"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24482 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 200 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 200 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

      2) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;

      3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;

      4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 340 Бұйрыққа
1-қосымша
  Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау
мен айқындау
қағидаларына 1-қосымша

Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________

      Туған күні __________________________________________________

      Бағалау күні ________________________________________________

      Негіздеме __________________________________________________

      Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ____________________________

      ___________________________________________________________


Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері

Дәрежесі

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді бағалау

Белгі (+ немесе -)

1

Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті

Бірінші

Қажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті


Екінші

Біреудің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті


Үшінші

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу


2

Өздігінен жүріп-тұру қабілеті

Бірінші

Көмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті


Екінші

Көмекші құралдардың және жеке өмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті


Үшінші

Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу


3

Оқу қабілеті

Бірінші

Көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті


Екінші

Арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті


Үшінші

Оқуға қабілетсіздігі


4

Еңбек қызметіне қабілеті

Бірінші

Мазмұнға қойылатын талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті


Екінші

Басқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті


Үшінші

Еңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу


  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 340 Бұйрыққа
2-қосымша
  Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау мен
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________

      Туған күні ____________________________________________________

      Бағалау күні ___________________________________________________

      Негіздеме _____________________________________________________

      Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _______________________________

      ______________________________________________________________


Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері

Дәрежесі

Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі

Белгі (+ немесе -)

1

Өз бетінше оқу қабілеті

Бірінші

Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында өз бетінше оқу қабілеті


Екінші

Тек арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында арнайы бағдарламалар бойынша өз бетінше оқу қабілеті


Үшінші

Өз бетінше оқуға қабілетсіздігі


2

Еңбек қызметіне қабілеті

Бірінші

Біліктіліктің төмендеу немесе өндірістік қызмет көлемінің азаю жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті


Екінші

Көмекші құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті


Үшінші

Еңбек қызметін өз бетінше орындауға қабілетсіздігі


3

Бағдарлау қабілеті

Бірінші

Көмекші құралдарды пайдалану жағдайында өзін-өзі бағдарлау қабілеті


Екінші

Басқа адамдардың көмегін қажет ететін өз бетінше бағдарлау қабілеті


Үшінші

Өз бетінше бағдарлау қабілетсіздігі


4

Қарым-қатынас жасау қабілеті

Бірінші

Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру  жылдамдығының төмендеуі, көлемінің азаюы арқылы сипатталатын өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті


Екінші

Көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті


Үшінші

Өз бетінше қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі


5

Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті

Бірінші

Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі


Екінші

Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толықтай дербес бақылау қабілеті


Үшінші

Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетсіздігі