"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 т

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32719 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықтың 5-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 6-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 161 Бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына
5-қосымша

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.

      2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) педагогтің оқу және (немесе) ғылыми оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2) ӘАОО-ның компоненті – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi;

      3) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, білікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі;

      4) базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы;

      5) базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;

      6) білім беру ұйымының компоненті – білім беру бағдарламасын игеру шеңберінде Worldskills (Ворлдскилс) стандарттарын мен кәсіптік стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес ТжКБ ұйымы дербес айқындайтын пәндер немесе модульдер тізбесі;

      7) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;

      8) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;

      9) жеке оқу жоспары – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы негізінде білім беру ұйымының көмегімен білім алушылардың әрбір оқу жылына дербес қалыптастырылатын оқу жоспары;

      10) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;

      11) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты оқу пәні және (немесе) модулі үшін ТжКБ ұйымы әзірлейтін құжат;

      12) жұмыс оқу жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және/немесе модульдердің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      13) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;

      14) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;

      15) консультация – аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық, курстық жобаларды (жұмыстарды) және жобалау жұмыстарын сүйемелдеу шеңберінде өткізілетін білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмекті қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;

      16) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;

      17) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі;

      18) микробіліктілік – жекелеген еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретін, қысқа оқу кезеңі аяқталғаннан кейін алынған білім, дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;

      19) таңдау компоненті – біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған, оның ішінде жобалау жұмысы арқылы білім алушылар өз бетінше таңдайтын ТжКБ ұйымы ұсынатын пәндердің немесе модульдердің тізбесі;

      20) факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.

2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар

      3. ТжКБ-ның мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:

      білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:

      1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;

      2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

      3) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді;

      4) егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше жұмыс түрлері көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты орындауды;

      5) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді.

      орта буын мамандарының деңгейі үшін:

      1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;

      2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

      3) кәсіптік практикадан өтуді;

      4) егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше жұмыс түрлері көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты орындауды;

      5) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді.

      ӘАОО-да ТжКБ беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.

      4. Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі техника-технологиялық, педагогикалық, көркемдік-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалады.

      Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" "Орыс тілі және әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті", "Қазақ тілі және әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), "Шетел тілі", "Математика", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дене тәрбиесі", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық", "Физика", "Химия", "Биология", "География", "Графика және жобалау", "Дүниежүзі тарихы" және "Жаһандық құзыреттілік" курсы жатады.

      Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты дербес айқындайды.

      Жалпы білім беретін пәндер модулі (жалпы білім беретін пәндер) 1-2 курстарда оқытылады және базалық және/немесе кәсіптік модульдерге біріктірілуі мүмкін.

      "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады, оның ішінде факультативтік сабақтар немесе спорт секциялары есебінен аптасына 2 сағат жоспарлауға жол беріледі.

      ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады. Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.

      Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк, актерлік өнері) үшін "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіптік модульдер шеңберінде іске асырылады.

      Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыз балаларға ұлдармен бірге, "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. "Әскери іс негіздері" бөлімі бойынша практикалық сабақтарға қыз балалар тартылмайды. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен оқу-далалық (лагерьлік) жиындар ("Өнер және мәдениет" бейінін қоспағанда) өткізіледі. Оқу-дала жиындары кезінде қыз балалар медициналық қызметкердің жетекшілігімен білім беру ұйымдарында медициналық-санитарлық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде жүзеге асырылады (ӘАОО-ны қоспағанда).

      5. Білім беру бағдарламаларын ТжКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.

      ТжКБ-нің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады және мыналарды:

      1. Білім беру бағдарламасының паспортын;

      2. Құзыреттер тізбесін;

      3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:

      3.1. Модульдердің (пәндердің) мазмұнын,

      3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде меңгерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кестені;

      3.3. Құзыреттер бойынша пәндер матрицасын (модульдік бағдарламалар үшін) қамтиды.

      ТжКБ-нің білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, олардың негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) және пәндер/модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді.

      Білім беру ұйымдарының қалауы бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттардың және Worldskills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарының (бар болса) өзгеретін талаптарына сәйкес әр оқу жылының басында өзектендіріледі.

      6. Базалық құзыреттерді қалыптастыру үшін ТжКБ ұйымы жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық модульдерді зерделеуді көздейді (әскери мамандықтарды қоспағанда).

      Базалық құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен азаматтықты, ұлттық сана-сезімді, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.

      Білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:

      1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;

      2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;

      3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;

      4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.

      "Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану" модулін қосуды орта буын мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларында көздеу қажет.

      ТжКБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге толық немесе ішінара интеграцияланады.

      7. Кәсіптік модульдердің мазмұны (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын заманауи талаптарды ескереді.

      Кәсіптік модульдерді (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) ТжКБ ұйымы дербес айқындайды.

      ТжКБ ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер және (немесе) студенттердің өзіндік жұмысы шеңберінде білім алушылардың жобалық жұмысы іске асырылады.

      8. ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

      Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің кестесімен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      Өндірістік оқыту және кәсіптік практика жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің жалпы көлемінің немесе кәсіптік модульдерге бөлінген кредиттердің жалпы көлемінен (әскери оқу орындарын қоспағанда) кемінде 40% - құрайды.

      Дуальды оқытуды пайдаланылатын ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.

      Дуальды оқыту кезінде өндірістік оқытуға және кәсіптік практикаға бөлінетін сағаттардың көлемі жалпы білім беретін пәндерді зерделеуге көзделген сағаттардың көлемін қоспағанда, міндетті оқытуға бөлінген оқу жоспарының жалпы сағаттарынан есептеледі.

      ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтар сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда және далалық жорықтарда жоспарланады. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған.

      Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.

      ӘАОО-да кәсіптік практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.

      9. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

      Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді, соның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

      ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттауды өткізу көзделеді, оның негізгі түрі ӘАОО айқындайтын сынақ және/немесе емтихан болып табылады.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және мамандық бейініне сәйкес білім беру ұйымының таңдау пәні бойынша емтихандар өткізуді көздейді.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар "Жалпы білім беретін пәндер" модуліне (жалпы білім беретін пәндерге) бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.

      Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ТжКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.

      Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттау шығармашылық тапсырмалардың орындалуын көздейді.

      Шығармашылық тапсырма туралы ережені ТжКБ ұйымы дербес әзірлейді.

      ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырудан және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан тапсырудан тұрады.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында, өткізіледі, басқа санаттағылар үшін ТжКБ ұйымы айқындайды.

      10. Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС 1, 2-қосымшаларына сәйкес ТжКБ оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.

      "Хореография өнері" мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарлары ТжКБ оқу жоспарының көрсетілген үлгілерінен ерекшеленеді.

      11. Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.

      12. "Хореография өнері" мамандығы бойынша бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік біліммен интеграцияланған жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарлары 4 (5) - сыныптан және 9 - сыныптан (9-сыныптан кейін) бастап қабылдауды ескере отырып әзірленеді.

      13. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде ТжКБ ұйымы:

      1) міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің/пәндердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;

      2) бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;

      3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.

      14. ТжКБ ұйымдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) арнайы топтар жағдайында оқыту кезінде арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар (балалар) үшін жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес инклюзивті түрде жеке жоспарлар мен бағдарламаларды бейімдейді.

      15. Оқыту нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламасының мазмұны:

      жұмысшы біліктілігін;

      жұмысшы біліктілігін және орта буын маманын;

      орта буын маманын игере отырып, оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.

3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      16. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды.

      Оқу жүктемесі білім алушының білім беру бағдарламасында белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі үшін талап етілетін уақытпен өлшенеді.

      Білім алушының оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттау кезеңдерінен, практикалардан және (немесе) өндірістік оқытудан, каникулдардан, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұратынын ескеру қажет.

      17. Академиялық кезеңдер мен демалыстардың ұзақтығын ТжКБ ұйымы дербес айқындайды.

      18. ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар, полигондарда, практикалардың барлық түрлерін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 54 сағатына дейінгі есеппен жоспарланады.

      19. Оқу жылындағы оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 75 кредитті немесе кемінде 1800 академиялық сағатты құрайды, кемінде 45 кредитті құрайтын бітіретін оқу жылын қоспағанда. Аудиторлық жұмыс пен педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ПСӨЖ) көлемі жылына 60 кредитті/1440 сағатты құрайды, бұл ретте, ПСӨЖ көлемі әр пән және (немесе) модуль көлемінің отыз пайызынан аспайтын көлемді құрайды. Студенттердің өздері орындайтын жұмыс (СӨЖ) көлемі жылына 15 кредитті/360 сағатты құрайды.

      Дуальды оқыту кезінде СӨЖ оқу жоспарларында қарастырылмайды.

