсетілген МБ ауыстыру __________________________________ себебінен жүргізілді
Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты:
____________________________________________________________________
Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы:
____________________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары:
1. ______________ 2. _______________ 3. ______________ 4. _________________
Өнім беруші _________________ Тапсырыс беруші ___________________
мөр орны мөр орны
Медициналық техниканы сатып алудың үлгі үшжақты шартына (бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 9-қосымша |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге комплаенс-тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
10. Комплаенс-тексеру жүргізу барысында Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіні ынтымақтастықтан бас тарту үшін негіздердің/теріс ақпараттың/өзге де мәліметтердің болуын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сыбайлас жемқорлық көріністерін, ақшаның ізін жасыруды және терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, қандай да бір заңсыз қызметке қатыстылығын, Өнім берушінің, оның акционерлерінің/ құрылтайшыларының/ қатысушыларының, басшыларының ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдар тізімінде болуын тексереді.
Нысан
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға өтінім
Кімге: ____________________________ (бірыңғай дистрибьютордың атауы) |
_____________________________________(тапсырыс берушінің атауы)
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан – Қағидалар) _____ тармағына сәйкес позициялардың жалпы саны ______ бірлік, жалпы сомасы ________________ теңгеге сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы өтінімге қосымшаларға сәйкес сатып алуға өтінім жібереді.
Басшының Т.А.Ә. _____________
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға арналған өтінімге 1-қосымша |
Нысан
"Бекітілді" Басшы _____________________ (тапсырыс берушінің атауы) ____________________________ (Т.А.Ә.) ____________________________ (қолы) ____________________________ (күні) |
Медициналық техниканың тізбесі
№ | Медицина лық техника ның атауы | Саны | Беру шарттары | Тапсырыс берушінің атауы | Медициналық техниканы беру мекенжайы | Беру мерзімі, күнтізбелік күн ағымдағы жылдың "10" желтоқсаннан кешіктірмей |
DDP |
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алуға арналған өтінімге 2-қосымша |
Нысан
Медициналық тапсырма*
Нысан
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің өтінімі
____________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беруге өтінім |
|
Интернет-ресурстағы хабарландыру № _________________ |
р/с | Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беруге арналған өтінімнің мазмұны |
Мазмұны |
1 | Медициналық техниканың саудалық атауы | |
2 | Сипаттамасы | Техникалық ерекшелікке сәйкес |
3 |
Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша | |
4 |
Тіркеу куәлігі/біржолғы әкелуге рұқсат бойынша | |
5 | Тіркеу куәлігінің (куәліктердің)/біржолғы әкелуге рұқсаттың № | |
6 | Өлшем бірліктердегі саны (бірлік) | |
7 | Медициналық техниканы жеткізген сәттен бастап 37 ай ішінде сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, барлық қажетті ілеспе қызметтердің құнын ескере отырып, жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 шарттарында теңгемен бірлік бағасы | |
8 |
Сервистік қызмет көрсетудің кепілдік берілген мерзімі өткеннен кейінгі мерзімге теңгемен сервистік қызмет көрсетуге арналған баға | |
9 |
Әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды, ҚҚС-ты және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарын, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу пунктіне (пункттеріне) дейін DDP ИНКОТЕРМС 2020 беру шарттарымен теңгемен жеткізу сомасы |
Күні "___" ____________ 20___ ж.
Лауазымы, Т.А.Ә. _________________ __________________
Нысан
Әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелігінің функционалдық параметрлерін салыстырмалы талдау бойынша қорытынды
№___________ "____" __________20___ жылғы
Нысан
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникалық ерекшелігі
Нысан
Медициналық техниканың тізбесі
№ | Медициналық техниканың атауы | Бағасы (теңге) | Саны | Сомасы (теңге) | Беру шарттары | Тапсырыс берушінің атауы | Медициналық техниканы беру мекенжайы | Төлем шарттары |
Беру мерзімі, күнтізбелік күн |
Алдын ала төлемсіз |
Нысан
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында)
__________________ | "___" __________ _____ж. |
Бұдан әрі Тапсырыс беруш" деп аталатын ___________, _________________ атынан, __________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ___________, _______________ атынан, __________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, № _______ конкурс (тендер) қорытындыларының хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге: ___________ мекенжайы бойынша Шарт жасалған сәттен бастап _____ күнтізбелік күн ішінде, Шартқа
1-қосымшаға сәйкес жиынтықта және Шартқа 2-қосымшада көзделген техникалық ерекшелікке сәйкес медициналық техниканы (бұдан әрі – Тауар) беруге, Тауарды монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын және Тапсырыс берушінің медициналық персоналын Тауарды пайдалану бойынша оқытуды жүзеге асыруға, Шартқа 3-қосымшаға және (немесе) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт бойынша Тауарды жеткізу және сервистік қызмет көрсету туралы есептерді Бірыңғай дистрибьюторға беруге, Тапсырыс беруші Тауарды Өнім берушіден қабылдауға және Шартта көзделген тәртіппен Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен оны төлеуге міндеттенеді.
2-тарау. Шарттың бағасы
2. Шарттың бағасы ____________________________ теңгені ( цифрмен және жазумен) құрайды, оның ішінде:
1) кепілді сервистік қызмет көрсетуді ескере отырып, медициналық техниканың құны _____________ (цифрмен және жазумен) теңге мөлшерінде;
2) кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны ______(санмен және жазумен) теңге. Бұл ретте кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны лоттың техникалық ерекшелігіне сәйкес сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі құнының пайызын лоттың жалпы құнынан алу жолымен айқындалады.