      "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының ерекшелігін ескере отырып, білім алушылардың игеруіне негізгі орта білім беру базасында кемінде 300 академиялық кредит, жалпы орта білім беру базасында кемінде 225 кредит көзделеді.

      Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

      20. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.

      1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

      21. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.

      22. ТжКБ ұйымы білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелді) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      23. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар, кәсіптік стандарттар WorldSkills (Ворлдскилс) дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.

      Дескрипторлар даярлаудың мынадай деңгейлеріне қол жеткізген кезде білім алушылардың қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

      - білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;

      - орта буын мамандарын даярлау кезінде: маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.

5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар

      24. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, сондай-ақ жоғары білім негізінде жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында оқуға түсу кезінде формальды білімнің алдыңғы деңгейіндегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады, игерілетін академиялық кредиттердің саны және оқу мерзімі қысқарады.

      ТжКБ ұйымы формальды емес білім берудің, оның ішінде микробіліктіліктерді оқыту нәтижелерін тануды дербес жүзеге асырады.

      Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдерін біліктіліктің күрделілігіне және/немесе санына, алдыңғы білім деңгейіне байланысты жұмыс берушілермен бірлесіп, ТжКБ ұйымы белгілейді және МЖБС 1, 2-қосымшаларына сәйкес көзделген кредит/сағат көлемімен айқындалады.

  Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша

Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

Модульдер блогы және оқу қызметі түрлерінің атауы

Кредит/сағат саны

ЕББҚ бар тұлғалар үшін (ақыл-ойы сақталмаған)

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

техникалық және кәсіптік, жоғары білім базасында

1

2

3

4

5

6

1

"Жалпы білім беру пәндері" модулі*

+

75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)

-

-

2

Базалық модульдер

+

+

+


3

Кәсіптік модульдер





3.1

Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер**

+

+

+


3.2

Орта буын маманы бойынша кәсіптік модульдер**

+

+

+


4

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

5

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+


Міндетті оқыту қорытындысы






Білікті жұмысшы кадрлар

120/2880

225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)***

75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ)***

75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)


Орта буын маманы

-

300 (240+60)/7200 (5760+1440 СӨЖ)****

150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) – 225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)****

75 (60+15) /1800 (1440+360 СРС) – 150 (120+30) /3600 (2880+720 СӨЖ) ***

6

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

7

Консультациялар

оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен

138/3312

252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ) – 336 (276+60)/8064 (6624+1440 СӨЖ)

84 (69+15)/2016 (1656+360СӨЖ) – 168 (138+30)/4032
(3312+720 СӨЖ)
168 (138+30)/4032
(3312+720 СӨЖ) -
252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)

84 (69+15) /2016 (1656+360СРС) – 168 (138+30) /4032
(3312+720 СӨЖ)

      Ескерпе:

      * "Хореография өнері" мамандығы бойынша 53 (38+15)/1272 (912+360) кредит/сағатты құрайды.

      ** Өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдерге бөлінген кредиттердің жалпы көлемінен кемінде 40% - ын құрайды.

      *** Біліктіліктің күрделілігіне және (немесе) санына байланысты анықталады.

      **** Білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін бөлінген оқу уақытының көлеміне байланысты анықталады.

  Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
2-қосымша

Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлері арналған техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

Циклдердің және оқу жұмысының атауы

Кредит/сағат саны

ЕББҚ бар тұлғалар үшін (ақыл-ойы сақталмаған)

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім базасында

1

2


3

4

5


Білікті жұмысшы кадрлар





1

Жалпы білім беру пәндері

+

75 (60+15 СӨЖ)/1800(1440+360 СӨЖ)

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер

+

+

+

+

3

Жалпы кәсіптік пәндер

+

+

+

+

4

Арнайы пәндер

+

+

+

+

5

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика*


жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 40%

6

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

7

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+


Міндетті оқыту қорытындысы

120/2880

150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) – 225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)**

75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ)**

75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ)

8

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

9

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен

138/3312

168 (138+30)/4032 (3312+720) – 252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)**

84 (69+15)/2016 (1656+360) – 168 (138+30)/4032 (3312+720 СӨЖ)**

84 (69+15)/2016 (1656+360 СӨЖ)


Орта буын маманы





1

Жалпы білім беру пәндері


75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер


+

+

+

3

Әлеуметтік-экономикалық пәндер


+

+

+

4

Жалпы кәсіптік пәндер


+

+

+

5

Арнайы пәндер


+

+

+

6

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика*


жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 40%

7

Аралық аттестаттау


+

+

+

8

Қорытынды аттестаттау


+

+

+


Міндетті оқыту қорытындысы

-

225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ) – 300 (240+60)/7200 (5760+1440 СӨЖ)

150 (120+30)/3600 –225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)

75 (60+15)/1800 (1440+360 СРС) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) **

9

Факультативтік сабақтар


аптасына 4 сағаттан аспайды

10

Консультация


оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен


252 (207+45)6048 (4968+1080 СӨЖ) – 336 (276+60)/8064 (6624+1440 СӨЖ)**

168 (138+30)/4032 (3312+720 СРС) – 252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)**

84 (69+15)/2016 (1656+360)-168 (138+30)/4032 (3312+720)**

      Ескертпе:

      * оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау.

      ** біліктіліктің күрделілігіне байланысты анықталады.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 161 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына
6-қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ОБКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБКБ ұйымдар), ОБКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.

      2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) педагогтің оқу және (немесе) ғылыми оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2) базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білім, білік және дағдылардың жиынтығы;

      3) базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;

      4) білім беру ұйымының компоненті – білім беру бағдарламасын игеру шеңберінде Worldskills (Ворлдскилс) стандарттарын мен кәсіптік стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес ОБКБ ұйымы дербес айқындайтын пәндер немесе модульдер тізбесі;

      5) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;

      6) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ОБКБ білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;

      7) жеке оқу жоспары – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы негізінде білім беру ұйымының көмегімен білім алушылардың әрбір оқу жылына дербес қалыптастырылатын оқу жоспары;

      8) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;

      9) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты оқу пәні және (немесе) модулі үшін ОБКБ ұйымы әзірлейтін құжат;

      10) жұмыс оқу жоспары – ОБКБ ұйымы әзірлейтін оқу пәндерінің және/немесе модульдерінің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысанын регламенттейтін құжат;

      11) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;

      12) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;

      13) консультация – аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық, курстық жобаларды (жұмыстарды) және жобалау жұмыстарын сүйемелдеу шеңберінде өткізілетін білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмекті қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;

      14) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;

      15) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін модульдерінің тізбесі;

      16) микробіліктілік – жекелеген еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретін, қысқа оқу кезеңі аяқталғаннан кейін алынған білім, дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;

      17) факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.

      18) таңдау компоненті – біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған, оның ішінде жобалау жұмысы арқылы білім алушылар өз бетінше таңдайтын ОБКБ ұйымы ұсынатын пәндердің немесе модульдердің тізбесі;

2-тарау. Орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар

      3. ОБКБ-нің мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.

      ОБКБ-нің білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді қарастырады.

      4. ОБКБ-нің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады және мыналарды:

      1. Білім беру бағдарламасының паспортын;

      2. Құзыреттер тізбесін;

      3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:

      3.1. Модульдердің (пәндердің) мазмұнын,

      3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде меңгерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кестені;

      3.3. Құзыреттер бойынша пәндер матрицасын (модульдік бағдарламалар үшін) қамтиды.

      ОБКБ-нің білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, олардың негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) және пәндер/модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді.

      Білім беру ұйымдарының қалауы бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттардың және Worldskills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарының (бар болса) өзгеретін талаптарына сәйкес әр оқу жылының басында өзектендіріледі.

      5. ОБКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.

      ОБКБ білім беру бағдарламаларын нақты қызметті орындау және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін қажетті білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұндық аспектілерін біріктіру негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.

      6. ОБКБ білім беру бағдарламалары базалық құзыреттерді қалыптастыратын базалық модульдерді оқытуды көздейді.

      Базалық құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен азаматтықты, ұлттық сана-сезімді, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.

      ОБКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:

      1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;

      2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;

      3) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;

      4) кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану.

      ОБКБ ұйымның қалауы бойынша базалық модульдер мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.

      7. Кәсіптік модульдердің мазмұны (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын заманауи талаптарды ескереді.

      Кәсіптік модульдерді (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) ОБКБ ұйымы дербес айқындайды.

      ОБКБ ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер және (немесе) студенттердің өзіндік жұмысы шеңберінде білім алушылардың жобалық жұмысы іске асырылады.

      8. ОБКБ білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

      Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің кестесімен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      Дуальды оқытуды пайдаланылатын ОБКБ білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.