2.2. Шарттың бағасы өнім берушінің барлық шығындарын, шығыстарын және өзге де шығыстарын қоса алғанда, оның ішінде осы Шарттың орындалуына байланысты ілеспе шығыстарды, жабдықты жеткізу, монтаждау және орнату, тауардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің, жоспарлы және шұғыл жөндеу үшін қажетті салық салуды, материалдар мен қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, құнын қамтиды.
2.3. Тауардың бағасы хаттама негізінде Шартқа 1-қосымшада көзделген және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
2.4. Шартты орындаумен байланысты салынатын салықты Тараптар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
3-тарау. Төлем тәртібі
3.1. Шарт бойынша тауарға ақы төлеуді Тапсырыс беруші Шартта көрсетілген Өнім берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) Тапсырыс беруші Өнім берушіге осы Шарттың 2.1-тармақтың
1) тармақшасына сәйкес кепілді сервистік қызмет көрсетуді ескере отырып, тауарды қабылдау-берудің тиісті актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны жеткізу фактісі бойынша медициналық техниканың құнын төлейді;
2) кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құнын Тапсырыс беруші Шарттың 7-тарауына сәйкес өнім берушінің жауапкершілік сомасын шегергенде, Тапсырыс беруші қабылдаған орындалған жұмыстар актілерінің негізінде тоқсанына 1 (бір) рет төлейді.
4-тарау. Тауарды беру
4.1. Тауарды беру және қабылдау осы Шарттың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Тауарды беру басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың нөмірі мен күнін, берілетін Тауардың атауын көрсете отырып, алдағы жеткізілім туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
4.3. Егер Тауарды монтаждау үшін бөлме жайды арнайы дайындау талап етілсе, Өнім беруші Шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде және медициналық техниканы беру басталғанға дейін күнтізбелік кемінде 40 (қырық) күн бұрын бөлме жайды дайындау қажеттігі туралы Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етеді және медициналық техниканы монтаждау үшін талаптарды хабарлайды.
4.4. Тапсырыс беруші медициналық техниканы беру басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей Өнім берушіні арнайы бөлме жайдың дайындығы және Тауарды монтаждау үшін жағдайлар туралы жазбаша хабардар етеді.
4.5. Тауарды беруді Өнім беруші тікелей тапсырыс берушіге тасымалдау кезінде тауардың бүлінуіне немесе бүлінуіне жол бермейтін қаптамада шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде жүзеге асырады.
4.6. Тауардың қаптамасын және ыдысын таңбалау, сондай-ақ ішіндегі және сыртындағы құжаттама тауарды беру сәтінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4.7. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілетін Тауардың конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модель болып табылатынына кепілдік береді, бұл ретте Өнім беруші өнім беру сәтіне дейін 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес өндірілген Тауарды беру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
4.8. Өнім беруші Шарт бойынша берілген Тауардың қалыпты пайдалану кезінде конструкцияға, материалдарға немесе жұмысқа байланысты ақаулары болмауын қамтамасыз етеді.
4.9. Тауар Тауар өндірушінің техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде қамтуға тиіс.
4.10. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші беру сәтінде олардың өкілдері Шартқа 5-қосымшаға сәйкес тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізеді.
4.11. Қабылдау-беру актісіне Тапсырыс беруші мен Өнім беруші қол қояды және Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
4.12. Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні Тауарды жеткізу күні болып есептеледі. Егер Шартты орындау кезеңінде кез келген сәтте өнім беруші Тауарды уақтылы жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларға кез болса, онда ол Тапсырыс берушіге (көшірмесі – Бірыңғай дистрибьюторға) кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы және кешіктіру себебі туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндеттенеді.
4.13. Шарт бойынша берілетін Тауар Өнім беруші берген Тапсырыс беруші қабылдаған болып есептеледі:
1) Тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген сан бойынша монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізгеннен кейін;
2) сатып алынатын Тауарды жиынтықтауға сәйкес жинақтау бойынша;
3) техникалық ерекшелікте көрсетілген сапа, тіркеу куәлігінің нөмірі мен қолданылу мерзімі және Тауардың әрбір атауына Тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды бойынша.
4.14. Өнім беруші Тауармен жұмыс істеу, Тауарды монтаждау, орнату, баптау және қосу үшін персоналды оқытуға құжаттамалық растамасы бар білікті мамандардың Тауарды жеткізу және монтаждау процесін сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
4.15. Тауарды беруді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін сервис-кодтарды ұсынады.
4.16. Тапсырыс беруші сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі аяқталғанға дейін Шарттың 1-тарауында көрсетілген мекенжай бойынша тауардың орналасқан жерін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Объективті қажеттілік кезінде қайта орналастыру Өнім берушімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
4.17. Берілген Тауардың саны мен сапасы бойынша ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған кезде бұл сәйкессіздіктер шартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкессіздіктер туралы актіде көрсетіледі.
4.18. Өнім беруші осы Шартқа 6-қосымшаға сәйкес берілген Тауарға Тапсырыс берушінің барлық ескертулерін күнтізбелік __ (______) күн ішінде жоюға міндеттенеді.
4.19. Тапсырыс берушінің мамандарына Тауарды пайдалану қағидаларына нұсқау беру бойынша қызметтерді Өнім беруші көрсетеді не осындай жұмыстарды орындауға/қызметтер көрсетуге қажетті рұқсаттары/лицензиялары бар бірлесіп орындаушыларды тарта отырып орындайды.
4.20. Тапсырыс берушінің Тауарды пайдаланатын мамандарына нұсқау беру Тауарды өндірушінің (дайындаушының) техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасында көзделген Тауарды пайдалану қағидалары туралы, Тауарды өндірушінің (дайындаушының) техникалық және (немесе) пайдалану құжаттамасында көзделген көлемде және тәртіппен нұсқауды қамтиды.
4.21. Өнім беруші берілген Тауардың әрбір бірлігіне қатысты Тапсырыс берушінің кемінде 2 (екі) маманының (дәрігерлерінің) және Тауарға ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін кемінде 1 (бір) маман-инженердің (жоғары немесе арнаулы орта білімі бар маман-инженер болған кезде) Тауарды пайдалану қағидалары туралы нұсқау жүргізуге міндетті.
4.22. Егер Тапсырыс беруші мен Өнім беруші өзге мерзімді ескертпесе, оқыту Жабдықты қабылдау-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап
10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4.23. Оқытудың (нұсқаудың) ұзақтығы кемінде 3 (үш) жұмыс күнін және күніне кемінде 3 (үш) сағатты құрайды.
4.24. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші оқуды аяқтағаннан кейін оқудан (нұсқаудан) өткен адамдар көрсетіліп және қолдары қойылып оқудан (нұсқаудан) өтуі туралы еркін нысанда акт жасалады.
4.25. Тапсырыс берушінің сұрауымен Өнім беруші Тапсырыс берушінің мамандарына көрсетілген сұрау салуды жібергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, бірақ жылына 1 (бір) реттен аспайтын нұсқау беруді (оқытуды) жүргізеді. Қосымша нұсқау қажет болған жағдайда оқыту Тараптардың келісуімен жүргізіледі.
5-тарау. Тауарға сервистік қызмет көрсету
5.1. Тауарға сервистік қызмет көрсету кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету болып бөлінеді.
5.2. Тауарға сервистік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
5.3. Тауарға сервистік қызмет көрсету мыналардан тұрады:
1) Тауардың техникалық жай-күйін ағымдағы бақылау;
2) Тауардың техникалық жай-күйін мерзімді бақылау;
3) Тауарды ағымдағы және күрделі жөндеу.
5.4. Тауардың техникалық жай-күйін ағымдағы бақылауды Тапсырыс берушінің мамандары жүзеге асырады.
5.5. Тауардың техникалық жай-күйін ағымдағы бақылау мыналарды қамтиды:
1) жұмыс орнын және Тауардың өзін сыртынан тексеру;
2) Тауарды жұмысқа дайындау кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын тексеру (желілік сымдар мен аспаптық ашалардың, аппараттардың жалғау сымдарының тұтастығы, қорғаныс экрандарының, қоршаулардың, қорғау құрылғыларының болуы);
3) Тауардың пайдалануға дайындығын тексеру (басқару органдарының, шығыс материалдарының бастапқы қалыптарын тексеру);
4) Тауардың жұмысқа қабілеттілігін, бағдарламалық қамтамасыз етудің, оның құрамдас бөліктері мен құрылғыларын қосу және тексеру, дабыл және бұғаттау органдары болған кезде Тауардың өзін-өзі тестілеу функциясы болған жағдайда өзін-өзі тестілеуді жүргізу.
5.6. Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды дұрыс және тиімді пайдалануға қатысты мәселелерде, оның ішінде қашықтықтан консультациялық көмек көрсетеді;
5.7. Тауардың техникалық жай-күйін мерзімді бақылауды Өнім берушінің білікті маманы сервистік қызмет көрсетудің соңғы күнінен бастап күнтізбелік
3 (үш) ай ішінде кемінде 1 (бір) рет немесе сервистік қызмет көрсетудің бүкіл мерзімі ішінде және Шартқа 4-қосымшаға сәйкес Тауарды қабылдау беру актісін жүзеге асырады.
5.8. Техникалық жай-күйді мерзімді бақылау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) индикация мен дабылды тұтастығына, анық бекітілуіне, люфттардың болмауына, қорғаныс құрылғылары мен бұғаттаулардың іске қосылуына бақылау жасау;
2) жоғары тозуға ұшырайтын бөлшектердің, тораптардың, тетіктердің жай-күйін бақылау;
3) негізгі және қосалқы тораптардың, өлшеу, тіркеу және қорғау құрылғыларының жұмыс істеуін тексеру;
4) Тауардың электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;
5) негізгі техникалық сипаттамаларды аспаптық бақылау пайдалану құжаттамасында көрсетілген Тауардың нақты түріне тән өзге де операциялар.
6) Тауардың техникалық жай-күйіне жүргізілген кезеңді бақылау Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісімен ресімделеді.
5.9. Жөндеу жүргізу қажеттігі туралы шешім Тауардың техникалық жай-күйін бақылау нәтижелері бойынша айқындалады.
5.10. Тауардың техникалық жай-күйіне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде сәйкессіздіктер, зауыттық/өндірістік ақаулар немесе бұзылулар анықталған кезде 7-қосымшаға сәйкес анықталған сәйкессіздіктер, ақаулар немесе бұзылулар жөнінде техникалық жай-күйі туралы журналға жазба енгізіледі және Тапсырыс берушінің өкілі Өнім берушіге жазбаша хабарлама түрінде өтінішті растай отырып, Өнім берушіні дереу хабардар етеді.
5.11. Өнім беруші Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін өз өкілін жібереді.
5.12. Тауарды ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді Өнім беруші Тауарды пайдалану орнында не Өнім берушінің өндірістік алаңдарында, жұмыстардың күрделілігіне, көлеміне және тауарды тасымалдау мүмкіндіктеріне қарай орындайды, ал Тауар шартқа 12-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісімен беріледі. Тауарды жөндеу мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) жекелеген бөліктерді, бөлшектерді, оның ішінде істен шыққандарды ауыстыру немесе қалпына келтіру;
2) Тауардың бағдарламалық қамтамасыз етілуін өзекті және жарамды күйде ұстау;
3) осы Тауарға тән және өзге де баптау және реттеу;
4) негізгі тетіктер мен тораптарды тазалау, майлау және қажет болған жағдайда іріктеу;
5) Тауар корпусының сыртқы және ішкі беттерінен коррозия мен тотығуды жою;
6) пайдалану құжаттамасында көрсетілген Тауардың нақты түріне тән өзге де жұмыстар.