      9. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

      Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) модульді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

      Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттауды өткізу кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген.

      Шығармашылық тапсырма туралы ережені орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.

      Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ОБКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын ОБКБ ұйымы айқындайды.

      10. Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС-ның қосымшасына сәйкес ОБКБ оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.

      11. Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша әзірленеді және ОБКБ ұйымы бекітеді.

      12. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде ОБКБ ұйымы:

      1) міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;

      2) бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;

      3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.

      13. ОБКБ білім беру бағдарламасының мазмұны білім беру деңгейлерінің сабақтастығын, сондай-ақ мәндес мамандықтар (біліктіліктер) бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту нәтижелерін, кредиттерді/сағаттарды қайта есептеуді көздейді.

3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      14. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды.

      Оқу жүктемесі білім алушының білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін талап етілетін уақытпен өлшенеді.

      Оқу жүктемесіне білім алушының барлық оқу қызметі – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, дипломдық жұмыс (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде педагогтің басшылығымен жұмыс кіреді.

      Білім алушының оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттау кезеңдерінен, практикалардан және (немесе) өндірістік оқытудан, каникулдардан, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұратынын ескеру қажет.

      Академиялық кезеңдер мен демалыстардың ұзақтығын ОБКБ ұйымы дербес айқындайды.

      15. Оқу жылындағы оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 75 кредитті немесе кемінде 1800 академиялық сағатты құрайды. Аудиторлық жұмыс пен педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ПСӨЖ) көлемі жылына 60 кредитті/1440 сағатты құрайды, бұл ретте, ПСӨЖ көлемі әр пән және (немесе) модуль көлемінің отыз пайызынан аспайтын көлемді құрайды. Студенттердің өздері орындайтын жұмыс (СӨЖ) көлемі жылына 15 кредитті/360 сағатты құрайды.

      Дуальды оқыту кезінде СӨЖ оқу жоспарларында қарастырылмайды.

      Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

      16. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.

      1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

      17. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.

      18. ОБКБ беру ұйымы білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелді) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      19. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар, кәсіптік стандарттар WorldSkills (Ворлдскилс) дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.

      Дескрипторлар білім алушылардың мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберінде еңбек және оқу қызметінің үдерістерін өз бетінше басқару және бақылау жүргізу, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, кәсіби салада теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын қолдану, кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздестіруді орындау, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және оларды таңдауды болжайтын, шығармашылық тәсілді қолдану (немесе кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.

5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар

      20. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, сондай-ақ жоғары білім негізінде жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында оқуға түсу кезінде формальды білімнің алдыңғы деңгейіндегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады, игерілетін академиялық кредиттердің саны және оқу мерзімі қысқарады.

      Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы формальды емес білім берудің, оның ішінде микробіліктіліктерді оқыту нәтижелерін тануды дербес жүзеге асырады.

      Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдерін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы МЖМБС қосымшасына сәйкес белгілейді.

  Орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі

р/н

Модульдер блогы және оқу қызметі түрлерінің атауы

Кредиттер/сағаттар саны

Жалпы орта білім базасында

Білікті жұмысшы кадрларының біліктілігі мен техникалық және кәсіптік білім базасында

Орта буын маманы біліктілігі мен техникалық және кәсіптік білім базасында

Жоғары білім базасында

1

2

3

4

5

6

1

Базалық модульдер

+

+

+

+

2

Кәсіптік модульдер

+

+

+

+

3

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

4

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+


Міндетті оқыту жиыны

225 (180+45 СӨЖ)/5400 (4320+1080 СӨЖ)**

150 (120+30 СӨЖ)/3600(2880+ 720 СӨЖ)**

75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)

75 (60+15 СРС)/1800 (1440+360 СӨЖ)

5

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

6

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Барлығы

252 (207+45 СӨЖ)/6048 (4968+1080 СӨЖ)

168 (138+30 СӨЖ)/4032 (3312+720 СӨЖ)

84 (69+15 СӨЖ)/2016 (1656+360 СӨЖ)

84 (69+15 СРС)/2016 (1656+360 СӨЖ)

      Ескерпе:

      * Өндірістік оқыту және / немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдердің кемінде 40% құрайды.

      ** Білікті жұмысшы кадрлардың және орта буын маманы деңгейлері бойынша (бар болса) мәндес біліктіліктердің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.

      *** Орта буын маманы деңгейі бойынша (бар болса) мәндес біліктіліктердің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.