5.13. Жөндеу жүргізу кезінде Өнім беруші өндіруші зауыт шығарған қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдаланады немесе, Тапсырыс берушінің кінәсінен туындаған Тауардың зақымдануы анықталған, сондай-ақ Тапсырыс берушінің Тауарды өз бетінше жөндеу белгілері болған жағдайлардан басқа, Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығынсыз тауардың сапасының және басқа да техникалық сипаттамаларының нашарлауына әкеп соқпаса ақаулы Тауарды немесе оның бөліктерін жаңасына ауыстырады.
5.14. Тапсырыс беруші Тауарды пайдалану бойынша басшылықтың талаптарын сақтаған кезде Өнім беруші жөнделген тораптарға, ауыстырылған торапты (бөлікті) дайындаушы зауыт берген кепілді мерзімі бар Тауар бөлігіне кепілдік береді.
6-тарау. Кепілді сервистік қызмет көрсету
6.1. Кепілді сервистік қызмет көрсету осы Шарттың 5 және 6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
6.2. Кепілді сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 37 (отыз жеті) ай ішінде қамтамасыз етеді.
6.3. Кепілді сервистік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Өнім беруші Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарға сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісін жасайды, оған Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данаға қол қояды.
6.4. Сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ бағасы, көлемі мен беру мерзімі сақталған кезде Тауарды немесе оның белгілі бір бөлігін Тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі. Тауарды немесе оның бір бөлігін ауыстыру кезінде Шартқа 11-қосымшаға сәйкес ауыстыру актісі жасалады.
6.5. Өнім беруші осыған ұқсас жұмыс істеп тұрған Тауарды (жиынтықтауыштар, торап) ұсынбаған кезде, Өнім беруші Тауарды жөндеу кезеңіне кепілдікті сервистік қызмет көрсету мерзімін ұзартуға міндеттенеді.
7-тарау. Кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету
7.1. Кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету Шарттың 5 және
7-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
7.2. Кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетуді Өнім беруші кепілді сервистік қызмет көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап __(____________) ай ішінде қамтамасыз етеді.
7.3. Кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Өнім беруші Шартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарға сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісін жасайды, оған Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері Тараптардың әрқайсысы үшін
бір-бір данадан 2 (екі) данаға қол қояды.
7.4. Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалуына жол бермеу мақсатында хаттамаға сәйкес Тауарды жөндеуді жүзеге асырудың рұқсат етілген мерзімі жиынтығында Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауардың бұзылғаны туралы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап қаржы тоқсанындағы ___ күнтізбелік күннен аспайды.
7.5. Тауар сынған және жөндеу қажет болған кезде сапасы мен саны жақсарған, сондай-ақ бағасы, көлемі мен беру мерзімі сақталған кезде Тауарды немесе оның белгілі бір бөлігін Тауардың басқа атауымен ауыстыруға жол беріледі. Тауарды немесе оның бір бөлігін ауыстыру кезінде Шартқа
11-қосымшаға сәйкес ауыстыру актісі жасалады.
7.6. Өнім беруші ұқсас жұмыс істейтін тауарды (жинақтауыштар, торап) ұсынбаған және 7.3-тармаққа сәйкес Тауардың рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімінен асқан кезде Тапсырыс беруші Шартқа 9-қосымшаға сәйкес есептелетін Тауардың рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімінен асқан уақыт үшін соманы ұстап қалады.
7.7. Тапсырыс берушінің кінәсінен Тауар сынған кезде Тауардың жұмыс істемеуі Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалу кезеңін айқындау кезінде ескерілмейді.
8-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8.1. Тапсырыс беруші:
1) Шартта белгіленген мерзімдерде Шарттың талаптарына сәйкес Өнім берушіге Шарттың құнын төлеуге;
2) Шарт бойынша жеткізілімге төлем жасау мерзімі бұзылған кезде Өнім берушінің пайдасына Шартта көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге;
3) Өнім берушіге Шарттың талаптарына сәйкес кепілді қамтамасыз етуді қайтаруға;
4) Шарт талаптарында көзделген өз міндеттемелерін орындауға;
5) Шарт Тараптарынан шағым, талаптар, жазбаша өтініштер алынған кезде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінішке жазбаша жауап беруге;
6) өз мамандарын (инженерлерді, мамандарды, қызметкерлерді) нұсқамадан (оқытудан, тренингтен) өту үшін жіберуге;
7) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған берілген Тауарды пайдалану шарттарын сақтауға;
8) Тауарды өз бетінше жөндеу жұмыстарын жүргізбеуге;
9) Тауарды монтаждау, орнату үшін бөлме-жайларды дайындауға;
10) Бірыңғай дистрибьюторға Тауарды беру күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарды беру туралы есеп беруге міндетті.
8.2. Тапсырыс беруші:
1) Өнім берушіден Шартта көзделген міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;
2) сапасыз тауарды және тиісінше көрсетілмеген қызметтерді қабылдаудан бас тартуға және кемшіліктерді өтеусіз жоюды талап етуге, оның ішінде Шартқа сәйкес Тауарды ауыстыруды талап етуге;
3) Өнім берушіден Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпарат сұратуға;
4) Өнім берушінің Шартта көзделген жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;
5) сервистік қызмет көрсету қажеттілігі туралы Өнім берушіге хабарлама жіберуге немесе жөндеу жүргізу үшін тауардың техникалық ақаулары туралы хабарлауға;
6) міндеттемелерді сапасыз орындау фактілері анықталған кезде Өнім берушіден жазбаша түрде түсініктеме беруді талап етуге құқылы.
8.3. Өнім беруші:
1) Шарт талаптарында көзделген өз міндеттемелерін орындауға;
2) Тапсырыс берушінің пайдасына осы Шарт жасалған күннен бастап
10 (он) жұмыс күні ішінде Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді Тапсырыс берушінің банк шотына банк кепілдігін немесе кепілді ақшалай жарна түрінде бағаның 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізуге;
3) Тапсырыс берушіге Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Шартта көзделген мерзімдерде Тауар беруге;
4) Тапсырыс берушіге жазбаша өтініш жіберу жолымен Тауарды беру туралы Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабардар етуге;
5) Тауарды монтаждауды, Тапсырыс берушінің медициналық персоналын Тауарды беру орнында оны пайдалану бойынша іске қосу-баптау жұмыстарын және оқытуды Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асыруға;
6) Шартта көзделген тәртіпке сәйкес және мерзімдерде Тауарға кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
7) Шартта көзделген жағдайларда Тапсырыс берушінің пайдасына айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын төлеуге;
8) нысаналы мақсатына сәйкес Тауарды немесе оның бөліктерін пайдалану мүмкін еместігіне әкеп соғатын жасырын ақаулар болған кезде Өнім беруші Тауарды тиісті сападағы ұқсас техникаға ауыстыруға;
9) Тапсырыс берушінің мамандарына осы Шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және шарттарда нұсқама беруді қамтамасыз етуге;
10) Тапсырыс берушінің сұрауы негізінде (жылына 1 реттен жиі емес) сұрау салуды жібергеннен кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің мамандарына нұсқама жүргізуге;
11) Тауарды беру және сервистік қызмет көрсету үшін білікті мамандарды (персоналды) пайдалануға;
12) Тауарды орнату және Тауарға сервистік қызмет көрсету кезінде жіберілген кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жоюға;
13) Тауарды берген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге Өнім берушінің тауарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу регламентін ұсынуға;
14) Шарт Тараптарынан шағым, талаптар, жазбаша өтініштер алынған кезде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінішке жазбаша жауап беруге міндетті.
8.4. Өнім беруші:
1) Шартта көзделген мерзімдерде Тапсырыс берушіден осы Шартқа сәйкес төлем алуға;
2) Тапсырыс берушінің Шартта көзделген жағдайларда тұрақсыздық айыбын Өнім берушінің пайдасына төлеуін талап етуге
3) Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған кезде Өнім беруші ұсынған Шарт бойынша кепілді қамтамасыз етуді Тапсырыс берушіден қайтаруды талап етуге;
4) Тараптардың Шартқа сәйкес міндеттемелерін орындауын талап етуге;
5) Шарт бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыру үшін Тараптардан Тауарға қол жеткізуді талап етуге;
6) Шарттың талаптарына сәйкес сапасы, техникалық және функционалдық сипаттамалары Тауардың сапасымен және тиісті техникалық және функционалдық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсартылған ұқсас Тауарды беруді жүзеге асыруға;
7) Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін бұзуы Өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіруіне себеп болатын жағдайларда өз міндеттемелерін орындау мерзімдерін тиісті кезеңге ұзартуды талап етуге құқылы.
9-тарау. Өзге жағдайлар
9.1. Тараптар келіскен және қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, өнім беру орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер) жол берілмейді.
9.2. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Тауарды Шарт бойынша жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкеп соқтырса, онда Шарттың бағасы немесе екеуі де Шартқа тиісті өзгерістер енгізу жолымен тиісінше түзетіледі.
9.3. Шарттың орындалуын кепілді қамтамасыз ету мынадай тәртіппен қайтарылады: сервистік қызмет көрсетудің кепілді мерзімі аяқталғаннан кейін орындалған міндеттемеге барабар және сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі өткеннен кейін Шарт бойынша кепілді қамтамасыз етудің қалған сомасы.
9.4. Шарттың орындалуын кепілді қамтамасыз етуді Тапсырыс беруші Өнім берушіге:
1) Өнім берушінің Шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты Шартты бұзған;
2) Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
3) Шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын төлемеген жағдайларда қайтармайды;
9.5. Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған сәтке дейін Өнім беруші өз қалауы бойынша Тауарды сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы. Тапсырыс беруші Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған сәттен бастап Тауардың кездейсоқ жойылу қаупін көтереді.
9.6. Өнім беруші диагностика және (немесе) жөндеу үшін берілген Тауардың кездейсоқ жойылуына немесе бүлінуіне жауап береді.
9.7. Тауарды пайдалану үшін қажетті шығын материалдарының бағасы Тауарға сервистік қызмет көрсету жұмыстарының көлеміне кірмейді.
10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
10.1. Өнім берушіге Тапсырыс берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
1) Тауардың барлығын немесе бір бөлігін беруден бас тарту берілмеген (берілмей қалған) Тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл салу және алдын ала төлемді қайтару;
2) Шарт бұзылған кезде Тапсырыс берушіге Шарт бойынша алдын ала төлемді қайтармау мерзімі өткен әрбір күн үшін алдын ала төлем мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ алдын ала төлем мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
3) Тауарды Шартта көзделген мерзімде уақтылы бермеу, сондай-ақ сапасыз немесе ақаулы тауарды ауыстыру, оның кемшіліктерін жою мерзімдері бұзылған кезде мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт бойынша берілмеген тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша берілмеген Тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл;
4) Тауарға кепілдікті қызмет көрсетуді уақтылы жүргізбеу – мерзімі өткен әрбір күн үшін Тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Тауар бағасының 10 (он) пайызынан аспайтын өсімпұл.
10.2. Тауардың кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі, егер олар Тапсырыс берушінің не өзге де үшінші тұлғалардың (Өнім беруші тартқан тұлғаларды қоспағанда) әрекеттеріне, еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуына байланысты туындаса, Өнім беруші жауап бермейді.
10.3. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлеуге арналған шотты жібереді, Өнім беруші оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
10.4. Тапсырыс берушіге Өнім берушінің алдында Шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің мынадай түрлері жүктеледі:
1) Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қоюдан негізсіз бас тарту Шарт бойынша тауар бағасының 10 (он) пайызы мөлшерінде айыппұл;
2) Шартта көрсетілген төлем тәртібін бұзғаны үшін мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген сома мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын тұрақсыздық айыбы;
3) сервистік қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюдан негізсіз бас тартқаны үшін тауар бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде айыппұл.
10.5. Тапсырыс берушінің кінәсінен Тауарға залал келген кезде Тапсырыс берушінің шығыстарын толық көлемде өтеуге Тапсырыс беруші міндетті.
10.6. Шарт бойынша тұрақсыздық айыбын төлеуді екінші Тараптан шағым мен тиісті шотты алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша Тарап жүргізеді.
10.7. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапкершілік шаралары жүктеледі.
10.8. Тұрақсыздық айыбын немесе айыппұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
10.9. Тапсырыс беруші:
1) Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзғаны үшін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға арналған лицензияны кері қайтарып алғанда;
3) сапасы лайықсыз Тауарды бірнеше рет берілген жағдайда Шартты бұзуға құқылы.
10.10. Шартты бұзу негіздері туындаған кезде Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Өнім беруші осындай хабарламаны алған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
10.11. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындауына тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін болса жауапкершіліктен босатылады.
10.12. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа 10-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.
11-тарау. Қорытынды ережелер
11.1. Егер Шарттың негізгі мәтінінде не оның қосымшаларында өзгеше белгіленбесе, осы Шартта мәтінде пайдаланылатын сөздер мен сөз тіркестерінің осы Шартқа 13-қосымшада қамтылған мағыналары болады.
11.2. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшіне ие болады.
11.3. Тарап екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
11.4. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты жазбаша хабардар етеді және Шартқа тиісті өзгерістер енгізеді.
11.5. Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
11.6. Тараптар арасында дауды шешу мүмкін болмаған кезде Тараптардың бірі Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен тиісті талап қоюмен екінші Тарапқа жүгінуге құқылы.
11.7. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.
11.8. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ____ жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысу, кепілдік және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету бөлігінде Тараптар оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
12-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 1-қосымша |
Тауардың тізбесі мен жиынтықталуы
р/с№ | Медициналық техниканың атауы | Жиынтықталуы | Саны, бірлігі |
Медициналық техниканың құны, | Барлық мерзімге кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны | 1 жылға кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны (формула: барлық мерзімге кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету құны / кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетудің мерзімі (саны) |
Медициналық техниканың жалпы құны, | Беру мерзімі |
Жиыны |
Тапсырыс беруші | Өнім беруші |
_____________________ | _____________________ |
мөр орны | мөр орны |
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 2-қосымша |
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканың техникалық ерекшелігі
Тапсырыс беруші: ________ Өнім беруші: ________
мөр орны мөр орны
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 3-қосымша |
Кімге: Бірыңғай дистрибьюторға
Өнім берушінің тауарды беруі туралы есебі
р/с№ | Өңір | Тапсырыс беруші | Медициналық техниканың атауы (модель) | Шарттың нөмірі мен күні | Саны, бірлігі | Кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді есепке алмағанда тауардың құны, теңге | Сомасы, теңге | Қабылдау-беру актісіне қол қою күні |
Өнім беруші ______________________
мөр орны
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 4-қосымша |
Сервистік қызмет көрсету графигі
"____" __________20___жыл
Тапсырыс беруші: ____________________________________________________
Медициналық техниканы орнату орны: ________________________________
__ _________ 20__ жылғы № _____ Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы берудің шартына сәйкес
№ | Жабдықтың атауы | Саны, бірлігі | Сервистік қызмет көрсету кезінде жүргізілетін жұмыстардың атауы | Сервистік қызмет көрсетуді жүргізуге арналған шығыс материалдары | Сервистік қызмет көрсетуді жүргізу кезеңі |
Тапсырыс беруші ______________ Өнім беруші ______________
мөр орны мөр орны
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 5-қосымша |
Тауарды қабылдау-беру актісі
Тауарды қабылдау және акті жасау орны (бұдан әрі - МТ): | "____" ___________ 20___ ж |
Өнім берушінің тарабы
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тапсырыс берушінің тарабы
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Құрамдағы комиссия (әр тараптан): _____________________________________
_______________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Өнім берушінің атауы
____________________________________________________________________
Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы
____________________________________________________________________
МТ атауы ___________________________________________________________
Шот-фактураның күні мен нөмірі
____________________________________________________________________
Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі __________________________
__________________________________________
МТ орнату күні ______________________________________________________
МТ орнату орны ______________________________________________________
МТ іске қосу-баптау күні ______________________________________________
МТ жай-күйі __________________________________________________________
Сериялық нөмірі _____________________________________________________
Шыққан жылы _______________________________________________________
____________________________________________________________________
Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған
(қажеттінің астын сызу).
Қызмет көрсететін медициналық персоналды оқыту жүргізілді __________________
__________________________________________________
Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты:
______________________________________________________________
Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы:
_______________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары:
1. __________________________
2. __________________________
3. __________________________
Өнім беруші _________________
мөр орны
Тапсырыс беруші _____________
мөр орны
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 6-қосымша |
Сәйкессіздіктер туралы акт
1. Қабылдау-беру күні _________________________________________________
2. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы _____________________________
3. Өнім берушінің атауы _______________________________________________
4. Медициналық техиканың атауы _______________________________________
5. Зауыттық/сериялық нөмірі ___________________________________________
6. Медициналық техиканың орналасқан орны _____________________________
7. Жиынтықталуы: ____________________________________________________
8. Жұмысқа жарамдылық және опциялар, режимдердің бар болуы және тағы басқалар:
____________________________________________________________
9. Айқындалған ақаулардың, ауытқулардың егжей-тегжейлі сипатталуы және олардың
сипаты: _____________________________________________________
10. Ақаулардың, сан мен сапасының ауытқуларының себептері туралы комиссияның
қорытындысы: ___________________________________________
11. Өнім беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы) _______________
12. Тапсырыс беруші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы) ____________
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 7-қосымша |
Техникалық жай-күйі туралы журнал
Күні | Медициналық техниканың жай-күйі | Орындалған жұмыс түрлері | Инженердің, маманның тегі, аты, әкесінің аты | Қолы | Ескертпе |
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 8-қосымша |
Сервистік қызмет көрсетудің орындалған жұмыстарының актісі
Инженер | Өтінім нөмірі және берілген күні | Келген уақыты | Шыққан уақыты | Кеткен уақыт | |
Денсаулық сақтау ұйымы: | Елді мекен: | ||||
Бөлімше: | Мекенжайы: | ||||
Медициналық техника | Сериялық нөмірі | Медициналық техниканы монтаждау күні: | |||
Выполненные работы: | |||||
Диагностика | Жөндеу | Жаңғырту | ӨТБ* | Бөлшектеу | Оқыту |
Медициналық техника жөндеу кезінде жұмсалған материалдар | |||||
Материал атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Жалпы сомасы (теңге) | ||
Ақаулық түрлері | |||||
Бағдарлама қатесі |
Техникалық |
Механикалық | |||
Жөндеу түрлері: | |||||
Кепілді жөндеу | Кепілдіксіз жөндеу | ||||
|
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 9-қосымша |
Тауардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін төлемдерді есептеу тәртібі
1. Шартқа сәйкес рұқсат етілген тоқтап қалудан тыс Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалуы болмаған кезде тоқсанына Шарт бойынша тауардың 1 бірлігіне қатысты жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін төлемнің мөлшерін есептеу мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
Тмт=Тм/4
● Тмт– жылдың қаржы тоқсанында Тауардың 1 бірлігіне қатысты сервистік қызмет көрсету үшін Төлем мөлшері;
● Тм– жылына Тауардың 1 бірлігіне қатысты сервистік қызмет көрсету үшін Төлем мөлшері.
2. Шартқа сәйкес рұқсат етілген тоқтап қалудан тыс Тауардың жұмыс істемей тоқтап қалуы болған кезде не егер тауар қаржы кезеңі ішінде жұмыс істеуге қабілетсіз болса (көрсетілген қаржы кезеңіндегі тоқсан, жылдың қаржы кезеңіндегі шарт бойынша Тауардың 1 бірлігіне қатысты сервистік қызмет көрсету үшін төлем (тоқсан) мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
Тмт=(Тм/4) х(Нт/Жт), мұндағы
● Жт– қаржы кезеңіндегі жұмыс күндерінің саны "т" (тоқсан) (жұмыс күндері Тапсырыс берушінің жұмыс күндері болып есептеледі, онда Тауар конкурс қорытындысы бойынша анықталған рұқсат етілген тоқтап қалу мерзімін шегергенде, Қорытындылар хаттамасының негізінде белгіленген);
● Нт– берілген тауар жұмыс істей алатын қаржы кезеңінде нақты жұмыс істеген жұмыс күндерінің саны "т" (тоқсан).
● Мәні (Нт/Жт) > 1 болғанда, онда (Нт/Жт) мәні 1-ге тең деп қабылданады.
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 10-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар
1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді деп сендіреді.
2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың жұмыскерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада қолданылатын пара беру/алу, коммерциялық сатып алу сияқты әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайтындығына сендіреді.
3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
4. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан осы Шарттың орындалу барысын талдау мақсатында осы Шарттың орындалуы жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды сұратады.
5. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған кезде, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлайды.
6. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның үлестес тұлғаларының, жұмыскерлерінің, агенттерінің, өкілдерінің, делдалдардың және (немесе) қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу болғанын немесе болуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын, қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын әрекеттерден, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасайды немесе материалдарды ұсынады.
7. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне болжалды түрде тартылған контрагенттермен іскерлік қатынастардың болуын барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
8. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың 5-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алған Тарап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тергеу жүргізеді және оның нәтижелерін екінші Тараптың атына береді.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіге комплаенс-тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
10. Комплаенс-тексеру жүргізу барысында Бірыңғай дистрибьютор Өнім берушіні ынтымақтастықтан бас тарту үшін негіздердің/теріс ақпараттың/өзге де мәліметтердің болуын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сыбайлас жемқорлық көріністерін, ақшаның ізін жасыруды және терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, қандай да бір заңсыз қызметке қатыстылығын, Өнім берушінің, оның акционерлерінің/ құрылтайшыларының/ қатысушыларының, басшыларының ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдар тізімінде болуын тексереді.
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 11-қосымша |
Ауыстыру актісі
1. Өнім берушінің тарабы
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
2. Тапсырыс берушінің тарабы
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Құрамдағы комиссия (әр тараптан):
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Өнім берушінің атауы
____________________________________________________________________
Жөнелтушінің (өндірушінің) атауы мен мекенжайы
____________________________________________________________________
МТ атауы
____________________________________________________________________
Шот-фактураның күні мен нөмірі ________________________________________
____________________________
Босатуға арналған жүкқұжаттың күні мен нөмірі ___________________________
_________________________________________
МТ орнату күні ______________________________________________________
МТ орнату орны ______________________________________________________
МТ іске қосу-баптау күні ______________________________________________
МТ жай-күйі __________________________________________________________
Сериялық нөмірі _____________________________________________________
Шыққан жылы _______________________________________________________
Көрсетілген жабдық монтаждалған, ретке келтірілген, толық жинақталған
(қажеттінің астын сызу)
Көрсетілген МБ ауыстыру ________________________________________________
_______________________________________________________________________
_____________________________________________________ себебінен жүргізілді
Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты:
_______________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Ақау себептері, саны мен сапасының ауытқуы туралы комиссияның қорытындысы:
_______________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) көрсетілген комиссия мүшелерінің қолдары:
1. _______________
2. _______________
3. _______________
4. _______________
Өнім беруші ____________________
мөр орны
Тапсырыс беруші ________________
мөр орны
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 12-қосымша |
Қабылдау-беру актісі
Тауарды қабылдау және акті жасау орны (бұдан әрі – МТ): | "____" ___________ 20___ ж |
Өнім берушінің тарабы (беруші тарап/қабылдаушы тарап - қажеттінің астын сызу) ____________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тапсырыс берушінің тарабы (беруші тарап/қабылдаушы тарап - қажеттінің астын сызу) ________________________
(лауазымы, жұмыс орны, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
МТ атауы ________________________________________________________________
МТ жай-күйі _______________________________________________________________
Сериялық нөмірі _____________________________________________________
Шыққан жылы _______________________________________________________
Анықталған ақаулардың, ауытқулардың толық сипаттамасы және олардың сипаты:___________________________
Өнім беруші _________________
мөр орны
Тапсырыс беруші _____________
мөр орны
Сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы сатып алудың үлгі шарты (тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында) 13-қосымша |
Шартта қолданылатын терминдер мен ұғымдар
1) тапсырыс беруші – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
2) өнім беруші – Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін "Халық денсаулығы және жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) шарт - сервистік қызмет көрсету мерзімі ұзартылған медициналық техниканы беру туралы Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалған осы Шарт;
5) тауар – функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
6) пайдалану құжаттамасы – медициналық бұйымның, оның құрамдас бөліктерінің конструкциясы, жұмыс принциптері, параметрлері, техникалық сипаттамалары (қасиеттері) туралы мәліметтерді, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді дұрыс, уақтылы және қауіпсіз жүргізу үшін қажетті іс-қимылдар туралы нұсқауларды, дайындаушы туралы ақпаратты және олардың кепілдік міндеттемелерін қамтитын инженерлік-техникалық персонал үшін медициналық техниканы өндіруші әзірлейтін құжат;
7) медициналық техниканы ағымдағы жөндеу – медициналық техниканың жарамдылығын (жұмысқа қабілеттілігін) қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін күтіп ұстау мақсатында жөндеу, оның ішінде ақаулы бөлшектерді ауыстыру;
8) медициналық техниканы күрделі жөндеу – жасырын ақауларды анықтау және бөлшектердің ресурсын бағалау мақсатында конструкцияны бөлшектеу және тексеру жүргізілетін медициналық техниканы жөндеу;
9) медициналық техниканың жұмыс істемей тоқтап тұруы – тауардың жұмыс істемейтін жай-күйінің уақыты, оның ішінде тауарды жөндеу, техникалық тексеру уақыты;
10) сервистік қызмет көрсету – нормативтік және пайдалану құжаттамасымен регламенттелген, оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, онлайн режимінде, баркодпен сәйкестендірілген деректерді беру арнасы немесе өзге де әдіспен) медициналық бұйымды мақсатымен пайдалану кезінде оның жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру бойынша іс-шаралар мен операциялар кешені;
11) сервистік қызмет көрсетудің кепілді мерзімі – техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, жабдықтың техникалық диагностикасын және ақауын анықтауды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, онлайн режимінде, баркодпен сәйкестендірілген деректерді беру арнасы немесе өзге де әдіспен) көрсететін техникалық консультацияларды қамтитын, қойылған медициналық техниканы ақаусыз күйде ұстау бойынша шығыс материалдары қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үшжақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімге тегін тиісінше пайдаланылған және сақталған қызметтер кешені.
12) сервистік қызмет көрсетудің кепілдіктен кейінгі мерзімі – Өнім беруші өзінің және/немесе тартылған күштерімен және Шарт талаптарына сәйкес Тауардың анықталған кемшіліктерін өз есебінен жоюды қамтамасыз ететін уақыт кезеңі;
13) медициналық техниканың техникалық жай-күйі – техникалық, функционалдық және конструктивтік параметрлер мен сипаттамалардың нақты мәндерімен сипатталатын және олардың медициналық техника өндірушісінің техникалық құжаттамасында келтірілген параметрлер мен сипаттамаларға сәйкестігімен бағаланатын белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
14) Тауардың рұқсат етілген тоқтап қалу уақыты – сервистік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сондай-ақ Тауардың жынысы және (немесе) ақауларын жою үшін – кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету үшін төлемді төмендетпей және Шартта көзделген санкцияларды қолданбай тауардың жұмыс істемеу уақыты;
15) қаржы кезеңі (тоқсан) - Тоқсан. Тоқсан мынадай кезеңдер болып табылады: I тоқсан – 1 қаңтардан 31 наурызға дейін, II тоқсан – 1 сәуірден
30 маусымға дейін, III тоқсан – 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін,
IV тоқсан – 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін;
16) қаржы жылы – күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып,
31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.